Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп:

А.Тихоненко атындағы ОЖББМ

Күні:

Сынып: 8

Мұғалім: Кужаниязова А.А.

Сабақтың тақырыбы:

Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакциялар

Сабақтың оқу мақсаттары:

8.2.2.2 -табиғаттағы және тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі химиялық реакцияларды сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну.

Сабақ мақсаттары:

Оқушылардың барлығы: Табиғатта және тірі ағзалардағы жүретін химиялық реакцияларды сипаттайды.

Оқушылардың басым бөлігі: Табиғатта және тірі ағзалардағы жүретін химиялық реакциялардың маңызын түсіндіре алады.

Оқушылардың кейбірі: Табиғатта және тірі ағзалардағы жүретін химиялық реакцияларға адами фактор арқылы әсер ету жолдарын қарастыра алады.

Бағалау критерийі

Табиғаттағы болатын реакцияларды біледі.

Тірі ағзалар мен адам тіршілігіндегі жүретін химиялық реакциялардың маңызын түсінеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылыр: табиғаттағы және тірі организмдердің тіршілік әрекеттерінен жүретін химиялық реакцияларының маңызын қарастырады. Пайдасы мен зиянын ажыратады.

Негізгі сөздер мен тіркестер: фотосинтез, тыныс алу, шіру, тотығу, жану, баяу тотығу, жемірілу.

Сыныптағы диалог:

Табиғатта болатын қандай құбылыстарды білесіңдер?

Біздің өмірімізде химиялық реакциялар жүреді ме?

Біздің өмірімізде химиялық реакциялардың маңызы қандай?

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, қарым қатынас, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтмақтастық, өмір бойы білім алуға дайын болу

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану. Атмосфералық құбылыстар және оның тірі ағзаларға әсері.

Алдыңғы білім

7.2.2.2 сұйытылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және көмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин.



































Сабақтың ортасы

27 мин


































































Сабақтың соңы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу.

Жағымды жағдай орнату. Оқушылар орындарынан тұрып мұғалім айтқан табиғат құбылыстарын дене қимылдары арқылы жасайды. "Найзағай, жауын, жел, күн сәулесі, от және т.б."

Топқа бөлу: суреттердің қай топқа байланысы барын анықтап, сәйкес топқа отырады.


1- топ: Адам

2- топ: Өсімдік

3 топ: Табиғат

Үй тапсырмасын сұрау. ЖЖ "Жауабын көрсет" әдісі

Төменде берілген реакциялардың тұсына реакцияның қай типіне жататынын жазыңыз.

  1. натрий гидроксиді + фосфор қышқылы натрий фосфаты + су

  2. кальций + тұз қышқылы кальций хлориді + сутек

  3. мырыш нитраты мырыш оксиді +азот (IV) оксиді +оттек

  4. аммиак азот +сутек

  5. магний + темір (ІІ) сульфаты темір + магний сульфаты

Дескриптор:

-реакция типтерін ажыратады;

-бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктейді

Тақырыпты ашу.

"Суреттер сөйлейді" әдісі


Жаңа сабақ.

Мағынаны тану. Өз беттерінше жаңа тақырыппен танысады. "Инсерт" әдісі өз беттерінше жаңа тақырыппен танысады. Табиғаттағы болатын құбылыстар өте маңызды. Фотосинтез құбылысы кез келген қсімдіктің ауадағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттекті бөліп шығырыды:

Көмірқышқыл газы +су жарық глюкоза +оттек

6AutoShape 1 СО2+6Н2О жарық С6Н12О6 +6О2

Бұл кезде жапырақта көптеген бағалы заттар түзіледі. Адамдар фотосинтез құбылысын зертханада жүргізуді іске асыра алмады.

Тыныс алу - бұл да химиялық құбылыс. Біз өсімдіктерден бөлінген оттекпен тыныстап, көмірқышқыл газын бөліп шығарамыз:

Глюкоза +оттек →көмірқышқыл газы +су

С6Н12О6 + 6О2 →6СО2+6Н2О+энергия

Бұл құбылыс барысында энергия сыртқа бөлініп шығады, бөлініп шыққан энергияны тірі организм тіршілік әрекетіне қажетті заттарды синтездеуге жұмсайды.

Шіру - күрделі органикалық заттардың микроорганизмдер қатысында оттегімен әрекеттесуі болып табылады. Шірудің маңызы зор: тіршілігіг жойған организмдердің құрамындағы нәруыздарды өсімдіктер сіңіре алатындай қосылыстарға айналдырады. Сөйтіп, табиғаттағы заттардың айналымы қайтадан басталады.

Заттардың оттекпен әрекеттесуі тотығу реакциясы деп аталады. Заттар тотығып жылу және жарық шығара жүретін химиялық реакция жану реакциялары деп аталады. Заттар оттекпен әрекеттесу нәтижесінде көбінесе оксидтер түзіледі.

Металдардың тот басу процесі де баяу тотығуға жатады. Темір ауада темір оксидін түзіп, тотығады:

Темір+оттек→темір қағы

3Fe+2O2→ Fe3O4 ( FeО* Fe2O3)

Жемірілу адамзат өркениетіне орасан зор зиянын тигізеді, жыл сайын оның кесірінен миллиондаған тонна металл жойылады.

Біздің заманымыздағы шешілмеген жаһандық бір мәселе - қышқыл жаңбыр.Қышқыл жаңбыр пайда болуының негізгі бір себебі- атмосфераның күкірт және азот оксидтерімен ластануы. Көмір және мұнай құрамында күкірттің мөлшері жоғары. Осы отын түрлерін жаққанда күкірттің оттекпен қосылысы атмосфераға таралады. Күкірт оксиді жаңбыр тамшыларымен әрекеттесіп, күкірт қышқылын түзеді:

Су+күкірт (VI) оксиді →күкірт қышқылы

Н2О+SO3 → Н2SO4

Дескриптор: табиғатта болатын құбылыстармен танысады, маңыздылығын түсінеді.

Тапсырма № 1. ТЖ. "Тұжырымдамалық карта" әдісі. Берілген кілт сөздеріне байланысты тақырыпты түсіндіру.

1 топқа Аспазшы - NaHCO3

2 топқа Биолог-фотосинтез

3 топқа Металлург- жемірілу

Дескриптор:

  • Берілген сөздердің мәнін жан жақты ашады.

  • Адам тіршілігінде және табиғаттағы химиялық реакциялардың маңызын түсіндіреді.

Бағалау: "Бас бармақ" әдісі арқылы

Тапсырма № 2. ЖЖ. "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі. Реакция теңдеуін аяқта.

1. Н2О+SO3

2.Fe+O2

3. С6Н12О6 + 6О2

4AutoShape 4 .6СО2+6Н2О жарық

Дескриптор:

  • Реакция өнімін жазады.

  • Рекцияны теңестіреді.

Бағалау: "Жұлдызшалар арқылы"


Тапсырма № 3. Ж. Есепті шығару. "Сиқырлы сандық" әдісі. Сиқырлы сандық ішіндегі есептерді шығарады.

1.Табиғатта жауын-шашын әсерінен мәрмәрдан жасалған ескерткіш мүжіліп, түзілген газ массасы есесінен уақыт өте 0,5 килограмға азайса, үдеріс жүру кезінде ыдырауға ұшыраған мәрмәр массасын есептеңдер. (Жауабы: 1,14 кг)

2.Әженің күміс білезігінің массасы, ол қарайып күңгірт тартқан сайын (Ag2S) тазарту нәтижесінде 3 г кемігенде массасы 32 г болса, оның бастапқы массасы қанша болған? (Жауабы: 34,61 г.)

Дескриптор:

  • Есептің шартын түсінеді және жазады.

  • Химиялық реакция теңдеулерін жазады.

  • Химиялық реакция арқылы есепті шығарады.

Бағалау: "Жұлдызшалар арқылы"

Кері байланыс: "Білім бекеті" әдісі арқылы оқушылар сабақтағы алған білімдеріне байланысты сәйкес бекетке барып тұрады.

"Білемін, басқаға үйретемін.", "Түсінемін.", "Маған көмек қажет."

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, № 5,6 тапсырма.

Оқулық




























Рисунок 1




Оқулық




































Тұжырымдамалық карта






Дәптер












АКТ



Саралау –Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау –Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық

және қауіпсіздік техникасын

сақтау

Саралау

Сыныпта тақырыпты терең меңгерту мақсатында топтық, жұптық және жеке жұмыстар беремін. Берілген тапсырма спиральді қағидамен құрастырылды. Оңай тапсырмадан қиынға қарай оқушылар білімін қолданып, деңгейлік тапсырмаларды орындайды. Қабілеті төмен оқушылар топтық жұмыста өз ойларын қосады, дереккөздерден ізденеді. Оқушылардың көпшілігі жұптық жұмыс барысында "Ойлан, жұптас, бөліс" әдісі арқылы реакция теңдеуін аяқтайды. Қабілеті жоғары оқушылар № 3 тапсырманы жеке жұмысты орындайды. Егер қабілеті жоғары оқушы есепті шығарып қойса, тақырыпқа байланысты қосымша есеп беремін. Жалпы сыныпқа оқушылар бір-бірімен диалог жүргізу арқылы қолдау көрсетемін.

Бағалау. "Бас бармақ", "Жұлдызшалар"

Кері байланыс: "Білім бекеті" әдісі арқылы оқушылар сабақтағы алған білімдеріне байланысты сәйкес бекетке барып тұрады.



Партада дұрыс отыруын қамтамасыз ету.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1001
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі