жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғат тағлымы
Қысқа мерзімді жоспар
|
Пән : Әдебиеттік оқу |
Мектеп: «Санаторий Ақжайық» БМ |
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Жанды табиғат |
Мұғалімнің аты-жөні: Джанабаева А.Е |
|
Қатысқандар саны: 5 |
|
|
Сынып:3 |
Қатыспағандар саны:- |
|
Сабақтың тақырыбы:Табиғат тағлымы |
|
|
Оқу мақсаты: |
3.2.4.1 – өлең, мысал, нақыл сөз, аңыз, бата, әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 3.2.6.1 – кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен дәлелдер келтіріп бағалау; 3.1.2.1 – шығарманың мазмұнын бірлесе құрастырған жоспар бойынша немесе өз сөзімен толық, таңдауына қарай мазмұндау, сахналау. |
|
Күтілетін нәтиже: |
Барлық оқушылар: сұрақтарға дұрыс жауап береді. Көптеген оқушылар: мысалдың басты белгілерін біледі, түсінеді, кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді. Кейбір оқушылар: шығарманы сахналайды. |
|
Құндылықтарды дарыту |
Еңбектену арқылы мақсатқа жетуге болады. |
|
Пәнаралық байланыс: |
Жаратылыстану, Дүниетану |
|
Бастапқы білім: |
С. Бегалин. «Есеннің кірпісі» |
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері: |
Сабақта жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы: |
Қызығушылықты ояту. Сыныпты қалыпқа келтіру. Ойсергек.
Үй жұмысын сұрау. Оқушылардың аттары жазылған таяқшаларды таңдау арқылы. Кімнің есімін суырса, соған өз сұрағын қояды немесе керісінше, соның сұрағына жауап береді. Ойқозғау. Жұмбақты шеш:
Алды биік, арты жар. (Құмырсқа)
Бота тірсекті. (Шегіртке) «Бір қадам артқа» (суретпен жұмыс)
Құмырсқаның киімі қандай? Шегірткенің ше? Шегіртке неліктен жылап тұр Бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыңдар? Дұрыс айтасыңдар бүгін біз И.Крыловтың «Шегіртке мен құмырсқа» мысалымен танысамыз. Автормен танысу айдары.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Иван Андреевич Крылов (13 ақпан, 1769, Мәскеу -21 қараша, 1844, Санкт-Петербург) - орыс жазушысы, драматург, көрнекті мысалшы ақын. Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды. Ол әсіресе мысал жанрында орыс әдебиетін жаңа сатыға көтеріп, әлемге есімі танылды. |
Оқушылардың аттары жазылған таяқшалар |
|
Сабақтың ортасы |
Тыңдалым: мысалды тыңдау. «Аудио тыңдалым» әдісі арқылы 7-слайд «Бір сұрақ» әдісі Осы мысалдағы басты белгілер не деп ойлайсыңдар? Мысалдағы басты белгі шегірткенің іс-әрекеті. анимациямен Шегірткеге қандай кеңес берер едіңдер? Бірге кеңес беріп көрейік. 1.Жаз бойы сауық сайран салмай қысқа азық дайындау керек еді. 2.Құмырсқа сияқты еңбектеніп қыстың қамын ерте ойлау керек еді. |
|
|
Сабақтың соңы |
«Әдебиет лотосы» әдісі арқылы мысалды талдайық. Шығарма атауы: Шегіртке мен құмырсқа Авторы: И.Крылов. аударған А.Құнанбаев Кейіпкері:Құмырсқа мен шегіртке Қандай?Жағымды, жағымсыз Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?: Құмырсқаның еңбекқорлығы ұнады Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.
«Венн диаграммасы»
(құмырсқа мен шегірткенің ұқсастығын және айырмашылығын анықтап көрейік) Жеке тапсырма 1.Шегіртке мен құмырсқаның бойынан адам баласында кездесетін қандай қасиеттерді байқадыңдар? 2.«Шегіртке тәрізді қиналмас үшін не істер едің?» ойыңды жазып ұстазыңмен пікірлес «Радиоспектакль» әдісі арқылы мысалды отбасыңмен сахналап көр. Кері байланыс.
|
|
|
|
|
|
шағым қалдыра аласыз







Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген