Табиғат достары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғат достары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниетану пәнінен сыныптан тыс жұмыс үлгісі. Топпен жұмыс жасауға, табиғатқа байланысты сұрақтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Табиғат достары 1-сынып

Табиғаттың бауырысың, досысың,

Аянбау да керек шығар дос үшін.

Екеуіңнің араңдағы байланыс

Өмірбақи үзілмесін, қосылсын- деп Табиғат достары атты сайысымызды бастауға руқсат етіңіздер. Топтарымызға кезек берейік.


Бүгінгі сайысымызға қатысатын оқушыларды мынандай екі топқа біріктірдік. Тақырыбымыз табиғатқа байланысты болғандықтан 

1-топ «Су», 2-топ «Ауа» деп аталады.. Сендерді бүгінгі жарысымызға кіріспес бұрын сайысымыздың бағдарламасымен таныстырып өтейін.


1-бөлім: «Сәлем сөздің анасы...» (оқушылар топтың атын, ұранын)

2-бөлім: «Зымыран сұрақтар..»

3-бөлім: Табиғатқа қамқорлық сайысы 4-бөлім: «Мың бір мақал...» ( қойылған мақалдардың жалғасын табу)

5-бөлім: «Сөз сарасы»

6-бөлім: «Тапқырлық»

7-бөлім: «Білімгер»


Жарысымызды бастамас бұрын сайысымызға төрелік ететін әділ-қазы алқаларымен таныстырып өтейін :


«Сәлем сөздің анасы...» деп топтар өздерін таныстырсын.

1 топ. Су.

Су өмір жүрегі, Денсаулықтың тірегі.

2 топ. Ауа.

Ауадан тынысып, өседі ырыс бақ.


Ой салып ақылға, оң істі мақұлда.

Табиғат сайлаған емдерді мақұлда.

Талпынсаң құрыспай емдерді пайдалан.

Ие боп атаққа, жетесің мақсатқа-деп сайысымызды «Зымыран сұрақтар» бөлімімен жалғастырамыз. Әр топқа төрт сұрақтан қойылады.

Су тобы.

1)Табиғат дегеніміз не? (Бізді қоршаған орта. Жануарлар, өсімдіктер, ай күн жұлдыздар).

2) Табиғат нешеге бөлінеді? (2-ге тірі, өлі)

3)Топырақтың құрамын ата.(Құм, саз, су,ауа)

4) Өсімдіктің өміріне нелер қажет? (Ауа, жылу, жарық, су, топырақ)

Ауа тобы

1)Өсімдіктер өз-ара нешеге және қалай бөлінеді?(Ағаштар, бұталар, шөптер)

2) Тірі табиғатқа нелер жатады? (Адамдар, жануарлар, өсімдіктер)

3) Ауаның қасиеті. (иіссіз, түссіз, дәмсіз, көзге көрінбейді)

4) Бақта өсетін өсімдіктер? (жемістер мен жидектер: шие, алма, жүзім, қарақат, алмұрт) Ал, гүлдер, қияр, қызанақ қайда өседі? (бақшада)




Топырақтан өмір иісі шығады

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесіне беретін,

Жақсылық та топырақтан шығады. деп келесі «Мың бір мақал...» сайысымызды бастайық. Осы сайыста мақалдың жалғасын табу керек.

Су тобы

  1. Жері байдың (...) бай.

  2. Ағаш жапырағымен, (...) топырағымен сәнді.

  3. Жер көңді жақсы көреді, Ат (...) жақсы көреді.

  4.  Арпа, бидай-ас екен......

Ауа тобы

  1. Сұлулық жерден өніп, (...) жауады.

  2. Жер отты болса, (...) сүтті.

  3. Гүл өссе елдің.(...)

Жаңбыр жауса(...)

  1. Жер - ана, ел – (...).

Табиғат, қызығам сенің суретіңе,

Бас ием сенің құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып,

Тұтқасы тіршіліктің күн бетінде. деп келесі «Табиғатқа қамқолық» атты сайысымызға көшеміз. Бұл сайысымызда сіздерге өсімдіктер мен жемістердің суреттері көрсетіледі, сол өсімдіктер мен жемістердің аттарын табуға тиістісіңдер.

Алоэ, қияр, қырыққабат, мақта гүл, жасыл бұршақ, итмұрын.

Табиғаттың тынысы кең тілі бай

Ауасының шәрбәтінай тұнығы ай

Бұлбұл болып сайрап кетсе ол бірде

Адамдарша сөйлейді екен күнім-ай! Келесі біздің сайысымыз «Сөз сарасы» деп аталады. Сөздер беріледі.Төртінші артық сөзді сызып тастау керек.


Су тобы

  • Тау, қуыршақ, орман, көл

  • Бидай, құлпынай, арпа, күріш

  • Қызыл, сары, жасыл, тәтті

Ауа тобы

  • Жұлдыз, ай, су, күн

  • Балапан, үйрек, қой, тауық

  • Өзен, көл, теңіз, табиғат

Келесі біздің сайысымыз «Тапқырлық»деп аталады. Яғни, тақтаға ай аттары беріліп тұр. Соған сәйкес суреттерді жабыстыру керек.

Су тобы.

Қазан, Желтоқсан

Ауа тобы

Наурыз, Маусым


Соңғы сайысымыз «Білімгер» деп аталады. Осы сайыста топтың әр мүшесіне мәлімет беріледі. Ол мәлімет дұрыс болса ДҰРЫС деп, ал егер қате болса БҰРЫС деп жауап беру керек. Алғашқы айтылған жауап қабылданады.

Су тобы.

  1. Жыл мезгілдері: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. (Бұрыс)

  2. Тірі табиғат: адам, жануар, өсімдік.(дұрыс)

  3. Қыста күн ыстық болады. Жеміс-жидек піседі. (бұрыс)

  4. Құрбақа, бақа-қосмекенділерге жатады. (дұрыс)

Ауа тобы

  1. Табиғатты демалу үшін қоғау керек. (бұрыс)

  2. Картоп, сәбіз, қияр олар көкеністер. (дұрыс)

  3. Табиғи құбылыстарға раушан, ағаш, шөп жатады (бұрыс)

  4. Көбелек, шыбын, ара- бұнақденелілерге жатады. (дұрыс)

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусәр тынысын.

Пәк, табиғат, әр жүректің тымылжыған жырысың.

Ей, адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама.

Өзіңдағы содан тудың, табиғаттың ұлысын -деп соңғы қорытынды сөзді әділ-қазыларға береміз.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.00.2018
817
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі