Жангелдин
ауданы, Милісай ауылы,
«С.Мәуленов
атындағы орта мектебі» КММ-сінің
физика
пәнінің мұғалімі
Мадиева
Эльмира Қуандыққызы
Тәжірибелер
жүргізу арқылы оқушылардың физика
пәніне қызығушылығын арттыру
Мемлекеттік
білім стандартына сай келетін оқушының
білім деңгейіңе қойылатын талаптардың
бірі-оның тәжірибе жасау дағдысын
қалыптастыру. Физика сол тәжірибені
жасауда дағды қалыптастыратын
жаратылыстану пәндерінің ішінде
теориялық – эксперименттік ғылым болып
табылады. Оқушыларды оқытудың,
тәрбиелеудің, білімінің дамуының,
олардың еңбекке деген дайындығы тереңірек
орындалса, онда оқу –тәрбие үрдісінде
сапалық өзгерістерге қол жеткізуге
болады.
Оқушылардың
физикадан біліктілігі мен дағдысының
қалыптасуына бірден-бір әсер ететін
ол-физикалық тәжірибелерді жүргізу.
Орта
мектепте физиканы оқыту, үлгерімін
арттыру тек мұғалімнің сабақ өткізу
әдістемесімен ғана шектелмейді. Себебі,
физика бұл күнде тұрмысқа еңіп, қажеттілігі
күн сайын артып отырғандықтан, оны тек
теориялық жағынан жетілдіру жеткіліксіз.
Сонымен қатар еліміздегі өнеркәсіптердің
үздіксіз дамуы, оның технологиялық
талабының артуы әртүрлі техникалық
схемаларды игеруді талап етіп отыр. Бұл
орайда мектепте физикалық ұғымды
тереңдетуде сабақта физикалық тәжірибе
жүргізу үлкен рөл атқарады. Сол себепті
оқушылар физиканы тек теориялық тұрғыда
оқумен қатар практикалық маңызы зор
физикалық тәжірибелерді жүргізген
тиімді.
Физикалық
тәжірибе - физикаға қызығушылықты
арттырып, өзін-өзі қалыптастырады, яғни
тәжірибені орындау процесі кезінде
оқушылар жұмыстың практикалық
біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай,
өз білімін шығармашылық түрде игеру
мүмкіншілігіне ие болады. Физикалық
тәжірибе оқушыларға фактілерге
негізделіп, теориялық түрде алынған
физикалық түсініктерді тәжірибе арқылы
дәлелдеп көз жеткізеді, яғни меңгерген
түсініктері мен қалыптасқан білімдерін
практика жүзінде көздерімен көріп,
қолдарымен ұстап, жасап көруі арқылы
тереңдетуге көмектеседі. Тәжірибенің
жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың
физикадан үлгерімін артыруға мүмкіндік
береді.Алынған дағдылар мен біліктерін
оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана
пайдаланып қана қоймай, сондай-ақ кейін
де өз істерінде қолдана алады.
Физиканы
білмейінше,дүниенің қазіргі ғылыми
көрінісін жасау мүмкін емес. Физика
жалпы білім беретін мектептің негізгі
пәні,бұл пәнді оқушылар тек оқып,
теориясымен танысып қана қоймай, қайта
қолданылуын білсе жақсы болар еді. Осы
кезде ғана оқушының пәнге деген
қызығушылығы ашылады,мамандық таңдауына
көмегі тиеді. Кейбір кезде оқушылар
өздері түсінетін терминдерді жаттау
арқылы,берілген материалды тек оқып
алумен шектеледі. Сондықтан да физика
пәнінің білімділік пен тәрбиелік мәнін
терең түсіндіру үшін өмірмен байланысын
күшейту керек.
Қорыта
келгенде, тәжірибелер оқушыларды
ғылымды сүюге,білімін дамытып,пәнге
қызығушылығын арттыруға, өздігінен
жұмыс істей білуге,орындалатын жұмысқа
жауапкершілікпен қарауға, ұжымдылыққа,т.б
көптеген адамгершілік қасиеттарге
тәрбиелейді. Сондықтан да сабақты
қызықты етіп өткізу (мұғалімнің
шеберлігіне байланысты) арқылы оқушылардың
білімді өз беттерімен тереңдете алатынына
сенім қажет.