Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тәкен - ұлы суреткер!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Түркістан облысы Созақ ауданы
Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат – лицей
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәкен – ұлы суреткер!»
Сынып жетекші: Сүгірбаева Жұлдыз Қыдырбайқызы
Сынып: 6«а»
Шолаққорған
2018-2019 оқу жылы
Сыныбы: 6 «А»
Күні: 10.10.2018ж.
Тақырыбы: «Тәкен – ұлы суреткер!»
Мақсаты: Жазушы, ақын, әдеби сыншы Тәкен Әлімқұловтың өмірбаяны, еңбек жолымен, шығармаларымен оқушыларды таныстыру, кеңінен насихаттау.
Көрнекілігі: «Тәкен тағылымы» атты кітап көрмесі, банер, слайд, бейне ролик, буклет.
Би: «Қазақ қызы»
1 – жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгін 6 «А» – сыныбының өткізгелі отырған «Тәкен – ұлы суреткер!» атты ашық тәрбие сағаты, қазақ әдебиетінің өркендеп өсуіне мол үлес қосқан көрнекті қалам қайраткері, жазушы, ақын, әдебиет сыншысы, аяулы мектебімізге аты берілген Тәкен атаға арналып отыр.
2 – жүргізуші:
Тәкен Әлімқұлов Қаратаудан, Теріскей өңіріндегі қасиетті мекен Баба – ата елді мекенінде 1918 жылы 22 - қараша айында дүниеге келді. Тәкен шығармашылығына туған жердің тағдыр тарихы, табиғаты әсер еткен еді. Ақын жайлы толық мәліметтер алу үшін келесі кезекті бейне роликке берейік.
Бейне ролик: «Тәкен Әлімқұлов».
Өтелбай Аяулым:
С.Байділдаев «Төрт арысы Созақтың»
Жазбай келем мақтау жайлы көп өлең,
Айырғаным алып тауды төбеден.
Теріскейде таланттар бар бірегей,
Тәкен, Асқар, Батима мен Төлеген.
Заманы бір жарасымды егіздей,
Өнер жолда қатар жүрген қара үзбей.
Төрт арыстың дарынына тәнті боп,
Туған жері тебіренген теңіздей.
Тәкен аға жұмбақ еді қашаннан,
Ойлы жүзі тас мүсіндей қашалған.
Ал, Асқар ше, зерек ойы алға өтіп,
Ғасырынан көш ілгері аса алған.
Ұстаздық пен ақындықты бір алып,
Дей аламыз Бәтиманы жыр алып.
Қыздар жазған қызғалдақ жыр болмаса,
Қалар еді өнер көзі су алып.
1 – жүргізуші:
«Сарыарқаның сүйіп өскен самалын
Дарынды жас шыңдай берер талабы.
Ән арнаған туған жерге ақындар,
Тыңдағанда құлақ құршы қанатын» - дей келе,
Сағынтай Бәйділдаевтың сөзіне жазылған Әділбек Нысанбаевтың әні
«Ауылым - ақ бесігім» орындайтын Нақып Сымбат, қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: Тәкен бір көрген адамымен сыр ақтармайтын, бірден ашылып кетпейтін жан болған деседі.
1 – жүргізуші: Тәкен күйкі тірліктен биік болған деседі.
2 – жүргізуші: Қаламдастары туралы ғайбат сөз айтпаған, Абайды ауызынан тастамай, өлеңдерін жатқа білген деседі.
1 – жүргізуші: Ол жаңалықты іздеді, ақиқатты іздеді. Тәкен ағаның мұңы Махамбеттің, Ақанның, Тәттімбеттің мұңымен сабақтас еді.
2 – жүргізуші: «Біздің әдебиеттің бар жаңалығын батыл ізденімпаздығымен, өзгешелік қасиеттерімен байланыстыра жазып жүрген жазушыларымыздың бірі – Тәкен», - деп жазды заңғар жазушы Мұхтар Әуезов.
1 - жүргізуші:
«Ән мен күйің бұзылмас мақамынан,
Артық пейіл табылмас Отанымнан» - дей келе Серік Аяулымның орындауында «Созағым менің!» әнін қабыл алыңыздар!
2 – жүргізуші: Тәкен қызба тілдің қызыл сөзді лапырған ақын емес, ойдың тебіреністерін, суреткер, парасатты ақын. Абай поэзиясын оның өнегелерін үлгі тұтқан сыршыл да, сыншыл ақын. Тәкен поэзиясынан даурықпалықты кездестіре алмаймыз. Сондықтан да ақын өлең жырларынан нанымдылығымен оқырман жүрегіне жайлы қоныстайды. Оның үстіне ойы мол, оқпаны түзу, тоқтамы түйінді.
1 – жүргізуші:
Жүректің дерті тілімде,
Өлсем де сайрап өлемін.
Жоқтаса болды түбінде,
Ғашығым менің – өлеңім! – деген Тәкен шумақтары бізді ризашылыққа бөлейді. Енді сөз зергерінің бір қатар өлеңдеріне кезек берейік.
Диана: «Үшбас өзені»
Үш қайнардан құралған,
Арналы Үшбас өзенім.
Сын түйісіп, сыр алған,
Түседі – ау еске кезеңім.
Өткел бермес көктемде,
Бір кезгі көк – сұр дария.
Сарғаяр шағың жеткен бе,
Қойнауың қамыс – сары ұя.
Үзілген белі жыландай,
Ағасың зорға иреңдеп.
Үстіңнен қарғып құландай,
Ұйтқиды құйын сүйреңдеп.
Сарқылсын жырым сарқылса,
Сарқылмашы ерке өзенім.
Жалынға түскен алтынша,
Өртенді – ау ерте өзегім!
Ерназ: «Алматым»
Талпынам өзіңе ылғи болса лажым,
Қалады аулақта ұмыт өкпе – назым.
Толғаймын туған тілдің пернесін мен,
Кеудемде күмбірлейді көңіл сазым.
Қарқ етіп күнде алдынан үміт шіркін,
Әр жерде қалған менің жиған мүлкім.
Талаптың сапарында жүрмін жортып,
Сағына соғып саған дүркін – дүркін.
Алайын шүйгініңе ат шалдырып,
Алдымнан тоспастай ғып жат жарлылық.
Келгенше қайта айналып кім бар, кім жоқ,
Кетейін сағынышты хат қалдырып.
Аяулым : «Тағдыр толғауы»
Теректей тәкаппарға Тәкен едім,
Момынға балдырғандай бәкене едім.
Жаһанға жалғыз аяқ салдым соқпақ,
Қиырын сағынбай мен әкелердің.
Тай мініп талдан жаста болдым кезбе,
Кез келді кейде қисық солғын тезге.
Бүк түскен бөгесіндер берісті жол,
Қылыштың жүзіне ұқсас қыли көзге.
Сапардың тәуекелін барладым шын,
Қиялмен жердің шарын шарладым мен.
Отанның шаттығына салып сайран,
Мұңына жетімектей зарладым мен.
1 – жүргізуші:
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй» дегендей, Төлеген Момбековтың «Салтанат» күйі, орындайтын Темірхан Нұрболат, қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Көрініс: «Ананың сағынышы»
1– жүргізуші:
«Сән – салтанат
жасайық,
Күй сандықты
ашайық.
Бұл мереке бұл
тойға,
Әннен шашу шашайық» дей
келе «Түркістан»
әні
сіздердің құрметтеріңізге
арналады, орындайтын Акбар
Диана, Абеева Меруерт, қабыл
алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Жазушы шағын повестерімен – ақ кең көлемді романға артар ауыр жүкті жеңіл ғана көтеріп әкете алғандай. Ол үшін сол өнер қайраткері творчестволық өмірінен өте бір ұрымтал, шешуші ететін тақырып етіп таңдап алады. Айталық, «Қара қобыз», «Сейтек сарыны», «Қараой», «Көкей тесті», «Тел қоңыр», «Қос күйші», тағы басқа әңгіме повестерінде Ақан серінің өмірінің соңғы кезеңі, Сүгірдің Телқоңырының тууы, Сейтектің, Сәкен мен Әбікеннің өмірінің айшықты жеке сәттері суреттеледі.
2 – жүргізуші:
Енді Тәкен өлеңдерін оқу үшін сыныбымыздың оқушыларын ортаға шақырамыз.
Иманғали:
Рауандап алтын таң атады,
Мен жатқанда ұйқылы – ояу.
Торғайлар шулап тіл қатады,
Көк теректен тереземе таяу.
Менен жақсы біледі – ау торғай,
Боларын сірә, күннің жылы.
Екі көз маңдайға біткен сордай,
Сәріде мен мүлгудің құлы.
Араб:
Мұңдық торғайлар той тойлайды,
Жіңішке әнін құбылжыта.
Жіңішке бал жүрекке бойлайды,
Жатам мен сиқыр ызын жұта!
Ұяда көргем балапаныңды,
Көргенмін мен ауызын ашқанын.
Төсегем мамық алақанымды,
Елжіреп жарсыз жас жаным.
Шашайын шашу сақталған жаннан,
Торғайлар, мәңгі мерекеңе.
Напаха қораш, ақталған жаннан,
Қосылсын, бейбақ берекеңе!
Мырзахан Балнұр:
Долданса дауыл – құл мұхит,
Тұнығы қалмас шайқалмай.
Жүрегім менің – тұңғиық,
Тұнығын бұзбас Байкалдай.
Байкалдың түбі қызыл от,
Бетіне теппес аптабы.
Шөлдесең жанға сусын боп,
Шарада толқын жатқаны!
Нұржанбай Балнұр:
Қырдың қызыл тікен тал,
Өсті еменді жағалай.
Құшақтасын бауырмал,
Қарындас пен ағадай.
Даланың өркен жастары,
Сая іздеп жаздың күнінде.
Қосылды ылғи бастары,
Бауырмал емен түбінде.
Ескерткіштің бәріне,
Әуестенгіш жасаушым.
Жолың түссе зәуілде,
Бұрылып бәлкім соғарсың.
Қандыағаштан төменде,
Бетегелі боз дала.
Кездессең кәрі еменге,
Тағзым ет, қыз, бозбала!
2– жүргізуші:
«Домбыра мұнша шешен болдың неге?
Күй толған көкірегің шежіре ме?
Сыр қозғап ғасырлардан жөнелесің,
Саусағым тиіп кетсе ішегіңе,» -дей келе Қасымхан Қасымжомарт пен Нұрланова Дананың орындауында «Келіншек» күйі, қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші:
Ақындыққа ақиық, сыншылдыққа сұңқар, қара сөзге мұзбалақ Тәкендей қайталанбас суреткер шығармалар әрқашанда оқырман жүрегінен өз орнын табушы еді. Өзі туып өскен жерді жырлаудан шаршамас еді. Тәкен қаламынан туған «Қаратау өрнектері», «Мыңжылқы», «Ақбұлақ», «Шолаққорған» өлеңдері, «Ақбикеш» поэмасы көркемдігімен, пайымдылығымен оқырман жүрегіне қоныстайды.
2 – жүргізуші: «Т.Әлімқұловқа арнау» орындайтын Серік Аяулым.
Созағымның ерекше дара тарланы,
Талантымен талайларды арбады.
Арайлысың, ардақтысың қашан да
Мәскеуді де талай жерді шарлады
Жалын оты бір уақытта сөнбеген,
Бұл таланты әрі қарай өрлеген.
Тағылым алып алғысымды айтайын
Тәлім тәрбие үйрете білген өлеңмен.
Талантыңа бас иеді адам да,
Бас иеді бүкіл әлем ғалам да.
Талай жасқа үлгі, өнеге көрсеттің,
Биік тұлғаң сақталады санамда.
1 – жүргізуші:
«Өнерді жанымменен түйсінемін,
Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.
Қазақ биін билесін мың бұралып,
Биіменен шашу шашып, бишілерім» - деп сыныбымыздың биші қыздарының «қазақ биін» қабыл алыңыздар.
2– жүргізуші:
Ортамызда жүрген елге сыйлы азамат, қоғамымыздың қажырлы қайраткері, халық жазушысы Шерхан Мұртаза бір сөзінде «Уақыт ірі көзді елек – оның елегіне ересендер ғана қалады» деген екен. Ендеше, жұлдызы нұрлы суреткер, аптал азамат Тәкен Әлімқұлов есімі қазақ барда, ел есінде сақталатынына еш күмән жоқ. Өйткені Тәкен өмірдің ұлттық әдебиеттен өз орнын тапқан саяқ, ерекше талантты жазушы, мәртебесі биік шынайы дарабоз суреткер.
1 – жүргізуші:
Жылдар алыстаған сайын әлі талай сардар суреткерлердің шырайлы да сырлы інжу – маржанмен тең, таудың тынысыңды ашар саф кәусар таңғы ауасындай тап – таза, мөлдір шығармаларына сансыз оралып, оның тамаша табиғи талантына бас иетініміз сөзсіз.
2 – жүргізуші:
«Мың бұралу аз екен бұл өнерде,
Балқу керек жан дүниеңмен бұл әуенге.
Бар сезімді көрерменге жеткізу,
Мақсат екен орындалған әр биде,» деп отырып, «Қамажай» биін қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
Дүниеде ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып.
Көңілім ойды ұғады,
Жүрегім бойды жылытып, дей келе
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында із қалдырған», - деп Абай жырлағандай ол өлген жоқ, халқымен бірге жасайды.
2 – жүргізуші:
Тәкен Әлімқұлов ел мен жердің қыр сырын терең бойына сіңіріп, түйген, түйсінгендерін жүрегінен сығып, көркем туынды етіп қалдырған бір тума талант.
1 – жүргізуші: Қаратаудың аяулы перзенті Тәкен Әлімқұловтың асыл бейнесі Созақ тарихында мәңгі қалады. Тәкен аты қазақ әдебиетімен бірге жасайды.
2 – жүргізуші:
Риза болшы біздің айтқан әнімізге,
Риза болшы көрсеткен сәнімізге.
Осындай мерекеде бас қосайық,
Осымен қош бол дейміз бәріңізге.
Хор: С.Бәйділдаевтың сөзіне жазылған Ғ.Есжановтың
«Мектебім - әнім» әні
2 – жүргізуші:
Ана тілінің сөздік қорын өзінше ғажайып байытқан біздің Тәкен Әлімқұлов атамыз сөз жоқ ұлы суреткер. Оған күмән келтіруге болмайды.
1 – жүргізуші: Бүгінгі 6 «А»– сыныбының «Тәкен – ұлы суреткер!» атты ашық тәрбие сағатын көріп тамашалағандарыңызға көп – көп рахмет!