Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Табиғат физикасы бөлімі. Электр. 1 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ. «ТАБИҒАТ ФИЗИКАСЫ»БӨЛІМІ БОЙЫНША
ЭЛЕКТР
Бейбитова Тулпан Мараткызы
Бастауыш сынып мұғалімі, ІІІ деңгей бойынша сертификатталған
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы
Beybitova.tulpan@mail.ru
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Пәні: жаратылыстану. 1-сынып.
Сабақ тақырыбы: |
Электр |
Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ |
||
Күні : |
|
Мұғалімнің есімі: Т.М.Бейбитова |
||
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: 29 |
Қатыспағандар саны: |
||
Оқу мақсаты: |
1.5.5.1 адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру |
|||
Ресурстар: |
ұялы телефон; батареялы ойыншықтар; батареялар; ток көзі. Интернет-ресурстар: электрдің адам өміріндегі маңызы туралы, батареямен жүретін тікұшақ жұмысы жайлы бейнефильм, мысалы, http://youtu.be/AyeAPBDn-eo |
|||
Күтілетін нәтижелер: |
Оқушылар:
|
|||
Сабақтың мақсаты: |
Барлық оқушылар: адамдардың күнделікті өміріндегі электрдің маңызын түсіндіреді; Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін біліп, әңгімелейді. Кейбір оқушылар: шығармашылық тапсырмаларды орындап, құнды деректер айта алады, өз беттерімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. |
Сабақ барысы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
І.Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосфера. Тренинг: «Сәттілік тілеймін!»
Ұжымдық жұмыс. (ҰЖ) Кіріспе тапсырма. Жұмбақтар шешу. 1.Ән салады чемодан, Ішінде тұр көп адам. Естімейді сөзіңді, Сөйлесең де сен оған. (Теледидар) 2.Адам емес, тілі бар, Әрбір үйден табылар. Үй емес жалғыз тұрағы Көшеде де тұрады. (Радио) 3.Әлсін-әлсін шыр-шыр еткен бөпесін, Бір қолымен көтереді көкешім. (Телефон) 4. Әрбір үйде бар бір білгішің, Бойына жиып алған ілім-күшін. Көп біледі, есте сақтау қабілеті жоғары, Ұмытпайды жазып қойған нәрсеңді. (Компьютер) Оқушыларды шеңберге тұрғызып, техникалық құралдар түрлері арқылы топтарға бөлу. Компьютер Теледидар Телефон Радио
— Әр электр құралы не үшін қажет? — Бөлмеде неше шам бар? — Жарықты қалай жағу керек? |
Көңілді әуен қосып қою Жұмбақтар техникалық құралдар түрлері жазылған парақшалар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Оқулықпен жұмыс. №1. Ұжымдық жұмыс. Алау маңында.
(Ас әзірледі, киімдерін кептірді, оттың көмегімен жыртқыш аңдардан қорғанды, баспаналарының ішін жарықтандырды.) Электр жарығы. Венн диаграммасы. Екі суретті салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын табу. Жұпта екінші сурет бойынша әңгіме немесе диалог құруы мүмкін. №2.Жұптық жұмыс. Жұпта талқыла. «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі бойынша Ерте кезде адамдар майшамның және ошақтың жарығымен оқып, жазған. Осының барлығы олардың көз жанарына кері әсерін тигізген. Қазіргі кезде біз үйді жарықтандыру және жылыту үшін түрлі электр құралдарын пайдаланамыз.
Ойланып жауап бер! Кешке үйде электр энергиясы сөніп қалды деп елестет. Электр энергиясынсыз нені істеуге болады, ал нені істей алмаймыз?
Электр — ол жарыққа немесе жылуға айнала алатын энергияның пайдалы түрі. Ол электр желісі арқылы беріледі.
Электр — электр тогын, өткізгіштердің немесе зарядталған денелердің маңайында электр өрісін түзуге қабілетті. Ежелгі грек философы Фалес, егер кәріптасты жүнге үйкесе, ол басқа жеңіл заттарды өзіне тартатын қасиетке ие болатынын байқаған. “Электр” сөзі гректің “электрон” — “кәріптас” деген сөзінен шыққан.
Тапсырма: Ток көздері мен ток қосқыштарды көрсет. Ток көздеріне компьютерді, теледидарды қосады. Зауыттар мен фабрикалар, көптеген медициналық құралдар электр арқылы жұмыс істейді.
Қауіпсіздік техникасы!
Ең бастысы: қауіпсіздік техникасын сақтау, үлкендерсіз еш уақытта электр құралдарын қосуға болмайды. Бейнефильм: батареямен жүретін тікұшақ жұмысы жайлы бейнефильм. Зерттейік. Жұмысты ұйымдастыру үшін оқушыларға: пульт арқылы басқарылатын ойыншық мәшинелер, ұшақтар, тікұшақтар, сондай-ақ пульттің батареялары, ұялы телефон, бөлек розеткалар мен қосқыштар (электр желісіне қосылмаған), электр шәйнегі көрсетіледі.
Сен білесің бе?
Мұндай мәшинелердің өте қымбат тұратындығы, бірақ айналаны ластамайтыны, экологиялық тұрғыдан таза екендігі туралы айту. Электромобильдердегі энергия тез таусылып қалады, ал қала сыртында зарядтауға әрдайым мүмкіндік бола бермейді. Сергіту сәті. Ток көзіне қосылатын құралдарды атағанда 3 рет қол шапалақтау; (Компьютер, шаш кептіргіш (фен), үтік, теледидар;) Батарея арқылы жұмыс істейтін құралдарды айтқанда, 2 рет отырып тұру. (Қолшам, ойыншық тікұшақ, телефон;) Дәптермен жұмыс. Орындап көр. (ӨЖ) Тапсырмаларды орындату. 44-45 жұмыс парағы. Ток көзі. Жеке жұмыс. Оқушылар ток көзіне қосылатын құралдардың суреттерін бояйды, батарея арқылы жұмыс істейтін құралдардың суреттерін қоршап қояды. Жауабы: Қысқатолқынды пешті, шаш кептіргішті (фен), үтікті, теледидарды бояйды. Қолшамды, ойыншық тікұшақты, телефонды қоршап сызады.
Сөзжұмбақты шеш. Әріптерді кестенің нөмірленген бағанына орналастыру арқылы оқушылар жасырылған сөзді таба алады. Жасырылған сөз: электр. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» І. ХХІ ғасыр дағы ұлттық сана туралы, 4. Білімнің салтанат құруы: Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Мәңгілік ел болу үшін жастарымыз білімді болу керек.
Топтық тапсырмалар. «Адасқан әріптер» І топ: А Ш Ң О Р Ғ Ш Ы С ІІ топ: О Ң Т З Ы Т Қ А Ш Ы ІІІ топ: Ә Ш Н Е Й К ІV топ: И Р П Т Н Е Р |
АКТ, слайдтар
Оқулық
Топшама, кесте, қима суреттер
Қол шапалақтау
«Басбармақ»
жұмыс дәптері Дескриптор: 1.
Топтық тапсырма |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы |
«Сөздер банкісі» әдісі Ток көзі, электр, батарея, жер, ғарыш, телескоп, жылытқыш құрал. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
К ері байланыс орнату «Бағдаршам»әдісі бойынша
|
Бағалау. Бағдаршам
Оқушылар адамдардың өміріндегі электрдің маңызын біледі.
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Жаратылыстану оқулығы. «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2016. «Мектеп» баспасы, 2016.
-
Жаратылыстану: Жұмыс дәптері. «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ, 2016. «Мектеп» баспасы, 2016.
-
Интернет-ресурстар: http://youtu.be/AyeAPBDn-eo
-
Рефлексия жасауды дамыту әдістері. Әдістемелік құрал. Автор-құрастырушылар: Мулдағалиева Р.Б. Шамұратова Қ.Ш. Орал, 2014.
-
Оқыту мен оқудың белсенді әдістері. «Назарбаев зияткерлік мектептері»ДББҰ,Астана, 2013.
Топтық жұмыс тапсырмасы Бағалау: «Бағдаршам»