Табысты мектеп қандай болу
керек?
Адамның өзіне өзі сұрақ
қоятын және оған әрдайым жауап іздейтін санаулы сұрақтар болады
екен. Мен үшін сол сұрақтың бірі де бірегейлі- табысты мектеп
қандай болу керек ? Алдымен осы сұрақтың жауабын тағы да бір
айқындап бағайын. Өйткені ,менде мектепте тәрбиеші болып жұмыс
істеймін. Әрине, қай жерде жұмыс істесең, сол жерің жақсы болғанын
қалайсын. Табысты мектеп болу үшін, балалар әлемін тереңірек
танысып, өз өмір тәжірибемнің , мейірімнің дәндерін қондыру-менің
жұмысымның мәні.
Балалармен жұмыс жасау –үлкен
бақыт. Себебі, тек қана ешнәрсеге алаңдамай мейірімділікке сенеді,
кішкентай алақанын менің алақаныма қойып, өз құпияларын айтып ,
маған сенім артады. Сондықтан табысты мектеп болу үшін, ең алдымен
оқушылардың білім сапасы жоғары дәрежеде тұру қажет. Оқушылар
жан-жақты дамыған, өз ойын еркін айта алатын болса, тығырықтан
шығатын жол таба алатын оқушы болса, табысты мектеп бола алады.
Әрбір ұстаз өз алдына үлкен мақсат қоя білу қажет. Менің мақсатым
–балаларға жақсы көңіл –күй сыйлай отырып, саналы тәрбие, сапалы
білім беру. Өзімді жұмыс барысында балаларға бағыт беруші, жол
сілтеуші сезінемін. Бұл балалардың өзіне деген сенімін арттырып,
оқу іс-әрекеттеріне деген тұрақты зейінін қалыптастыруға,
қызығушылығын оятуға жағдай туғызады. Тәрбие –отбасынан
басталатындықтан қашанда тәрбиеленушінің ата-ана, жанұясымен жете
танысып, үнемі қарым-қатынаста болуды өзіме мақсат етемін. Кез
келген бала дарынды немесе дарынсыз болсын, жылдам немесе ақырын
қимылдасын, бәрібір өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметті қалайды.
Табысты мектептің атын шығаратын біздің бүлдіршін оқушылармыз. «Ел
есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш
отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» дейді дана халқымыз.
Сондықтан табысты мектеп қандай болу керек дегенге былай айтқым
келеді...Сөзіміз-түзу, Еңсеміз –биік, Рухымыз-мықты болсын десек ,
мектебімізді ұлықтай білейік. Ұрпағымыздың тамырына нәр беретін
мектеп екендігін естен шығарамайық. «Білерім –бір тоғыз,
білмейтінім –тоқсан тоғыз» демекші , білген сайын білмейтінін көп
екенін ұға түсесің.Табысты мектеп қандай болу керек?- деген сұраққа
былай жауап бергім келеді. Мектепте жұмыс істейтін ұстаздар білікті
маман иесі болу қажет. Шын білімдінің зейін -зердесі кең, алыстан
қарасаң-кербез, жақыннан қарасаң-кішіпейіл. Жүзіне үңілсең
–мейірімді, жанына үңілсең шуақты көрінбек. Міне, осындай кербез ,
кішіпейіл, мейірімді, шуақты мұғалім атанса-адами парызымның
орындалғаны болар. Мен өз мектебімді мақтанышпен айтқым келеді.
Қалалық қазақ мектеп-лицейінің директоры А.О.Қасымжанов Ел
тәуелсіздігінің 22 жылдық мерекесіне байланысты Қазақстан
Республикасының жоғары наградасы «Құрмет»орденімен 2013 жылы
марапатталды. Тағы да қуанышты жағдай , Қалалық қазақ
мектеп-лицейінің жетістігі . Лицей ұжымы «2013 жылдың ең үздік орта
білім беру ұйымы» номинациясы бойынша облыстық конкурс жүлдегері
атанып, ШҚО әкімі Б.М.Сапарбаевтың қолына 14 900 000
теңге сертификатын ұтып алды.
Қазақстан ұлттық статистика
орталығының 2014 жылдың қорытындысы негізінде ҰБР /ұлттық бизнес
-рейтинг/ хабары бойынша «Қалалық қазақ мектеп-лицейі »
коммунальдық мемлекеттік мекемесі таяуда өткен Шығыс Қазақстандағы
негізгі және жалпы орта білім беру мекемелері ішінде ТОП-50
көшбасшылары қатарына еніп, «Жылдың үздік мемлекеттік мекемесі
-2014»құрметіне ие болды. Мектеп директоры Қасымжанов Айтқазы
Оразбекұлы «Еңбек сіңірген мемлекеттік қызметкер»орденімен
марапатталды. Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Нұржанова Айгүл
Айтқаламқызы Еңбек жолындағы «Кәсіби саладағы ерең еңбегі үшін»
медалімен ,ғылыми істер жөніндегі меңгерушісі Жарова Назигүл
Мұратбекқызы, тәрбие ісінің меңгерушісі Нұрқамбаева Ақерке
Мұратқызы және бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Ешенғалиева
Самал Демеуғалиқызы «Жыл маманы-2014» ұлттық сертификаттарына ие
болды. Осындай білікті мамандарымыздың арқасында, табысты мектеп
атанып отырмыз.
Кеудемде тұр,
сеземін,
Игі істерім
тізілген.
Нық басып мен
келемін,
Үлкендердің
ізімен.
Ашық болсын
аспаның,
Жарқырасын көкте
күн.
Жаса мәңгі
асқарлы,
Алтын
ұям-мектебім.