Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

Т.Ахтанов «Күй аңызы»

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге, әдістемелік
Материалдың қысқаша нұсқасы





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: ...


Пәні: қазақ әдебиеті

Мектеп: C.Шәкіров атындағы орта мектеп

Мұғалімнің аты-жөні: Н.С.Жұмақұлова

Күні:

Сынып: 8

Қатысқандар: 14

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Т.Ахтанов «Күй аңызы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқумақсаттары (оқубағдарламасы

на сілтеме)

А\И 1- Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау.

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады:

Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдайды;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Композицияны тұтастан бөлшекке қарай талдайды, бөлшектен бүтін құрауға тырысады;

Кейбір оқушылар орындай алады:

Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдай отырып, шығарма идеясына өз көзқарасын білдіреді.

Бағалау критерийі

Композицияны тұтастан бөлшекке қарай талдайды, бөлшектен тұтас құрайды.


Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: мұғалімнің көмегімен оқушылар бірқатар сұрақтарға мәтін бойынша жауап айтады және соның негізінде жауап беру үшін жұптасып, топтасып, жеке жұмыс атқарады

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс.
Дұға – аман - саулық, сау-саламаттықты тілейтін құранның қысқа - қысқа аяттары.
Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп.
Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз.
Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы.
Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері.
Жоны – арқасы, ту сырты.
- Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
- Бота, мая, нар аруана.
Бота – түйенің төлі.
Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.
Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.
Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.
Нар – бір өркешті түйе.
Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы.

Құндылықтарға баулу

Бірін-бірі бағалау арқылы сыни ойлау қабілеттерінің қалыптасып дамуына, бір-бірімен ынтымақтастықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, музыка

Алдыңғы оқу

Т.Ахтанов «Күй аңызы» - әңгімені оқу

Сабақ барысы

Жоспарлан

ған уақыт

Сабақтың жоспары

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут











Сабақтың ортасы

8 минут

































10 минут
















5 минут











10 минут































Сабақтың соңы

3 минут





1 минут





  • Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, сабаққа дайындықтарын бақылау

  • Ынтымақтастық ахуал тудыру: - Сәлем, досым! - қол алысу. - Хал қалай? - иықтан қағу. - Мен сені сағындым! - құлақтан ұстау. - Барлығы жақсы - құшақтасу.

  • Топқа бөлу «Нар идірген» күйі баяу қойылады


1-тапсырма Ж. Cұрақтар: 1.Неліктен әңгіме «Күй аңызы» деп аталған?
2. Аңызға айналған қандай күйлерді білесіңдер?
3. Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті?
4. Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
5. Оразымбетке қандай мінездеме берген болар едің?
6. Әңгімедегі тірек сөздерді ата
7. «Өлімнен ұят күшті»- Шалға қандай мінездеме берер едің?
8. Естемес күйшінің жүрегін бүлк еткізер көңілі құрғырды әлденеге талпынтқан не?
9. “Екі күйші, өнерлеріңді бірге салыңдар” деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Немесе күйші Естеместің “Заманым өткен екен ғой” деп аһ ұруы нені білдіреді?
10. Жаңылдың іс - әрекетіне көзқарасыңыз қандай?

Бағалау дескрипторлары:

  • Нақты әрі қысқа жауап береді;

  • Көмескі тұстарды біліп алады;

  • Сыни көзқарасы, ұстанымы байқалады.
    ҚБ

Жаңа сабақтың оқу мақсаты таныстырылады



2-тапсырма ЖЖ. Шығармаға композициялық талдау жасату.
Оқиғаның басталуы: Екі салт аттының жолға шығуы. Күйшілердің әңгімесі.
Оқиға байланысы: Жапанда жалғыз нардың кезігуі, ботасы өлген аруананың зары. Естеместің домбырасына тіл бітіруі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі
Оқиғаның шиеленісуі: Қыздың әкесіне қолқа салуы
Оқиғаның шарықтау шегі: Естемес күйшінің өнері, «Нар идірген» күйінің дүниеге келуі
Оқиғаның шшіміе: Естеместің жолын жас жігітке беруі

Бағалау дескрипторлары:

  • Жұмыс дәптерлеріне композицияны бөлшектеп талдайды;

  • Топта талқылайды, ортаға салады, бүтіндей шығарманың құрылысын таниды

ҚБ Смайликтер арқылы бағалау






3-тапсырма

ТЖ. «Әдебиет лотосы» ойыны


Автор: Т. Ахтанов
Шығарма аты: «Күй аңызы»
Кейіпкерлер: Естемес, Оразымбет, Жаңыл, шал, ботасы өлген аруана
Оқиға желісі: Ботасы өлген аруана сүт береді.
Немен аяқталады? Естемес жолын жас жігітке береді
Не суреттеледі? Кейіпкерлер бейнесі, нар бейнесі, күй құдіреті
Қандай тәсіл қолданады? Портрет, эпитет – өткір қоңыр көзді, мүсәпір бейнесі, жұмсақ әуен бояуы; теңеу – жібектей майысып, балшықтан құйғандай, сүйріктей саусақ
Шығарма идеясына көзқарастарың ...


Бағалау дескрипторлары:

  • Әңгіме композициясын негізге алады;

  • Мәтінмен жұмыс жүргізеді;

  • Бөлшектен бүтін құрайды.



ҚБ "Кедергілер кірпіші" әдісі.

Топ мүшелеріне кірпіштің суретін салып, оны қалау тапсырылады, әр кірпішке қиындық келтірген сұрақтарды - кездескен кедергілерді жазу ұсынылады.




Рефлексия. Әр оқушы кестені жеке толтырып өткізеді


Оқушы

Қызық

Қиын

Құнды







Үй тапсырмасы: «Қазақтың күй өнері» -шағын шығарма жазу


Қосымша ақпарат



"Менің досым" жаттығуы




«Мозайка» әдісі

І топ «Күй»

ІІ топ «Аңыз»




«Зымыран (бәйге) сұрақтар» әдісі


























Ауызша марапат







«Оқиға тауы» әдісі


















«Ыстық орындық» әдісі








«Әдебиет лотосы» әдісі























"Кедергілер кірпіші "әдісі












«ҚҚҚ» кестесі







Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті

оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

АКТ-мен байланыс.

Денсаулық және қауіпсіздік.

  • Барынша қолдау көрсету: «Зымыран сұрақтарға» жауап беруде, жұппен жұмыста «Оқиға тауы» әдісімен шығарманың компазициялық құрылысына талдау жасауына қолдау көрсетемін.

Орташа қолдау көрсету:

«Әдебиет лотосы» әдісімен сұрақтарға жауап беруде бүтіннен бөлшек, бөлшектен тұтас құрастырып, өз ойларын айтуына жағдай жасаймын.

Аз қолдау көрсету: Тәсіл қолдану шеберлігін танытуда

(портрет, эпитет, теңеу), шығарма идеясына өз көзқарасын білдіруде бағыт беремін.


Дескриптор нәтижесінде оқушыларға қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.

Жеке жұмыстар ауызша марапаттаулар арқылы, жұптық бағалау смаиликтер арқылы, топтық бағалау "Кедергілер кірпіші " тәсілі арқылы жүргізіледі


Сабақта оқушы өзінің білмейтіні үшін алаңдаушылық сезімде болмауын қадағалап, барынша қолдау көрсетемін.

Бірін-бірі бағалау арқылы сыни ойлау қабілеттерінің қалыптасуына, ынтымақтастық қарым-қатынаста болуға баулимын.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?


Әріптестерім мен тренердің пікірлері ескеріліп, түзетулер мен толықтырулар енгізілді.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.02.2019
2330
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12