Материалдар / Табиғат-тал бесігің,аялай біл!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғат-тал бесігің,аялай біл!

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға тәжірибе алмасу үшін қажет.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2018
506
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мерзiмі: 12.02.2018 ж.

Сынып: 8 «ә»

Тақырып: «Табиғат-тал бесігің, аялай біл!»

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Кеңпейілділік, жанашырлық, қамқорлық.


Мақсаты: Оқушылардың қоршаған орта мен табиғатқа деген мейірімділігін, қамқорлығын, қиянат жасамау құндылығы арқылы түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділігі: оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділігі туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың бойына табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету.

Тәрбиелілігі: оқушыларды табиғатқа мейірімділікпен қарауға, қамқорлық жасауға, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

Аудиожазба, бейнежазба, кітап, дәптер, қаламдар, түрлі түсті қағаздар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, өзін-өзі тану сабағының «5-Т» ережесін қайталау. Топқа бөлу (әр топ түске байланысты топқа бөлінеді, көк, сары, қызыл, жасыл түстер)

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті. ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

  • Тыныштық сәтінен алған әсеріміз қандай?

  • Қандай сезімде болдық?



5 мин

2. Үй тапсырмасын тексеру

Алтай мәтінін оқып келу. (О. Бөкей)

  1. Алтай өлкесінің сұлулығын мәтін арқылы сезіне алдыңдар ма?

  2. Табиғат тамашасын сезіну адамға не үшін қажет?

  3. Табиғат сұлулығын қалай сақтап қалуға болады?



5 мин


3. Дәйексөз.


Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,

Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.

(Шыңғыс Айтматов)

      • Ұлдарға хормен оқыту.

      • Қыздарға хормен оқыту.

      • Дәптерлеріңе жазып алыңдар.

      • Осы дәйексөзден қандай ой түйдіңдер?

Табиғат адамзат баласы үшін ең қасиетті ұғым. Өйткені ол адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы іспетті. Табиғат Ана деуміз де содан. Табиғат пен адам тығыз байланысты.

Қоршаған орта неғұрлым таза болса, адамның денсаулығы мықты, көңілі көтеріңкі болады. Сол себепті табиғатқа мейірімділікпен қарап, жанашырлық білдіру, қиянат жасамау әр адамның парызы.

Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті, қайырымдылықты табиғаттан үйренеді. Адам баласы табиғат перзенті екенін әрдайым есте ұстау керек.




3 мин

4. Әңгімелеу.

Бейнебаян «Қиянат пен аманат»

  • Қасқырдың басына қандай іс түсті?

  • Адамның іс - әрекетіне қандай баға берер едіңдер?

  • Әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

  • Егер сендерден достарың көмек сұраса қайтер едіңдер? Өздерің көмек қолын созып, мейірімділік танытқан кездерің болды ма?


12 мин

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс

1-Топ: Табиғат және табиғаттың әсем құбылыстары туралы өлең шығару.

2-Топ: Өздерің тұратын жерлердегі табиғат үйлесімділігі сақталмай, қамқорлықты қажет ететін мәселелерді шешудің жобасын құрып, постер қорғаңдар.

3-Топ: Табиғаттағы адам үшін тіршілік көзі нелер деп санайсың және оның мәнін қалай түсіндіретін едіңдер?

4-Топ: Оқулықта берілген суреттерге қарап, табиғат апаттарынан сақтанудың жолдарын көрсететін жоба ұсыныңдар.


8 мин

6. Топпен ән айту

Мейірімді болайықшы бауырлар


Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын,

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы, ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар,

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы, бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық,

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек,

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де болса деп.


Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып,

Қаратайық Құбылаға жүздерді,

Таратайық адамзатқа жылылық!




3 мин

7. Үй тапсырмасы.

Қ. Толыбаевтың «Қайынның қасіреті» әңгімесінен үзінді оқып келу.

2 мин

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

- Балалар, сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Сабақтарыңа сәттілік тілеймін. Сау болыңыздар.

2 мин



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!