400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғатты бейнелеу «Ормандағы қыс».

Материал туралы қысқаша түсінік
бейнелеу өнері қыс мезгілі табиғат қосымша білім
Материалдың қысқаша нұсқасы
Тақырыбы: Табиғатты бейнелеу «Ормандағы қыс».Сабақтың мақсаты:Білімділігі:Оқушыларды пейзаж жанрымен таныстыру. Табиғат көрінісін бейнелеудің перспективалық заңдылықтарын ескере отырып, зат көлемін толық бейнелеуге үйрету, сурет салудың заңдылықтарына баулу.Дамытушылығы: Табиғат құбылыстарын бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбие беру; табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.Типі: Жаңа сабақты меңгертуӘдісі: әңгімелеу, үйрету, көрсету, сұрақ –жауап, жұмбақ шешу, слайдтар, фотосуреттерҚұрал-жабдықтар: альбом, гуашь, ыдыс, кылкалам, суретшілердің шығармалары, т.бСабақтың түрі: АраласСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңіІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңіОқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін тексеру, ой қозғау мақсатында қайталау сұрақтарын сұрау.ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту. Сұрақ –жауап арқылы Табиғат көрінісін бейнелейтін шығарманы қандай жанр түріне жатқызамыз? (пейзаж).Пейзаж – табиғатты бейнелеу. Табиғат көрінісін бейнелеуде ерекше көңіл аударып, жыл мезгіліне байланысты әр уақыттың өзінің ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Мысалы: қыс көрінісі- далада күн суық, ағаштар ақ тон киіп мүлгіп тұр. Әр ағаш өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Бір ағаштың бұтақтары мың бұралған нәзік болса, енді бірінің бұтағы тік, әрі жуан, ал емен ағаштарының бұтақтары қисық болып келеді. Қыс кезінде ағаш бұтақтарына түскен қар немесе қырау оларды ерекше әдемі етіп көрсетеді. Ағаш түрлерінің ерекшеліктерін қыс кезінде байқауға болады. Күн шығып тұрғанда қардың түсі анық, күлгін. Қардағы жарық түскен жерлер алтын түстес болып, түрлі-түсті реңкке бөленеді. Боялардан көбіне қыс мезгілінде басым түстер ақ, көгілдір түс, күз айдында басым түс – сары, көктем айында көгілдір, жасыл түстер басым. Дегенмен де бір басым түспен табиғат, дала көрінісі шешілмейді. Әр алуан түстерінің жарасымын тауып, бір түске ортақтасуы, үлесуі керек. Сондықтан оқушыларды жылдың әр мезгілімен таныстыра отырып, ауа райына байланысты сол сәтті көрсете білу керек. Бір күннің өзі бірнеше көріністен тұрады: тәңсәрі, түс, кеш, түн т.б. Суретшінің шығармасында табиғи көріністері ерекше шеберлікпен көрсетілген, тіпті суреттің жазықтық бетінде орындалғаның ұмытамыз да, кәдімгідей биік таудағы мұз айдынында жүргендейміз.Қыс табиғаттын елестете отырып, ағаштарды ұқсатып, дұрыс бейнелеуді үйренейік.Альбомды тігінен- тік қойып қарындашпен жобасын көмекші сызықтар арқылы орналастырамыз.Ағаштың діңінен бастап саламыз. Ағашты бейнелегенде бірнеше түсті араластырып барып салады. Ағашты салған кезде қылқаламды тік ұстап тұрып, төмендеген сайын астыға қарай салмақты түсіріп, жуандату арқылы ағаштың діңін саламыз. Бұтақтарды салғанда тура осы әдіс қайталанады, бірақ ол көлбеу және кішірек болып салынады.Ағаштың түрлері, салу жолдары













 ІV. Жаңа білімді бекітуБейнелеу өнеріндегі жанр Қорытынды. Тірек –сызба. Оқушылардан не білдік, не түсіндік және табиғат туралы өз ойларын сураққа жауап айтып тірек – сызбаның қасына жаздыру. 
  • Табиғатты деген ұғымды қалай түсінеміз?
  • Табиғатты қалай бағалаймыз?
  • Табиғатқа қандай қамқорлық жасаймыз?
  • Табиғаттың қандай болғаның қалаймыз? 
Әр оқушының суреттерін тақтаға іліп талдау, мадақтау.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 ақпан
831
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі