Материалдар / Табиғат жəне біз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат жəне біз

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың табиғат-тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылығын сақтау түсініктерін кеңейту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Қазан 2018
889
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Табиғат және біз

Мақсаты: Оқушылардың табиғат- тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігін, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту. Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғатпен үндестік таба білуге үйрету, бағыт беру, ойларын дамыту. Оқушыларды ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:табиғат суреттері, ватман, стикер, нақыл сөздер

I.Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушыларды тақырыппен таныстыру

2. Топқа бөліну

II. Тәрбие сағатының барысы:

Кіріспе

Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз!

1. Ой қозғау

Адам – табиғаттың ең сенімді серігі, айнымас досы, қамқоршысы.
(оқушылардың ой- пікірі, көзқарасы, пайымдаулары )
1-ші оқушы: Табиғат- мен үшін қуаныш, өйткені мен табиғаттың сұлулығын көріп қуанамын, шаттанамын.
2-ші оқушы: Табиғат- мен үшін «денсаулық ордасы » сияқты,себебі таза ауамен демалып,саясында асыр салып ойнасаң денсаулығың мықты болады деп ойлаймын.
3-ші оқушы: Табиғат – мен үшін «мәдениет ордасы», себебі табиғатқа серуенге шыққанда табиғаттың тұтастығын бұзбай, әдемілігіне, сұлулығына қарап, мәдениетті болуға тырысамын.
4-ші оқушы: Табиғат – мен үшін шығармашылыққа жетелейтін тылсым күш сияқты, себебі сұлулыққа жаны құмар адамдар: әншілер ән айтады, күйшілер күй арнайды, ақындар өлең шығарып, суретшілер суретпен бейнелейді.

Адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Табиғаттың тағдыры адамзаттың іс-әрекетіне байланысты. Бүкіл тыныс-тіршілігі табиғатпен етене байланыста болған, табиғат аясында көшіп-қонып жүрген ата-бабамыз табиғатты тиімді пайдалана да, қорғай да білген. Оқушыларымыз табиғат туралы не біледі екен, олардың табиғат туралы ойын, көзқарасын білу, тіл байлықтарын көбейту үшін сайыс түрінде өткізгелі отырмыз.

Сайыс шарттары:

1 кезең. Сұрақ-жауап

2 кезең. Викториналық сұрақтар

3 кезең.Тіл өнері

4 кезең. Шешен болсаң шешіп көр

«Жер» тобы

«Су» тобы

«Ауа» тобы

1 кезең. Сұрақ-жауап (оқушылар өз ойларын айтады)

1-тапсырма:табиғаттың адамға пайдасы

2-тапсырма: адамның табиғатқа пайдасы

«Жер» тобы. 1. Біз адамға нан, жеміс-жидектер береміз. Адам біздің қойнауымызға түрлі дақыл, жеміс, ағаш, шөп өсіп жетіледі.Қаншама аң-жануарлар, адамдар тіршілік етеді. 2. Адамдар жер-анамызды қашаннан бері аялап келеді. Қойнауынан шығып жатқан байлығын пайдаланып қана қоймай, оның тазалығына көп мән берген.

«Су» тобы. 1. Біз барлық адамдарға, тірі табиғатқа, тазалық сыйлаймыз. Гүлдер мен ағаштардың жайқалып өсуі үшін нәр береміз. Шөлдегенде сусын боламыз. Шаршағанның денесін сергітеміз. 2. Су тіршілік көзі.Адамдар судың қадірін жақсы біледі. Ас әзірлейміз, шомыламыз, ішеміз.Аулаға ағаш, гүл егіп көркейтеді.

«Ауа» тобы. 1. Ауасыз жан-жануарлар да, өсімдіктер де, адамдар да тіршілік ете алмайды. 2. Адам баласы ауаның өз денсаулығына өте қажет екенін біледі. Сол үшін де ауаның таза болуына, улы заттармен бұзылмауына көп мән береді.

2 кезең. Викториналық сұрақтар

«Жер» тобы

1.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым? (Ботаника)

2. Қазақстанның қызыл кітабы қашан шықты? (1981ж)

3. Күн гүлі деп аталатын өсімдік? (күнбағыс)

4. Өсімдік жапырағында жүретін процес? (фотосинтез)

5. Қай құста мүлде ұя болмайды? (көкек)

«Су» тобы.

1.Қазақстанда қанша қорық бар? (10)

2.Өсімдіктің өсімді мүшелерін ата? (тамыр, сабақ, жапырақ)

3. Жапырақтары түгелдей тікенге айналған өсімдік? (кактус)

4. Үй маңына ұясын жақын салатын құсты ата? (қарлығаш)

5. Басында тарағы бар, бірақ шашыңды тарай алмайсың? (әтеш)

«Ауа» тобы.

1. Өсімдіктің көбею мүшелері? (гүл, жеміс, тұқым)

2.Қарашірік, шымтезек қандай тыңайтқыштарға жатады? (органикалық)

3. Ең ірі жеміс? (асқабақ)

4. Қай құс қыс бойы басын төмен салып ұйықтайды? (жарқанат)

5. Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)



3 кезең.Тіл өнері (мақалды жалғастыру)

1.Ер -елдің көркі, орман, тоғай ....... /жердің көркі/

2.Бір тал кессең, ....... /он тал ек/

3.Судыңда ....... /сұрауы бар/

4. Дәрі ...... /шөптен шығады/, дана ...... /көптен шығады/

5.Су анасы - ...... /бұлақ/

Сөз анасы - ....... /құлақ/

6. Қорада малың болсын, көшеде ...... /талың болсын/

7.Сумен ойнама - ........ /батарсың/,

Отпен ойнама - ......... /жанарсың/

8.Атаңнан мал қалғанша, ...... /тал қалсын/

9.Түнгі су – ...... / ну,/ күндізгі су -....... /бу/

10.Бұлақ көрсең ..... /көзңн аш/

11. Сулы жер құрақсыз болмас, таулы жер ....... /бұлақсыз болмас/

12. Жылап жүріп арық қазсаң, ....... /күліп жүріп су ішерсің/

4 кезең. Шешен болсаң шешіп көр (5 жолды өлең құрастыру.)

Күн

Ыстық, шуақты

Жылытады, батады

Күн – табиғаттың бір бөлігі

Күн – табиғи дәрі

Су

Сұйық, түссіз

Қатады, газданады, ағады

Су – тіршіліктің көзі

Табиғаттың бір бөлшегі

Ауа

Мөлдір, түссіз

Тарайды, ластанады

Ауа адам өмірінің мәні

Тіршіліктің тірегі

Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.

Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

Қарға қарқылдаса -қар жауады.

Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.

Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.

Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.

Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды

Қорытынды

7 сыныптар арасындағы «Табиғат және біз» атты сайысымыз аяқталды.

Адам өмірі табиғатпен тікелей сабақтас әрі тығыз байланысты. Олай болса, сол Табиғат – Ананың алдында әркім өзінің перзенттік борышын ұмытпағаны жөн. Табиғат – Ананы сүйе білу, оны аялау – адамның борышы және парасатты парызы.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!