Материалдар / «Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2024
251
0 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау І нұсқа

Оқу мақсаттары: 11.3.1.3. табиғатты қорғау шараларының тиімділігіне баға беру

11.3.1.4. жеке тұлғаның табиғатты пайдаланудағы ролін анықтап, «экологиялық

ізін» есептеу

11.3.1.5. жеке тұлғаның табиғатты қорғауға бағытталған өмір сүру басты

қағидаттарын ұсыну

Орындау уақыты: 20 мин

Тапсырма

1-тапсырма . 1 т бидай өндіру үшін 1 500 т жуық су керек, 1 т шитті мақта өсіру үшін

10 000 т су жұмсалады. 2023 ж. ҚР 11,14 млн т бидай және 362 мың т шитті мақта өндірілді. Осы мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі тапсырмаларды орында.

А) Қазақстанда мақта мен бидай өсіру кезінде қанша су жұмсалады?

Б)Суды тиімді пайдалану жолдарын ұсыныңдар. [2б]

2-тапсырма. Экологиялық із – бұл адам тұтынатын ресурстарды өндіруге және қалдықтарды сіңіруге қажетті биологиялық өнімді (продуктивный) территориялар мен акваториялар аумағы. Жанатын ресурстарды жағу нәтижесінде түзілетін СО2 ұлттық экологиялық есептеулер тіркейтін басты қалдық түрі.

Экологиялық із калькуляторы

2.1. Отбасымда қанша адам тұрады?
2.2. Сен қандай типтегі үйде тұрасың (құрылыс материалдарына байланысты)?
2.3. Сенің отбасың айына қанша су жұмсайды?
— Суық су
— Ыстық су
2.4. Сен аптасына автобус, трамвай немесе троллейбуспен қанша километр жүресің?
2.5. Сен нан/булка жейсің бе, қаншалықты жиі?
2.6. Сен картоп жейсің бе, қаншалықты жиі?
2.7. Сен жемістер жейсің бе, қаншалықты жиі?
2.8. Сен шай, кофе немесе какао ішесің бе, қаншалықты жиі?
2.9. Сіздің отбасыңыздың таза табысы айына бір адамға қанша?

  1. Экологиялық із калькуляторы көмегімен нені анықтауға болады? []

  2. Экологиялық із калькуляторына қандай сұрақтар қосуға болады? (мысал келтір) []

  3. Үйде энергияны тұтынуды қалай төмендетуге болады? []

  4. Жанұяда суды тұтынуды қалай үнемдеуге болады (3 мысалдан кем емес) [3б]

3-тапсырма. Суретте үй, транспорт, тауар тұтыну және қызмет, тамақтану көрсетілген.

Әр суретке табиғатты қорғауға бағытталған тұлғаның өмір сүру принциптерін ұсыныңыз (тұтыну тұрғысынан). [4б]









«Табиғатты пайдалану және геоэкология» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ІІ нұсқа

Оқу мақсаттары: 11.3.1.3. табиғатты қорғау шараларының тиімділігіне баға беру

11.3.1.4. жеке тұлғаның табиғатты пайдаланудағы ролін анықтап, «экологиялық ізін» есептеу

11.3.1.5. жеке тұлғаның табиғатты қорғауға бағытталған өмір сүру басты

қағидаттарын ұсыну

Орындау уақыты: 20 мин

Тапсырма

1-тапсырма . 1 т қант қызылшасын өндіру үшін 3 000 т жуық су керек, 1 т күріш өсіру үшін

5 000 т су жұмсалады. 2023 ж. 53 мың т қант қызылшасы және 205,1 мың т күріш өндірілді. Осы мәліметтерді қолдана отырып, төмендегі тапсырмаларды орында.

А) Қазақстанда қант қызылшасы мен күріш өсіру кезінде қанша су жұмсалады?

Б)Суды тиімді пайдалану жолдарын ұсыныңдар. [2б]

2-тапсырма. Экологиялық із – бұл адам тұтынатын ресурстарды өндіруге және қалдықтарды сіңіруге қажетті биологиялық өнімді (продуктивный) территориялар мен акваториялар аумағы. Жанатын ресурстарды жағу нәтижесінде түзілетін СО2 ұлттық экологиялық есептеулер тіркейтін басты қалдық түрі.

1. Экологиялық ізді есептеуге арналған калькуляторды қолданып, өз отбасыңызбен, әр шақырымға және 50 шақырым қашықтықта орналасқан демалыс үйіне барып келгеніңізде қаншалықты көміртегі ізін қалдырға-ныңызды анықтаңыз (граммен). Төмендегі «көміртегі ізі» калькуляторы әрбір шақырымдағы көміртегі ізінің мөлшерін көрсетеді, граммен). «Көміртегі ізін» анықтағанда отбасыдағы адам саны маңызды. [2б]

2. автомобильдерден шығатын СО2 мөлшерін азайту немесе жою үшін қандай шаралар қолдану керек? []

3. Жанұяда суды тұтынуды қалай үнемдеуге болады (3 мысалдан кем емес). [3б]

3-тапсырма. Дүниежүзі елдеріндегі тұщы су ресурстары картасына талдау жасаңдар.

1. Дүниежүзінің қай аумақтарында су тапшылығы деңгейінің көрсеткіші 50% және одан жоғары? [1б]

2. Қазақстанға қандай көрсеткіш тән? [1б]

3. Қазақстандағы су тапшылығының себебін атаңдар. []

4. Трансшегаралық өзендерді пайдалануға қатысты қандай проблемалар бар? []

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!