Материалдар / «Табиғатқа қамқорлық » 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Табиғатқа қамқорлық » 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге сабақта қолдануға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қазан 2018
663
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін – өзі тану» сабағының жоспары №28

Мектеп: «И.Жанболатова атындағы №15 жббом» КММ

Мерзімі: 03.04.2018ж.

Мұғалім: Тасболатова Гулнур Тажедиқызы

Сынып: 4а сынып. Оқушылар саны: 22

Тақырыбы: «Табиғатқа қамқорлық »

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік


Мақсаты: оқушыларға қиянат жасамау құндылығы арқылы табиғатқа қамқорлық туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділігі: Табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

Дамытушылығы: Табиғатқа қамқорлық жасау қарым-қатынасын дамыту;

Тәрбиелілігі: оқушыларды жанашырлыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, материалдар көздері)


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау, 5Т ережесін қайталау. Топқа бөлу: Табиғаттың жыл мезгілдерімен топқа бөлу

Тыныштық сәтi. «Нұрға бөлену»

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


2.Үй тапсырмасын тексеру

28 – сабақ. 118 беттегі «Атаның өнегесі» әңгімесін оқу

Сұрақтар:

1.Атасы немересін неліктен жол үстінде тоқтатты?

2. «Жол жүрсең, жоралғыңды сақта» дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Атасы мен немересінің бұлақ көзін ашуын табиғатқа қамқорлық деп айтуға бола ма? Неліктен?

4. Атасы мен немересінің табиғатқа қамқорлығы тағы қандай істерінен көрінеді?

5. Өздерінің табиғатқа қамқорлық танытқан кездеріңіз болды ма?


Ескерту

3. Дәйексөз ( 5мин )

Көзіңді қалдыр-бұлақ көзін аша жүр,

Ізіңді қалдыр-жақсы істен мұра шаша жүр,

Өзіңді қалдыр-бақша өсіріп жаса нұр.

Халық мақалы

1. Ұлдарға хормен оқыту

2. Қыздарға хормен оқыту

3.Оқушыларға дәптерге жазғызу.

- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдар?

- Балалардың жауаптары негізінде дәйексөзді қорытындылау.



4. Әңгімелеу. Бейнеролик

«Таза болса табиғат-аман болар адамзат»




5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Баяу музыка қойылады. Тапсырманы 7-10 минут беріледі. Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Бірінші топ: «Қыс»

Екінші топ: «Көктем»

Үшінші топ: «Жаз»

Төртінші топ: «Күз»

1. Қар кетіп, қыр көгерді ,

Қыс қиқуы көбейді.

Жерге дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді (Көктем)


2.Дала тегіс сарғайды,

Шаруа қысқа қамданды.

Күн қысқара бастады,

Тауға тұңғыш қар жауды. (Күз)


3.Күн ысып, су жылынып,

Егін басын тұр иіп.

Жеміс тердік бақшадан,

Жеңімізді түрініп. (Жаз)


4. Сұлық жатыр ақ дала,

Сирек жортқан аң ғана.

Көтеріп бір аяғын,

Қаздарым тұр аулады. (Қыс)

Әр топ өз жыл жезгілдерінің сурет салады.



6. Топпен ән шырқау.

Ертегілер елінде ! (Айгерім Қалаубаева)

Ертегілер әлемі

Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!

Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?

Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жатты
Жан біткеннің бәрі маған.




7. Үй тапсырмасы

128 беттегі «Жер-ана тұншықса» мәтінін оқып келу.(Н.Құмар)


8. Сабақтың соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен қосу

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi. (жай музыка ойналады)

Тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді жүректерімізге сақтайық.

Сабақ аяқталды. Рахмет.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!