ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы студенттерінің
«КМ 04 Кәсіби практика» өндірістік тәжірибесі
бойынша жетекшісі Н.Ж. Қосымбаеваның
ЕСЕБІ
Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Кәсіби компоненттердің іскерлігі мен дағдыларын дәрісханада ғана отырып қалыптастыру мүмкін емес. Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді.
Каспий өңірі «Болашақ» колледжі білім алушылары өз кезегінде барлық оқу және өндірістік практикаларды өз кезегінен қалмай оқу процесімен қатар жүреді.
Өндірістік тәжірибе барысында:Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болды. Дене тәрбиесінен оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарын талдап, дене тәрбиесі мұғалімдерінің оқушыларымен оқу жұмысын жоспарлау жүйесін зерттеді. Дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысу, талдау жұмыстары жүргізілді. Жылдық кестесімен танысты. Практика кезеңіне оқу материалын бөлу жоспар-сызбасын жасақтау, дене тәрбиесі мұғалімінің тәрбиелік қызметін бақылап және талдады. Жоспар-сызба мазмұнына сәйкес бір топқа арналған оқу-жаттықтыру сабағының жоспарын дайындауды үйренді. Сабақтан тыс іс-шаралардың жоспарын жасақтау, ұйымдастырып, ашық сабақ жоспарлап өткізді. Спорттық іс- шара ұйымдастырып өткізді. Жылдық және қысқа мерзімді жоспар жасақталды.
Машықкердің қорытынды есебін тапсырды. Практика кезінде берілген тапсырмалардың барлығы толықтай қамтылды. Әр түрлі спорт ойындар ойнатылды. Студенттер оқу тәжірибесінде көптеген мәліметтермен таныс болды. Тек қана сабақ өтіп қана қоймай әр түрлі спорттық шаралар өткізді.
Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген оқу практикасы студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, олармен тығыз қарым – қатынаста болуына және студенттің пән бойынша психологиялық – педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізді.


Тәжірибе жетекшісі Қосымбаева Н.Ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тәжірибелік практика
Тәжірибелік практика
ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі

01140500 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы студенттерінің
«КМ 04 Кәсіби практика» өндірістік тәжірибесі
бойынша жетекшісі Н.Ж. Қосымбаеваның
ЕСЕБІ
Болашақ педагог мамандардың педагогикалық қызметті меңгеруі тек теориялық оқу мен практикалық тәжірибе өзара байланыста болған жағдайда ғана жүзеге асады. Кәсіби компоненттердің іскерлігі мен дағдыларын дәрісханада ғана отырып қалыптастыру мүмкін емес. Педагогикалық практикадан өту кезінде студент-практикант қаншалықты мамандықты дұрыс таңдағанын, өзінің тұлғалық қабілеттерінің болашақ мамандығымен үйлесімділік деңгейін анықтайды. Тек ұзақ мерзімді практикада студенттердің бұрын меңгерген білімі мен қажетті білім қоры арасындағы қайшылықтары айқындалып, үздіксіз білім алу факторы туындайды. Студенттің кәсіби әрекеті мазмұнды материалдардың негізінде, практика барысында жетіледі. Бұл кезеңде студенттердің іскерлігі мен дағдылары қалыптасады және өзіне деген сенімі артады. Шығармашылық деңгейде жұмыс істеу барысында олар өз білімдерін дәлелдейді. Студент-практикант өз іс-әрекетін талдай отыра, жұмыс барысында туындаған қиыншылықтарды іскерлікпен шешеді.
Каспий өңірі «Болашақ» колледжі білім алушылары өз кезегінде барлық оқу және өндірістік практикаларды өз кезегінен қалмай оқу процесімен қатар жүреді.
Өндірістік тәжірибе барысында:Практика кезінде студенттердің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өздеріне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болды. Дене тәрбиесінен оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарын талдап, дене тәрбиесі мұғалімдерінің оқушыларымен оқу жұмысын жоспарлау жүйесін зерттеді. Дене тәрбиесі мұғалімдерінің сабақтарына қатысу, талдау жұмыстары жүргізілді. Жылдық кестесімен танысты. Практика кезеңіне оқу материалын бөлу жоспар-сызбасын жасақтау, дене тәрбиесі мұғалімінің тәрбиелік қызметін бақылап және талдады. Жоспар-сызба мазмұнына сәйкес бір топқа арналған оқу-жаттықтыру сабағының жоспарын дайындауды үйренді. Сабақтан тыс іс-шаралардың жоспарын жасақтау, ұйымдастырып, ашық сабақ жоспарлап өткізді. Спорттық іс- шара ұйымдастырып өткізді. Жылдық және қысқа мерзімді жоспар жасақталды.
Машықкердің қорытынды есебін тапсырды. Практика кезінде берілген тапсырмалардың барлығы толықтай қамтылды. Әр түрлі спорт ойындар ойнатылды. Студенттер оқу тәжірибесінде көптеген мәліметтермен таныс болды. Тек қана сабақ өтіп қана қоймай әр түрлі спорттық шаралар өткізді.
Мақсатты ұйымдастырылған және тиянақты өткізілген оқу практикасы студенттерді оқыту мен тәрбие жұмысының қазіргі өмірімен байланысын күшейтуге, болашақ ұстаздың балалар және жасөспірімдермен байланысын күшейтуге, олармен тығыз қарым – қатынаста болуына және студенттің пән бойынша психологиялық – педагогикалық білімінің қалыптасуына оң әсерін тигізді.


Тәжірибе жетекшісі Қосымбаева Н.Ж
шағым қалдыра аласыз













