Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғаттағы жалпы экологиялық проблемаларды мониторингілеу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы. Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады. Экологиялық факторлар негізінен 3-топқа бөлінеді: 1. Абиотикалық факторлар-олар ағзаларға әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы яғни :жарық, температура, ылғалдылық. 2. Биотикалық факторлар-олар тірі ағзалардын қоршаған ортада кері немесе он әсер етуі яғни зиянсыз немесе зиян келтіру факторлары:жануарлар,микроорганизмдер,құстар,өсімдіктер. 3. Антропогендік факторлар:Адам және оның іс-әрекеті. Экожүйе компоненттері: • Биотикалық факторлар тірі организмдрдін қарым-қатынасы яғни симбиоз,паразитизм, жыртқыштық. • Абиотикалық жағдайлар яғни өлі табиғаттағы жарық,қысым, ылғалдылық, температура. • Адам іс-әрекеті арқылы антропогендік фактордын он және теріс бағыттары жүреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«ҚАПЛАНБЕК ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ- ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК






Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

Шаймерденов С.А

_____________
«
_____» _____2023ж

Shape1


Модуль/пән: «ОН 1.1Биосфера эволюциясының негізгі кезеңдерін және оның ерекшеліктерін сипаттау.»

Мамандық: 1509000 - «Экология және табиғатты қорғау қызметі»

Біліктілік: «4S05220102 -Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың технигі»

Өтілетін орны:Кітапхана

Өтілетін уақыты: 12.12.2023 жыл.

Оқытушы: Калдасов Азамат Кенжалиевич



Келісілді:

Колледж әдіскері: Әмірханова Ү.

_______________

«____ » ______2023 ж.

«Зооветеринарлық жалпы кәсіптік пәндер» кафедра отырысында қаралды және мақұлданды.

Хаттама №__ «_____» ____2023 ж

Кафедра меңгерушісі ______________ Сахова С.











Сарыағаш – 2023 ж


Қапланбек жоғары аграрлық – техникалық колледжі

2023-2024 оқу жылы

Сабақ жоспары

Модуль/пән атауы

ОН 1.1Биосфера эволюциясының негізгі кезеңдерін және оның ерекшеліктерін сипаттау.


Сабақтың тақырыбы

Табиғаттағы жалпы экологиялық проблемаларды мониторингілеу.


Оқытушы


Калдасов Азамат Кенжалиевич


Курс

3


Тобы

Экологияя 9 (А)


Сабақтың өткізілетін күні

12.12.2023


Сабақтың түрі

Аралас


Сабақтың мақсаты немесе оқыту нәтижелері

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында жоғарғы экологиялық білім негізінде тәрбиелеу және олардың қоршаған әлемді қорғауға бағыттап , табиғатты қорғау жәна таза ұстау туралы мағлұмат беру.


Бағалау критерийлері

  • Экологиялық мониторинг жасайды;

  • Қоршаған ортаға келтірілген залалды экологиялық жағдайын бағалайды;

  • Қоршаған ортаны қорғауды және табиғатты пайдаланудың экономикалық жағдайын анықтайды;


Оқу сабақтары барысындағы білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі, дағдылар

  • Экологиялық мониторинг жасай алады;

  • Қоршаған ортаға келтірілген залалды экологиялық жағдайын бағалай алады;

Қоршаған ортаны қорғауды және табиғатты пайдаланудың экономикалық жағдайын анықтай алады;


Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Презентация, оқулықтар, плакаттар, сандардан құралған шариктер, түсті шарлар.


Техникалық құралдар, материалдар

Интерактивті тақта, компютер, ноутбук, WI-FI интернет желісі.


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері



1 Ұйымдастыру кезеңі:

5 минут

Сабақта жоқ оқушыларды тізім бойынша белгілеу.

Дәрісхананың және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Оқушылардың өткен сабақтан түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

Бағалауды жазу кезінде смайлик бұлттарды пайдалану.


2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

20 минут

«Жер бетіндегі тіршіліктін қалыптасуы мен құрылымы» тақырыбына арналған бірнеше ойын әдісін қолдана отырып өткен сабақты қайталап алу.

  1. «Кім тапқыр» интелектуалды ойыны арқылы студенттер арнайы сандар жазылған шариктерді тандау арқылы шариктағы сұрақтарға жауап береді.

  • Жасуша ядросы

  • Фотосинтез

  • Жасуша мембранасы

  1. «БИНГО» ойыны арқылы кезектеп шыққан сандардағы сұрақтарға жауап береді.

  • Жер шамамен қанша млрд жыл бұрын қалыптасты?

  • Қай ғалым экология терминің ғылымға енгізді?

  1. «Кім жылдам» ойыны арқылы орыны ауысқан сөздерді қайта құрастырып экологияға байланысты жасырынған термин сөзді табады.

  • Г.Э.О.К.Л.И.Я.О (экология)

  • А.Л.Т.А.Н.И.Т.А.Д (атлантида)

  • Ф.Е.Б.О.И.С.Р.А (биосфера)

  1. «Көз жұмбақ» ойынында бір студент тақтаға шығады оның көзін арнайы материалмен жауып аяғының астындағы жатқан шарды жарады оның ішіндегі сұраққа жауап береді.


3. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі

(жаңа тақырыпты болжау)

5 минут

Оқушыларға сабақтың мақсатын мен міндеттерін баяндау.

Тақырыпты ашуға байланысты қысқа минуттық видеоны көру.


4. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

30 минут

Экологиялық фактор – кез келген орта жағдайына тіршілік иелерінің бейімделу қабілетімен жауап қайтара алуы.

Бұл жерде бір ескере кететін жағдай өлім факторы бейімделу қабілетінен тысқары жатады.

Экологиялық факторлар негізінен 3-топқа бөлінеді:

  1. Абиотикалық факторлар-олар ағзаларға әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы яғни :жарық, температура, ылғалдылық.

  2. Биотикалық факторлар-олар тірі ағзалардын қоршаған ортада кері немесе он әсер етуі яғни зиянсыз немесе зиян келтіру факторлары:жануарлар,микроорганизмдер,құстар,өсімдіктер.

  3. Антропогендік факторлар:Адам және оның іс-әрекеті.

Экожүйе компоненттері:

  • Биотикалық факторлар тірі организмдрдін қарым-қатынасы яғни симбиоз,паразитизм, жыртқыштық.

  • Абиотикалық жағдайлар яғни өлі табиғаттағы жарық,қысым, ылғалдылық, температура.

  • Адам іс-әрекеті арқылы антропогендік фактордын он және теріс бағыттары жүреді.



Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:

Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтің мақсаты тек қана деректер.Биосфера (гр. биостіршілікөміргр. сфера — шар) — бұл ұғым биология ғылымына XIX ғасырда ене бастады. Ол кездерде бұл сөзбен тек жер жүзіндегі жануарлар дүниесі ғана аталатын. Кейінгі кездерде биосфера геологиялық мағынада да қолданылады.

Табиғат зонасы 2 бағытта өзгереді:

  1. Ендік зоналылық-табиғат зонасының ендік бағытта экватордан полюстерге қарай алмасып келуі.

  2. Биіктік белдеулік-табиғат зоналарының тауларда биіктікке байланысты ауысып келуі.

Биосфераның даму тарихы:1. Ағылшын жаратылыстанушысыРоберт Гук 1665 жылы

1.Биоосфера ұғымын тұжырымдаған француз Ж.Б.Ламарк

2.Биосфера термині алғаш рет 1875 жылы аустриялық геолог Э. Зюсс

3.Орыс ғалымы В.И. Вернадский 1927 жылы

Биосфера түрлері: 1.Тропосфера. 2.Ноосфера. 3.Литосфера

Биосфераның құрылымдық маңыздылығы:

1.Биоценоз-Ендік-зоналық климаттық белдеу.

2.Биогеоценоз-Биіктік-белдеулі табиғи зона

Биосфера үш фазада: сұйық, қатты және газ заттар арқылы бөлімдердің беткейлері арасында өтеді.

Биосфераның фазалық қабаттары:

1)Литосфера-Жер шарының сыртқы қатты кабықшасы. Литосфераның жоғарғы бөлігі екіншілік тау жыныстарының жауындық бөліктерінен тұрады, аналық тау жыныс­тарының бұзылуынан пайда болған.2) Гидросфера-Әлемдік мұхит деп аталатын барлық мұхиттар мен теңіздер, көлдер мен өзен суларының қосындысынан пайда болған.3) Атмосфера-жерді қоршайтын газ қабықшасы. Биосфера және оның шекарасы. Жер бетінде алып өсімдіктер, жануарлардан бастап өте кішкене, ұлғайтқыш құрал микроскоппен ғана көретін майда ағзаларда тіршілік етеді. Күн жүйесіндегі ғаламшарлар арасында Жер ғана тірі ағзалардың таралған мекені екенін білесіңдер.

Биосфера құрылымындағы қоршаған ортаны қорғау келесі принциптерді сақтау негізінде жүзеге асырылады:

  • Қоршаған ортаны қорғау проблемаларын үйлестіріп шешу;

  • Экологиялық апат аймақтарын қайтадан қалпына келтіру және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және қалпына келтіру;

  • Қоршаған ортаға шығын келтіруді тоқтату, оған болуы мүмкін әсерлерді алдын ала бағалау;


Қоршаған ортаның ластануы]– адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Антропогендік ластану — адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарынан болатын ластану; мұндайда табиғи ластанудың құрамы мен қарқындылығына оның тікелей де, жанама да ықпалы қосылады. Соғыс өнеркәсібіне байланысты антропогендік ластану өте апатты болып келеді Биологиялық,химиялық және физикалық болып бөлінеді.

1.Биологиялық ластану- дегеніміз табиғи биотикалық қоғамдастықтардың өмір сүру жағдайларын нашарлататын немесе адам денсаулығына теріс әсер ететін тірі организмдердің (бактериялар, вирустар және басқалар) сипаттамалы емес түрлерінің антропогендік әсерінің нәтижесінде экожүйелерге ену деп түсініледі.

2.Химиялық ластану — қоршаған ортаның табиғи химиялық қасиеттерінің қарастырылып отырған уақыт кезеңі үшін қайсыбір заттектердің көпжылдық орташа ауытқуларынан асып түсетіндей болып өзгеруі немесе қоршаған ортаға әдетте онда болмайтын заттектердің түсуі немесе нормадан артық шамада түсуі.

3.Физикалық ластану-бұл қоршаған ортада оның функционалдық сапасына әсер ететін кез-келген заттың немесе энергияның болуы. 

Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғитабиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Қазіргі танда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  • Ресурстар проблемасы;

  • Азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

  • Энергетикалық проблема;

  • Демографиялық проблема;

  • Климаттың өзгеруі;

  • Экологиялық проблемалар;

  • «Үшінші әлем» елдерінің артта қалуын жою;

  • Қауіпті ауруларды жою;

  • Әлемдік мұхит пен космосты игеру;

  • Қылмыспен және терроризммен күрес

    Жүктеу
    bolisu
    Бөлісу
    ЖИ арқылы жасау
    Файл форматы:
    docx
    24.01.2024
    207
    Жүктеу
    ЖИ арқылы жасау
    Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
    шағым қалдыра аласыз
    Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
    Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
    Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
    Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
    Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
    Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
    Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
    Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
    Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
    Министірлікпен келісілген курс саны 12