Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Табиғаттың жандандыратын күші"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
-
Бөлім
Әсемдік әлемінде
Педагогтың аты – жөні
Турданова Салтанат Салыбековна
Күні
Сынып: 4 «В»
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
№
26
Сабақтың тақырыбы
Табиғаттың жандандыратын күші
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
Табиғат – дана ұстаз
Құндылығы
Қиянат жасамау
Қасиеттері
Ешқашан зиян келтірмеу, қамқорлық, жауапкершілік.
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға табиғатты аялау керектігін түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері
-
Білімділік: Оқушыларға табиғатқа ешқашан зиян келтірмеудің маңыздылығын түсіндіру.
-
Дамытушылық: Оқушылар бойындағы табиғатқа қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: Оқушыларды табиғат берген сыйына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі
Педагогтың әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Жағымды көңіл – күй
Сәлемдесу.
Оқушыларды, оқу құралдарын түгелдеу.
5 Т – ережесін сұрау.
-
Тәртіп.
-
Талап.
-
Тыныштық.
-
Тазалық.
-
Татулық.
«Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Сәлем саған, Алтын күн!
Сәлем саған, Көк аспан!
Сәлем саған, Жер-Ана!
Сәлем сізге, Ұстазым!!!
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
5Т ережесін еске түсіреді:
Талапты болу – арманым,
Тыныштық – менің таңдауым.
Тәртіп – асқақ ұраным,
Тазалық – менің құмарым.
Татулықпен отырсақ,
Сабақ өтер мұғалім.
Алған әсерлерімен бөліседі.
Оқу құралдары
«Көктем вальсі» композициясы, таспа
-
Үйге тапсырманы тексеру
Отан, туған ел, туған жер туралы мақал-мәтелдер
Оқушылар мақал-мәтел айтып жарысады
-
Сабақтың дәйексөзі.
Көру мен түсіну қуанышы – табиғаттың ең тамаша сыйы
Альберт Энштейн
Сұрақтар:
-
Табиғатқа не жатады?
-
Көру мен түсіну қуагышы деген не?
-
Табиғатқа қамқорлық дегенде нені түсінесіңдер?
-
Табиғатқа не үшін қамқорлық жасау қажет деп ойлайсыңдар?
-
Сендер табиғатқа қандай қамқорлық жасап көрдіңдер?
-
Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
Біздің ата-бабамыз біздің жақсы өмір сүруіміз үшін табиғатты қорғап, күтіп-баптап, сақтап бізге жеткізді. Ал енді осы мұраны жоғалтып алмай өзімізден кейінгі болашақ ұрпаққа тапсыру біздің мойнымыздағы қарыз. Ол үшін өз ауылымыз бен қаламыздағы ағаш бұталарды кеспей, санын көбейтіп, көктем сайын ағаш егіп, су көздерін тазалап отыру, ауаны таза ұстау – біздің міндетіміз.
Оқушылар бірнеше рет қайталап, дәптерге жазып алады. Талдау сұрақтарына жауап береді.
Оқулықтың 127 беті
-
Оқиға айту (Әңгіме)
Құмды дала қызығы
Бекмырза Баймаханов
Жанаргүлдің анасы – ботаник. Жыл сайын өзі сияқты ботаниктермен бірге өсімдіктерді зерттеуге шығады. Әсіресе, өзен-көлсіз, жауын-шашын сирек болатын шөлді-құмды аймақты көбірек аралайды. Биыл жазда олар Құмтауға барды. Анасы Жанаргүлді ала кетті. Мәшинемен ұзақ жүрді. Бала жолда ұйықтап қалды. Ертеңгісін анасы оятқанда, орнынан зорға тұрды. Шатырдан сыртқа шықты. Күн көкжиектен жаңа көтеріліп келеді. Айнала құм шоқылар. Бірімен-бірі ұласып, көштей тізіліп, сонау көз ұшына дейін көсіліп жатыр. Жанаргүл жүгіріп шоқыға шықты. Таңертеңгі сағымнан құм шоқылар, белес-белес белдер биіктей түсіп, асу бермес асқар таудай көрінеді. Тамақтан соң, Жанаргүл анасымен бірге бақылау алаңына барды. Белес-белес құм жоталардың үсті жасыл кілемдей жайнап, жайқалып жатыр. Көк шулан қошақанның құйрығындай тӛңкеріліп бұп-бұйра бұйырқұм мен баялыш, иісі аңқыған жусан, қылқан жапырақты изен мен жүзген, аузыңнан сүт дәмі кетпейтін құмкөсік пен қозықұйрық, айдары желкілдеген құмжуа мен сарымсақ – бәрі-бәрі өседі екен. Жанаргүлдің анасы солардың ішінен изенді зерттеп жүр. Оның өніп - өсу жолын білмек. Бұл аса қажет. Неге десең, изен жазда жауын-шашын болсын, болмасын жақсы өседі. Көктемде ауылдың қой отарлары көктеуге, жайлауға көшеді. Шөбі аз шөл даланы басып өтеді. Егер изенді өсіру әдісін білсе, сол шөл далаға оны себуге болады. Сонда мал шөптен тапшылық көрмейді. Жанаргүл -дің анасы бақылау алаңына күнде барады. Ұзын діңгекті қолшатырдың көлеңкесінде отырып, көрген-білгендерін жазады. Ал Жанаргүл болса, көбелек қуалайды, құмкөсік қазады. Бірде ол изеннің көлеңкесінен басы жалпақ, құйрығы қысқа, төрт аяғы тарбиған бір мақұлықты көрді. Қолындағы таяғымен түртіп еді. Бұтаны айнала беріп, жоқ болды. Жанаргүл әрі іздеді, бері іздеді, таба алмады. Жүгіріп анасына барып айтты. – Ол «бат-бат» кесіртке. Сенен қорқып құмға батып, тығылып қалған ғой. Жүр, барып, көрейік, – деді. Келсе, кесіртке әлгі бұтаның түбінде жатыр екен. Ауық-ауық аузын ашады. Көмейінен қып-қызыл жалын шыққандай болады. Сөйтсе, бұл оның өзі қорек ететін шыбын-шіркей- лерді алдап-арбауға арналған айласы екен. Бір күні құмкөсік қазып жүріп, Жанаргүл өзінің жұдырығындай тасбақа тауып алды. Ол да құм астында жатыр. Тірі. Қазып алып, қызған құмның үстіне қоя беріп еді, көлеңке қуып, тарбаңдай жөнелді. Жанаргүл жанына барып еді, мойнын ішіне тартып, тыпыр етпей жата қалды. Сөйтсе, сыртында сауыты бар тасбақа да шыжыған шілдеде, апшыны қуырған аптапта ыстықтан қашып, қалың құмға көміліп, бас сауғалайды екен. Тасбақаның шөлге көмбістігі содан болса керек. Жанаргүл тапқан олжасы – құртақандай тасбақаны алып келіп, өзінің балалар бақшасын- дағы жан-жануарлар бұрышына тапсырды. Бөбектер тасбақаны көріп, мәз болысты.
-
Жанаргүлдің анасы қандай зерттеу жұмысымен айналысты?
-
Жанаргүл табиғатты қалай қызықтады?
-
Жанаргүл кесіртке туралы не білді?
-
Тасбақаның қандай ерекшелігі Жанаргүлді таң қалдырды?
-
Жанаргүл достарын табиғат сыйымен қалай қуантты?
-
Өзің табиғатқа зерттеу жүргізіп көрдің бе? Айтып бер.
Мәтін бойынша талдау сұрақтарына жауап береді
Оқулықтың 127-129 беті
-
Шығармашылық жұмыс.
1 – тапсырма.Жаз мезгілі қызыққа толы. Әсіресе, көздің жауын алатын гүлдер мен алуан түрлі көбелектер көңілге қуаныш сыйлайды. Оларды әсемдігі бірінен бірі өткен нағыз өнер туындысы дерсің. Жаздың жайдары күндерінде гүлдер мен көбелектерге зер салып, қызықтап көріңдер.
Табиғаттың осы таңғайып көріністерін бақылап, өз әсерлеріңмен бөлісіңдер.
2-тапсырма. Мәтінді оқыңдар. Кестені толтырыңдар.
Табиғаттың адамға сыйы
Адамның табиғатқа жақсылығы
Оқушылар алған әсерлерімен бөліседі
Оқушылар мәтінді оқып, кестені толтырады
Оқулықтың 130 беті
-
Топпен ән айту
Көктем келді
Бота Бейсенова
Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды
-
Үйге тапсырма
3-тапсырма. «Табиғат» сөзіне ребус құрастырыңдар.
Оқушылар үйге тапсырманы жазып алады
Оқулықтың 131 беті
-
Сабақтың қорытынды сәті.
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
Оқушылар рефлексия жасайды
«Көңіл толқыны» күйі
-