Сыншы дос.
Дос жылатып айтады. Қазақ мақалы
Қазіргі күн сайын өзгеріп жатқан заманда балаларға тиісті білім беру үшін мұғалімнің өзі де тиісті деңгейде құзырлы болуы керектігі сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімнің «төрт құбыласының түгел» болуына ықпалын тигізіп, көмектесетін мәселелердің бірі ретінде оған әріптестерінің немесе осы салада еңбек ететін ғылыми қызметкерлердің қолдау көрсетуін атауға болады. Өзінің кәсіби тұрғыдан дамып, тәжірибесін жетілдіріп отыруды көздейтін мұғалімге «Менің кәсіби да муыма кім ықпал ете алады? Мені кім түсініп тыңдай алады? Белгілі бір мәселелерді жаңа қырынан көре алуым үшін кім маған дұрыс сұрақ қойып, жол сілтей алады? Кім маған жаңа идея туындатып, терең ойлануыма түрткі бола алады? Жұмысымның басы-қасында болып, оның қалай жүріп жатқанын білмесе де, оны түсіне алатын кім бар? Бір нәрсеге жаңаша көзқараспен қарауыма көмектесіп, ол туралы соны пікір ұсына алатын кім бар? Менің мықты болғаныма шын мәнінде мүдделі, маған риясыз көңілмен көмектесуге дайын адам кім? Мені ынталандырып, күш-қуат беретін кім? Маған үнемі алға қарап, жаңа бағыттарды зерттеп көруге, жаңа белестерді алуға құлшындыратын кім? Нәтижелерді ескере отырып, жұмыстың жаңа тәсілдерін ұсына алатын кім?» деген сұрақтар төңірегінде ойланған пайдалы болмақ. Аталған рөлдердің барлығын орындай алатын адам ретінде «сыншы досты» атауға болады. Бұл термин екіұшты болып көрініп, әрі белгілі бір шиеленіс тудырғанымен, өзінің бай және терең қуатымен баурап алады. Сондықтан әрбір мұғалімге түрткі болатын сұрақ қойып, пайдалы сын айта алатын сенімді адам керек. Осы басылымда мұғалімнің кәсі- би дамуында сыншы достың атқаратын рөлі, оның қызметі, «мұғалім – сыншы дос» қарым-қатынасының мәні қарастырылатын болады. Бұл әдістемелік құрал «сыншы дос» ұғымының мақсаты мен артықшылықтарын түсінуге көмектесіп, сондай-ақ мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіріп, анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуде оның мұғалімдер арасында кеңінен қолданылуына ықпал етуге арналған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ" Жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне арналған тренерлік бағдарлама
"ТӘЖІРИБЕДЕГІ РЕФЛЕКСИЯ" Жалпы білім беретін мектептің мұғалімдеріне арналған тренерлік бағдарлама
Сыншы дос.
Дос жылатып айтады. Қазақ мақалы
Қазіргі күн сайын өзгеріп жатқан заманда балаларға тиісті білім беру үшін мұғалімнің өзі де тиісті деңгейде құзырлы болуы керектігі сөзсіз. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімнің «төрт құбыласының түгел» болуына ықпалын тигізіп, көмектесетін мәселелердің бірі ретінде оған әріптестерінің немесе осы салада еңбек ететін ғылыми қызметкерлердің қолдау көрсетуін атауға болады. Өзінің кәсіби тұрғыдан дамып, тәжірибесін жетілдіріп отыруды көздейтін мұғалімге «Менің кәсіби да муыма кім ықпал ете алады? Мені кім түсініп тыңдай алады? Белгілі бір мәселелерді жаңа қырынан көре алуым үшін кім маған дұрыс сұрақ қойып, жол сілтей алады? Кім маған жаңа идея туындатып, терең ойлануыма түрткі бола алады? Жұмысымның басы-қасында болып, оның қалай жүріп жатқанын білмесе де, оны түсіне алатын кім бар? Бір нәрсеге жаңаша көзқараспен қарауыма көмектесіп, ол туралы соны пікір ұсына алатын кім бар? Менің мықты болғаныма шын мәнінде мүдделі, маған риясыз көңілмен көмектесуге дайын адам кім? Мені ынталандырып, күш-қуат беретін кім? Маған үнемі алға қарап, жаңа бағыттарды зерттеп көруге, жаңа белестерді алуға құлшындыратын кім? Нәтижелерді ескере отырып, жұмыстың жаңа тәсілдерін ұсына алатын кім?» деген сұрақтар төңірегінде ойланған пайдалы болмақ. Аталған рөлдердің барлығын орындай алатын адам ретінде «сыншы досты» атауға болады. Бұл термин екіұшты болып көрініп, әрі белгілі бір шиеленіс тудырғанымен, өзінің бай және терең қуатымен баурап алады. Сондықтан әрбір мұғалімге түрткі болатын сұрақ қойып, пайдалы сын айта алатын сенімді адам керек. Осы басылымда мұғалімнің кәсі- би дамуында сыншы достың атқаратын рөлі, оның қызметі, «мұғалім – сыншы дос» қарым-қатынасының мәні қарастырылатын болады. Бұл әдістемелік құрал «сыншы дос» ұғымының мақсаты мен артықшылықтарын түсінуге көмектесіп, сондай-ақ мұғалімдердің оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіріп, анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізуде оның мұғалімдер арасында кеңінен қолданылуына ықпал етуге арналған.
шағым қалдыра аласыз













