400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Табиғат сыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін артыра отырып, экологиясы нашар аймақтармен таныстыру, жерге деген мейірім мен ықыласын, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Табиғат сыры

Мақсаты: Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін артыра отырып, экологиясы нашар аймақтармен таныстыру, жерге деген мейірім мен ықыласын, байлығы мен әсем табиғатын қорғай білуге үйрету.

Тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғай білуге, аялауға баулу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, табиғат туралы даналық сөздер, эмблема, нақыл сөздер.


Барысы:


І. Жүргізуші:

Қазіргі езде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалну мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Қазіргі экология табиғаттағы адамның мінез – құлқынының жалпы стартегиялық бағытын анықтауға жұмылдырып отыр.

Экология деген сөз тіршілік ету мекені, өмір сүрген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Оны немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрис Геккель тұңғыш рет 1969 жылы ғылыми сөздік қорға қосты.


ІІ. Жүргізуші:

Туған жер, өскен ел жүрекке жылы сөздердің бәрі де «Табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады»


І. Жүргізуші: «Табиғат сыры» атты тәрбие сағатын бастайық. Табиғатқа қамқорлық жасауға – әрбір азаматтың абройлы міндеті әрі парызы.



Табиғаттың тарылтпасын мөлдір кәусар тынысын,

Пәк табиғат, жүрегімнің тамылжыған жырысың.

Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың?!

Ол анаң ғой, ал сен оның ұлысың.



Ей, адамдар,

От сезім мен мейірім содан таралған,

Тіршілік иесі – Жер – анаға қараңдар?

Зор қайғыдан күрсінгенде

Ар ұрады дүние.

Жаратылыс заңдылығы бұзылса,

Сонда болар кім ие?





Бүгін біздің арамызда қасиетті Жер – ана, туған халқымыздың аяулы ұлдары, ұлы ойшыл Әбунасыр Әл Фараби, Асан қайғы, қыл қобызын ұрпағым деп күңіренткен Қорқыт аталарымыз құрметті қонақ болып отыр. Сөз кезегі сіздерде.


Жер–ана:

Уа, ұрпақтарым, қасиетті жерімізді қандай қайғылы күйге түсірдіңдер? Сендер өлкеміздің байлығы, асыл қазыналарына айдын көлдері мен теңіздерін, таза ауасын бүлдіріп, ұшқан құс, жүгірген аңдарды қырып–жойыңдар деп қалдырған жоқ едік қой ...


Асан қайғы:

Құйрығы жоқ, жалы жоқ,

Құлан қайтіп күн көрер.

Аяғы жоқ, қылы жоқ,

Жылан қайтіп күн көрер.


Қорқыт ата:

Қара таулардың құламасын,

Саялы ағаш сынбасын,

Қанаттарың қырқылмасын.



Қазақ халқының ғұмыр бойы бір қасіреттен екінші қасіретке ұрынып келе жатқанын білеміз. Ақтабан шұбырындыдан аман қалып, елімізді аштық жайлап, қалғандарын халық жауы, ұлтшыл деген жаламен атып, азаппен өлтірді ...



Қоғам азған, заман азған,

Бірақ жерім дәл бұлай азбаған.


Ән: «Қасқалдақ»



Табиғат байлықты игеріп, дүлей күшін жеңдік деп жүріп, өзімізге – өзіміз қастандық жасадық. Сонау 1949 жылдан бастап Павладар, Қарағанды, Семей даласында ядролық қаруды жарып сынақ жүргізді ...



Тіршілікте не ғой дейміз ең қымбат,

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.

Ал адамға ауа қымбат бәрінен,

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.


Тыйым сөздер:



Табиғат қорғауда ата–аналардың ескеркен тыйым сөздерін еске түсірейік. «Обал болады» деп егінді, шалғынды бейсуат бастырмайды. «Көктей соласың» деп көкті жұлғызбайды. «Қарғысы қатты» деп жапалақ пен жарғанатқа тигізбейді. Құмырысқаның илеуін, аққуды бұзып, атқызбайды.


Көрініс: «Аңшы мен бала»



Табиғатты қорғау үшін күресейік бәріміз,

Бір–бір ағаш егейік,

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
802
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі