Материалдар / «Табиғатына тарихы сай Ұлытау»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Табиғатына тарихы сай Ұлытау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Өлкетану сабағында Ұлытау тарихы туралы қосымша материал ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Мамыр 2021
477
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады





Ғылыми жобаның тақырыбы:

«Табиғатына тарихы сай Ұлытау»





Сәтбаев қаласы «№19 мектеп-лицейі»

География пәні мұғалімі: Рахметова Бейбиткуль












Сәтбаев қаласы 2021ж.


Кіріспе:

  • 1)Құрылған жылы.Халық саны.Экономикалық бағыты.

  • 2)Ұлытау ауданының тарихы.

Негізгі бөлім:

  • 3)Есімдері аңызға айналған Ұлытау азаматтары.

  • 4)Бабаларымыздың Ұлытаудың табиғатына тамсануы

  • 5)Ұлытау ауданының географиялық сипаттамасы

  • 6) Ескерткіштері жайлы шағын мәлімет

  • 7)Пайдалы қазбалары

Қорытынды:

  • 8)Жобаның аяқталуын Ұлытау жайлы нақыл сөздермен ерекшелеу



Мазмұны:


Ұлытау ауданы жайлы:
Ұлытау ауданы — қарағанды облысы құрамындағы аудан. Аудан 1972 жылы құрылған. Аудан аумағы 122,9 мың шаршы километрге тең. Аудан орталығы ұлытау ауылында орналасқан. Аудан халқының саны 2007 жылғы 1 қаңтарда 14,3 мың адамды құрады. Ауданда 13 ауылдық әкімшілік, 41 ауылдық елді мекен, 3 кент бар. Есептілік деректер бойынша 2007 жылдың басында қалада тұратын халық санының 95,7%-ы қазақтар, 2,8%-ы орыстар, 0,2%-ы немістер, 0,2%-ы татарлар, 0,5%-ы украиндер, 0,6%-ы басқа ұлт өкілдері. 2006 жылы халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,83 өлім – 7,82, табиғи өсім – 9,01. Негізгі экономикалық бағыт: ауыл шаруашылығы өндірісі. 2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрайды. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің нақты бар болуы: 4 ауыл шаруашылық кәсіпорындар, 913 шаруа қожалық және 3,0 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1611,0 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 71,0 мың га - егістік алқаптар.Өндірілетін өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, металл кендерін шығару.Ауданда 16 кітапхана, 8 клуб типті мекеме бар.


Ұлытау ауданының тарихы: " Біз өз тарихымызды білуге барымызды салып келеміз. Өткен тарихтың бір куәгері - Ұлытау жері. бұл мекенді әркім білуі тиіс"- деген еді ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұлытау есімі ежелгі грек тарихшысы Герродоттан бастап,батыс,шығыс шежірелерінің жазбаларында ұшырасады. Ұлытау - бүкіл қазақ әлемінің тура географиялық ортасы, дәл кіндігі"- деп жазуы тегін емес. Көне дәуірінде Алаш аталған мемлекеттік орталығы Ұлытауда болған.Қазақ хандығының негізгі салған Керей мен Жәнібек хандардың қыстауы Шу бойында, жайлауы Ұлытауда болған екен.Әйгілі Әз тәуке осы Ұлытаудың басында ақ киізге көтеріліп,Үш жүздің ханы болып сайланған. "Ақтабанды шұбыранды Алақакөл сұламаға" ұшыраған киіз туырлықты қазақ жұртының басын қосып,Қаздауысты Қазыбек, Төле,Әйтеке билер басқыншы жауға қарсы күрес бастағанда ,осы Ұлытаудан өріс алған. Арғанаты тауының етегіндегі балбұлақтың басында Үш жүздің көсемдері кеңес өткізіп, елді бәтуә, бірлікке шақырып, азаттық жолындағы майданды бастаған. осындағы таңбалы таста алты алаштың рулары таңбасын түсіріп, берекелі ел болуға ант берген. Сондықтан Ұлытауды Үш жүздің басын қосқан қасиетті мекен деп айтуға толық негізі бар. Қазақстанның Халық жазушысы Әбіш Кекілбаев Ұлытауға қатысты былай деген: «Ұлытаудың ұлы атануы тауының биіктігінен немесе суының молдығынан емес, ұлы қауымның бас қосқан, ортақ шешімге келген жері болғандықтан «Ұлытау» атанған

Ұлытау ауданының географиялық сипаттамасы:

Есімдері аңызға айналған Ұлытау азаматтары:




Shape1

Бұл өңірде есімдері аңызға айналған Қобыланды,Ақжол, тәрізді алыптарды айтпағанда,Айбас,Лақ,Бөгенбай,Жауғаш,Бармақ,Төлек,Сандыбай,Дүзен,Ерден т.б. тәрізді батырлар өткен. Бертіндегі тұлғалар Айтмұхан Абдуллин, Өмірхан Байқоңыров, Қоңыратбек Құрманбаев, Мұханбетжан Қаратаев,Төрегелді Шарманов тәрізді ғалымдар, публицист баубек Бұлқышев,жазушы Мұқан Иманжанов, журналист Камал Смайылов сынды ұлдарымен мақтанады Ұлытау. Бұл өңірде еңбегімен Ер атанған Бәкен Мышанов, Жарылғап Айтуаров тәрізді ағаларымыз туған . Еліміздің қорғаныс министрі, армия генералы Мұхтар Алтынбаев қазақтың алғашқы әскери ұшқыштарының бірі Серікбай Асатов ағасының ізін басқан қыран.











Бабаларымыздың Ұлытаудың табиғатына тамсануы

Shape2

Желмаямен ел-жұртына жайлы қоныс,жерұйықты іздеген Асанқайғы бабамыз, төңіректі төңкеріп, төрт бұрышын шарлап,Ұлытауға келіп тоқтап, жердің сарқылмас байлығын көріп, "Елдің аласы,рудың таласы жоқ, бауыры құт, шөбі,ет,суы,сүт,жердің кіндігі Көктөбе.Мен іздеген жерұйық осы болар"-деген екен. Бұл ел бастаған көсемдердің, сөз бастаған шешендердің, қол бастаған батырлардың құт мекені болған. Бұл жерде Алашахан,Жошыхан,Домбауыл батыр "Алтын Орданың"ханы Тоқтамыс,Ел қамым жеген Едіге, ел қорғаны болған Барақ,Жауғаш,Бостан,Сандыбай,Бармақ, Жанайдар,Ерден батырлар жатыр.

Дүниені дүр сілкіндірген Әмір-Темір екі жүз мың сарбазымен Тоқтамыс ханды шабуға келе жатып, осы жерге тоқтап,Ұлытаудың тамаша табиғатына қызыға қарап тұрып "тауы биік болмаса да бауыры құт, халқы көрмейтін жұт,ғажайып жер екен. Мұнда қандай ескерткіш қалдырсам екен деп.Метеорит тасын балқытып, атын жазып ескерткіш қалдырған екен.Ол жер қазір ""Алты шоқы"деп аталады. Бұл жер Әбілхайырдан бастап хандардың ордасы болған. Домбауыл сарайы бар.

Ұлытаудың бауыры байлыққа, табиғаты тариха толы. Ақ кигізге салып ақбоз ат шалып Абылайды хан көтерген жер.

Ұлытауға сексенінші жылдары дүниежүзі қазақтары келіп, "атажұртымыз" деп жерге аунап,бабалар аруағына дұға бағыштап,тауға тағзым еткен. Бұл өңір мәдениет пен ғылым- білімнің ордасы,өнер ошағы болған. Бұған бабаларымыздың шексіз шеберлікпен салған мәдени- тарихи ескерткіштер, жер астынан табылған қала құрылыстары дәлел бола алады. Осыдан үш мың жыл бұрын салынған Басқамырдан табылған шаһарға қыш трубамен су құбыры тартылған. Осы өңірдегі "Орта қамыр" , "Аяқ қамыр" Сарыкеңгір өзенінің жағасында "Ордабазар" Арғанаты бауырындағы "Домбауыл сарайы"орналасқан







































Пайдалы қазбалары

Shape3

Ұлытау жері пайдалы қазбаларға өте бай. Мұның себебі жер көлемінің үлкендігінде ғана емес, оның геологиялық құрылымына да байланысты. Бұл өлкенің жер асты байлықтары бағзы замандардан бастап белгілі болған. Жезқазғандағы әлемге әйгілі мыс кеніші біздің жыл санауымыздан он ғасырдай уақыт бұрын жұмыс істеп тұрған. Бұл өңірде қола дәуірінде мыстан өзге алтын, күміс, қалайы қорытылғандығы жайлы деректер аз емес. Оны осы өңірдегі жер-су атауларынан да байқаймыз. Мысалы, Жезді (бойында жез көп өзен), Жезқазған (жез өндірген жер), Алтыншоқы (алтын шыққан тау), Қорғасынтау (қорғасынға бай тау) және т.б. Аудан көлемінде өндіріліп жатқан немесе барланған пайдалы қазбалар тізбесі төмендегі кестеде келтірілген.

Ежелгі Ұлытау жері – мыс қуыру жөнінен әлемдегі ең ірі кен көздерінің бірі. Осы байлықты жоспарлы түрде кешенді игеру 1926 жылы басталды. Мыс кеніштері Сәтбаев қаласының батыс және солтүстік жағына шоғырланған. Ауданның оңтүстігінде Жаманайбат кен көзі жұмысқа қосылды. Жезқазған төңірегінен қазылатын кен құрамында сирек және шашыранды түрде кездесетін алтын, күміс, рений, осьмий, кадмий, висмут, кобальт секілді бірнеше аса бағалы әрі сирек металлдар бар.

Аудан көлеміндегі қара металлдардың жиі шоғырланған жері Қарсақбай төңірегінде. Оған Балбырауын, Керегетас, Сазтөбе, Жетіқыз, Жезді, Найзатас кен көздері жатады. Олардың барлығын Қ.И.Сәтбаев Ұлы Отан соғысына дейін ашқан. Кейініректе Қарсақбайдың оңтүстік жағынан темір кенін Жуантөбе кенді алқабы ашылды. Алғашқы барлау нәтижелері бойынша оның кен қоры 8-10 млрд. тоннаға жетеді деген болжам жасалды. Бұл – Жуантөбе - әлемдегі ең үлкен кен орнны деген сөз.

Кенсіз пайдалы қазбалар тобына жататын асбестің қоры жөнінен Ұлытау өңірі еліміз бойынша екінші орын алады. Ешкіөлмес, Қарсақбай қыратындағы өндірістік мән-маңызға ие асбестің барланған қоры 10 млн. тоннаға жуық. Ұлытау ауданы аумағында орналасқан басқа Айыртау, Дүйсенбай, Шайтантас және Қумола кен орындары белгілі болып отыр. Бұл кен көздері есепке алынып, мемлекет қорына кірген.Ұлытау ауданы жергілікті құрылыс материалдарына да өте бай. Жезқазған қаласы мен Жезді кенті төңірегінен әктас, Сәтбаев қаласы маңынан және Сарысу өзені алқабынан қиыршық (кварцті) құм, теректі станциясының қасынан гранит өндіруге мүмкіндік мол.

Жанатын пайдалы қазбалар ішінен Ұлытау жерінде қоңыркөмір, алғаш рет Байқоңырда және Қияқтыда XIX ғасырдың бас кезінде табылып, өндірістік маңызы анықталған болатын. Байқоңыр көмірі 1892-1910 жылдар арасында Железновтың қорғасын зауытына (Шеңбер ауылындағы) және 1912-1918, 1928-1969 жылдарда Қарсақбай мыс балқыту зауытына негізгі отын ретінде пайдаланды. Қоңыр көмірдің Қияқты бассейнін өткен ғасырдың 30 жылдарында Қ.И.Сәтбаев зерттеп, оның қорының 100 млн тоннадан артық екендігін анықтап берді. Бүгінде жеке кәсіпкерлік жолмен игеріліп жатқан Қияқты кен орны аудан халқының бір бөлігін сапалы отынмен қамтамасыз етіп отыр.Мұнай мен газ Ұлытау өңіріндегі Құмкөл алқабынан табылып отыр. Кен көзі Қызылорда облысына уақытша 2017 жылға дейін пайдалануға берілген жерде ашылғандықтан, сол облыстың мұнайшыларының күшімен игерілуде. Мамандардың есептеуі бойынша ондағы жер қойнауында 350 млн тонна мұнай және 100 млн текше метр табиғи газ бар деп болжанған. Құмкөлден шығатын мұнай Құмкөл-Қарақойын-Сарысу-Атасу мұнай құбыры арқылы Павлодар-Шымкент және Атасу-Алашанькоу магистралды мұнай айдау жүйесіне қосылған. Ұлытау жерінде Қумоладағы родусит (көгілдір асбест) және ақтастағы пьезокврц пен тау хрусталі сияқты аса сирек кен орындары бар.Родусит бүкіл Евразия көлемінде тек қана осы Ұлытау өңірінен табылған.





































Қорытынды:Қорытындылай келетін болсам осы киелі Ұлытау жерінде жүрегі патриот деп соғатын әрбір қазақ азаматтары мен азаматшалары баруы керек.»Ұлытауға бардың ба?Ұлар етін жедің бе?»дегенде кідірмей жауап беруі маңызды.Егерде өзіміз осындай киелі жердің барын,тарихын білмейтін болсақ ең үлкен ұяттың бірі болады десем қателеспеспін.Және де осы Ұлытау өңіріне келген туристтерге жақсы қызмет атқарып,тарихын,ескерткіштерін мүге-шүгесіне дейін түсіндіретін болсақ қызығып отбасыларына не болмаса туған-туыстарына,таныстарына айтып жеткізетін болса туристтер саны көбейер еді.Сонымен қатар туристтер саны көбеюіне байланысты экономикалық деңгейіміз көтеріліп,еліміз,жеріміз бүкіл елге тарихы,мәдениеті жағынан танымал болар еді.Бәрі өз қолымызда!

Және де айтып жатады ғой Табиғат біздің байлығымыз ,ал Ұлытау-ұлт мақтанышы деп.Сондықтан,туған табиғатты көздің қарашығындай сақтап,қорын молайта беруіміз керек.

Сонымен қатар осы қорытындыға ел басының рухани жолдауы бойынша біздің мектебімізде өз үлесін қосуда,мектебіміздің бірінші қабатының сол жағында Ұлытау мұражайы ашылуда соған байланысты іс-шаралар да көптеп ұйымдастырылуда.Бізде «Тағылым» әдіс бірлестігінің ұйымдастыруымен сенбі күні мектебімізде Тәуелсіздік күні қарсаңында рухани жаңғыру аясында көптеген іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сондай айтулы іс-шараның бірі- «Ұлытау ұлағаты, рухани танымдық» залында 2-10 сыныптар арасында Ұлытау өңіріндегі тарихи ескерткіштерге макеттер қорғау сайысы өтті,бұғанда біз өз үлесімізді қосудамыз . Бұл ескерткіштерді ата-аналар мен оқушылар бірлесіп жасап, оны көпшіліктің назарына ұсынды. Ондағы мақсатымыз - ескерткіштердің тұғырлы тарихымызға, қазақтық елдік дәстүрімізге, мызғымас мемлекеттігімізге арналған мәңгілік белгі екендігін ұғындыру, оқушыларды еңбекқорлыққа баулу, мектеп жұмысына ата-аналарды жұмылдыру болып табылады.

Shape4

Ата-аналарымыз асқан қызығушылықпен оқушылардың тарихын білуіне, дәстүрін құрметтеуіне, дамуына өз үлестерін қосты. Бұл іс-шаралар мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің зерттелуіне оқушыларымыздың қосқан бір жаңалығы болды. Себебі туған өлкенің тарихын білу - әрбір ұрпақ парызы екендігін әрбір оқушы жан-дүниесімен сезіне білді. Мектеп қабырғасынан-ақ оқушыларға елінің тарихын ұғындыру ұстаздардың еншісінде екені белгілі. Бұл сайыс оқушы бойына біліммен қатар ізденімпаздық пен еңбекқорлықты шыңдай түсті. Оқушылар үлкен дайындықпен, ерекше ынтамен қатысты. Барлық сыныптар өз еңбектерімен жасаған макеттерін қазылар алқасына жан-жақты таныстырып, қорғап шықты.







Shape5


Пайдаланылған сайттар тізімі:

1.ulytaulib.kz/pages/16-lytau-audanyny-tarihy.html.

2.https://www.slideshare.net/ssuser09eb10/ss-73928789

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Ұлытау.Ұлытау ауданы энциклопедиясы.

Редакторлары:

Ә.С.Омар

З.Қазанбаева

С.О.Қазанғалов

2.Ұлытаудан қанаттанған қырандар.

Авторы:Өмірбек Мұқанұлы

.2005 жыл

3.Ұлытау және ұлт журналы

1 №2 №3 №4 басылым

2018 жыл

Директоры:Батырбек Мырзабеков

Бас редакторы:Сара Смағұл

4.Ұлытаудың ұлымын

Авторы:Батырбек Мырзабеков

2001 жыл

5.Өлкетану оқулығы

Алматыкітап баспасы,2018жыл

Н.Бейсенбекова,Л.Шотбакова,Г.Смагулова,Б.Абдикеров













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!