Материалдар / Табиғаттағы су 3-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Табиғаттағы су 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты Судың қасиеті туралы түсініктерін кеңейтеді, табиғаттағы су туралы білім алады, сүйіспеншілік құндылығының маңызын ашады. Міндеттері Білімділік: Судың барлық тіршіліктегі маңызы, адам өмірімен байланысы туралы түсініктерін кеңейтіп, өзіне, өзгеге және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік құндылықтарын түсінеді. Дамытушылық: Су және оның қасиеттері туралы білімін жетілдіріп, дұрыс пайдалана білу дағдыларын дамытады. Тәрбиелілік: Суды үнемдеуге, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, риясыз жақсы көруге, мейірімділікке тәрбиеленеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
489
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өзін-өзі тану пәнімен интеграцияланған дүниетану сабағының жоспары

Мектеп:

Мұғалім: Сынып: 3 «А»

Оқушы саны: 26

Тақырып: Табиғаттағы су

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: мейірімділік, үнемшілдік, қамқорлық, риясыз жақсы көру.

Сабақтың мақсаты

Судың қасиеті туралы түсініктерін кеңейтеді, табиғаттағы су туралы білім алады, сүйіспеншілік құндылығының маңызын ашады.

Міндеттері

Білімділік: Судың барлық тіршіліктегі маңызы, адам өмірімен байланысы туралы түсініктерін кеңейтіп, өзіне, өзгеге және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік құндылықтарын түсінеді.

Дамытушылық: Су және оның қасиеттері туралы білімін жетілдіріп, дұрыс пайдалана білу дағдыларын дамытады.

Тәрбиелілік: Суды үнемдеуге, қоршаған ортаға қамқорлық жасауға, риясыз жақсы көруге, мейірімділікке тәрбиеленеді.

Ресурстар:

интерактивті тақта, слайдтар, смайлик, банка, су туралы мақал – мәтелдер жазылған қиықшалар, стикер, таратылатын түйінді сөздер.

«бастау», «бұлақ»,

«өзен», «көл» , «теңіз», «арна», «саға»,

«сала»

1 слайд

Ұйымдастыру кезеңі 5 минут

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық! «Сәлметсіздер ме, қонақтар!

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

«Табиғаттағы барлық жылу – күннен,

Өмірдегі барлық жылу адамнан.» М. Пришвин сөзін еске алып,тобымыздағы досымызға мейірімді болайық деп, сабағымызды бастайық!











Сыртқы интегация

Тыныштық сәті «Тыныс алу»

Аяқ – қолымызды айқастырмай, тік отырамыз. Қазір біз тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Біз терең тыныс алғанда біздің ойымыз тынышталады. Демді ішке алғанда жүрегімізді ішкі тыныштық пен қуанышқа толтырамыз. Ал, демімізді сыртқа шығарғанда мазасыздықты сыртқа шығарамыз. Ал, балалар дайындалайық. Көзімізді жұмамыз. Арқамызды тік ұстап, қол – аяғымызды айқастырмаймыз. Қолымызды үстелдің үстіне немесе тіземізге қоюға болады. 9 - 10 рет жасаймыз. Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз.

Сұрақтар

  1. Тыныс алу сәтінен қандай әсер алдық?

  2. Тыныштықты сезіне алдық па?

Қорытынды

Олай болса, тыныштық пен қуанышқа толы күй бойымызда болсын.
























Үй тапсырмасын тексеру 10 минут

«Ауа»

1.Барлық балаға қиықша тарату.

Жоғалған сөздерді жаз.

............................ бүкіл Жер шарын қоршап және бос кеңістіктерді толтырып тұрады.

............................. топырақта, суда, адам организмінде, тіпті барлық денелерде бар.

............................. түссіз, күн сәулесін жақсы өткізеді және қызып кетпейді.

Ауаға жылу ...................................... бетінен таралады.

Жер бетіндегі ауаның қозғалуын, бір жерден екінші жерге ауысуын ......................... дейміз. Ол әртүрлі жылдамдықпен қозғалады. Өте қатты желді ............................ дейді. Ол соққанда үйдің шатырын құлатып, ағаштарды сындырып, неше түрлі заттарды жоғары көтеріп, көптеген қашықтыққа дейін ұшырып әкетеді. Желбағар желдің............................................................... өлшейді.







Мұғалім әрекеті:Оқушылардың жанына барып тексеріп, қиналатын оқушыларды қадағалайды.

Тексеру.1 оқушы оқиды.Басқалары өзін – өзі тексереді.

Өзін – өзі бағалайды 1қате – «5», 2 қате-«4», 3 қате-«3»


2.«Ыстық орындық»

Бір оқушы орындыққа отырады. Оқушылар қысқа сұрақтар қояды. Бір оқушы жауабын ауызша бағалайды.

Мұғалім барлық оқушыларды формативті бағалайды.



Тұсау кесер 5 минут

Мұғалім сөзі

Мен неше сөз айттамын іштеріңнен санаңдар.

«Дәмі жоқ, пішіні жоқ, иісі жоқ, түссіз, мөлдір, ағады, қатады, ерітеді, жұғады, буға айналады.»

2 слайд

«Судың үш күйі»

Бұл су бойынша екінші сынып тақырыбын қайталап келу материалы болады. Әр тәжірибені бір оқушы айтып береді.

1- тәжірибені мен жасадым.

2 түрлі стақан аламын. Су құямын.
Әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көрдім.
● Судың нақты пішіні болмайды. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады.
2 –тәжірибені мен жасадым.
● Қызыл, жасыл, сыры, ақ қағаздарды дайындадым. Осы қағаз түстері мен судың түсін салыстырамын. Суды қазыл, сары, жасыл, ақ деп айтуға болмайды.






Судың түсі болмайды. СУ – ТҮССІЗ!
3- тәжірибені мен жасадым.
● Стақандағы суға кез келген затты саламын.

Судың ішінен ол айқын көрінді.
● Су - мөлдір. Таза судың түсі болмайды.
Бірақ ол үнемі мөлдір болып көріне бермейді. Кейбір қалдықтардың салдарынан су ластанады. Топырақ салып байқадым.

4- тәжірибені мен жасадым.
● Қант, тұз, лимонның дәмін татқанмын. Ащы, тәтті, қышқыл дәмдері бар. Енді судың дәмін байқаймын. Оны ащы, тәтті, қышқыл деп айтуға болмайды . Таза судың дәмі болмайды.

5- тәжірибені мен жасадым.
● Анам тамақ дайындап жатқан кезде астың иісін сеземін. Гүлдер мен иіс судан да жағымды иіс шығады. Ал судың иіcін иіскеп көрмін. Таза судың иісі болмайды.
6- тәжірибені мен жасадым.
● Біреуіне су құйылған екіншісі бос екі стакан аламын. Бос стақанға бірінші стақандағы суды құямын. Бірінші стақаннан екіншісіне су құйылады. Яғни, су ағады.

7- тәжірибені мен жасадым.

Суды мына пластмасса ыдысқа құйып мұздатқышқа салдым. Қыста далаға қойдым. Қатты суық жерде жылтыр мұзға айналды. Үйге кіргізгенде жылы жерде қайтадан суға айналды. Оны шайнекке құйып қыздырдым. Қатты қызғанда бу шыға бастады. Бу ауаға тарап кетті. Мен өз мінезімді суға теңедім. Жүрегімде сүйіспеншілік болмаса жүрегім мұз сияқты қатаяды екен. Сүйіспеншілігім жоғалады екен. Маған біреу жылы сөз айтса және сүйіспеншілігін көрсетсе менің мұз сияқты қатты жүрегім жылып сала береді. Су сияқты ериді екен. Сүйіспеншілікті көп көрген сайын, жылы сөзді көп естіген сайын, жүрегімдегі қаттылық бу сияқты тарап кетеді екен.













Жарайсыңдар!



3 слайд

Қорытынды

Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында қасиеттер де соншалықты көп болады. Мейірімділік, үнемшілдік, қамқорлық, риясыз жақсы көру қасиеттеріміз суға деген сүйіспеншілігіміз арқылы жетіле түседі.

4, 5, 6 слайдтар

Негізгі бөлім

«Қазіргі ғылыми жаңалықтармен танысу» 2 минут

Жапон ғалымы Эмото Масарудың ашқан жаңалығы бойынша су кристалл формасында адамның ойы мен сөзі жазылған ақпаратты әмбебап тасымалдаушы. Ол суға жағымды сөздерді айтқанда қалай өзгеретінін қатыру кезінде камерамен бақылап отырған. Жағымсыз сөздерді айтқанда қалай өзгергенін де бақылаған. Мынау содан алынған нәтиже. Сонда суды әлі де зерттеу керегін, суды әлі де түсіну керегін байқадық.

Бүгін мына банкаға суды толтырып далаға қатыру үшін қоямыз. Ертең келіп қараймыз. Бұл тәжірибені үйде де жасап келесіңдер.



















































































































7 слайд

Ішкі интеграция «Суды қорғаңдар!» 5 минут

1. Оқушылар парақшаны алып қабырғаға қарап оқиды.

2. Жұптасалы.

3. Жұпта бір – біріне айтады.

Суды қорғаңдар!

Барлық адамзатқа су қажеттілігі ол - ақиқат.








«Су-өмір нәрі» деп халық бекер айтпаған болар.Сусыз тіршілік жоқ. Адам, өсімдік және жануарлардың бәрі сусыз тіршілік ете алмайды. Судың қасиеті өте мол. Су дене температурасын тұрақтандырады. Азық, қалдық оттегігіні тасымалдайды. Адам зейінін ашады. Иммунитетті күшейтеді. Тұщы су қорының азаюуы барлық адамдардың ішкі тыныштығын бұзады.

Барлық адамдар жер бетіндегі суды қорғауы тиіс. Суды риясыз шашып, ысырап ету, ол қиянат жасау.

Егер су құбырының шүмегінен судың тамшылап тұрғанын көрсең, оны бұрап бекіт. Суды үнемді пайдалану ол -дұрыс әрекет.

Судың үш күйін адам мінезімен салыстырсақ, қатал мінезді адамдарды қатты мұзға, жұмсақ мінезді адамды мамық қарға, қырсық мінезді буға теңеуге болады.

8 слайд

Бастау, бұлақ, өзен, көл, теңіз сөздерін бір тақырыппен қалай атаймыз?

Топтың атын тірек сөздермен қою.

Бастау, бұлақ, өзен, көл, теңіз.

Сұрақ

Бүгін сабақта нені қарастырамыз деп ойлайсыңдар?

10 слайд

Жаңа сабақ «Табиғаттағы су» 3 минут

Топтық шығармашылық жұмыс.

«Өзен суретімен жұмыс»

Тапсырма. Өзен суретін беру. Суретке мұқият қарау. Суретке қарындашпен белгі қоюға немесе жазуға болады.

11 слайд

Сұрақтар беру. 4 минут

1.Өзен қайдан басталып тұр?

2. Өзеннің ағып жатқан жерін табыңдар.

3.Өзеннің жолында оған басқа да өзендер келіп құятын жерлерді табыңдар.

4.Өзеннің суы молайып, көлге не теңізге келіп құятын жерін табыңдар.

12 слайд

Тапсырма. 4 минут

Өзенге мына түйінді сөздерді дұрыс орналастырыңдар.

«Саға, салалар, арна, бастау».

Ескерту: «Топтан бір тыңшыны жіберіп байқату керек» деген ұсынысты айту.





Ауызша мадақтау « Тамаша!»

13 слайд

Оқулықпен жұмыс 7 минут

Оқулықтағы жерасты суы суретімен жұмыс.

Сұрақ:

1.Не байқадың? (Стикерлерге жазады) Жеке жаз, жұпта бөліс, топта талқыла.

2.Жер астының қай жеріне келіп су тоқтайды екен? Жеке жаз, жұпта бөліс, топта талқыла.

- Су өтпейтін қабатына. Ол саз және граниттен тұрады.

3.Жер асты суы жер бетіне не түрінде шығады? Жұпта бөліс, топта талқыла.

Ойларын тыңдау.

-Бұлақ, бастау

4.Су жоқ жерде суды жердің терең қабатынан қалай шығарады? (Стикерлерге жазады) Жеке жаз, жұпта бөліс, топта талқыла.

Ойларын тыңдау.

-Артезиан құдығы

5.Табиғат сыйы суды бағала, мейірімділікпен қара, қамқорлық жаса деп неге жиі айтамыз?

Топта ойларыңмен бөлісіңдер.

Оқушылардың ойын тыңдау.

14 слайд

«Алты ойлау қалпағы» 5 минут Ақ: Қандай жаңаны үйрендің? Сары: Судың жақсылықтары туралы сөйлеңіз. Қызыл: Су туралы білген сайын қандай сезімдер болды?

Жасыл: Су туралы қандай жаңа ойлар туып отыр? Қара: Неліктен адамдар суды қорғауды ұмытады ?

Көк: Су туралы ойларды бақылап, бағыттай аласың ба?

15 слайд

Сұрақ 1 минут

Адам ретінде сүйіспеншілік құндылығын бойымызға сіңірген кезде қандай қасиеттерге ие боламыз ?











16 слайд

Қорытындылу 1 минут

«Сүйіспеншілік тамшылары»

Суға мейірімділік, үнемшілдік, қамқорлық, риясыз жақсы көру қасиеттерін көрсеткен сайын қуаныш, денсаулық, бақыт бірге жүретінін ұмытпайық.

Рефлексия 1 минут

  • Өз біліміңе не қостың?

17 слайд 2 минут

Үйге тапсырма. 51-53 б. «Табиғаттағы су» түсініп оқу, әңгімелеу. «Біздің отбасымыз суды қалай үнемдейді?» тақырыбында әңгіме жазып келу.

Мадақтау

Барлықтарыңыз сабаққа жақсы қатыса алдыңыздар. Тамаша!

Туындаған сұрақтарыңызды жазып қалдырыңыздар.

18 слайд

Соңғы тыныштық сәті 2 минут

Бәріміз көзімізді жұмып, арқамызды тіктеп, қол – аяғымызды дұрыс қойып отырамыз. Су туралы естігендерімізді жүрегімізге сақтаймыз.

Мынау менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау менің басым,

Барлық істі басқарған.

Мынау менің оң қолым,

Мынау менің сол қолым,

Барлық істі атқарған.
































1-топ

Бастау

2-топ

Бұлақ

3-топ

Өзен

4-топ

Көл

5- топ

Теңіз






8


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!