Тақырыбы: Табиғатқа саяхат.
Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемді сезініуге және тануға деген қызыушылығын арттыру.
Жануарлар әлемі туралы дүние танымын кеңейту.
Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы жайлы түсіндіру.
Туған жердің табиғатын аялап қорғауға,адамгершілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Қане балалар сәлемдесіп алайықшы;
Табиғат біздің анамыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Күнге қанат қағамыз.
Қайырлы күн, балалар,
Қайырлы күн, қонақтар.
Балалар өлең жолдарды қимыл-қозғалысын жатқа айтады.
Кіріспе. Сұрақ –жауап:
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың кай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз айында неше ай бар, олар қалай аталады?
Балалар: 3 ай, қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Күз айларында қандай еңбек етеді?
Балалар: Егін пісіп, егін жинайды.
Балалар, менің айтқанымды мұқият тыңдап алыңдар. Біз бүгін «Айналадағы ғажайып әлемге» саяхатқа шығамыз. Бірақ «Айналадағы ғажайып әлемге» тек қана ақылды, білімді балалар бара алады. Біздің алдымыздан кедергілер кездеседі, тапсырмаларды орындау арқылы ғана, олардан өте аламыз. Қорықпайсыңдар ма? Барамыз ба?
«Айналадағы ғажайып әлем»
Балалар, біздің алдымызда жемістер бағы бар. Жемістер бағынан қалай өтеміз? Бақтан өту үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
Ойын: Сұрақ-жауап: Балалар, қараңдаршы, алдымызда не пайда болды? Бақ! Бақта қандай жемістер өсіп тұр?
Балалар:Алма, өрік, алмұрт, жүзім.
Жемістер туралы қандай тақпақ білесіңдер? Балалар қараңдаршы, бақ бізге тапсырма беріп тұр,тапсырманы орыдамасақ бізді ғажайып әлемге өткізбейді. Тапсырманы орындайтын: Нұрислам:
Алма,алма дейсің,
Алма әкелсем, жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.
Балалар, біз жемістер бағынан өтік. Енді алдымызда не бар?(жайлау). Жайлаудан нелерді көріп отырсыңдар?
Балалар: Түйе, қой,сиыр,т.б.
Төрт түлік жануарлар туралы кім тақпақ айтады.
Расул: Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма шырығым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар төрт түліктен қандай өнім аламыз?
Балалар: Сүт, айран, құрт, қазы,қарта, т.б.
Өте жақсы балалар! Үй жануарлардын өнімдердінің, адам ағзасына өте пайдалы. Шұбат, сүт, ішіп тұру керек. Тағамдар туралы тақпақ кім айтады?
Ақылбек: Үйдің ұйтқан айраны,
Асқазанға пайдалы.
Бізге қонаққа ауа, су, күн келеді.(Жұмбақ)
Күн
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(күн)
Ауа
Көзбен көріп,
Қолмен ұстай алмайсың.
Онсыз өмір сүре де алмайсың.
Ол не?(ауа)
Су
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.(су)
Сергіту сәті.
Өте жақсы балалар барлығың жақсы білімді екенсіңдер. Біз алыстан жаяу жүріп шаршап қалдық. Балалар, қәне, сергіп алайық.
Айналып шеңбер құрайық,
Күн мен ауа
Суымызбен достасып,
Беті-қолды жуайық.
Күнге қарап бір жылып,
Ауамен тыныс алайық.
Өте жақсы балалар сергіп, демалып алсақ, әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Күн, ауа, сумен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздыр!
Жарайсыңдар балалар, өздерің ақылды балалар екенсіңдер. «Ғажайып әлемге» де жетіп алдық.
Балалар: Бұл табиғат құбылысы.
Кемірқосақ қандай уақытта шығады?
Жаңбыр жауып, ашылып келе жатқанда шығады. Кемпірқосақты көрдіңдерме балалар? Қәне, балалар, кемпірқосақтың түстерін кім айтады?
Балалар: Көк, қызыл, жасыл.
Тәрбиеші: Бұлттың түсі қандай?
Балалар: Көк.
Тәрбиеші: Күннің түсі қандай?
Балалар: Сары.
Балалар, «Ғажайып әлем» сендерге тәтті шырын дайындапты. Қараңдаршы, жаңбырдың суынан, манағы өткен жемістерден дайындалған шырын. Кішкентай сыйлықтар табысталады
.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Табиғатқа саяхат
Табиғатқа саяхат
Тақырыбы: Табиғатқа саяхат.
Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемді сезініуге және тануға деген қызыушылығын арттыру.
Жануарлар әлемі туралы дүние танымын кеңейту.
Балаларға көкөністер мен жеміс-жидектердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы жайлы түсіндіру.
Туған жердің табиғатын аялап қорғауға,адамгершілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы: Қане балалар сәлемдесіп алайықшы;
Табиғат біздің анамыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Күнге қанат қағамыз.
Қайырлы күн, балалар,
Қайырлы күн, қонақтар.
Балалар өлең жолдарды қимыл-қозғалысын жатқа айтады.
Кіріспе. Сұрақ –жауап:
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың кай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз айында неше ай бар, олар қалай аталады?
Балалар: 3 ай, қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Күз айларында қандай еңбек етеді?
Балалар: Егін пісіп, егін жинайды.
Балалар, менің айтқанымды мұқият тыңдап алыңдар. Біз бүгін «Айналадағы ғажайып әлемге» саяхатқа шығамыз. Бірақ «Айналадағы ғажайып әлемге» тек қана ақылды, білімді балалар бара алады. Біздің алдымыздан кедергілер кездеседі, тапсырмаларды орындау арқылы ғана, олардан өте аламыз. Қорықпайсыңдар ма? Барамыз ба?
«Айналадағы ғажайып әлем»
Балалар, біздің алдымызда жемістер бағы бар. Жемістер бағынан қалай өтеміз? Бақтан өту үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
Ойын: Сұрақ-жауап: Балалар, қараңдаршы, алдымызда не пайда болды? Бақ! Бақта қандай жемістер өсіп тұр?
Балалар:Алма, өрік, алмұрт, жүзім.
Жемістер туралы қандай тақпақ білесіңдер? Балалар қараңдаршы, бақ бізге тапсырма беріп тұр,тапсырманы орыдамасақ бізді ғажайып әлемге өткізбейді. Тапсырманы орындайтын: Нұрислам:
Алма,алма дейсің,
Алма әкелсем, жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.
Балалар, біз жемістер бағынан өтік. Енді алдымызда не бар?(жайлау). Жайлаудан нелерді көріп отырсыңдар?
Балалар: Түйе, қой,сиыр,т.б.
Төрт түлік жануарлар туралы кім тақпақ айтады.
Расул: Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма шырығым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар төрт түліктен қандай өнім аламыз?
Балалар: Сүт, айран, құрт, қазы,қарта, т.б.
Өте жақсы балалар! Үй жануарлардын өнімдердінің, адам ағзасына өте пайдалы. Шұбат, сүт, ішіп тұру керек. Тағамдар туралы тақпақ кім айтады?
Ақылбек: Үйдің ұйтқан айраны,
Асқазанға пайдалы.
Бізге қонаққа ауа, су, күн келеді.(Жұмбақ)
Күн
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.(күн)
Ауа
Көзбен көріп,
Қолмен ұстай алмайсың.
Онсыз өмір сүре де алмайсың.
Ол не?(ауа)
Су
Жылт-жылт еткен,
Жырадан өткен.(су)
Сергіту сәті.
Өте жақсы балалар барлығың жақсы білімді екенсіңдер. Біз алыстан жаяу жүріп шаршап қалдық. Балалар, қәне, сергіп алайық.
Айналып шеңбер құрайық,
Күн мен ауа
Суымызбен достасып,
Беті-қолды жуайық.
Күнге қарап бір жылып,
Ауамен тыныс алайық.
Өте жақсы балалар сергіп, демалып алсақ, әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық. Күн, ауа, сумен қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыздыр!
Жарайсыңдар балалар, өздерің ақылды балалар екенсіңдер. «Ғажайып әлемге» де жетіп алдық.
Балалар: Бұл табиғат құбылысы.
Кемірқосақ қандай уақытта шығады?
Жаңбыр жауып, ашылып келе жатқанда шығады. Кемпірқосақты көрдіңдерме балалар? Қәне, балалар, кемпірқосақтың түстерін кім айтады?
Балалар: Көк, қызыл, жасыл.
Тәрбиеші: Бұлттың түсі қандай?
Балалар: Көк.
Тәрбиеші: Күннің түсі қандай?
Балалар: Сары.
Балалар, «Ғажайып әлем» сендерге тәтті шырын дайындапты. Қараңдаршы, жаңбырдың суынан, манағы өткен жемістерден дайындалған шырын. Кішкентай сыйлықтар табысталады
.

шағым қалдыра аласыз













