Табиғи сұрыпталу формалары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Табиғи сұрыпталу формалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Табиғи сұрыпталу формалары туралы мағлұмат беру. 2. Табиғи сұрыптаутүрлері туралы білімдерін жетілдіру жәнеой - өрісін дамыту. 3. Қоршаған ортаны қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Табиғи сұрыпталу формалары.

Сабақтың мақсаты:

  1. Табиғи сұрыпталу формалары туралы мағлұмат беру.

  2. Табиғи сұрыптау түрлері туралы білімдерін

жетілдіру және ой - өрісін дамыту.

  1. Қоршаған ортаны қорғауға, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, ізденіс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Ч. Дарвин портреті, тірек - сызбалар, оқушыға көмекші материалдар, тірішілік үшін күреске мысалдар, суреттер, үлестірмелі тапсырмалар.
Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Топқа бөлу.

Бағалау парағын тарату.

ІІ Ой қозғау.

Өткен тақырыпқа жалпы шолу

В. Вайнберг қай елдің ғалымы?

Гендік қор дегеніміз не?

Таза популяция генотиптері мен аллельді гендердің кездесу жиілігі формуласы

Гоммозиготалы аллельді генотип

Аллельді гендердің өзара арақатынас кездесу жиілігін пеннет торы арқылы көрсет


Г. Харди қай елдің ғалымы?

Харди – Вайнверг заңы.

Популяциядағы генатиптердің өзара арақатынас жиілігін қалай есептеп шығаруға болады?

Гетерозиготалы аллельді генотип

Аллельді гендердің өзара арақатынас кездесу жиілігін пеннет торы арқылы көрсет

ІІІ. Қызығушылығын ояту:

«Бейнебаян»


ІV. Жаңа материалмен танысу

Чарлз Роберд Дарвинің табиғи сұрыпталуы туралы ілімі.

Ч.Дарвиннің табиғи сұрыпталу туралы ілімі тіршілік үшін күрес кезінде организмдердің табиға орта жағдайларына барынша бейімделе алған жеке даралардың өз тіршілігін сақтап қалуы және олардың сол табиғи орта жағдайларына барынша бейімделе әрі көбейіп ұрпақ беруі деп нақты атап көрсетті.Сондықтан табиғи сұрыпталу туралы ілімі Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының негізі деп есептеледі.

Табиғи сұрыпталу.

  • Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз жүреді.

  • Көзге көрінбейді, жүруі білінбейді.

  • Сұрыпталу кезінде организмге пайдалысы қалып, зияндысы жойылады.

  • Табиғи сұрыпталуға адамның ешқандай қатысы жоқ.

  • Ортаға жақсы бейімделгендері қалады,

бейімделе алмағандары тіршілігін жояды.

  • Қоршаған орта мен популяцияда тепе – теңдік сақталады.

  • Жаңа түрлер пайда болады.


3.1. Табиғатта ұдайы сұрыпталу болып жатады. Пайдалы белгілер белгілі бір факторлар әсерінен сақталып, қалғандары жойылады. Осыған байланысты Ч.Дарвин ағзалардың көбеюін зерттеді. Қорытынды: түр даралары неғұрлым көбірек қырылса, соғұрлым қарқынды дамиды, ал қарқынды даму түрді сақтап қалудың «құралы».

3.2. Табиғи сұрыпталу – белгілі бір ортаға организмдердің тіршілігін сақтап бейімделуі.

3.3. Тіршілік үшін күрес – қоршаған орта мен организм арасындағы күрделі қарым-қатынастың жиынтығы.

3.4. Тіршілік үшін күрес түрлері: түрішілік күрес, түраралық күрес және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес.

3.5. Түраралық күрес – бір түр мен екінші түр арасындағы күрес. Жыртқыштық жағдайдағы бәсекелестік. Паразиттік жағдайдағы бәсекелестік. Антагонизм.

3.6. Түрішілік күрес – бір түрге жататын даралар арасындағы күресті айтады. Түрішілік күресте бәсекелестік басым болады. Түр ішінде жыныстық сұрыпталу да жүреді. Ол табиғи сқрыпталудың формасы.


Табиғи сұрыпталу туралы теория қазіргі кезде генетика ғылымының жетістіктеріне сәйкес толықтырылып кеңейтілді. Бұл арада орыс ғалымдары Иван Иванович Шмальгаузен және Сергей Сергеевич Четвериков еңбектерінің маңызы зор.


Иван Иванович Шмальгаузен тұрақтандырушы сұрыпталуға алғаш рет сипаттама берді.


Сергей Сергеевич Четвериков популяциялық толқындар (тіршілік толқыны) деген ұғымды ғылымға енгізді.

Табиғи сұрыпталу дегеніміз – өзінен соң ұрпақ қалдыра алатын, белгілі бір орта жағдайына жақсы бейімделген даралардың тірі қалуы.

Табиғи сұрыпталудың мәні – популяциялардағы белгілі бір генотиптердің сақталуы және осы генотиптердің кейінгі ұрпақтарға берілуі.

Сергіту сәті

V. Миға шабуыл

«ЖИГСО әдісі»

І топ ҚОЗҒАУШЫ СҰРЫПТАЛУ

Қозғаушы және дизруптивті сұрыпталу туралы қорғау.


ІІ топ ТҰРАҚТАНДЫРУШЫ СҰРЫПТАЛУ

Тұрақтандырушы және топтық сұрыпталу

Термин сөздер:

Қозғаушы сұрыпталу

Тұрақтандырушысұрыпталу

Дизруптивті сұрыпталу

Полиморфизм

Жыныстық сұрыпталу

VІ. Ой жинақтау

Биологиялық диктант

  • Тұрақтандырушы сұрыпталуды ….. алғаш рет сипаттама берді.

  • Ч. Дарвин …… ауыл шаруашылық практикасына еркеше назар аударды.

  • Ертеден тіршілік етіп келе жатқан ….. ….. , ….. айтуға болады.

  • Гүлді тозандандыратын жәндіктердің дене мөлшері өзі тозаңдандыратын гүлдің ….. және ….. сәйкес келеді.

  • Қозғаушы сұрыпталуды алғаш рет …… сипаттама берді.

  • Дара жынысты жануарладың аталықтар мен аналықтары бір- бірінен ….. ….. айырмашылықтары арқылы ажыратылады.

  • Қозғаушы сұрыпталу нәтижесінде ….. ….. пайда болады

  • Мезазаой заманының юра кезеңінен сақталып келе жатқан ….. жануар түрлері .

  • Шөлді жерде өсетін өсімдіктерің ….. тікенге айналуы .

  • Қазіргі кезде табиғи сұрыпталудың басты .… түрін ажыратады .


Кесте табиғи сұрыпталу түрлерінін ерекшеліктері


VІІ. Ой толғаныс

Тақырыптық тест

1 Тұрақтандырушы сұрыпталуды сипаттаған ғалым

А) Ж.Б. Ламарк

Ә) Ч. Р. Дарвин

Б) И. И. Шмальгаузен

2 Жапырығы тікенге айналған өсімдіктер қандай сұрыпталуға жатады

А) Тұрақтандырушы

Ә) Дизруптивті

Б) Қозғаушы

3 Табиғи сұрыпталу еңбегін кім жазды

А) Ч. Дарвин

Ә) К. Линней

Б) Ж. Б. Ламарк

4 Мезазой заманынан сақталған өсімдік

А) Жабықтұқымды

Ә) Ашықтұқымды

Б) Гүлді өсімдіктер

5 Бір түрге жататын даралар арасында бір- бірінен айқын ажыратылатын белгі

А) Қозғаушы

Ә) Дизруптивті

Б) Тұрақтандырушы


6 Ч. Дарвин алғаш қандай табиғи сұрыпталуды сипаттады

А) Дизруптивті

Ә) Тұрақтандырушы

Б) Қозғаушы

7 Қазіргі кезде табиғи сұрыпталуда басты неше түрін ажыратады

А) 3

Ә) 5

Б) 2

8 Мутациялық өзгергіштерді сақтап қалуға бағытталған сұрыпталу түрі

А) Тұрақтандырушы

Ә) Қозғаушы

Б) Жыныстық

9 Эволюциялық өзгеріс байқалмайтын сұрыпталу

А) Тұрақтантандырушы

Ә) Дизруптивті

Б) Қозғаушы

10 С. С. Четвериков қандай ұғымды ғылымға енгізді

А ) Табиғи сұрыпталу

Ә ) Тіршілік үшін күрес

Б ) Популяциялық толқындар

Суретпен жұмыс

VІІ . Қорытынды:

Деңгейлік сұрақтар.

Үйге тапсырмасы: §22 Табиғи сұрыпталу формалары. Бағалау

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2018
2415
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі