Табиғат - тіршілік
көзі
Мақсаты:1. оқушыларға табиғат туралы
түсініктерін, білімдерін толықтыра отырып, табиғаттың тіршілігін
және қоршаған ортаны қорғауға деген жоғары адамгершілік сезімі мен
жауапкершілігін арттыру.
Әдісі: сұрақ – жауап, мақал – мәтел
талдау, нақыл сөздер, жұмбақтар шешу және «Табиғатты қорғайық»
слайд көрсету, өлеңдер оқу
Көрнекіліктер: нақыл сөздер «Таза болсын
табиғат, аман болсын адамзат», сюжетті
суреттер. Мақал – мәтелдер жинағы
Жүру
барысы
Табиғат – бізді қоршаған орта.
Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғатта тепе - теңдік
үнемі сақталып тұрады.
Сұрақ – жауап. (ауызша
топтарға сұрақтар қою.)
* Адам өміріне не
қажет?
* Адам өзіне қажетті
жағдайларды қайдан алады
*
Судың қандай қасиеттерін білесіңдер?
*
Тірі табиғатты ата.
І -
кезең:
Табиғаттан бабамыз ала берген
секілді,
Дархандықты қазаққа дала берген
секілді,
Еркелікті ерікті желден алған
секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған
секілді.
*Табиғат дегенді қалай
түсінесіңдер?
-
Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі.
Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым,
тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.
-
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя
бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі
ұғым.
-
Табиғатты қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене
байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің
қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән
берген.
ІІ
кезең:
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)
-
Жердің тіршілік үшін қандай пайдасы бар?
-
Табиғаттың басты байлығы – жер. Жер – біздің қазынамыз,
байлығымыз.
Жер
біздің алтын бесігіміз. Анамызды қалай жақсы көрсек, табиғатымызды
да, сүйе білуіміз керек.
*
Халық батыры Бауыржан Момышұлы «Сұлулық дегеннің тамыры табиғат»
деген. Сұлулық деген табиғаттың көркі. Мысалы: гүл қандай?,
аңдарымыз ше?, ағаштарымыз ше? құстарымыз ше? Осылардың барлығы
табиғаттың сұлулығын білдіреді.
ІІІ
кезең:
Табиғатқа байланысты қандай мақал - мәтелдер
білеміз?
Көлдің көркі – құрақ, 2. Орман – ел
дәулеті,
Таудың көркі – бұлақ. Жер
сәулеті.
3.
Сулы жер – нулы жер. 4. Ағаш ексең аялап,
Басыңда болар саябақ.
Көрініс:
Атақты батырдың
баласы Райымбекті Төле биге жұмсапты.Төле биге
сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар
сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты.
Райымбек: ( оқушы )
Жер
дегенім немене?
Ел
дегенім немене?
Жер
сәні деген немене?
Ел
сәні деген немене?
Жер
құты деген немене?
Жерді не көтереді?
Елді кім көтереді?
Төле би: (оқушы)
Жер
дегенің- тіршілік,
Ел
дегенің- қара халқың,
Жер
сәні- ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы,
жайқалған шалғыны, ну орманы.
Ел сәні- өркендеп өскен ұлы
мен қызы.
Жер
құты – қойнауындғы кені.
Жерді су көтереді,- деп жауап
берген екен.
Мұғалім: Расында жер- елдің
тұрақты мекені, тіршілік көзі, ұрпақ өсірер
ордасы.
« Жер қазынаның басы, мол-
байлықтың көзі деп даналық ой түйе білген.
6-оқушы:
Табиғат- әсемдіктің төркінісің,
Ән
саламын бір сенің көркің үшін.
Жан- жануар табынып бір
өзіңе,
Сенен алып тұрғандай бар
тынысын
9-оқушы:
Ей, қазақтың
ұланы,
Болғайсың дана
қыраны
Жер- суын қорғау
бабаңның
Емес пе еді басты
ұраны
Улы
заттар
Уланса
ауа-
Уланамыз
бәріміз.
Уланса
су-
Уланатын тағы
біз,
Уланса
жер-
Уланады
өсімдік,
Уланады оны жеген
малымыз,
Уланса
мал-
У тарайды бізге
де,
Уланбаудың бір жолы бар
білгенге:
Улау деген басталады
былғаудан,
Улы затпен күреспейміз біз
неге?
Отан мен орман бір
ұғым
Ормандар жап-жасыл
ормандар
Орманды отаушы
болмаңдар
Отан мен орман-жұп бір
ұғым.
Орманды Отандай
қорғаңдар
Орман,ну-Отанның гүл
,бағы.
Ордадай әр ағаш
мұндағы.
Озбыр қол орманды
отаса,
Отанға қастандық
қылғаны.
ІV
кезең:
Топтарға
сауалнама
1 - топ. Келешекте бірнеше
жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер
едіңдер? ( суретін салу)
2«Туған жер табиғатын қорғау
керек пе, әлде жоқ па?»
Оқушылардың пікірін
талдау
Қорытынды: Ей, табиғат
шеберсің, ау шеберсің,
Көрмегенді көрсетерсің,
берерсің.
Ұлан ғайыр бұлағыңды місе
етпей,
Ашкөзденген адамдарға не
дерсің,
Айың анау, күнің анау, жерің
мынау
Ау,адамдар жетпей жатыр енді
не?
Табиғатқа таласпаңдар, ағайын!
Асырайды ол сені , мені, елді
де!
Туған жерді сүю –
парыз,
Сүю үшін білу –
парыз
Қасиетін ұғу –
парыз,
Күзетіңде тұру –
парыз
«Атамекен» әні
орындалады