ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
М.О.ӘУЕЗОВ атындығы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
кафедра Мемлекет және құқық
теориясы
БАӨЖ
Тақыры: Талап қою ұғымы,оның мәні және
мерзімі.
Орындаған: Махмудова
Ж.Б
Тобы:
Эф
20-8К
Шымкент 2020ж
Талап
қою ұғымы,оның мәні және мерзімі
Талап қою мерзімінің угымы.
Талап кою мерзімі
— адам күкығының немесе заңмен
қорғалатын
мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың
қанағаттандырылуы мүмкін болатын уакыт кезеңі. Сонымен, талап кою
мерзімі дегеніміз — бұл занда белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім
өткеннен кейін ақ
талап ету құкығы жойылады, басқаша айтканда,
кұкықты еріксіз жузеге асыру мүмкіндігі
жойылады.
Талап қою мерзімін колдану өте
қажет, бүған бірсыпыра себептер бар — бір жағынан, арада үзақ уақыт
өтіп кеткеннен кейін даулы кұкыкты аныктау сот органдарына киын
жүмыс, екішпіден, іс жүзінде ұзак уақыт бойы болып келген
катынастарды бұзу шаруашылық жағдайына бірқатар іркіліс тудырып,
тиімсіз салдарға әкелуі ыктимал.
Талап қою мерзімі
– адам құқығының немесе заңмен қорғалатын
мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағантандыруы мүмкін
болатын уақыт кезеңі. Талап қою мерзімі дегеніміз – бұл заңда
белгіленген мерзім, яғни бұл мерзім өткеннен кейін ақы талап ету
құқығы жойылады, басқаша айтқанда құқықты еріксіз жүзеге асыру
мүмкіндігі жойылады.Талап қою мерзімін қолдану өте қажет. Бұған
бірсыпыра себептер бар – бір жағынан, арада ұзақ уақыт өтіп
кеткеннен кейін даулы құқықты анықтай сот органдарына қиын жұмыс.
Талап қою мерзімдері жалпы және арнайлы болып бөлінеді. Талап
қоюдың жалпы мерзімі 3 жыл болып табылады. Талаптардың жекелеген
түрлері үшін заңнамада талап қоюдың жалпы мерзіммен салыстырғанда
қысқартылған немесе неғұрлім ұзақ арнаулы мерзімдер белгіленуі
мүмкін. Талап қою мерзімінің өтуі адам құқық бұзушылық туралы
білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады. Тап осы сәттен
бастап жәбірленушінің әрі материалдық, әрі азаматтық іс – жүргізу
тұрғысынан талап – арыз беру құқығы пайда болады. Материалдық
тұрғыдан алғанда, талап ету құқығы дегеніміз белгілі бір азаматтық
құқықты еріксіз түрде орындату – тиістіні сот арқылы алу әдісі мен
жүзеге асады. Талап қою мерзімі материалдық талап ету құқығын
жояды, бірақ азаматтық іс- жүргізу құқығын жоя алмайды. Талап ету
мерзімі өтіп кетсе де, сот азаматтық істі қарауына алуға міндетті,
бірақ оны қарау кезінде талап қою мерзімі өтіп кеткендігі
анықталған жағдайда ғана сот талапкердің талабын қанағантандырудан
бас тартады.
Талап қою мерзімі мынадай жағдайларда
тоқтатылады:
-
талап қоюшы төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға
кедергі жасаса;
-
міндеттемелердің бұл түрін орындау Қазақстан Республикасы
Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты
(мораторий);
-
талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери
бөлімшелер құрамында болса;
-
әрекет қабілеттігі жоқ адамның заңды өкілі
болмаса;
-
тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға
байланысты.
Талап қою мерзімінің өтуі, егер осы бапта
көрсетілген мән-жайдар талап мерзімінің соңғы алты ай ішінде пайда
болса немесе бұрынғысынша қала берсе тоқтатыла тұрады, ал егер бұл
мерзім алты айдан аспаса – талап мерзімінің өтуі кезінде тоқтатыла
тұрады. Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған
күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл
орайда мерзімнің қалған бөлігі алты айға дейін, ал егер талап қою
мерзімі алты айдан аспаса – талап мерзіміне дейін ұзартылады.
Талапты сот қараусыз қалдырған жағдайда, талап қойылғанға дейін
басталған талап қою мерзімі жалпы тәртіппен одан әрі жалғаса
береді. Ал, со қылмыстық істе қойылған талапты қараусыз қалдырса,
талап қоюға дейін басталған талап қою мерзімінің өтуі талапты
қараусыз қалдырған үкім заңды күшіне енгізілгенге дейін тоқтатыла
тұрады. Мерзімі тоқтатыла тұрған кездегі уақыт талап қою мерзіміне
есептелмейді. Бұл орайда, егер мерзімнің қалған бөлігі алты айдан
аз болса, ол алты айға дейін ұзартылады. Ерекше жағдайларда,
талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас,
дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою
мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде,
азаматтың бұзылған құқығы қорғалуы тиіс. Талап қою мерзімінің өтіп
кету себептері орынды болып, егер ол талап мерзімінің соңғы алты ай
ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім алты айға тең немесе
алты айдан аз болса – талап мерзімінің өтуң кезінде танылады. Талап
қою мерзімі біткеннен кейін міндетін атқарған борышқордың немесе
өзге міндетті адамның тіпті сол міндетті атқарған кезінде талап
мерзімінің өтіп кеткенін білмесе де, аталған адамның өзі атқарған
нәрсесін қайтаруды талап етуге құқығы жоқ. Талап қою қолданылмайтын
талаптарға жататындар:
-
заңнамада көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер
мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы
талаптар
-
салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы
талаптары;
-
азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын
толтыру туралы талаптар;
-
меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының кез келген
бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмайтын, олардың осы құқық
бұзушылықты жою туралы талаптар.
Талап қою мерзімінің
есептелуі. Талап кою мерзімінін өтуі адам
қүкық бүзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен
басталады (АК-тің 180-бабы), Тап осы сәттен бастап жәбірленушінін
әрі материалдык, әрі азаматтык іс жүргізу тұрғысынан талап-арыз
беру күкығы пайда болады. Материалдық тұрғыдан алғанда, талап ету
күқығы дегеніміз белгілі бір азаматтық құкыкты еріксіз турде, яғни
міндеткер жактың ықтаярынан тыс орындату. Құқықты еріксіз түрде
орындату — тиістіні сот аркылы алу әдісімен жүзеге асады.
Әйткенмен,өзінін құқығын сотқа арызданбай-ак,еріксіз орындататын
реттер болады (мысалы, жүкті бермей үстап калып тасымалдың акысын
сол жүктің кұнынан алу). Соныменен бұзылған құқықты еріксіз түрде
кайта орындатуға заңнын беретін мүмкіншілІгі материалдык
мағынасында талап ету кұкығын қүрады. Бүл мағынасындағы талап ету
құкыган сот арқылы корғау күкығымен шатыстырмау керек. Талап кою
мерзімі материалдык. талап ету күкығын жояды, бірақ азаматтык іс
жүргізу кұқығын жоя алмайды. Талап ету мерзімі өтіп кетседе сот
азаматтық істі карауына алуға міндетті, бірақ оны қарау кезінде
талап қою мерзімі өтіп кеткендігі аныкталған жағдайда ғана сот
талапкердің талабын қанағаттандырудан бас
тартады.