Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
"Тәжірибедегі рефлексия"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бекмурзина Жаңыл Сундетовна, 1- (ілгері ) деңгей бойынша сертификатталған жоғары санатты орыс тілі пәні мұғалімі, мектеп тренері
«А. Өтепбергенов атындағы орта мектеп» ММ,
Маңғыстау ауданы, Маңғыстау облысы
Баяндама
«Тәжірибедегі рефлексия»
Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы (бұдан әрі – Кәсіби даму бағдарламасы) іске асырылуда. 2016 жылдың 30 наурызындағы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кеңесінің хаттамасындағы тапсырманы орындау мақсатында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерінің сенбілік күнін кәсіби даму үшін қолдану мәселесі бойынша, әдістемелік күн аясында педагогикалық ұжымды «Тең-теңімен» қағидасы негізінде оқыту ұсынылған мұғалімнің кәсіби даму моделі әзірленді. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі НЗМ ДББҰ ПШО) жалпы білім беретін мектептердің педагогтерінің кәсіби дамуының 100 акедемиялық сағат көлеміндегі (бұдан әрі -Бағдарлама) «Тәжірибедегі рефлексия» білім беру бағдарламасын жасады.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – мектеп мұғалімдерінің оқушылардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын, логикалық және сын тұрғысын ойлауын дамытатын технологиялар мен әдістемелерді игеруі, оқыту үдерісін жоспарлау, оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тиімді бағалау дағдыларын жетілдіру.
Бағдарламаның өзектілігі -ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі,ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары,өз кезегінде білім беру саласында көш басында келетін прогресшіл елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар.
Бағдарламаның негізгі міндеті- мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіріп,бағамдауға көмектесу.Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің тәжірибесі мен кәсіби дамуымен өзара байланыста қарастырылады,тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады.
Курстың негізгі бағдарламасы - мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама, яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың казіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінеді:
-
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
-
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
-
Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
-
Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
-
Талантты және дарынды балаларды оқыту.
-
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру оқыту.
-
Білім берудегі басқару және көшбасшылық.
100 сағаттық курс бағдарламасында:
-Оқыту және оқу әдістемесіне өзгеріс енгізудің қажеттігін негіздеу;
-Мектеп пен сыныптағы мәдениет;
-Құндылықтар,көзқарастар,ықпал ету тәсілдері;
- Оқушыларды ынталандыру;
-Әлеуметтік өзара іс-қимыл;
-Оқудағы кедергілер;
-Қалай оқу керектігін үйрету;
-Әңгімелесу және диалогтік оқыту,
-Сын тұрғысынан ойлау;
-Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау;
-Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану;
-Сабақты жоспарлау және сыныптағы оқуды басқару;
-Сабақты зерттеу әдісі және бағалау сияқты тақырыптар қамтылған.
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ИДЕЯЛАРЫ МЕН ӘДІС -ТӘСІЛДЕРІ
Білім берудегі басқару және көшбасшылық – білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Бағдарламаның негізгі идеясын сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатынына негізделеді. Білім беру сияқты көшбасшылық та адамның тұрақты дамуына әкелетін негізгі қабілеті болып табылады. Өзгеріс үдерісі өз даму жолында қолайсыздық пен келіспеушілік тудыруы ықтимал. Мұндай кезде өзгеріс үдерісін басқару оңай емес. Мұғалім ретінде, біз кейде өзіміздің әрекет ету мүмкіндігіміз бен күш-қайратымызды жоғалтып жатқанымызды сеземіз. Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етудің ерекше түрі жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер деп анықталуы мүмкін:
Іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға;
Өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға;
Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға;
Кәсіби білімді құруға және таратуға ат салысуға міндетті.
ТӘЖІРИБЕНІ ЖЕТІЛДІРУ ҮДЕРІСІН ІСКЕ АСЫРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ:
Іс-тәжірибені дамыту мақсатында стратегиялық іс-әрекеттерді мұғалімдер қалай іске асырып, қолдануға болатындығына кейбір мысалдар:
Оқу
Ұқсас жобалар бойынша есептер, материалдар іздеу, сұрақтарға ресми жауап алу үшін ғылыми әдебиетті оқу, ғаламтордан ақпарат іздеу және т.б.
Сынау
Сынып оқушыларымен жұмыста жаңа тапсырмалар қолдану, жаңа материалдарды қолдана және бейімдей отырып, сынып жұмысының ерекше аспектісіне екпін түсіретін жаңа оқыту әдістерін сынақтан өткізу және т.б.
Дерек жинау
Сабақтарға бақылау жүргізу, оқушылардың немесе әріптестердің пікірлерін сұрау, оқушылар мен мұғалімдердің күнделіктерін зерттеу, арнайы мақсаттағы топтар, топтық тапсырмаларды тыңдау, оқушылардың жұмысын талдау, құжаттарды қайта қарау, аудиторлық іс-тәжірибе, шолу және т.б.
Кеңес алу
Әріптестерді тыңдау, басшымен әңгіме жүргізу, кеңес сұрау, рұқсат алу, сендіру, идеяларды талдау, бұрын не болғандығын анықтау, сенімділік орнату және т.б.
Рефлексия
Күнделік жүргізу, оны талқылау, тәлімгермен кеңесу және т.б.
Бірлескен жұмыс
Командада жоспарлау, материалды бірлесе дайындау, жиналған деректерді реттеу, бірлесіп оқыту және т.б.
Нәтижені сараптау
Жасалған жұмысты қорытындылау,ұтымды тұстарын және жетілдіруді қажет ететін тұстарын ескере отырып, жаңа жұмыс жоспарын жасау.
Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықта былай деп көрсетілген:
«Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдер, әдістемелер, технологиялар
Білім алушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алушылардың танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде болады.
Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәйкес оқу бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әрекет жасаймыз. Бұл білім алушының қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық оқытуға көшуді білдіреді.
Мұғалім назар аударуы қажет мына бір сәтті атап өткен жөн.
Өйткені, кестеге сәйкес
2017-2018 оқу жылында 2, 5, 7-сыныптар,
2018-2019 оқу жылында 3, 6, 8,10-сыныптар, 2019-2020 оқу жылында 4,
9 және 11-сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшеді. Демек,
мұғалім балаларды осы жаңартылған білім мазмұына көшуге дайындау
керек. Оның бір жолы – білім алушы қызметін жандандыру тәсілдерін
пайдалану, оларға барынша дербестік
беру.
Практик-мұғалімге көмек ретінде оқу процесін ұйымдастырудың қазіргі заманғы тәсілдеріне, әдістеріне, технологияларына қысқаша сипаттама ұсынылған.
1. Зерттеушілік тәсілі.
Зерттеушілік тәсілі негізінде білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу іске асырылады.
Зерттеушілік тәсілі:
- оқу процесінің барлық кезеңдеріне ғылыми зерттеулердің жалпы және жеке әдістерін енгізуді (қабылдаудан практикада қолдануға дейін);
- шығармашылық-ізденіс қызметтерін оқу және оқудан тыс уақытта ұйымдастыруды жобалайды.
Зерттеушілік тәсілі «мұғалім – білім алушы» өзара қарым-қатынасы сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сондай-ақ танымдық қызығушылығына тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң уәждеме құруға, терең, сапалы білім алуды қалыптастыруға ықпал етеді.
Зерттеушілік тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу дағдыларын, белсенді танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2. Құндылықтарға бағытталған тәсіл.
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдаланудың тәсілі. Құндылыққа бағытталған оқу процесі білім алушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін қалыптастырады.
Құндылықты бағдарлау – тұлғаның өз әрекетінде жекелеген құндылықтарды (құндылықтарға бағдарлану қабілеттілігі) бағдар ретінде таңдап алу қабілеттілігі (қасиеті), сондай-ақ оларды өзінің жеке әлеуметтік маңызды құндылықтары ретінде сезіну және қабылдау қабілеттілігі.
Құндылықтарды іске асыру құндылықтардан шығатын талаптарға сай болу және күнделікті өмірді сол талаптарға бағындыру. Құндылықтардың мәні белгілі бір қоғамның сәтті әрекет етуі үшін қажетті ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда көрініс табады.
Құндылықтар – қоғам қолдайтын және адамдардың көпшілігі бөлісетін белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық қасиеттері мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы. Құндылықтар тұлғаны ынталанырудың өте маңызды факторы ретінде мінез-құлығы мен іс-әрекеттерін көтермелейді.
Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Орта білім берудің құндылықтары ретінде:
1) қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
2) құрмет;
3) ынтымақтастық;
4) еңбек пен шығармашылық;
5) ашықтық;
6) өмір бойы білім алу белгіленді.
3. Тұлғаға бағдарланған тәсіл.
Тұлғаға бағытталған тәсілдің мақсаты оқу процесін дараландыру, оның жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез-құлық уәждерінінің әлеуетті мүмкіндіктерін ескере отырып білім алушыны тұлға ретінде үйлесімді қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу болып табылады.
4. Іс-әрекеттік тәсіл.
Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұнында білім алушының білімді дайын күйінде алмай, оны өзі өндіруі, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынатыны, оның ережелер жүйесін түсінуі мен қабылдауы жатыр, бұл өз кезегінде оның білімінің, біліктерінің және кең ауқымды дағдыларының белсенді әрі табысты қалыптасуына ықпал етеді.
Білім алушылардың оқу әрекеттері «білу», «түсіну», «қолдану», «талдау», «жинақтау», «бағалау» сияқты категорияларға топтастырылған.
Іс-әрекеттік тәсіл өз бетінше ізденуді, түсіндіруді, талдауды, түрлі дереккөздерден алынған ақпаратты тарату мен бағалауды, графикалық мәліметтер мен басқа үйретуші ресурстарды қолданады.
5. Саралап оқыту тәсілі.
Саралап оқыту тәсілі – білім алушылардың әртүрлі топтары үшін оқу процесін мамандандыруды, білім алушылардың ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әртүрлі топтар үшін әртүрлі оқыту жағдайларын жобалайды.
Саралап оқыту тәсілі әртүрлі білім алушылар тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан көмек сипатымен ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану - сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.
6. Құзыреттілік тәсілі.
Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын меңгеру болып табылады.
Құзыреттілік тәсілінің басты міндеті білім алушылардың бастамашылдығы мен өз бетінше жұмыс істей алатынын көрсетуге деген ынтасы болып табылады. Ол білім алушылардың жеке әрекет ете алуына, өз қабілеті мен қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді.
Құзыреттілік тәсілі білім алушылардың білім, білік дағдыларын жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгертуді жобалайды.
7. Жүйелі-әрекеттік тәсілі.
Жүйелі-әрекеттік тәсілі білім алушыының оқу әрекеттерін өз бетінше ұйымдастыру негізінде құрылады, оларда әмбебап оқу әрекеттері жүйесін қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, өздігінен даму, өздік ұйымдастыру режимінде оқу процесін ұйымдастыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жүйелі-әрекеттік тәсіл курстың тарауларын жеке-жеке емес, өзара байланыста оқуды ұсынады.
8. Коммуникативтік тәсіл.
Оқытудағы коммуникативтік тәсіл - ақпаратты тарату мен жариялау, екі немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім, білік және дағдымен алмасу. Коммуникативтік тәсілдің нәтижесі тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалана және коммуникативтік әрекетті дұрыс таңдай отырып, қарым-қатынасқа қатысушы басқа адаммен өзара әрекет ету процесінде тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып табылады.
Оқыту процесінде коммуникативті тәсілдерге сәйкес қарым-қатынас жасай білуін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмалар және шынайы коммуникация шарттарына барабар жұмыс режимі (жұптық және топтық жұмыс) пайдаланылады.
9. Интегративтік тәсіл.
Білім алушыларды дамытуға арналған интегративтік тәсіл барысындағы оқыту процесі әртүрлі құралдар мен бірнеше іс-әрекеттерді біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегративтік тәсілге көптеген белсенді қозғалыс түрлері жатады: сергіту сәттері, театрландырылған ойындар, қозғалыс үзілістері (кідіріс).
Интегративтік оқыту тәсілі білім алушылардың сөздік қорын кеңейтуге, коммуникативтік біліктіліктерін дамытуға, эстетикалық талғамдарын дамытуға, көркемөнер туындыларын түсіну және бағалауға мүмкіндік береді. Аталған оқыту тәсілі психикалық процестерге әсер етіп қиындықтарды жоюға, оқу материалын тиімді, қолжетімді, жаңа деңгейде қабылдауға мүмкіндік береді.
10. Ойын арқылы оқыту.
Оқыту әдісі ретінде ойын түрлерін қолдану білім алушылардың танымдық қызығушылық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ойын түріндегі оқыту технологиясының басты элементтері:
- ойын алдында нақты оқу мақсаты қойылады;
- ойын арқылы белгілі педагогикалық нәтижеге қол жеткізу жоспарланады, оқыту іс-әрекеттері ойын ережелеріне бағынады, оқу материалдары ойын құралы болып табылады.
Ұжымдық іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы білім алушылар басқа шағын топ мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай алуды, мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренеді.
11. Жобалау тәсілі.
Оқу жобасы – білім алушылармен немесе білім алушылардың тобымен ғылыми-зерттеушілік, шығармашылық немесе практикалық сипаттағы проблемаларды шешуге бағытталған оқу-танымдық іс-әрекеті. Проблемаларды кең тұрғыда шешу әрекетімен және келісілген әдістерімен, жалпы ортақ мақсатының болуымен сипатталады.
Жобалау әдісінің элементтерін қолдану арқылы білім алушылар алға қойған проблеманы шешудің өзіндік жолдарын іздеп табады. Жобалау әдісі білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылады. Жобалау әдісін қолдану барысында білім алушылардың ұжымдық, топтық жобалар дайындау бойынша атқаратын іс-әрекеттерін ұйымдастыру ұсынылады. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру сабақпен ғана шектелмейді, сабақтан тыс уақытта да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады.
12. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану құзыреттілігі базалық АКТ дағдылар негізінде құрылады және жұмысқа, қарым-қатынасқа, бос уақытқа арналған технологияларды дұрыс шығармашылықпен қолданудан тұрады. Білім алушылар өздерінің АКТ бойынша дағдыларын білім алу процесіндегі барлық оқу пәндері арқылы дамытады, яғни ақпаратты табу, құру, мәліметтермен, идеялармен алмаса отырып, кең спектрлі жабдықтар мен қосымшаларды пайдалану арқылы бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Орта мектепте АКТ-ні БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалануға қойылатын талаптар:
- дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу, табу;
- сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
- сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен, оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді, графикалық және басқа да қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
- заңдылықтар мен үрдістерді зерттеу; модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру, басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
- электронды байланыс арқылы басқа білім алушылармен және оқытушылармен ынтымақтаса онлайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысып, қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
- интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
- аяқталған жұмыс бойынша мектептің шеңберінде немесе одан тыс жерде мультимедиялық таныстырылым жасау.
13. Кейс-стади.
Кейс-стади - бұл нақты оқиға мен жағдаятты талдауға арналған іскерлік ойын. Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылар топтық сұрақ-жауап кезінде шығарылған мәселенің маңызын түсіндіріп, жағдайды бағалайды, оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді.
Кейс-стадиді қолдану:
- жүйелі, корреляциялық, факторлық, статистикалық және тағы басқа талдау біліктіліктерін шыңдауға мүмкіндік береді;
- білім алушылармен қосымша тапсырмалар жасау нұсқаларын жобалайды;
- «ми шабуылы» пікірталасын өткізу, ғылыми дауласу, негізгі және әр жақты шешім бойынша дебаттар дайындалып өткізіледі деп жобалайды.
Кейс-стадиді қолдану барысында білім алушылардың дайын білімді меңгеруі емес оны өндіруге, яғни теориялық білімін практикалық міндеттерді шешуге қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен білім алушылардың ынтымақтаса шығармашылықпен жұмыс жасауына басты назар аударылады.
14. Дамыта оқыту.
Дамыта оқытудың мақсаты білім алушының күнделікті өмірге тәуелсіз, сонымен қатар ақиқатты іздей отырып, өзіндік оқуы арқылы білім алуға қол жеткізуі.
Дамыта оқыту әр білім алушының дербес танымдық әрекеттерге ұмтылуға құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалыптастырады. Білім алушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда қолданылатын дидактикалық ойындар, пікірталастар, сонымен қатар шығармашылық қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған түрлі іс-әрекеттерге білім алушыларды рту түріндегі оқыту әдістерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Дамыта оқыту білім алушының жан-жақты тұлғалық сапасының дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына, өзіндік оқу іс-әрекетіне талдау жасауға және оны басқара білуіне бағытталған.
15. Модульдік оқыту.
Модульдік оқыту – оқу ақпаратын блокты – модуль негізінде беру арқылы оқу процесін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жүзеге асырылады.
Модульдік оқыту барысында білім алушылар үшін оқытылатын білім көлемі ғана емес, оны меңгеру деңгейінің дидактикалық мақсаты тұжырымдалады. Модульдік оқыту білім алушылардың базалық дайындығының деңгейіне, жеке сұраныстары мен икемділігіне қарай оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды: оқу мазмұнын, меңгеруін, өзіндік деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі бақылауы бойынша қамтамасыз етеді.
16. Проблемалық оқыту.
Проблемалық оқыту – өзіндік дүниетанымын қалыптастырудың барынша өзекті құралы. Проблемалық оқытудың тиімділігі ол білім алушылардың сыни, шығармашылық, диалектикалық ойлауын қалыптастыру міндетін шешуден тұрады.
Проблемалық оқыту логикалық тәсілдер жүйесін немесе жекелеген шығармашылық іс-әрекеттерін, жаңа жағдаятта білімін шығармашылықпен қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ол шығармашылық тәжірибесінің молаюына, зерттеушілік әдістерді меңгеруіне, практикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
Проблемалық оқыту оқудың қажеттілігін, уәжін қалыптастыруға, яғни әлеуметтік құзыреттілігін, адамгершілік, танымдық қажеттілігін құруға мүмкіндік береді.
17. Дербес оқыту тәсілі.
Дербес оқу – оқу-тәрбие процесін дараландыруға, білім алушылардың жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-әрекеті тәжірибесін қалыптастыруға, өзіндік білімін көтеруге дайын болуы мен қажетсінуіне, білім алушылардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бәрі бірдей ортақ қарқынды жұмыс жасау арқылы барлық сыныпқа арналған тапсырманы білім алушының өзіндік орындау іс-әрекетін көрсетеді.
Білім, білік, дағдыларын жетілдіруде және қалыптастыруда өтілген материалды бекітуге дербес оқытуды тиімді пайдалануға болады. Дербес оқытуды тиімді пайдаланғанда әрбір білім алушының белсенді оқу әрекеті қамтамасыз етіледі. Ол әрбір білім алушының жеке қарқынды жұмыс істеуіне; білімде кеткен ақтаңдақтарды жоюға, саралап оқуға, әрбір білім алушының жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дербес оқыту білім алушының өзіндік бақылауын күшейтеді, өздігінен білім алуының негізі болып табылады.
18. Көркем-эстетикалық циклі пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыру барысында көркем-технологиялық тәсіл қолданылады.
Көркем-технологиялық тәсіл материалдар мен құралдардың негізін, композициялық заңдылықтарын, түстердің кіріспе негіздерін, көркем еңбек объектілерін құрастырудың технологиялық реттілігі туралы білімдерін қолдануға бағытталған білім алушының немесе топтың оқу-танымдық іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Нақты тәсілмен ресімделген іс-әрекеттің нәтижесін, реттілігін, келісілген оқыту әдістерінің көркем-технологиялық тәсілін қамтамасыз етеді».
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында байланыс айқындала түсуде. Осыған байланысты балалардың танымдық әрекетiн белсендiлендiру, оны тиiмдi басқару және дамыту, әдiстемелiк, ұйымдастырушылық және моральдiк – психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету күрделi педагогикалық мәселе ғана емес, маңызды әлеуметтiк мәселе болып табылады.Олай болса, әр мұғалім- көшбасшы дейтін болсақ заман сұранысына сай болу, осы жолда іздену,үйрену, теорияны практикада қолдана білу әрқайсымыздың міндетіміз.