"Тәжірибедегі рефлексия курсы" бағдарламасы бойынша рефлексивті есеп

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тәжірибедегі рефлексия курсы" бағдарламасы бойынша рефлексивті есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәжірибедегі рефлексия курсы" бағдарламасы бойынша оқитын мұғалімдерге көмегі тиеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сайдуллаева Гулзада

Бастауыш сынып мұғалімі 2016- 2017оқу жылы

39 «Мырзашөл»ЖОМ КММ



Бастауыш сыныпта «Тәжірибедегі рефлексия курсы» бағдарламасы бойынша Сайдуллаева Гүлзаданың рефлексивті есебі.

«Ғылымы мен білімін дамытқан ел

ғана өркениет көшіне ілесе алады.»

Н.Ә.Назарбаев.

Өркениет біткеннің өзегі білім,ғылым,тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ шығар.Ал осы орайда жауапкершілік жүгінің көбін мектеп арқалайтыны бел-гілі.Мектеп- тұлға қалыптастырушы бесік.Мектепке жарық беріп,сәулеленді-ріп тұрған мұғалім. Оқушының білім сапасын заман талабына сай көтеру үшін оқытудың жаңа технологиясын күнделікті сабақ жоспарына енгізген,үнемі ізденуден жа лықпайтын жаңа әдісті меңгерген ұстаз нәтижелі табысқа жете алады деп ой- лаймын. Біздің ұлы ойшылымыз-Жүсіпбек Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан жаңаны табаты өнер»- деген екен. Сондықтан да мен педагогика жаңалығының тиімді әдістерін таңдап,тә-жірибеде қолдануды мақсат еттім.Сол үшін мен өз біліктілігімді арттыру мақ сатында Назарбаев зияткерлік мектебі бағдарламасы бойынша «Тәжірибедегі оқу курсын» оқыдым.Бұл бағдарлама аясында сабақ өту өте тиімді екендігі-не және бұл бағдарлама бойынша оқығанымда әдістерді теория түрінде оқып, жеті модульді сабаққа кіріктірудің артықшылығына көз жеткіздім. Еліміздің рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдістерді көп білуге тырысуы керек,оларды өзіне сүйеніш,қолғабыс ету әрбір маманның жадында болуға тиіс»-деген.Жаңа технологияның әдіс- тәсілдері оқушыларды тыным-сыз ізденімпаздыққа баулиды.Баланың еркін,терең,жан-жақты ойлауына, үз- діксіз жұмыс жасауына жол ашады.Бұл «сын тұрғысынан ойлауға үйрету»мо-дулі болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау-бұл жаңа форматтағы қазіргі жаңаша білім беру жүйесінде оқушылардың білімін дамыту үшін қолданылатын негізгі модуль-дердің бірі және бірегейі болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау мұғалімнің де,оқушының да түрлі мәселелерді талдап,талқылап ой елегінен өткізуін қамтамасыз етеді.Осы аталмыш модуль бағдарлама негізіндегі басқа модульдермен тығыз байланыста болады.Бұл жеті модульді бір-бірінен бөліп жаруға келмейді,олар бірлесе сабақтарға кіріктірілгенде ғана нәтижесі оң болады.Осы аталмыш технологияларды за-



ман ағымына сәйкес білім беру үшін міндетті түрде қолдану қажет. Сыни ойлау дегеніміз бұл дербес,яғни еркін ойлау болып табылады.Әр-бір оқушы еркін және дербес ойланғанда ғана өз идеяларын,пікірін,сенімін қорғай алады. Бұл жүйе еліміздің білім беру жүйесін дамытудың жоспарларының мақсаттарына сай келіп отыр.Бағдарламадағы тәсілдер мұғалімнің өз тәжіри-бесін түбегейлі өзгертуіне,болашаққа жоспар құруына,және ол жайында са- налы түрде ойлануына алып келеді. Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр.Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен мең геруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады.Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.Осылайша,оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады.Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру ба- рысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп,қабылдайды екен.Сон- дықтан мұғалімде Шульман «мұғалімнің үш көмекшісі»(Shulman 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады.(МАН 8-бет) Әрине біздер осы оқып үйренген жаңа әдіс-тәсілдерді тек оқып қана қоймай,оны практика жүзінде балаға сапалы білім беруде қолдануға әрекет жасаймыз.Осы айтылғандарға байланысты мен өзімнің бұрынғы өтіп жүрген дәстүрлі сабақтарыммен жеті модульді кіріктіріп өткен сабақтар арасында үл кен айырмашылық бар екенін түсіндім. Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа сабақтың мақсаты мен тақырыбын ашуда және түсіндіру барысында берері мол.Бұл әдісті қолдану арқылы баланың пәнге деген қызығушылығы артады.Әрбір сабақта оқушылардың пәнге қы-зығушылығын арттыруды көздеу тиіс. «Қызықтырар ұстаз болса,қызықпай- тын шәкірт болмас»-деп К.Д.Ушинский айтқандай негізгі мәселе оқушылар-ды сабаққа қызықтыра білуде,дарынды және алғыр оқушылармен жеке жұ- мыстар жүргізуде.Олардың мүмкіндіктері жоғары,олардың тағдыры біздің яғни ұстаздардың қолында.Олар таланттар.Талант дегеніміз А.М.Горький айтқандай «Жұмыс процесіне,білімге деген махаббат» шығар.Талантты неме-се қабілетті анықтай отырып, бастауыш сыныптарының мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар»ретінде көрсетуге тиіс(Еupe and Lowe,2002) деп айтқандай дарындылығын анықтап,деңгейлік,шығармашылық тапсырма-ларды беріп отыруымызды қажет етеді екен. Мектептегі тәжірибе кезінде мен осы Назарбаев зияткерлік мектебі бағдарламасының модульдерін енгізіп сабақтар топтамасының алдымен орта мерзімді жоспарын,кейін қысқа мерзімді жоспарымды түздім.Бұл бағ-дарламаның негізінде оқушыларда өзінің оқуы үшін жауапкершілікті өз мойнына алу қажеттігі пайда болады.Осы пікірлерді есепке ала отырып мен бастауыш сынып мұғалімі болғандықтан сабақтарымды қазақ тілі пәнінен және математика пәндерінен өзімнің 3 «Ә»сыныбымда өттім. Топ ережесі:1.Спикеріміз бар және алмасып отырамыз.2.Уақыт қадағалаушымыз бар.3.Бәріміз белсенді жұмыс істейміз.4.Әрдайым көмекке дайынбыз.5.Екінші топты сыйлаймыз.6.Жаңа мәлімет аламыз.7.Біз бір-бірімізді сыйлауды ұмытпаймыз.Топтық ережені түсіндірудегі мақсатым сы- ныпта оқушылар бір-бірін тыңдамаса,біріне –бірі қолдау көрсетпесе,бірінің сөзіне екіншісі кекесінмен қарайтын болса ол жерде нәтижелі білім болмай-ды.Және де сыныптағы оқушылар бір-біріне ынтымақтастық атмосферада бо-лады.Сыныпта жағымды ахуал қалыптасқан жағдайда білім беру де саналы болады.Осылай бір-бірін тыңдай отырып,өз ойларын бөлісе отырып,идеяла-рын салыстырады да нәтижесінде өзін-өзі реттейді.Алдындағы үлгерімі жоғары құрдасының көмегімен,яғни ЖАДА-на кіре отырып білім алады.Үй тапсырмасына берілген жаттығуды тексеру және өткен сабақты бекіту кезінде жаттығуды әр топтың оқушыларына оқыттым және бір-бірін бағалат-тым.Өткен сабақты бекіту кезеңінде 1-топ «Фишбоун»әдісі бойынша,2-топ «Желпуіш» әдісі бойынша,3-топ «Сұрақ-жауап» әдісін пайдалану арқылы тап сырманы топпен орындады және сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсті.Бұл жер де топтық бағалауды қолдандым.Топтық жұмыстың ерекшелігі оқушылар топта тапсырманы бірге талқылай келе бір-біріне үйретеді,бір-бірін бағалай- ды.Соның нәтижесінде сынып ішінде үлгермеуші оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып,сабақ үлгерімінің жақсаруына көз жеткіздім. Осы сабақты дайындау барысында сандық технологияның және АКТ-ның пайдасы көп екендігіне көз жеткіздім.Мұндағы АКТ-ның сиқырлы күші оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының артуына ықпал етті.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту үшін жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында суреттермен жұмыс жасаттым.Олар суреттегі заттардың атауын айтып,әр сөздің бас әріптерін алып оқи отырып жаңа сабақтың тақырыбын анықтады. Менің оқу барысында үйренгенім оқушыларға бұйырып сөйлеуге, «се-нің жауабың дұрыс емес!»-деп айтуға болмайтынын білдім.Оқушы сөзін ашық айту үшін жағдай жасау керек екен.Оқушы үнінде тыңдау керек екен. Сонда ғана оқушыда сенімділік пайда болып,өзіндік пікір қалыптасатынды-ғына тәжірибе барысында көзім жетті.Оқушының ойын соңына дейін тыңдап, пікірін назарда ұстау керектігін түсіндім.Оқушы егер дұрыс жауап бермесе оған түрткі сұрақтар қою арқылы өзінің қатесін тапқызу немесе дұрыс жауап айтқан оқушымен салыстыру арқылы,оқушы өзін-өзі реттейтінін түсіндім. Бастауыш сынып оқушылары жас ерекшелігіне қарай мақтауды, мадақтауды ұнатады.Мен сабақ өту барысында байқағаным оқушылар жаңа форматтағы қазіргі жаңаша білім беру жүйесі бойынша әдіс-тәсілдерді жетік меңгермегенін байқадым.Дегенмен де мен «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін сабақтарыма енгізгенімде олардың сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын,суретпен жұмыс жасау,жаттығулар орын- дау кезінде кейбір оқушылардың талантты,қабілетті,дарынды екеніне көз жет кіздім және олардың сабаққа деген қызығушылықтарының артқанын,өздеріне деген сенімділігінің артқанын байқадым.Топтық тапсырмалар орындау кезінде әрқайсысы топ үшін атсалысқандарына куә болдым.Мен үшін ең тиімді сабақ ол- нәтижелі сабақ. Ал сабақтың нәтижесі оқушылардың орын- даған тапсырмаларынан байқалады.

Бұл курста оқу барысында мен бағалаудың түрлерімен таныстым. Александер\2001\ «Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Сондай-ақ баланың дамуы, оқуы және уәжі туралы түсінік,  өзін-өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады» -  дейді.  (Нұсқаулық 55) . Оқытуды,әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақ- сарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. Егер бағалау мақсаты баға қою,сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса,онда өзінің функ-циясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Оқыту үшін бағалау- бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын,қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.(МАН 58-бет) Сабақта критериалды бағалауды қолданудың маңыздылығы оқушылардың өздерінің қай деңгейде екендіктерін түсінуіне ықпал етеді.Яғни сабақтан күтілетін нәтиже:оқушылардың өз беттерінше оқуға,білімге деген құштарлықтары артады,логикалық ойлау қабілеттері,сыни ойлау қабілеттері жүзеге асады,өз-өздерін бағалайды,өзіндік пікірлерін еркін,ашық айтуға дағдыланады. Сабақ барысында оқушыларға бірін-бірі бағалауда,топтық бағалауда формативті бағалауды қолдандым.Сабақ соңында жиынтық бағалауды өзім журналға қойып отырдым. Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді ынтымақтастық атмосферасын орнату кезеңінен бастадым.Мен мұнда сабақтың алғашқы бетпе-бет кезеңіндегі сабағымда жасаған топтық,жұптық тапсырмаларды,сергіту жаттығуларын және бейне сюжеттер көру арқылы олардың ойлау мүмкіндіктерін анықтау мақсатында бақылау жасадым.Бақылауға үш деңгейдегі оқушыларды «жоға-ры», «орташа», «төмен» деңгейдегі оқушылардың іс-әрекетін бақыладым. Мен сабағымның сергіту сәтінде және ой толғаныс кезеңдерінде оқушыларға тапсырмалар беріп,ойын арқылы сабақты меңгертуге тырыстым.Бұл кезеңде мен М.Жанпейісованың «Оқушыларды активтендірудің негізгі формасы –ойын» деген сөзін есепке ала отырып жүзеге асыруды ойладым.Оқушыларға « Көңілді шумақтар»өлеңін оқу барысында өлең шумақтарындағы кейбір сөздердің буындарына бір санының атауын қосып оқу болатын.Ал ой толғаныс кезеңіндегі «Кім жылдам»ойынында әр топқа тапсырмалар бердім. 1-топ.Сандарға қатысты алты сөзді табу.2-топ.Қандай сан есім жасырынға- нын табу.3-топ.Көп нүктенің орнына керекті сан есімді тауып айту керек болатын.Ойын барысында байқағаным әр топтағы орта деңгейдегі оқушылар ұтымды жауаптар айтып,өздерін көрсете білсе,төмен деңгейдегі оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артып,оларда тапсырманы орындауға бар күштерін сала атсалысты.Ал жоғары деңгейдегі оқушылар тап сырманы тез орындап қойған соң сыни тұрғыдан ойлана алмады. Сабақтар өту барысында менің байқағаным оқушылармен пікір алмасып ,диалог құруда оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін сұрақтар беруде,шығармашылық тапсырмалар беруде оқушылардың әрқайсысының өз деңгейлеріне қарай беру керек екен.Ал ол сұрақтар мен тапсырмалар оқушы- ларды міндетті түрде сыни тұрғыдан ойландыру қажет.Сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушылар ойланады және дұрыс айтқан жауаптардың өзіне сыни тұрғыдан қарай отырып оның басқаша жауаптарын іздей бастайды.Оқушы тапсырманы орындау үшін бірінші өз бетінше ойланады,сонан соң топта басқа оқушылармен әрқайсысы өз ойларын бөліседі,пікір алмасып бір ортақ шешімге келеді.Осылайша оқушылар тапсырмаларды түсіну,талдау, салыстыру арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.Барлық мұғалімдер оқу-шыларға білім беруде жоғарғы жетістіктерге жету барысында қолайлы жағдай қалыптастыруға тырысады.Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «Дарынды бақылаушылар»ретінде көрсетуі тиіс.(МАН 68-бет)Осы орайда менің байқағаным дарынды және талантты оқушылар әрдайым белсенді бола бермейді екен,кейбіреулерінің мінезі тұйық болады.Сөзге онша жоқ болғаны- мен ойлау қабілеттері жоғары болып,тапсырмаларды тез орындайтындығын байқадым. Талпынғандар ғана білім алады,білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет,сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсартуы үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс іс- теуі қажет.(Мұғалімге арналған нұсқаулық.54-бет ) Мен өзімнің келесі сабағымды өтпес бұрын тәжірибе алмасу мақсатын- да,курста бірге оқыған әріптестерімнің сабақтарына ендім және менің сабақ- тарыма енген мұғалімдердің ұсыныстарын ескере отырып,келесі сабағымды математика пәнінен өттім.Бұл сабақты математика пәнінен өту себебім оқу-шылардың басым бөлігі математика пәніне қызығады.Олар математика пәні-нен көп нәрсе түсінгісі,білгісі,үйренгісі келеді.Ойын түрлерін сабақтарға көбірек енгізгенімді сұрайды. Ойын- бұл үйренудің ең тиімді әдісі деп айтылғандай, өтілген матери-алды бекіту сабағымда тапсырмаларды орындау барысында ойын түрлерін сабақ жоспарыма енгіздім.Сабағымның алғашқы ұйымдастыру кезеңінде «Шаттық шеңбері арқылы» психологиялық атмосфера орнатудан бастадым. Қуанамын мен де,Қуанасың сен де,Арайлап атқан күнге.Үлкенге де сіз.Кіші-ге де сіз.Құрметпенен бәріміз,Бас иеміз біз. «Миға шабуыл» әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтарға жауап беріп,сұрақ-жауап ар- қылы диалогқа түсіп,топпен тапсырманы орындады.Сабақта оқушылардың өз-өздерін бағалауын ұйымдастыру үшін әр топқа «Бағалау парақшаларын» таратып бердім.Бұл арқылы мен сабағымда «Оқыту мен оқуды бағалау» мо- дулін пайдалана алдым.Оқушыларға қалай бағалау керектігін түсіндірдім. Одан соң әр топ өз топ басшысын сайлады.Топ басшылар өздерінің тобында- ғы мүшелерін әр тапсырма бойынша формативті бағалап отырды,соңында жиынтық бағаны өзім қойдым.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылық-тарын арттыру мақсатында «Тез ойлан» әдісін пайдаландым.Мұнда 1-топ бір санды бір санға бөледі,2-топ шыққан санды тағы бір санға бөледі,3-топ одан шыққан санды тағы бір санға көбейтеді.Екінші тапсырмаға «Математикалық диктант» орындау болды.Бұл тапсырманы орындауда бәсекелестік пайда болды.Әр топ мүшелері тапсырманы тез орындауға,бірінші болуға тырысты. Сабақ барысында тапсырмалар орындау кезінде де оқушылардың қызығушылықтары арта түсті.Сергіту сәтінде оқушыларға математикалық жұмбақ қойдым.Бұл тапсырма олар үшін өте қызықты болды.Менің алдыңғы сабақтарымнан ойға түйгенім оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды күнде- лікті сабақ жоспарына енгізу.Өйткені кейбір оқушыларға тапсырмаларды орындау қиынға соқты.Олар үшін сабақ қызықсыз болды деп ойлаймын.Сол үшін мен осы сабағымда оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беруді ұй- ғардым.Сабақ үлгерімі жоғары оқушыларға логикалық тапсырмалар бердім. Ал сабақ үлгерімі орташа және төмен оқушыларға өз деңгейлеріне қарай тапсырмалар бердім.Мен оқушылардың сабақты қаншалықты дәрежеде мең- гергенін білу үшін кері байланыс алдым.Кері байланыс бере отырып оқушы- лар өз-өздерін бағалады. Менің ойымша әлі де болса оқушылар өз ойларын,пікірлерін еркін айта алмай жатыр.Әрине бір сарынды өтетін сабаққа үйреніп қалған оқушылар, барлығы бірдей жаңаша әдіс-тәсілдерді меңгеруі,өз ойларын жеткізе алмауы ол қалыпты жағдай деп ойлаймын. Бұл бірте-бірте жүзеге асатын іс-әрекет деп ойлаймын. Менің ойымша қазіргі уақытта мұғалімдерде мынадай қасиеттер болуы керек:педагогикалық,психологиялық білім деңгейінің жоғары болуы,қарым-қатынас,зерттеу, ұйымдастыра білу,сұрау,бағалау іскерлігінің жоғары болуы,ізденгіш,әділ,мейірімді,байқампаз,төзімді,белсенді,адал,еңбекқор. Нақты нәтижелерге жету үшін,әрбір пән мұғалімдері мейлі ол бас- тауыш сынып немесе жоғарғы сынып мұғалімдері өз пәндері бойынша білімінің тереңдігінен басқа,сол білімді оқушыларға игерту әдіс-тәсілдерінің жоғары деңгейде болуы,ең бастысы жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді игере білу қажет.Нақтысын айтқанда біздің алға қойған мақсат біреу ғана:Оқушы- лардың білім,білік дағдыларын,сыни ойлау қабілетін дамыту,пәнді тереңдете жан-жақты оқыту,олимпиадаларға қатыстыру. Биыл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жа андық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында Қазақстан халқына жолдау жолдауында білім беру жүйесі ту- ралы: Ең алдымен,білім беру жүйесінің өзгеруі тиіс.Біздің міндетіміз-білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Сонымен бірге, ІТ-білімді,қаржылық сауаттылықты дамыту қажет.Қала мен ауыл мектепттері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажет. Атап айтқанда,үш тілді оқуға кезең-кезеңмен көшу.(Н.Ә.Назарбаев) Ел бірлігі-біздің барша табыстарымыздың кілті.Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін табысты өткізіп,еліміз- дің мерейі өсе берсін.Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті,болашағымыз жарқын болсын.





.















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
2841
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі