Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тағамдық заттар құрамынан С дәруменді анықтау

Материал туралы қысқаша түсінік
зертханалық жұмыс ретінде мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1Д

Қоректену (5 сағат)


Мектеп: Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев атындағы Ойық ауылы

орта мектебі.

Күні: 19.10.18 жыл.

Мұғалімнің аты-жөні: Н.Тарпанова

Сынып: 8 «Ә»

Қатысушылар саны: 17 білім алушы

Қатыспағандар: жоқ

Сабақтың тақырыбы

Азық-түлік құрамындағы С дәруменің анықтау

(зертханалық жұмыс)

Сабақтың оқу мақсаттары

8.1.2.7 азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтау

Сабақтың мақсаты

  • Лимонның, алманың, қызыл бұрыштың құрамындағы С дәруменін анықтау.

Бағалау критерийлері

  • Жұмыстың мақсатын құрады;

  • Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасайды;

  • Көкөністер мен жемістердің құрамында С дәруменінің болуын анықтайды;

Нәтижені көрсете алады

  • Нәтижеге талдау жасай алады;

  • Қорытынды жасайды.

Тілдік мақсаттар

Білім алушылар:

С дәруменінің азық-түлік құрамында кездесуін анықтау барысында деректермен жұмыс жасауды, талдау жасауды, қорытынды шығарады.

С дәруменінің маңызы, түрлі үлгілерде кездесу мөлшері туралы ауызша талқылаулар жасайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

С дәрумені, құрқұлақ (цинга), цитрус дақылдары, йодометрия әдісі

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы

С дәрумені...құрамында көп, себебі...

Йод тамшысының саны ... болғандықтан ерітінді түсі ... боялды.

С дәруменінің мөлшері ... аз, себебі ...

Құндылықтарды дарыту

Оқу тапсырмасын орындау кезде қоғамдық өмірге дайын болу, өзін бақылауда ұстай білу, бәсекеге қабілетті бола білу құндылықтары дамытылады.

Жазбаша жұмыстар арқылы нақтылық, өзін өзі реттей білу құндылықтары дамытылады.

Ауызша жұмыстар арқылы ойды реттей білу, сенімділік, дәлелдерді қолдана білу құндылықтары дамытылады.

Жеке жұмыс кезінде өзіне деген сенімділік, өзін-өзі көрсету құндылықтары дамытылады.

Зертханалық жұмыс кезінде дұрыс таңдау жасау, сыни ойлау, қорытынды жасай білу, өз ісіне берілу құндылықтары дамытылады.


Пәнаралық байланыс

С дәруменін анықтауда химиялық ерітінділердің қолданылуы және йодометрия әдісінің қолданысы арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім

7-сыныптан әртүрлі ағзалардың қоректену типтері, азық-түлік өнімдерін органикалық заттардың болуы.

Сабақ барысы

Сабақ қезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Оқыту көздері мен ресурстар

Сабақтың басы




Білім алушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

Сергіту сәті. (Музыкамен қимыл-қозғалыс жасау)

Сабақтың ортасы




1 тапсырма. «Доп лақтыру»

Әдісі арқылы білім алушылардың алдыңғы білімдерін пысықтау.

  1. «Дәрумендер» терминіне анықтама бер.

  2. Дәрумендерді кім ашты?

  3. Дәрумендер қандай топтарға бөлінеді?

  4. Тамақта дәрумендерді сақтау ережелерін сипаттаңдар.

  5. «Авитаминоз» түсініктемесіне анықтама бер.

  6. «Гиповитаминоз» терминіне анықтама бер.

  7. «Гипервитаминоз» терминіне анықтама бер.

2 тапсырма.


Дәрумен

дердің атауы

Майда немесе суда ериді

Бір тәуліктегі қажеттік мөлшері

Ненің құрамында кездеседі

Таралатын ауру түрлері.

А,В,С,Д;,РР,Д, Е, К.





Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатын құру.

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. «С дәрумені жайлы деректер» оқиды.

Білім алушылар С дәрумені жайлы деректерден не ұқты ортаға салады.

Мұғалім оқушыларға қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау жөнінде нұсқаулықтар береді.

Қауіпсіздік ережесі:

  • Шыны және кескіш құралдармен жұмыс жасағанда абай болыңыз.

  • Ерітінділер көзді тітіркендіретіндектен көзілдірік киіңіз.

  • Азық-түлік үлгілері аллергия тудырған жағдайда басқа

түрімен жұмыс жасаңыз.

Халаттың түймесін салып, қолғап киіңіз.

Жұмыс барысын мұқият оқып шығу тапсырылады.

«Мозаика» әдісі арқылы үш топқа бөлінеді.

І-топ. Лимон

ІІ-топ Қызыл бұрыш

ІІІ-топ. Алма

Зертханалық жұмыстың мақсатымен таныса отырып, видиокөрсетілім көреді. Әр топ өзіне тиесілі лимон, алма, қызыл бұрыш құрамындағы С дәруменінің мөлшерін анықтайды, кестеге толтырады. Өз нәтижелерін басқа топ нәтижелерімен салыстырады.

Жұмыс нәтижелерін талдайды.









Сабақтың соңы





«Білім қоржыны» әдісі.

Үй жұмысы:

С дәрумені, оның әртүрлі азық-түлік құрамындағы мөлшері

туралы ақпаратты оқу

Стикерлер




Қосымша ақпарат

Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Барлық білім алушылар көкөністер мен жемістердің құрамында С дәруменнің болуын анықтайды.

Көпшілік білім алушылар зерттеу барысында алынған мәліметтерді талдайды.

Кейбір білім алушылар алынған нәтижелерін басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстырып, жинақтап қорытынды жасайды.

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Жеке жұмысты бағалау

Білім алушының дербес жұмыс жасауы, көздеген нәтижеге қол жеткізуі

  • Жұмыстың мақсатын құруы;

  • Түрлі шырын үлгілеріндегі С дәруменінің мөлшері туралы болжам жасауы;

  • Көкөністер мен жемістердің құрамында С дәруменінің болуын анықтай алуы;

  • Деректерді дұрыс жинай алуы;

  • Деректерді өңдей алуы;

  • Нәтижені өрсете алуы

  • Нәтижеге талдау жасай алуы;

  • Қорытынды жасауы.



Денсаулықты сақтау және қауіпсіздік ережелері

Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Жұмыс барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау.

Бұл жұмыс үшін халат киіп, оның түймелерін толығымен салу сұралады. Себебі киім бүліну қалуы мүмкін. Қолға қолғап кию маңызды, себебі кейбір ерітінділер қауіпті. Көзді тітіркендіретін ерітінділер қолданылатындықтан көзілдірік кию маңызды деп шағын түсіндірме беріледі. Зертханалық жұмысты орындау кезінде оқушылар белсенді қозғалады.

























5 зертханалық жұмыс

Жұмыс барысы

  1. Сынауыққа 10 мл -ден шырын құйыңдар.

  2. Шырынға дайындалған крахмал суспензиясынан шамамен 5 мл-құйыңдар.

  3. Йод ерітіндісін 40 есе сұйылтамыз.

  4. Арнайы химиялық ыдыс арқылы шырыны бар сынауыққа тамшылатып дайындалған йод ерітіндісін қосыңдар. Жұмсалған йод мөлшерін мұқият санап аламыз.

  5. Шырыны бар ерітіндінің көкшіл түске айналуы бұл – йодтың С дәруменін толықтырып, крахмалмен әрекеттесе бастағанына дәлел. Әр сынауыққа неше миллилитр йод жұмсалғанын жазыңдар.

  6. Йод сынамасы бояуының өзгеру дәрежесі және жұмсалған йод мөлшері бойынша әртүрлі өсімдік шырынындағы С дәруменінің мөлшері туралы қорытынды жасаңдар.

  7. Шырындарды С дәрумені мөлшерінің арту реті бойынша орналастырып, кестені толтырыңдар. С дәруменінің мөлшерін шамамен есептеп, көрсетіңдер.

Қорытынды:

























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
2697
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12