Материалдар / Табиғат – адам тәрбиешісі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат – адам тәрбиешісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат – адам тәрбиешісі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақала


Табиғат – адам тәрбиешісі

Сарсенбекова Нурсауле

Шымкент қаласы еңбекші ауданы

97 жалпы орта мектебі,биология пәнінің мұғалімі


Жастарға экологиялық білім мен тарбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Экологиялық білім берудің мақсаты – жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік қатынастарды қалыптастыра отырып, «адам», «қоғам», «табиғат» арасындағы толық үйлесімділік рухында тәрбиелеу. Сондықтан қазіргі адамзат алдында тұрған маңызды мәселенің бірі – қоршаған ортаны, туған табиғатты аялап, оны қорғаудың жолдарын шешу. Экологиялық білім беру жеке адамның экологиялық мәдениетін қалыптастырудан басталу керек. Бүгінгі күннің басты мәселесіне айналып отырған экологиялық шиеленісті шешудің бірден-бір жолы қоғам мүшелерін экологиялық сауаттылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Еліміздегі экологиялық жағдайдың күннен-күнге құлдырауы бәрімізді алаңдатуда. Жалпы экологиялық білім беру мектептің бастауыш сатысынан бастап дұрыс жолға қойылуы керек. Экологиялық білім беруде табиғатты қорғауға тәрбиелеуде біз өзіміздің ұлттық салт-дәстүрімізден, тыныс-тіршілігімізден қол үзбеуіміз қажет. Керісінше жас ұрпақты тәрбиелеуде халықтық педагогика элементтерін үздіксіз және жүйелі түрде жүзеге асырылуы қажет. Қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттей отырып, қазақ халқының тәрбиелеу жүйесі, ұлттық дәстүрдің айнасы деп айтуға болады.

Бүгінгі экологиялық дағдарыс замамында білім – ағарту жүйесін жақсартудың маңызды жолы – жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру процесін табиғатты қорғауға бағытталған қазақ халқының – табиғатты қорғау дәстүрлері, оған сену, ырым-тиымдары, жан-жануарлармен өсімдіктер түріне байланысты әдет-ғұрыптары, ауыз әдебиет үлгілерін зерттеу және қолдану. Қазақ халқының тыныс – тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты. Ұзақ жылдар бойғы қоршаған ортаға жүргізген бақылауларын, зерттеулерін ата-бабаларымыз бізге осы ырым – тиым сөздері, дәл, нақты айтылған мақал – мәтелдері, сырға толы жұмбақтары, ертегі, аңыз әңгімелері, әндері, жырлары арқылы таныта білді, тәрбиелей білді.

Мақал – мәтелдер.

Қазақ халқының мақал – мәтелдерінде туған табиғат, ондағы тіршілік иелеріне деген құрмет ерекше орын алады. Мысалы, «Жер – ана, ел – бала», «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас», - деп жерді қасиетті анаға деңеп, оның байлығын қорғауға, құрметтеуге шақырады.

Осы сияқты мақалдарды қолданып сабақтың тәрбиелік мәнін арттыруға, оқушыларды әсемдікке, әдептілікке баулуға болады.

Табиғат құбылыстарын қазақ халқы жұмбақтар арқылы өте шебер көрсете білген. Балалар жұмбаққа өте қызығушылықпен қарайды. Себебі, оның тілі жатық, ойлануға, жауабын табуға итермелейді. Жұмбақтарды халықтың табиғатқа, жан-жануарға деген дүниетанымдық көзқарасы айқын көрінеді. Қазақ халқының жұмбақтары өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беруде маңызды орын алады.

Ендеше экологиялық тәрбиені баршаның бойына, әсіресе жас буындарға сіңіру үшін барлық құрылымдық жүйесінде кешенді жұмыс жүргізу қажет.

Экологиялық туралы теледидар, радио, газет – журнал, киножурнал көрсетіліп үгіт – насихат жұмыстары жүргізілуі керек. Білім беру жүйелерін табиғат қорғау бағытында жандандыру қажет.

Оқушылардың экологиялық білім мен мәдениет қалыптастыру күрделі процесс.

Экологиялық тәрбие беруде биология, география, химия, әдебиет т.б. пәндердің алатын орны ерекше. Сан ғасырлар бойы жинақталған халықтың педагогика элементтерін ұтымды пайдалану арқылы жас буынның экологиялық білімін, ұлттық сана-сезімін және пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады.

М. Әлімбаев ағамыз айтқандай «Халықтық педагогика – ғасырлар бойында қалыптасып, қорлана байып келе жатқан ғылым. Яғни халықтық педагогика дегеніміз – жас буынды тәрбиелеудің құралы деуге болады.

Бүгінгі күнде ұлттық дәстүріміздің, жасөспірімдердің бойына сіңіру, санасына жеткізу мақсатында қай пәннен қай сабақта болса да халықтық педагогика элементтерін қолдауға болады. Табиғаты қорғау дәстүрлері жас буынға экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!