Материалдар / Тағам және сусын

Тағам және сусын

Материал туралы қысқаша түсінік
сынып жетекшілерге дүниетану пәні бойынша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Маусым 2018
692
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пәні:Дүниетану
Бөлім:Тағам және сусын
Тақырып:Біз қалай тамақтанамыз ?
Сабақтың оқу мақсаты:1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік1.1.4.2. Тамақтану режимін сақтау қажеттілігін түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары:Ежелгі және қазіргі адамның тамақтану ерекшеліктерін салыстырады, тағам мен сусын түрлерін ажыратуға үйренеді.
Бағалау критерийлері:Тмақтану режимін сақтаудың маңызы туралы әңгімелейді.
Тілдік мақсат:Оқушылар: тамақ және сусынмен, оларды қазіргі уақытта және өткен уақытта сатып алу және дайындаумен байланысты жаңа сөздер мен сөз тіркестерін біле алады.



Пәнге қатысты лексика мен терминология



Базарға бару.Сатып алатын заттар тізімі.Көкніс, ет, балық.Тамақ дайындау.Тамақты беру (үстел жасау)
Құндылықтар:ҚұрметЫнтымақтастықӨмір бойы білім алу.
Пәнаралық байланыс:Жаратылыстану, көркем еңбек.
Жоспар
Жоспарланған уақыт40 минЖоспарланған іс - әрекетДерексөздер
Сабақтың басы 5 минут







6-10 мин
1.Психологиялық дайындық.Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды. Біз бақытты баламыз, Ойнап, күліп аламыз. Жетілсін деп санамыз, Оқып білім аламыз.(Ұ) «Бұл не ?» ойын.Мақсаты: сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.Түрлі тамақ пен сусын салынған пакетті үстелге қою. Сабаққа не әкелгенін балалар табуы керек. Егер балалар дорбада не бар екенін айта алмаса, бір баланы тақтаға шығарамын. Ол дорбадағы заттарды қарап, тағам түрлерінің біреуін (мысалы, ақ, дәмді, қою) сипаттайды. Балалар сипаттама арқылы қандай тағам екенін табады.

(Ж) Балалар жұптасып өздері жақсы көретін тамақ пен сусын түрлерін атап, бір – бірімен әңгімелеседі. Олардың әр жауаптарына пікір білдіріп, оларды сыныппен талқылау.


Сабақ ортасы11-20 мин















20-20мин



























22-25 мин



























25-30 мин



































30-37 мин
(Ұ,Т, Қ) ЖағдаяттарМақсаты: оқушылардың ежелгі адамдардың немене тамақтанатыны жайлы білімдерін анықтау.-Балалар, ертеде адамдар немен тамақтанған, қалай ойлайсыңдар ?Оқушылар топта отырып, бір – бірінің пікірлерін тыңдайды, ортақ шешімге келіп, сынықа өз шешімдерін, ойларын айтады.(МК) Қосымша ақпаратЕртеде ежелгі адамдар жылы жерлерде өмір сүрген. Сондықтан олар жылы киім туралы ойланбайтын. Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді, тіпті құртпен қоректенген. Ежелгі адам ұзақ уақыт бойы аңның етін шикілей жеген. Уақыт өткен соң от табуды білген адам етті отқа пісіріп үйренді. Отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қаьар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді. (Ұ, Ж, Қ) Суретпен жұмыс.Мақсаты: ежелгі және қазіргі адамның тамақтану ерекшеліктерін салыстырып, айырмашылықтарын анықтау, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.Тапсырма: Суреттерді салыстыр.Оқушылар бұл тапсырмада оқулықта берілген 1-суреттегі көріністерді салыстырады. Кейбір оқушылар - ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты, ал кейбір оқушылар – айырмашылықтарды табады. Бұл тапсырма оқушыларға алағашқы адамдардың ерекшеліктері туралы білуге көмектеседі. (Ө,Қ) Мәтінмен жұмысМақсаты: оқушылардың білімдерін кеңейту.Ертеде ежелгі адамдар жемістермен, өсімдік тамырларымен, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын теріп, тіпті құртпен қоректенген. Ежелгі адам ұзақ уақыт бойы жабайы аң етімен шикілей қоректенген. Уақыт өткен соң от табуды білген адам етті отқа пісіріп үйренеді. Отқа піскен ас жұмсақ болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді.Тағам және сусын адамның тіршілік етуі үшін қажет. Олар күш береді және шөлді қандырады. Дастарханда күнделікті көкөкніс, жеміс, ет тұрады. Тағамның алуан түрлі болуы денсаулыққа пайдалы. Мәтіннің мазмұны сұрақ – жауап арқылы талқыланады.«Сен білесің бе ?» ойыныБұл айдарда қазақттың қасиетті сусыны қымыз туралы айтылады. Алдымен оқушылардан өздері білетін ұлттық тағам мен сусын түрлерін атауын сұраймын. Олар қымызды атауы мүмкін. (Қымыз туралы қысқаша мәлімдеме жасау.)(Ө,Қ) Сөйлемді толықтыр.Мақсаты: оқушылардың білімдерін анықтап, бекіту.Ежелгі адамдар........,...........,........ тамақтанады.Бие сүтінен ...... – емдік сусын жасалады.Тағам алуын түрлі және ......... болуы тиіс.Оқушылар жұпта отырып, тапсырманы тақтадағы үлгі бойынша тексеріп, бір – бірін бағалайды.

Сабақтың соңы37-40 минРефлексия:-Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңдар ?-Не жеңіл болды ?-Қандай тапсырма қиындық туғызды ?

Өзін бағалау : «Бағдаршам»






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ