"Талантыңмен таныл" интеллектуалды ойыны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Талантыңмен таныл" интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдері үшін сыныптан тыс шара өткізуде қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Бөлек батыр атындағы орта мектеп»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі











сыныптан тыс іс –шара

Тақырыбы:

«Талантыңмен таныл» интелектуалдық ойын





Өткізген: Мырзагелді Г.М

3 «А» сыныбы









2017-2018 оқу жылы

Күні: 13.04.2018 ж

Сыныбы: 3 «А»

Пән мұғалімі: Г.Мырзагелді

Тақырыбы: «Талантыңмен таныл» интелектуалдық ойын

Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту, оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі
«Асыл тастан, өнер жастан,

Шығады деп дарынды
Халық айтса қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды» деп Абай атамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс, ойын.
Бүгінгі біздің сыныпта қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика пәнінің алғырлары күш сынасып, өздерінің білім деңгейін көрсетпекші. Әр топ өздерін таныстырады (сыныпты 3 топқа бөлу)
І-топ. Топтың аты – «Дарын»
Ұранымыз: Білім алып бүгін алтын ұяда,
Ертең әлі шарықтаймыз қияда.

ІІ-топ. Топтың аты – «Ынтымақ»
Ұранымыз: Асау тұлпар желдей ескен арынды,
Оқу менен еңбекке сал барыңды.

ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ»
Ұранымыз: Болашақтың ұл-қызымыз
Көркейтеміз елді біз.
Ойынның шарты: Топтың оқушыларына сұрақ қойылады, әрбір өзі таңдаған ұяшықтағы сандардағы сұрақтарға дұрыс жауап берсе, сол санды қаншығасына байлайды, ал егер жауап бере алмаса басқа топ жауап береді, ұпай саны сол топқа беріледі.

Сонымен, құрметті көрермендер, сайысымызды бастайык. Ендеше сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар:



1-кезең  «Алар асу»

2- кезең. «Ойла да, орында».

3-кезең. «Талант» шыңы

Қарап тұрмай дұрыстығын теріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Алғыр достар алғырлығын көріңіз.


1-кезең «Алар асу»

1 –ші ұяшық «Тіл құдіреті»

  1. Бірін – бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы, әңгімелесуі не деп аталады?

  1. Батыр сөзіне жуық мәндес сөзді ата. (ер, қаһарман)

  1. Сөз, ана, батыр, ақылды, мектеп сөзін үш тілде айту.

  1. Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін не дейміз

  1. «Бес жолды» өлең өрнегі

2 –ші ұяшық «Халық қазынасы»

10. Нағашы деген кім? 
20. Жасөспірім алғаш рет жолаушы жүргенде берілетін ас?

30. 5 ырым –тиымдарды ата.

40. «Қыңбау» сөзінің мағынасы?

50. «Бір малы шаруаның екеу болып» дегенді қалай түсінесің?

3 –ші ұяшық «Логикалық тапсырмалар»

Оймен кәне көк теңізін кешіңдер,
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып, зердеменен шешіңдер.

10. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? 

Жауабы: Медет


20. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкееді? Жауабы: 9 есе

30. Мың саны. Сіздер 1000 санын бір түрлі сегіз цифр арқылы өрнектей аласыздар ма? Жауабы: 888х88х8х8х8=1000

40. Асхат, Жарқын, Медет және Жалғас жұмысқа барды: екеуі жеңіл машинамен, екеуі автобуспен. Жарқын мен Асхат, Жарқын мен Жалғас әртүрлі көлікпен барды, ал Медет автобуста болды. Кім жеңіл машинамен жұмысқа барған? Жауабы: Асхат

50. 3 ондықты 2 есе арттыр (60

( 7 ондықты 2 есе арттыр (140)


2- кезең.  «Ойла да, орында».

Мектеп, оқушы, мұғалім, достық, ата –ана, денсаулық, үй.

І-топ. Топтың аты – «Дарын» «Актерлер»

Жоғарыдағы сөздерді қатыстырып, көрініс көрсетеді.

ІІ-топ. Топтың аты – «Ынтымақ» «Жазушылар»

Жоғарыдағы сөздерді қатыстырып, мәтін жазады.


ІІІ-топ. Топтың аты – «Болашақ» «Суретшілер»
Жоғарыдағы сөздерді қатыстырып, сурет салады.

3-кезең. «Талант» шыңы.

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

Біздің тіліміз – ең қымбат мүлкіміз. Оны қорғау, қолдау, өркендету – біздің міндетіміз. Әр адам өз ана тілінің болашағына жауапты. Тәуелсіз еліміздің ертеңі – сендер өз тілдеріңнің мәртебесін жоғары көтереді деп сенеміз.
«Әрбір бала бір жұлдыз жарқырауына жәрдем ет» -дей отырып бүгінгі сайымызды аяқтаймыз.
Келіп, көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Бүгінгі сабақтың қорытындысын шығарып, жеңген топты марапаттау.

Кері байланыс.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.04.2018
1098
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі