Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғатты танып,білейік!

Материал туралы қысқаша түсінік
"Табиғатты танып білуге көмектесу"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы:Табиғатты танып,білейік!

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту. Өсімдік, жануарлар жайлы білімдерін ортаға салуларына жағдай туғызу.Табиғатты сүюге,қорғауға, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен,мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу.
Бір- бірімен жақсы қарым – қатынаста бірлесіп жұмыс жасай білуге үйрету.

Көрнекілігі:

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,

Табиғаттың мұны айтарға тілі жоқ.

Ексең ағаш аялап,

Болады саған сая бақ.

Қамқоршы болып орманға,

Орманды бәрің қорғаңдар!

Бір тал кессең,он тал ек!»

нақыл сөздері , суреттер, слайд, кітап көрмесі


Тәрбие сағатының барысы:


І. Ұйымдастыру
Мұғалім: Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді бүгін Табиғат -Анаға жарыса отырып саяхатқа шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! 
Бүгінгі сайымыздың тақырыбы: «Табиғатты танып, білейік!» деп аталады. 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 
Өте жақсы!Барлығымыз орындарымызға отырамыз.


Бұл жарысқа 3 топ келіп отыр.Бұл топтар 1және 3 –сынып оқушыларынан құрылған. Алдымен осы топтармен таныс болайық.

І топ. «Мөлдір бұлақ» (Томирис,Бекзат,Сымбат,Ернар,Мақсат,Ақбота, Әсемгүл,Арлан)

Ұраны:

Көлдің көркі құрақ,

Таудың көркі бұлақ


ІІ топ «Орман байлығы» (Назерке,Ерасыл,Жанерке,Тахмина,Нұрила,Бердіхан,Ержан,Мая)

Ұраны:

Қамқоршы болып орманға

Орманды бәрің қорғаңдар!


ІІІ топ «Жер ана» (Айдынгүл,Еркежан,Ағжан,Риза,Аслан,Алмас,Тлеужан,Аягоз)

Ұраны:

Жер адамның бесігі,

Ел бақыттың есігі.

- Бүгінгі жарысымыз 4 кезеңнен тұрады. Ал енді сайысымызды басталық.

1-кезең «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.
Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді.

-Ал енді бұл сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.Әр топқа бірнеше сұрақ беріледі.Сол сұрақтың дұрыс жауабын айту керексіңдер.

Ітопқа

1. Өсімдіктер неше түрге бөлінеді?

А)1

Ә)2
Б)3

ІІ топқа

2.Өсімдіктердің жер астындағы мүшесі қалай аталады?

А) тамыр

Ә) сабақ

Б)жапырақ

ІІІ топқа

3.Бақта нелер өседі?

А)көкөністер

Ә)гүлдер

Б)жемістер

Ітопқа

4.Күзде өсімдіктер қандай өзгеріске ұшырайды?

А) гүлдейді

Ә)қурайды

Б)өсіп-өнеді

ІІ топқа

5.Көктемнің алғашқы гүлі?

А)бәйшешек

Ә)қоңыраугүл

Б)раушан

ІІІ топқа

6.Ағаштан нелер жасалады?

А) машина, доп, шеге

Ә)кітап, дәптер,жиһаз

Б) компьютер,теледидар


Өте жақсы. Осымен 1-кезең аяқталды 1-кезеңді келесі өлең шумақтарымен қорытындылайық.

Ерасыл:

Гүлді үзбе.

Кешкілік пе ,күндіз бе?

Өсіп тұрған гүлді үзбе.

Туған жерді далаға,

Тастағалы жүрміз бе?

Үзіп алсаң сен бір гүл,

Үзіп алсам мен бір гүл.

Не қалады сиқынан,

Қызыл- жасыл жердің бұл.

Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді. 
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар) 

Олай болса келесі 2-кезеңіміз «Орман сәні- құстар» деп аталады.
Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. 
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген. 
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді. 
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны. 
• Қарға қарқылдаса -қар жауады. 
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді. 
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды. 
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді. 
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.

Бұл кезеңнің тапсырмасы

Суретке қарап қандай құс екенін және сол құс туралы білетіндеріңді айтып берулерің керек.Егер білсеңдер ол құс жайлы тақпақ айтып берулеріңе болады.

Үкі,тоқылдақ,қарлығаш,торғай,бүркіт,тырна,тоты,түйеқұс,аққу


Бұл кезеңді Назерке өзінің жаттаған «Аққуды көріп қалыңдар» деген өлеңімен қорытындыласын

Мұғалім:
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар) 

Ендеше келесі

ІІІ кезең «Табиғаттың сұлу мүсіні- хайуанаттар» деп аталады. 
Мұғалім:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Сондықтан барлық жан-жануарларға адамдар қамқорлықпен қараулары тиіс.

Бұл кезең 2-бөлімнен тұрады.

1-бөлімі жұмбақтар.

2-бөлімі «Қайсысы артық?» деп аталады?

Жұмбақтар (жауаптары слайдта)

Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

Санай алмай шаршадым – 
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа.(кірпі)

Үстінен тоны түспеген,
Сонда да араз қыспенен.  (Аю)

Түссе күннің шуағы
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.(мысық)

Теңбіл шұбар терісі

Шөлдегі аңның ірісі

Жонында жолы бар

Бұл қандай жануар

(Керік)

Қанжардай тісі бар

Тасыған күші бар

Күжірейген жалды

Білсең айт бұл аңды?(Арыстан)

Таңдайлары тақылдап

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап?(Бақа)

2-бөлімге көшелік «Қайсысы артық?Неге?»

Слайд.


Жанерке мен Ернар жануарлар туралы тақпақтарын айтады.


ә) ІҮ кезең « Егер табиғатқа тіл бітсе...» Қалай ойлайсыңдар егер табиғатқа тіл бітсе ол адамға не дер еді.

Тлеужан өлең оқиды.


Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Күресейік, бір-бір ағаш егейік.

Текке отырмай, жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.


Сүйейік табиғатты аялайық,

Біз одан жақсылықты аямайық.

Анадай табиғаттың аясында ,

Жадырап жас балаша дем алайық!

Әр топтың жауаптары тыңдалады.(бұл соңғы кезең)


Сабақты қорытындылау кезеңі: «Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған табиғат көрінісінің суретіне кезекпен мынандай сөздерді апарып іледі. 
Гүлдей бер, Жер-Ана! 
Аспаның ашық болсын! 
Аспаныңды бұлт торламасын! 
Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
Суың мөлдір, таза болсын! 
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! 
Күнің жарық болсын!т.б. 
Хормен : 
Табиғат сені сүйеміз, 
Басымызды иеміз! 

Барлығы орындарынан тұрып, Табиғат-Анаға тағзым етеді.

Соңында ұпай сандарын санап, жеңімпаз топты анықтаймыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2018
465
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 11