«Тәжірибедегі рефлексия»
курсы туралы рефлексивтік есеп
Бекбаева Эльмира
Досымжановна
технология пән
мұғалімі
«Егер сен болашақтағы
өзгерісті көргің келсе-
осы
өзгерісті өз уақытыңда
жаса»
Махатма
Ганди
Қоғам барған сайын күрделене
түсуде . Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиеттке ие ұрпақ
қалыптасып келеді. Осының бәрі білім мен ғылым саласына байланысты.
Сондықтан білім беруді жетілдіру ақпараттандыру, білім алушылардың
танымдық шығармашылқ қабілетін арттыру, оқу дағдысын жітілдіру
мәселелері көтерілуде.Жаңа технологияға негізделген сабақты
дәстүрлі емес типтері жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
пробеманы оқыту, интерактивті тақтаны пайдалану, модульдік оқыту
тағыда басқа қайысысын алсақта жеке тұлғаны білім мен білікпен
қаруландырудың түрлі құралдары болып
табылады.
Қоғам барған сайын күрделене
түсуде .Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиеттке ие ұрпақ
қалыптасып келеді. Осының бәрі білім мен ғылым саласына байланысты.
Сондықтан білім беруді жетілдіру ақпараттандыру, білім алушылардың
танымдық шығармашылқ қабілетін арттыру, оқу дағдысын жітілдіру
мәселелері көтерілуде.Жаңа технологияға негізделген сабақты
дәстүрлі емес типтері жаңа ақпараттық технологияны пайдалану
пробеманы оқыту, интерактивті тақтаны пайдалану, модульдік оқыту
тағыда басқа қайысысын алсақта жеке тұлғаны білім мен білікпен
қаруландырудың түрлі құралдары болып
табылады.
Бүгінгі күнде ең алдымен,
оқушыға оның қажеттілігімен қызығушылығына көңіл аударуды күшейту,
әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып,
оны толық ашуға мүмкіндік болған жағдайда құру қажет. Осыған орай
қазіргі мұғалімдер алдында тұрған міндет оқушыға белгілі бір білім
жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып,
олардың әрқайысысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту
болып табылады.Сондықтан оқушылардың сабаққа қызығушылығын
арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педогогикалық
шеберлігіне байланысты. Өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін
,ол қызықты болу керек. Осыған қол жеткізгенде ғана мектеп оқушылар
үшін рухани ошағына , жетпес қазынасына айналатынына сөз
жоқ.
Қазақстан Республикасында орта
білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің оқыту тәжірибесін
жетілдіру қажеттілігінің маңызы арта түсуде. Осыған орай
мұғалімдердің тәжірибесін арттыру және қолдау көрсету мақсатында
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттырудың деңгейлі бағдарамалары бойынша біліктілігін арттырған
мұғалімдердің әлеуетін пайдалану қарастырылған. Осы мақсатта
мектебімізде ұйымдастырылған «Тәжірибедегі рефлексия» тақырыбындағы
мұғалімдер дайындау курсына 20 қараша күні басталды. Мұнда
бағдарлама мақсатымен, міндеттерімен таныстым. Бағдарламаның
оқу-әдістемелік кешені арқылы ұстазға қай бағытта қалай жұмыс
жүргізу керектігінен хабардар болдым. Бұл бағытта бізге дәріс оқып,
бағыт беруші тренеріміз- Хайруллина Алмагуль Орынгалиқызы болды.
Курстағы оқу мақсатым оқушылардың шығармашылық, зерттеу, сын
тұрғысынан ойлау, логикалық ойлау және проблемаларды шешу
дағдыларын дамытуға көмектесетін педагогикалық әдіс-тәсілдерді
меңгеру әдістемесін оқып-үйрену. Осы мақсатта оқып үйрене отырып,
оқыту үдерісін жоспарлау, оқушыларымызды оқыту үдерісіне тарту, АКТ
құралдарын тиімді пайдалану, сыни ойлау дағдыларын дамыту, жүйелі
бағалау, оқу үдерісі туралы рефлексия жасау машықтарын
меңгердім.
«Сені сөзіңе қарап таниды,
ісіңе қарап сынайды»- демекші, ертеңгі күні мектеп ұстазы қандай
ерекше қасиеттерімен танылуы керектігін тәжірибе жүзінде өз
іс-әрекеттім арқылы дәлелдеп көрсете алдым деп
ойлаймын.
Әріптестермен жұмыс жүргізу
кезінде рөлдік ойындарда сомдау арқылы мектеп тренерінің әр түрлі
қырынан өзін көрсете алу шеберлігін меңгердік. Оқыту әдістерінің
түрлерін оқып-үйреніп, тәжірибеде жүзеге асыру мақсатында шеберлік
сабағын, тренинг, семинар, коучинг, дөңгелек үстел, кейс әдістерін
үйренуде топтық жұмыстар арқылы өзара білім алмастық. Болашақ
тренерлер өзіміздің қарым-қабілеттерімізді бір жерде көрсетіп
жатсақ, бір жерде әріптестерімізден үйреніп, толықтырып
жаттық.
Оқыту әдістері: мағынаны тану,
модерация, социометрия, тақырыптық жаттығулар әдістерін меңгеру
үшін осы тақырыптарға ықшам сабақтың жоспарын құрдық, өзара
тәжірибе алмастық.
Қазақстанда білім беруді
дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық
түсінік- сын тұрғысынан ойлау. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін
дамытуға байланысты тыңдау мен зерттеу арқылы оқу, мәнмәтінге көңіл
бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты
дағдылармен қоса, қажетті теориялық базаны меңгере отырып, тиісті
әдістер мен технологияларды сараладық. Бұл бағытта «Сын тұрғысынан
ойлау технологиясының әдістері» жәрмеңкесін өткізіп,
әріптестерімізбен әдіс-тәсілдердің көптеген түрлерімен тәжірибе
алмасып, өзіміздің әдістемелік қоржынымызға
салдық.
Өзіндік танымға, өз эмоциялары
мен сезімдерін, жағдайларын, қабілеттерін, мінез-құлқын талдауға
бағытталған ойлау үдерісі- рефлексия мен кері байланыс туралы
бұрыннан білетін мағұлматтарымызды кеңейте меңгердік. Бұл бағытта
«Желпуіш» тәсілін пайдаланып, топ аралық білім алмастық, постер
жасап, қорғау арқылы рефлексия мен кері байланыстың бір-бірінен
айырмашылығын осы курс кезінде ажырата білдім. Бұрын мен әр
сабағымның соңында, коучинг-сессиямның соңында « рефлексия
дегеніміз- сананың өткенге жүгінуі»-деп сабақ туралы пікір
қалдыруға ұсыныс жасап жүрдім. Мұндай кезде оқушыларым немесе
әріптестерім өздерінің алған әсерлерін, мұғалімге тілегін жазып,
ішінара ұсыныстар қалдырып жүрді. Бұл жерде менің осал тұсым- екі
ұғымды бір ұғым ретінде қарастыруым екен. Демек, рефлексия- адамның
өзіне, өз әрекетінің нәтижесіне баға беруі, ал кері байланыс- өзара
әрекеттестер арасында берілетін баға беру түрі деп ұғындым.Кері
байланыс ұйымдастыру әдістерінің бірі- алмасу арқылы брейфинг
өткізіп, «ОҮБ» тақырыбындағы ықшам сабақта қолданылуына талдау
жасадық. Мұндай алмасу арқылы білімді қабылдау- шынайылық пен сенім
жағдайын қалыптастыруға мүмкіндік беретініне, сондай-ақ топтың
энергиясын теңестіретініне көз жеткіздік.
Осы курста жеті модульдің
сабақта қарастырылған идеялары мен байланысын ескере отырып, сапалы
оқыту- мұғалім бейнесімен танылатын, сан алуан элементтер
арасындағы байланыс болып табылатынын, белгілі бір деңгейде жүзеге
асырылатынын оқу барысында түсіндім. Мұғалімнің рефлексиялық
қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін
есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс»
болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не
тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып
өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Мұғалімдер білім беру
технологиялары саласында дағдыларды игеріп және оқуда тиімді құрал
ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге
тиіс. Мұғалім болған соң оқушы
алдында сабақ беру –құдірет екенін кез келген ұстаз сезіне біледі
және өз мамандығын сүйетін адам. Сол сияқты ұзтаздық мамандықты
таңдағаннан кейін оның қыр - сырын үйренуге ерінбеу керек . Осыған
дейін біздің өткізген дәстүрлі сабақтарымыз оқушылардың ойлау, даму
деңгейін ескермей, оқушының ой- пікірімен санаспай «орташа»
оқушыға бағытталған сабақ болды. Оның мақсаттары
оқушыға емес, мұғалімге арналып жазылды. Әр сабақта «
Қандай нәтижеге қол жетеміз?» - деген сұрақтар
туындаған жоқ. Сабақ барысында мұғалім өзі баяндаушы, өзі
бақылаушы, өзі бағалаушы болды. Қазіргі таңда енгізілген
өзгерістер: сабаққа жаңа тұрғыдан мақсат қою мен оқу
нәтижелерін анықтау; қойылған мақсатқа және оқу нәтижелеріне
қол жеткізу үшін оқытудың жаңа әдістерін қолдану; оқушы және
мұғалім рөлін өзгерту болып
табылады.
Аталған өзгерістерді мен
таңдап алған бесінші сынып оқушыларының оқу үдерісіне енгізе
отырып, сабақтар жүргіздім. Мектепте тәжірибеден өту
барысында тізбектелген екі сабағымның орта мерзімді жоспарына жеті
модульді ықпалдастыра отыра құрдым. «Қонақты қарсы алу дәстүрі.
Қазақ халқының қонақ күту ерекшелігі» тақырыбы бойынша бір қысқа
мерзімді сабағымды бердім. Алғашқы сабағымды да оқушылар маған
аңырай қарап неліктен сабақ бұлай өзгеріп кетті деген ойда
отырғандары көздерінен көрініп тұрды. Сабағымды бастама бұрын
өткізбейтін тренигтер өткізіп олардың қызығушылығын оятым . Олар
енді мені қүнде асыға күтетін болды. Одан топтарға бөлу, олар үшін
қызық болды. Сабағымның өзіндік ерекшелігі болды. Трениг , топқа
болу ,сөзжұмбақ арқылы сабақтың негізгі сөзіне анықтама беру,постер
қорғау,рефлексияда кері байланыс жасап қызықты ,өз –өздерін бағалау
өте қызықты өтті.Бұл сабақтарымдағы сәтті тұстары көп болды
күнделікті сабаққа қызығушылықпен қарауы ,эмоцияға
берілуі,ізденпаздықтары,екі жұлдыз бір ұсыныс жазғандағы сұрақтары
мені ойландырды.Ал сәтсіз тұстары осындай жалындап тұрған
оқушыларымды осы уақытқа дейін менің көрмеуім,сол себептен
балаларымның дарындылықтарын ,жас ерекшеліктерін аңғармай өткізген
сабақтарымның жеткіліксіз екенін көрдім ,ізденуім
қажет. Кәсіби бағдар беру — жас ұрпақты өзіне ұнаған
тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған
іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар
әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын
талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс,
шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика
жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа
мүдделілігін тәрбиелеуді қажет
етеді. Осындай 7 модульдік сабақ
құрастыру технологисы бойынша тоғызыншы қазақ сыныбында және
тоғызыншы орыс сыныптарында «Кәсіби қызмет ету саласының
технологиясы» тарауы бойынша орта мерзімді сабақ жоспарын құрып 9
«а» сыныбында «Жеңіл өнеркәсібіндегі қызмет. Сауда саласындағы
мамандықтар»атты сабақ өткіздім, ал орыс тоғызыншы сыныбында осы
тақырыпты технология және эстетикалық тәрбие беру әдістемелік
апталыіында ашық сабақ
өткіздім.Топқа түрлі – түсті кәміт
арқылы бөлдім,сергіту сәтін өткіздім,ресурстарға
АКТ-ны,бейнежазбалар қолдандым. Оқушыларға әртүрлі тақырыпты
талдауға тапсырмалар бердім.
Тапсырмаларды постермен қорғаттырдым.
Оқушыларға кері байланыс жазуға қалыптастыру мақсатында рефлексия өткіздім.Стикерлердегі рефлексияларды оқып талдау жасағанымда оқушыларыма жаңа әдіске деген қызығушылығын,оң көзқарастарын байқадым.Бұдан өзімнің даму жоспарына енгізгелі отырған өзгерістерім және жоспарды іске асыру үдерістерім оң шешім тауып,нәтижелі болатындығына көз жеткізгендей болдым Осы сабақтардан көп әсер алдым
. Міне, осылай өзімнің әркүнгі сабағыма жеті модульді қолдана
білдім .
Осы бағытта «Тәжірибедегі
рефлексия» бағдарламасының тақырыптары бойынша «Сын тұрғысынан
ойлау» тақырыбына ықшам сабақ өткізу тапсырмасын алдым. Қатысушылар
алдына ақпарат және проблема қою арқылы сыни ойлауды қалыптастыру
мақсатын қойдым. Ықшам сабағымды үш кезеңге жоспарладым:1-кезең «Ой
шақыру»-да топтарға сөзжұмбақ шешу ұсынылды. Дұрыс әрі тез
орындаған топтарды жұлдызшалармен бағаладым. Өз жұмыстарының
нәтижесін тексеру үшін интерактивті экранда тақырыптың негізгі сөзі
шықты. «Көкөніс» сөзіне өздеріне ассоциация құруға бердім. Осы
бөлім, жақсы көңіл-күй ахуалы туғызыды.
2-кезең «Іске асыруда»
тақырыптық класстер құрастыру тапсырмасы берілді, топтар өздеріне
ұсынылған қағаз бөліктерін қосымша жабдықтармен қоса пайдалануы
керек. Топтар ойланды. Ойланудың қандай да болмасын қиындық,
ыңғайсыздық, күмән туғанда пайда болатындығы туралы философ-Джон
Дьюи: «Ойлау тығырыққа тіреліп, таңдау жасау кезде басталады »
деген пікірін ескеріп, топтар арасына «Көпіршелер» қойдым. Ол
көпіршелерде « Келісіп пішкен тон келте болмас», « Бірлік бар жерде
тірлік бар», «Көптің күші бірлікте», «Ырыс алды- ынтымақ»
мақал-мәтелдері жазылған болатын. Бұл көпіршелер арқылы олар топ
болып ынтымақтаса отырып тапсырманы орындау керектігін ұғынды.
«Менен қандай көмек керек?» ситуациясын қойып, өзім де ықпалым бар
екенінен хабар бердім. Тапсырма орындалды. Топтарға не
жасалғандығы, қалай жасалғандығы, қозғалу бағыты туралы сурақтар
қоя отырып, сабақ проблемасының шешімін курстағы іс-әрекеттерімен
салыстырып байланыстыруын ұсындым. Қатысушылар жұмысына «Ду қол
шапалақ» бағасы берілді.
3-кезең «Кері байланысқа»
«Ашық айтсам....» бетшелерін сарапшы топтарға жолдап, кері байланыс
алдым.Нәтижесінде қатысушылар сабақ проблемсын шешуге бағыттала
отырып, ойлау дағдыларын дамытты, ынтымақтастықта шешім қабылдап,
талдау жасады. Тұжырым жасап,
қорытындылады.
Менің жетістігім «Ой шақыру»
кезеңі арқылы сабақ тақырыбын айқындауға бағыттадым. Сабақ
проблемасын шешуде ойлау жүйесін кеңейту үшін көпіршелерді
пайдалану арқылы мүмкіндік бере алдым, сондай-ақ бағалауда
жұлдызшаның қолданылуы да тақырыпқа сай таңдалып алынды. Дегенмен
де, сабақ жүрісі кезінде топ мүшелерінің барлығының бірдей
қатыспауы, пікір айту кезінде шолақ жауаппен шектелу, ойын еркін
білдіре алмау жағдайлары болды. Мұндай кедергіні жою үшін
қатысушыларды сыни ойлау дағдысын әлі де жетілдіру, бірлескен жұмыс
түрлерін мазмұнды, жоспарлы түрде жүргізуім керек. Ең бастысы сабақ
кезеңдерін бір-бірімен жүйелі байланыстырып, сұрақ қою дағдысына
машықтануым керек деп ойлаймын және сол сұрақтардың жауабы арқылы
білім алушы берілген білімнің түйінін өзі тауып
тұжырымдайды.
Қорыта келе, осы курсты аяқтап
білім беру саласына енгізілген тың жаңалықтардың жаршысы болып
аттанғалы отырмыз. «Тәжірибедегі рефлексия» үйреткен ұстаздық
қабілетімізді дамытып, шыңдай түсу үшін, бағдарлама идеясының
жүзеге асуына бар күш-жігерімізді салуға
тиіспіз.
Осы курс барысында өз
тәжірибемде үлкен, айқын өзгерістерге
қадам бастым, әрине, ол өзгерістер жеті модуль
идеяларына қатысты. Тек тәжірибем ғана емес, көзқарасым, ұстанымым,
құндылықтарым, жалпы өзім өзгердім. Менің
ойым бірнеше жылдар бойы ұстаздық етіп қалыптасқан,
нақтыланған, жан-жақты зерттелген деген нық сенімді оймен қолданып
келген дәстүрлі әдісіміз маған тиімді де, ешқашан өзгермейтін
сабақ үлгісіндей болып кеткен еді. Ешқашан мен осы ойымды өзгертем
деп ойланып көрмеппін. Сол кездегі тиімді деп өткізіп келген
дәстүрлі сабақ берудің үлгісін, қазіргі оқып жатқан курстың
негізінде құрылған сабақтың үлгісімен салыстырсам
айырмашылықтары жер мен көктей екені айқын көрініп тұр.
Дәстүрлі әдіс бойынша қырық бес минут бойы өзім сөйлеп, өзім
іс-әрекет жасап, барымды салып түсіндіріп, түсінбеген жерін бірнеше
рет қайталап, суреттер, кесте арқылы көрсететін
тұстарым болатын. Өзім сабақ беретін сыныбында қалай
оқитындығы,қай оқушының берген білімді қандай дәрежеде
қалай қабылдайтынын білгендіктен әр оқушыға берілген
тапрсырмалар да баланың ойлау қабылеттерін ескере отырып беруге
тырысатынмын. Бұрынғы дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен
оқытып үйреніп қалған мен сияқты мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлау
қабылеттері дамыған оқушыларды қалыптастыру үшін өзімнің де
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерімді дамыта отырып, жаңашыл
идеяларға көп көңіл бөлу керектігін
түсіндім.
Мектеп тренерлері кәсіби
шеберлік пен кәсіби даму үдерісін меңгерген, тиімді оқытуды
жоспарлау жолдарын білетін, әріптестерін оқытуды жүйелі жүргізе
алатын, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгерген, өз жұмысының
нәтижесін бере алатын, әріптестеріне әрқашан қолдау көрсете алатын
сындарлы қалыптастырушы тұлға ретінде танылуы үшін тренеріміз-
Хайруллина Алмагуль Орынғалиқызының еңбегі ерекше деп айта аламын
және сол үшін алғысым шексіз.
31.03.2017
жыл.