Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Табиғатты аялай білейік"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Б. Ә. Қойтанов, Л. Ж. Маханова
«Табиғатты аялай білейік» тақырырыбындағы сабақтан тыс іс-шараның жоспары.
«Келісемін» «Бекітемін»
Мақтарал ауданының «Қайнар» мектеп-гимназия
Б ілім бөлімінің коммуналдық мемлекеттік
әдістемелік кабинет меңгерушісі: мекемесінің директоры:
__________Х.Мелдеханова____________ Г. Ә. Қойтанова
«___» ___________ 2016 жыл «___» ___________ 2016 жыл
Технология пәнінің мұғалімі Б. Ә. Қойтанов |
Музыка пәнінің мұғалімі Л.Ж. Маханова |
||||
|
Уақыты: 1110 - 1155 |
Сыныбы: 5 «А» |
|
Өтілетін орны: Акт залы |
|
Сабақтың тақырыбы |
«Табиғатты аялай білейік!» |
||||
Жалпы мақсаты: |
қоршаған ортаның адам өміріндегі маңызын білу, табиғатты қорғауға атсалысу. |
||||
Сабақтың мақсаты |
оқушыларға экологиялық факторлар туралы білім беру, қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін сәйкестендіру, табиғат-тіршілік көзі екенін, оны қорғау туралы мағлұмат беру, экологиялық, эстетикалық тәрбие қалыптастыру; |
||||
Сабақтың міндеті |
берілген тақырыпты талдау, түрлі іздендіру тапсырмаларын орындау |
||||
Күтілетін нәтиже |
экологиялық факторлар туралы біледі. |
||||
Сабақтың түйінді идеялары |
оқушылар сын тұрғысынан ойлана, білімді және тақырып жөніндегі өз түйінді пікірлерін еркін жеткізе алады. |
||||
Сабақтың әдіс-тәсілдері |
сын тұрғысынан ойлау стратегиялары («ой шақыру», «5 жолды өлең», «бағалау», «өз ойын суреттеу», «сематикалық карта») |
||||
Көрнекілігі: |
проектор,жапырақшалар, бағалау парағы, сұрақтар мен тапсырмалар жазылған жарқағаздар, т.б. |
||||
Сабақтың түрі |
сайыс сабақ |
Сабақтың тақырыбы:«Табиғатты аялай білейік!»
Барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі:
–Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі біздің «Табиғатты аялай білейік!» атты сыныптан тыс іс – шарамызға қош келдіңіздер!
Табиғат, таң қаламын тамашаңа,
Өзіңсің жасыл қорған барша адамға.
Саяңда ләззат алып дем аламын,
Қамқор боп жүрем саған әрқашанда –дей келе енді оқушыларымызды топқа бөліп алайық.
Топқа бөліну.(әр топтың өзіндік белгілері бойынша жасалған парақшалармен топқа бөліну.)
Қызығушылықты ояту.
-
Құстардың, жан-жануарлардың дыбыстары қойылған музыка естіліп тұрады.
-
Көрініс көрсетіледі. (Судың, құстардың дыбыстары музыка арқылы естіліп тұрады)
Көрініс
Сахна ортасында ақ қайың бейнесіне енген қыз, қолына жоғары көтерген құс ұясы. Мұңлы музыка ойналады.
Ақ қайың сөзі: Орман едік бір кезде біз жайқалған,
Аң мен құстың әсем әні сайраған,
Әні кеткен бұл өлкенің, сәні кеткен.
Аң мен құсың бас сауғалап бәрі кеткен.
Жалғыз қалдым жалғыздықтың жыры көп,
Анам, әкем, бауырларым қайдасың?
Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын
Жалғыздықтың мұңы көп.
Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ!
(қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді)
Әкесі:Ағаш та қалмапты ғой!
Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой
Әкесі:Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, осыны алайық
Баласы:Әке, ол әлі жас қой, біраз өссінші! Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой!
Әкесі:Немене, табиғатқа жаның аши қалыпты ма? Заманның бізге жаны ашмағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.
(ақ қайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)
Құс:тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы
Әкесі:Мына құс қайтеді өзі шиқылдап? Балам, таспен атып ұршы.
Баласы:Әке, ол өз ұясын қорғап жүр ғой. Осы ағашты кеспей ақ қояйықшы!
Әкесі:Көп сөйлеме, ұста араны. Әй, сен, нәзік жүрек. Мә саған!
(Әкесі құсты таспен атып түсіреді. Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл көрсетеді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп алып кетеді. Мұңлы музыка ойнатылады)
Құс ақырын басын көтеріп:
Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,
Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.
Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын
Не қалады, не көреді артыңдағы ұрпағың?
Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,
Бас ұрып, қара жерге сұрағанын.
Сарғайып, жапырағы өлімсіреп
Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?
Лаззат: Табиғат:Ей, адамзат, сендер өздеріңді күшті сезінесіңдер. «Мені бағындырамын» деп ойлайсыңдар. Мен сандерге бағынбаймын. Менің өз заңдылығым бар. Естеріңе алыңдаршы, сендерді адам еткен мен едім ғой! Енді өз табиғат анаңды өздерің тұншықтырып жатырсындар. Көліктің улы түтінімен былғадың, жануарларды қырдыңдар, өздеріңнен қалған қоқысты жинамадыңдар, жөн-жоқсыз табиғаттың байлығын шаштыңдар. Өз бастарыңа өздерің неше түрлі ауру таптыңдар. Мен кешірімдімін. Ертеңгі ұрпағыңның қамын ойла, жасыл орманда, тұнық суымды, таза ауаны ластамай, менімен тепе-теңдікте өмір сүріңдер!
Баймахан ағай: Тақырыпты ашу.
– Бұл сөйлеп тұрған кім деп ойлайсыңдар?
– Табиғатқа нелер жатады?
– Олай болса балалар,бүгінгі біздің сабағымыз өзіміз өмір сүріп отырған ғаламшарымыз, оның табиғаты, ондағы адамдар әрекеті, яғни біздің табиғатқа қатысымыз туралы болмақ. Сондақтан да «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деп бекер айтылмаса керек.
Жаратылыс, жан ана,
Қарық қып суға, ауаға,
Топырағымен асырап,
Сәулесін құйған санаға – дей келе, бүгінгі біздің сабағымызда табиғаттың адамзатқа тарту еткен сыйын қадірлеу, бағалау тақырыптарын сабақ барысында қарастырамыз.
Жаңа сабақ.
Лаззат: Табиғат- асыл арна бұлағымыз
Мәңгілік жырлап өтер жыр-әніміз.
Қадірлеп әр қашанда бағалайтын,
Жер-Ана, Туған өлке-тұрағымыз-дей келе
-
Ал енді сайысымызды бастайық. Бір-бірімізге сәттілік тілейік.
(Әр топ өз топтарын таныстырып өтеді.)
-
«Күн» тобы
Құтты болсын сыныптас,
Алға аттаған қадамың.
Білім деп соқсын жүрегің,
Жолыңа бестік шашамын!
-
«Су» тобы
Жайнасын балбұл жүздерің,
Бір сыныптас достарым.
Жайқалып тұрған көктемнің,
Өмірің сенің гүл болсын!
-
«Ауа» тобы
Шақырып алыс арманға,
Асулар күтіп тұр алда.
Өмірге ұлы самғауға,
Жар бола көрсін бір Алла!
Ал енді балалар сайысымызды бастамас бұрын ойымызды жинақтап алайық. (Ой қозғау стратегиясы)
Баймахан ағай: Егерде, Күн, Су, Ауа болмаса не болар еді?Иә, балалар, Күн, Су, Ауа табиғаттың адамға берген ең үлкен сыйы.
Сайыс
Асыл тастан, өнер жастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса қалт айтпайды,
Әрқаншанда нанымды,- дей келе, сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
Сайыс шарттары:
I кезең. Шығармашылық жұмыс
II кезең. «Мықты болсаң тауып көр»
III кезең. «Шешен болсаң шешіп көр»
Лаззат:I кезең.Шығармашылық жұмыс.
Ізденіс –ғылымға апаратын жол демекші әр топқа постер беріледі. Өз ойларыңды, табиғат көріністерін, өз топтарыңа байланыстыра отырып, сурет салуларың керек. Суретті салып болған соң әр топ өз туындыларының мазмұнын ашады. Ең жоғарғы ұпай-5
Ұпай сандарын «Бағалау парағына» белгілеу.
-
Ал, суреттерді салыстырып көрейік, мұнда ең жоғарғы ұпай 5.
Баймахан ағай:
II кезең. «Мықты болсаң тауып көр».
Семантикалық карта.
|
ағады |
жылытады |
мөлдір,түссіз |
көзге көрінеді |
табиғатқа жатады |
Күн |
|
+ |
|
+ |
+ |
Су |
+ |
|
+ |
+ |
+ |
Ауа |
|
|
+ |
|
+ |
Әр топ қорапшаларына салынған ұпай парақшаларын санап, «Бағалау парағына» белгілеу
Лаззат: III кезең. «Шешен болсаң шешіп көр». 5 жолды өлең құрастыру. Әр топ өз топ аттарына бес жолды өлең құрастырады. «Синквейн» әдісі
Күн зат есім 1 сөз кім? Не?
Ыстық, шуақты сын есім 2сөз қандай? Қай?
Жылытады, сәулеленеді, батады етістік 3сөз не істеді? Не қылды? Қайтті?
Күн-табиғаттың бір бөлігі сөйлем құрау
Ауа
Мөлдір, түссіз
Қозғалады, тарайды, ластанады
Ауа адам өмірінің мәні
Тіршіліктің тірегі
Су
Сұйық, түссіз
Қатады, газданады, ағады
Су-тіршіліктің негізгі көзі
Табиғаттың бөлігі
-
Қарап отырсақ, үшеуі де өмір негізі, үшеуі де өте қажет заттар екен, солай емес пе? Біз оларсыз өмір сүре аламыз ба?
-
Олай болса, балалар, біз оларды қорғауымыз керек пе?
-
Ал енді, «Бағалау парағына» назар аударайық
Марапаттау.
Үш топ үш жапыраққа табиғатқа байланысты бір-біріне тілектерін жазып, ағашқа іледі
«Тілек шоғын» жапсырады.
-
Бұлақтай таза мөлдір бол!
-
Гүлдей жайнай бер!
-
Көңілің көлдей шалқысын!
-
Қызғалдақтай құлпыра бер!
-
Жұлдызың жарық болсын!
-
Айың оңынан тусын!
-
Таудай талап берсін!
-
Көңілің ақ қардай болсын!
-
Жүрегің күннің шуағындай жылы болсын!
-
Жаздай жайдарлы бол!
-
Жер Анадай мейірімді бол!
-
Жауқазындай жадырай бер!
-
Көктемнің күніндей құлпыра бер!
-
Табиғаттай сыйлы бол!
-
Желдей жүйрік бол!
-
Көңілің аспандай ашық болсын!
-
Қырандай қанатты бол!
-
Бұлақтай таза бол!
Барлығы:Білместік жасаған тірілер атынан,
Кешірім сұраймыз жас ұрпақтар атынан.
Топтасайық, достасайық жас-кәріміз,
Табиғатты аялайық бәріміз!
Ендігі кезекте қонақтардың назарына әсем әуен ұсынамыз. «Батаменен ел көгерер,Жаңбырменен жер көгерер» деп халқымыз айтқандай «Жау.жау жаңбыр» әнімен ортаға Әбдіқадір Әселді шақырамыз.
2. Есбатыр Ұлтайдың орындауында «Әсем әуен» әнін қабыл алыңыздар.
Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. Назар аударғандарыңызға рахмет!
Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді, көңіл- күйімізді қонақтарға сыйлайық!