"Табиғатым-тағдырым" тәрбие сағаты

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Табиғатым-тағдырым" тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
"Табиғатым-тағдырым" атты тәрбие сағаты 7-сынып оқушыларына арналған. Мақсаты оқушыларға табиғат туралы ой, ынта туғызу; туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Материалда оқушылар топқа бөлініп орындайтын түрлі тапсырмалар бар. Мысалы: мақал мәтел құрау, сөзжұмбақ шешу, белгілі тақырыпқа постер қорғау және "бес жолды өлең" құрастыру. Тәрби е сағаты оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, туған елге, қоршаған ортаға сүйіспеншілікке тәрбиелейді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Балкасимова Назипа Баянгалиевна

Ж.Молдағалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп

Сайқұдық ауылы Ақжайық ауданы Батыс Қазақстан облысы



Тақырыбы: «Табиғатым тағдырым»

Мақсаты: табиғат туралы ой, ынта туғызу; туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, өлең шумақтары, гүлдер, суретте, сөзжұмбақ

Барысы:

І.Кіріспе бөлімі: / «Неткен көркем қазақ жері» ролигі жүргізіліп тұрады, музыка ырғағымен өлең оқылады\

Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің!

Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне сол анам еді мені тапқан.

Ойласаң табиғат пен адам егіз,

Жылдың сол мезгілінен өзге неміз?

Табиғатсыз қоғам жоқ,болған емес,

Ал қоғамсыз, табиғаттың өзі де өлі .

Табиғаттың бауырысың, досысың

Аянбау да керек шығар дос үшін.

Екеуіңнің араңдағы байланыс,

Өмірбақи үзілмесін, қосылсын.



Оқушыларды тақырыппен , мақсатымен таныстыру.

1.Жұмбақ жасыру

1.Көзге көрінбейді, қолға ілінбейді.(ауа)


2.Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.(су) 


3. Бір зат бар дүниеде құшағы кең,
Ұшқан құс, жүгірген аң бәріне тең,
Адамзат,жан-жануар арасында,
Мәңгілік өсіп-өніп, өмір сүрген.(жер)


2. Топқа бөліну:  жұмбақтың шешіміне сай үш топқа бөліну:

І топ «Ауа»,

ІІ топ «Су»,

ІІІ топ «Жер». /Топ ұраны ретінде әр топ атына байланысты «ауадан-өмір», «судан-күш», «жерден-нәр» деп жазылған ұрандар таратылады./

Бағалаушы шартын түсіндіру. Үш топқа арналған тапсырманың дұрыс жауабын қадағалайтын әділқазылар сайлап алу.

ІІ.Негізгі бөлім

Мұғалім сөзі: Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!

Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттердің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан байлығын ұқыпты пайдалану боп отыр. Табиғаттың жасыл желегі мен аң –құсын аялау –көзі ашық , көкірегі ояу әр азаматтың борышы. Бүгінгі сабағымызда табиғат туралы білімдерімізді ортаға саламыз. Ол сайыс арқылы жүзеге асады.

І. Экранда көрсетілген слайдтарға байланысты «Отан», «туған жер», «құстар», «гүлдер», «табиғат» туралы мақал-мәтел айту.

ІІ. « Егер табиғатқа тіл бітсе...» тақырыбы бойынша ой-толғаныс.

ІІІ. Берілген мақалдардың мағынасын түсіндіру

1 топ: «Табиғатқа құрметпен қара»

2 топ: «Сыйға-сый»

3 топ: «Не ексең соны орасың»

ІҮ.Сөзжұмбақ шешу



Қ

А

Б

К

І

Д

К

Л

Р

Ү

Р

Т

Е

І

Ы

Ғ

Қ

А

Е

Г

Л

Ш

А

И

З

Л

К

І

Қ

О

Қ

К

Е

Е

К


Қарлығаш, бүркіт, дегелек, қаз, қоқиқаз, кекілік

Ү. «Бес жолды өлең» (әр топ берілген тақырып бойынша 5 жолды өлең құрастырады)

1.Күн 1.Ауа 1.Су

2.Ыстық, шуақты 2.Мөлдір, түссіз 2.Сұйық, түссіз

3.жылытады, сәулеленеді, 3.Қозғалады, тарайды, 3.қатады, буланады

батады ластанады ағады

4.Күн-табиғаттың бір бөлігі 4.Ауа адам өмірінің мәні 4.Су тіршіліктің

негізгі көзі

5.Жұлдыз 5.Тіршілік тірегі 5.Табиғаттың бөлігі



ҮІ. «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» (постер қорғау)

ІІІ.Қортынды кезең.

Әділқазылар шешім шығарғанша 7-сынып қыздарының орындауында «Аққу» биі

Мұғалімнің сөзі: Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық.

«Атамекен» әнін хормен орындау







Ж.Молдағалиев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп









ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Табиғат-туған анамыз»

/6-сынып/









Өткізген: Балқасимова Н.Б







2016-2017 оқу жылы









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.02.2018
2392
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі