табиғат деген не?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

табиғат деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
• «бақылағыш» адамның қасиеттерін анықтай алады; • табиғаттағы тіршілік маусымдық өзгерістерге тәуелді болатынын дәлелдей алады; тәжірибелік жұмысты орындай алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: табиғат деген не?

сабақтың оқытылу мақсаты

0.1.1.5. Күнделікті өмірдегі табиғат туралы білімнің маңыздылығын түсіндіру

Күтілетін нәтиже

Барлық балалар:

  • табиғатта болатын өзгерістерді анықтай алады;

  • жыл мезгілдерін атай алады;

  • табиғатта болатын өзгерістерді түсіндіре алады.

Көпшілік балалар:

  • «бақылағыш» адамның қасиеттерін анықтай алады;

  • табиғаттағы тіршілік маусымдық өзгерістерге тәуелді болатынын дәлелдей алады;

  • тәжірибелік жұмысты орындай алады.

Кейбір балалар:

бақылау үдерісін талқылай алады және қорытынды шығара алады.

тілдік мақсат

Дағдыны дамыту: бақылау үдерісінде сұрақ қоя білу, болжамдар айту, ұғымдарға анықтама беру, жүйелеу, бақылау, қорытындылау және ойша тұжырым жасау.

Көптілділік: тіршілік – жизнь – life. негізгі терминдер мен сөз тіркестері.

«Бақылағыш» адамның қасиеттері, табиғат, бақылауға арналған аспаптар.

сабақта диалог/хатта пайдаланылатын тіл:

Талқылауға арналған сұрақтар.

Табиғат дегеніміз не?

Неше жыл мезгілі бар?

Жапырақтардың түсі қандай болады?

Жыл мезгілдерінің айырмашылығы неде?

Ауа таза және самалды болу үшін біз сіздермен не істей аламыз?

«Бақылағыш» адамның қандай қасиеттері болуы керек?

Өткен сабақтардан алған білім

Табиғат – тіршілік көзі екендігін, төрт жыл мезгілінің бізге ғажайып күйін сыйлайтынын түсіну.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

I. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 мин.

(Ұ) Табиғат құбылыстары, өсімдіктер, жануарлар бейнеленген суреттер.

«Бақылағыш» дегеніміз не?

Біздің сабақта әңгіме не жайында болады деп ойлайсыңдар? Мақсатты болжам. сендердің үстелдеріңде тапсырмасы жазылған карточкалар бар.

Табиғатқа саяхат

Бақылап үйренеміз


Әліппе-дәптердегі суреттер.

II. Өмірлік тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3 –5 мин.

(Ұ) Балалар сабақта әңгіме не жайында болатындығын кестедегі сурет бойынша болжамдайды. Сабақтың соңында қол жеткізетін мақсат айқындалады (Оған рефлексия кезеңінде қайтып оралады).

Әріптер жазылған карточкалар.

Сабақтың ортасы

III. тақырып бойынша жұмыс

6 – 28 мин.

(Ұ) Өзекті мәселелер.

Қазір жылдың қай мезгілі? (Күз) (Ұ) Өзекті мәселе.

«Жыл мезгілдері» бейнеролигін көрсету.

Бейнеролик бойынша сұрақтар қою.

Неше жыл мезгілі бар? Жыл мезгілінің ерекшеліктері қандай? Жыл мезгіліне сәйкес адамдар қалай киінеді? Қандай өзгерістер болады?

Балаларға сурет бойынша әңгіме құрастыруға тапсырма беру.

Топпен саяхатқа шығу.

Табиғаттағы ағаштарға назарларын аудару. Ағаштардың ерекшелігімен таныстыру. Табиғаттың сұлулығы мен әсемдігін көре білуге үйрету. Сұрақтар қойылады: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Ауа райы қандай? Жапырақтардың түсі қандай болады? Табиғат дегеніміз не? Адамдар қалай киінген? Құстар не істейді? Жыл мезгілдерінің айырмашылығы неде?

Табиғатты бақылаудан алған әсерімен бөлісу. Әр баладан табиғаттан қандай әсер алғандығын сұрау.

Балалардан адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы жайлы ойланып жауап берулерін сұрау.

Педагогтің түсіндіруі. (1-тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс).

Табиғат – біздің өміріміздің тірегі болып тұрған әсем дүние.

Табиғат адам өмірінің барлық қажетін өтейтін болғандықтан, ол ешқашан ештеңемен ластанбауы тиіс.

Әліппе-дәптердегі жыл мезгілінің суреттері.

Табиғат құбылыстарының, күннің, бұлттың суреттері.

Әліпппе-дәптер.


Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны ластайтын да – адам.

Әр адам табиғаттың қорғаушысы болу жолдарын іздестіруі керек.

Табиғат – тіршілік көзі, біздің өмірімізде маңызды орын алатындығын түсіну.

Табиғатты қорғау заңын тек үлкендер ғана емес, балалар да сақтауы тиіс.

Балалардан күз мезгілінің ерекшелігін сұрау.

Табиғаттың қаншалықты сұлу екенін көру үшін, түрлі түсті жапырақтардың сыбдырын есту үшін, көк шөптің, саңырауқұлақтың дымқыл иісін сезіну үшін күзгі серуенге шығу қажет.

( Ұ) «Бақылағыш» деген ұғымды қайталау бойынша жұмыс.

Табиғаттағы осы кезеңнің ерекшеліктерін білу үшін не қажет.

Бақылағыш адамның қасиеттері бірге қалыптасады және карточкалар көмегімен белгіленеді:

  • нысандардың, құбылыстардың ерекшеліктерінің барлығын байқау ептілігі;

  • елеусіз заттардың өзін байқау шеберлігі. Арнайы аспаптарды қолдана білу іскерлігі;

  • сұрақтарды қоя білуі;

  • бақылау қорытындылары бойынша жазбаларды жүргізе білуі; • бақылаулар бойынша қорытындылар жасай білуі.

( Ұ) Бақылау

Педагог табиғаттың сұлулығын, табиғатта қандай өзгерістер болатандығын еске түсіріп, мынадай сұраққа жауап берулерін өтінеді: Табиғат біздің өмірімізде қандай орын алады?



(Ұ) Өзекті мәселелер.

Табиғаттың әсемдігіне назар аударту.

Неше жыл мезгілі бар?

Жыл мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Жыл мезгіліне сәйкес адамдар қалай киінеді?

Қандай өзгерістер болады?

ҚОрытынДы: Табиғатта серуендеу арқылы қоршаған ортаның таңғажайыптарын, жыл мезгілдерінің ерекшелігін байқап, түрлі табиғат құбылыстарының арасындағы байланыстарды ажыратуды үйренеді. Сонымен қатар табиғатпен танысу балалардың өз елдерін сүюге, табиғатты аялауға үйретеді, бақылағыш қасиетін дамытады. Табиғат сұлулығы мен дыбыстарының бірлестігін, оның қайталануын не өзгеруін, яғни оның ритмін білуге ықпал жасайды.

(Ұ, Ө) Әліппе-дәптер бойынша жүргізуге болады (2-3-тапсырмалар).


Сабақтың соңы

IV. сабақтың қорытындысы. рефлексия.

28-30 мин.

(Ө) рефлексивтік бағалау.

Қалыптастырушы бағалау өз жұмысыңды бағалаудан тұрады.

Балалардың өз жұмысын сабақта бағалауын, сауытты кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

1 (бір) деңгей – ештеңе түсінбедім.

1 және 2 (екі) деңгейлер – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.

1, 2 және 3 (үш) деңгейлер – бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.12.2018
1069
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі