Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат менің өз үйім. Үү дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арнаған көмекші есебінде пайдалануға болады. 1 сыныпқа арналған ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Табиғат менің өз үйім. Үү дыбысы мен әрпі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Кулманова Айгуль Кикбаевна

Толт

Білім беру саласы:

«Қатынас»

ҰОҚ

Сауат ашу

Тақырыбы:

«Табиғат менің өз үйім. Үү дыбысы мен әрпі»

ҰМЖ тарауы

4-тарау. Менің айналамды не қоршап тұр?

Бөлім, бөлімше:

1. Тыңдалым және айтылым.

1.1. Сөздің дыбысталу формасын ажырату.

Оқу мақсаты:

0.1.1.2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

ҰОҚ мақсаты:

Барлық оқушылар: Үү дыбысын таниды, айтады, жазады, дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, дұрыс дыбыстайды.

Көпшілігі: Үү дыбысына сөз ойлап табады.

Кейбір оқушылар: Үү дыбысына сөз ойлап табады, ол сөзге сөйлем құрайды.

Күтілетін нәтиже:

Үү дыбысын таныды, атай алды, баспа түрін жазды, дыбыстық талдау жасады, дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыратты, ү дыбысынан келетін сөз ойлап тапты, сөзден сөйлем құрай алды.

Ойлау деңгейі:

Білу,түсіну,қолдану.

ҰОҚ түрі:

Аралас сабақ

Сабақ барысы:

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Ресурстар

Жоспарланған уақыт:

І.ҰОҚ басы

5 минут



















Алдыңғы білімге шолу жасау.

2 минут






























ҰОҚ мақсатын күтілетін нәтижесін хабарлау.

5минут









1 минут






ҰОҚ ортасы:

5минут































































ҰОҚ соңы:

3минут


«Шаттық шеңбері»:

Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал, қанекей бәріміз,
«Сәлеметсіз бе,»- дейік үлкенге:
"Сәлеметсіздер ме?»

  1. «Топтастыру» әдісі Саралау-топқа бөлу арқылы саралау.

  2. 1-топ: «Жабайы үйректер»

  3. 2-топ: «Пекин үйрегі»

Кері байланыс:

Балалар, қолдарыңдағы ненің суреті?

Ендеше қолдарыңдағы үйректердің түрлеріне қарай

2 топқа бөліне қойыңдар.

Сыни ойлау «Бала үні».


Дидактикалық ойын: «Күнді бұлттан қорғайық»

Ойын шарты: Өткенді қайталау мақсатында сұрақтарға жауап беру. Әр сұраққа жауап бергенде бір бұлттан алып отырамыз.

-Әріп дегеніміз не?

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Буыннан не құралады?

-Сөзден не құралады?

Саралау- Диалог/сұрақтар қолдану арқылы саралау

4К модель Сыни ойлау.«Бала үні»

Бағалау: «Шапалақ» арқылы бағалау


Тақтаға назар аударайық:

-Балалар ненің суреті шықты? 
-Үйректің. 

-Үйректер туралы не білесіңдер? (Оқушылардың үйректер туралы не білетінін тыңдау)

-Сендердің алдарыңда қандай үйректер екенін білесіңдер ме?

-Олай болса үйректер туралы мәліметтермен танысайық.

Үйректер туралы оқушылардың білімін толықтыру.

Тыңдалым (бейне жазба арқылы үйректер туралы мағлұмат беріледі)


Топтық жұмыс:

«Үйшікке орналастыр» ойыны

Екі топқа бірдей қызыл және көк түсті екі үйшіктен және алдыңғы сабақтарда өткен әріптер беріледі. Әр топ берілген әріптердің дауысты дауыссызын ажыратып үйшіктерге орналастырады.

Кері байланыс:

Балалар, біз қандай тапсырма орындадық?

Бізде үйшікке орналаспаған бір әріп қалыпты. Неге орналастырмадыңдар?

Саралау- Диалог/сұрақтар қолдану арқылы саралау

4К модель Сыни ойлау.«Бала үні»


Біздің бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз

Үү дыбысы мен әрпі

Үйрек сөзін хормен айтқызу. 
-Сендерге таныс емес қандай дыбыс естіліп тұр? 
-Қалай айтылып тұр? 

-Ендеше қандай дыбыс?

- Ү дыбысын айтқан кезде ерін сүйірленіп, алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
Ү ү дыбысының таңбасымен таныстыру 
Тақтаға жазып көрсету. 
Кері байланыс:

Қай дыбысқа ұқсайды?

Айырмашылығы не деп ойлайсыңдар? 
Саралау- Диалог/ашық сұрақтар қолдану арқылы.

4К моделі, сыни ойлау «Бала үні»

Бағалау: «смайликтер» арқылы


Іс-әрекет барысында баланың қызығушылығын арттыру мақсатында балаларға ортақ тапсырма беру.

Жұмбақ шешу:

1.Халық қу деп, қылған күлкі,

Айласы көп, бұл не? (түлкі)

Түлкі ---------түл-кі. Т-дауыссыз, ү-дауысты, л-дауыссыз, к-дауыссыз, і-дауысты.

2.Жарықта соқырмын,

Ұша алмай отырмын. (үкі) Ү-дауысты, к-дауыссыз, і-дауысты.

Үкі------ү-кі.

Мақсаты: Іс-әрекет барысында оқушының белсенділігі, қызығушылығы артады, ү дыбысының сөз ортасында келгенін айтады, буынға бөледі, дыбыстық талдау жасайды.

Тіл ұстарту жаттығуы:

1.Үз – үз – үз,

Жаңбырлы Күз

2.Үн – үн – үн
Ыстық күн.

3.Ие – ие – ие,
Маң – маң басқан түйе.

4.Ле – ле – ле
Үкілі сәукеле.

Кері байланыс:

Бүгін біз қандай дыбысыпен таныс болдық?

Үү дыбысы қандай дыбыс?

Үү дыбысынан келетін қандай сөздерді білдік?

4К моделі бойынша тікелей бақылау

Сыни ойлау «Бала үні»

Бағалау: «мадақтау» арқылы бағалау


Сергіту сәті:

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды.

Найзағай сарт етті

Біз бұға қалдық.


Дәптермен жұмыс .

Ү - дыбысының әріп таңбасымен, жазылу элементтерімен таныстыру.

Ауада жазып қол жаттықтыру;

Ү дыбысының үлкен және кіші әріптерін жазу.

«Шынжыр» ойыны:

Ойын шарты: 1-топ Үү дыбысынан келетін сөз айтады,

2-топ сол сөзге сөйлем құрайды. Тапсырма тез әрі тиянақты орындалуы керек. Сөйлемді жақсы құраған белсенді оқушы медельдар арқылы бағаланады.

4 К моделі тікелей бақылау

Сыни ойлау «Бала үні»

Процесс арқылы саралау

Бағалау: «Жұлдызшалар» арқылы


Қорытынды:

- Бүгін қандай әріппен таныстық?

- Ү дыбысы қандай дыбыс?

- Ү дыбысы қалай айтылады?

- Ү әрпін ауада жазып көрсете аламыз ба?

- Сонымен Үү дыбысын қандай түспен белгілейміз?

- Не үшін қызыл түспен белгілейміз?

- Ү дыбысы сөздің қандай буындарында жазылады?

Сыни ойлау «Бала үні»

Рефлексия

Балалар сендер бүгінгі оқу қызметінде барлығың өте жақсы қатысып отырдыңдар.Жарайсыңдар!

Енді алдарыңдағы смайликтерден өз көңіл-күйлеріңді таңдап, бағдаршамның түстеріне жапсыра қойыңдар.

Қызыл – бүгінгі жаңа сабақты түсінбедім

Сары – жаңа сабақты жартылай түсіндім

Жасыл – өте жақсы түсіндім.










Суреттер






















Сұрақтар тізбесі







Интербелсенді тақта. Үйректің суреті














Бейнежазба

























Интербелсенді тақта

суреттер








































Сауат ашу және жазу негіздері дәптері














Сұрақтар тізбесі







Бағдаршам суреті

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі?

Балалар Үү дыбысы және оның әріп таңбасын біледі

Қандай түсініктерді игерді?

Балалар ү дыбысына басталатын сөздер және оларға дыбыстық талдау жайлы түсініктерді игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері?

Балалар сөздің дыбыстық мәдениетін сақтап, анық, таза сөйлеуге дағдыланды.

Үү дыбысынан сөз құрап, сөздерден сөйлем құрастыра алды.


.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.10.2021
624
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі