Материалдар / Тәлімгер жоспары 2024-2025 оқу жылы

Тәлімгер жоспары 2024-2025 оқу жылы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал тәлімгерлерге арналған жоспар. Тәлім алушылармен өткізетін іс-шаралар жоспары
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


















































«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы

«ШҚО бойынша Кәсіби даму институты»














Тәлімгердің жұмыс жоспарын құру.









Орындады:

Жаниязова Гаухар Тлеужановна

Жайлаубаев Сеилгумар Газизович

Ескенева Гаухар Ануарбековна

Тореханова Жанар Торехановна


Тексерді:

Сейтказина Рысгуль Сейтбековна
















Өскемен қаласы, 2024 жыл





Тәлімгердің жас маманмен қызметін жоспарлау.

Еліміздің ертеңі,

Жас ұстаздың қолында.

Жас ұрпақтың тағдыры,

Ұстаз, сенің қолыңда!

Тәлімгердің мақсаты:

             Мұғалімдерді жүйелі түрде өз білімін көтеруге тарту және кәсіби біліктілігін шыңдау арқылы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісіне нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету.

Тәлімгердің міндеттері:

  • Жас маманның іскерлік және адамгершілік қасиеттерін, оның сабақ өткізуге, мектеп ұжымына, оқушылар мен олардың ата-аналарына деген көзқарасын, әуестіктері мен бейімділіктерін зерттеу;

  • Жас маманды мектеппен таныстыру, оқу сыныптарының, кабинеттердің , қызметтік және тұрмыстық орын-жайлардың жұмыс жүргізу тәртібін түсіндіру;

  • Қызметтің қыр-сырын игеруіне көмектесу;

  • Қажетті кеңестер беру;

  • Жас маманның оқу сабақтары мен сыныптан тыс шараларды өздігінен өткізу жағдайларын бақылау және оған баға беру;

  • Жас маманның ұстаздық кәсіпті, сабақ өткізудің практикалық әдіс-тәсілдерін игеруіне, жіберілген қателіктерді анықтап, оларды ретке келтіруге жеке көмек көрсету;

  • Жас маманның оңды қасиеттерін жетілдіруіне өз жеке тұлғалық үлгісімен ықпал ету, оның мектептегі іс-әрекеттеріне түзетулер ендіріп отыру, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуға тарту, жалпы мәдениеттік және кәсіби дүниетанымының дамуына жәрдемдесу;

  • Жас маманның кәсіби бейімделу қорытындысын шығару; тәлімгерлік нәтижесіне байланысты есеп беру құжатын әзірлеу; жас маманның алдағы жұмыс бағдарлары жайлы ұсыныстар даярлау.

Болжамды  нәтиже: 

  • жас педагогтердің кәсіби даму проблемаларын анықтай алады;

  • жас педагогтердің оқу-тәрбие процесінде психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді әдістерін зерттейді; 

  • оқу қызметін жоспарлай білу, жеке, сондай-ақ оқушы, негізінде шығармашылық  іздену арқылы өз бетімен білім алады; 

  • жас мұғалімнен кәсіби маман қалыптасады;

  • мұғалімнің әдістемелік, интеллектуалды мәдениеті артады; 

  • оқушылардың білімін бақылау мен бағалаудың жүйесін меңгереді. 

Жұмыс формалары: 

- жеке, ұжымдық, кеңес беру; 

- сабақтарға қатысу; 

- мастер-кластар, семинарлар, ашық сабақтар, коучинг, тренинг өткізу;  

- сауалнама.








Кіріспе.


Жас маман орта оқу орнын бітіріп келген соң  мектеп табалдырығына өз қызметін атқаруға кіріседі. Ол маманның кәсіби дамуына ықпал ете алатын  тәлімгер бекітіледі. Жалпы тәлімгер дегеніміз кім? Тәлімгерлікке қандай міндеттер жүктеледі? Тәлімгердің сипаттамасы қандай?

Тәлімгерлік - педагогтің орта білім беру ұйымында кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі.

Тәлімгерлік – бұл тұрақты диалог, тұлғааралық қарым-қатынас, демек, ұстаз, ең алдымен шыдамды  және мақсатқа ұмтылған болуға тиіс. Өз жұмысында жас педагог, ол қолдануға тиіс неғұрлым тиімді өзара іс-қимыл түрлері: іскерлік және рөлдік ойындар, "шағын топтармен

жұмыс", жағдайларды талдау, тілді дамытатын, іскерлік коммуникацияны, жеке көшбасшылық қабілетін, шешім қабылдай білуі, дәлелді тұжырымдауды білуі тиіс. Тәжірибелі мұғалімдер тарапынан жас мамандарды қолдау, тәжірибелі мұғалімдер  практикалық және теориялық көмектерін жұмыс орнында жас мамандарға  ұсына алады. 

Тәлімгерлік жас оқытушының кәсіби бейімделу процесінде маңызды фактор болып табылады, тәжірибелі мұғалім мен жаңадан келген мұғалім арасындағы тұрақты диалог болып табылатын нақты әдіс. Тәлімгерлікті ұйымдастыру кезең-кезеңмен сипатталады және оқытушы қызметінің функционалдық және жеке (жобалау, ұйымдастыру, сындарлы, Талдамалық) компоненттерін қалыптастыруды және дамытуды қамтиды.

Тәлімгер жас педагогтың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін тексереді, оның өзінің функционалдық міндеттерін орындауға дайындық деңгейін анықтайды.

Тәлімгерлік-жастардың шеберлік тәжірибесін жеткізудің тиімді тәсілі. Сонымен қатар, бұл процестің пайдасы екі жақты: жас мұғалімнің педагогикалық тәжірибесімен байыту және тәлімгер мұғалімнің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру.

 Тәлімгерлік-ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер  мен тәлім алушы арасында сенім, жеке тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәлім алушының педагог ретіндегі қалыптасуы мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 80 бет).





















Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар.

Жалпы ережелер.

      1. Осы Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастыру және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талаптар белгілеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі;

      2) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.

2-тарау. Тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі

      3. Орта білім беру ұйымына кәсіптік қызметке алғаш рет кіріскен педагогке (бұдан әрі – педагог) бір оқу жылы кезеңіне тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагог (бұдан әрі – тәлімгер) бекітіледі.

      4. Тәлімгердің кандидатурасы педагогикалық кеңестің отырысында қаралады және педагог жұмысқа қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей орта білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Бір педагогке бір тәлімгер бекітіледі.

      5. Тәлімгерлікті ұйымдастыруды үйлестіруді орта білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары (бұдан әрі – басшының орынбасары) жүргізеді және ол:

      тәлімгерлікті тағайындау туралы бұйрық жарияланған педагогті таныстырады;

      бейімдеу жоспарын жасауға практикалық көмек көрсетеді және оның орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

      тәлімгерлікті ұйымдастыру тәжірибесін зерделейді және қорытады, тәлімгерлікті одан әрі жетілдіру үшін орта білім беру ұйымының басшысына негізделген ұсыныстар енгізеді.

      6. Тәлімгерлік процесін ұйымдастыру үш негізгі кезеңді қамтиды.

      Бірінші кезең (кіріспе): тәлімгер күнтізбелік 10 (он) күн ішінде педагогтің кәсіби дайындық деңгейін анықтайды.

      Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша тәлімгер 5 (бес) жұмыс күні ішінде педагогтің дайындық деңгейін және жеке қажеттіліктерін анықтау бойынша диагностика жүргізеді, сондай-ақ диагностиканың нәтижелерін ескере отырып, бір оқу жылы кезеңіне арналған тәлімгерлік жоспарын (бұдан әрі – Тәлімгерлік жоспары) әзірлейді, ол басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен келісіледі және орта білім беру ұйымының басшысымен бекітілед

      Екінші кезең (негізгі): тәлімгер Тәлімгерлік жоспарын іске асырады және бір оқу жылы ішінде кәсіби даму және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша жұмыс жүргізеді.

     Үшінші кезең (қорытынды): тәлімгер оқу жылының қорытындысы бойынша педагогикалық кеңестің отырысына тәлімгерлік нәтижелері туралы есеп дайындайды, онда





Тәлімгерлік жоспарының іс-шараларын іске асыру қорытындылары көрсетіледі және іс-әрекетте практиканы жетілдіру үшін ұсынымдар береді.

      7. Тәлімгерлік кезеңінде педагог:

  1. өзінің кәсіби деңгейін, ұйымдастырушылығын, тәртібін арттыру, практикалық дағдыларды меңгеру үшін үнемі жұмыс істейді;

      2) тәлімгерден жұмыстың тиімді формалары мен әдістерін қолданады;

      3) лауазымдық міндеттерін орындау кезінде тәлімгердің ұсынымдарына сүйенеді;

     4) орта білім беру ұйымының тәлімгері мен басқа да педагогтерінің сабақтарын бақылайды және оларды талқылауға қатысады;

   5) ынтымақтастықтың аралық нәтижелерін бағалау үшін әдістемелік бірлестіктер мен педагогикалық кеңестердің отырыстарында өз жұмысын ұсынады;

     6) басшының орынбасарына тәлімгерлермен жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарауға енгізеді;

      7) ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысады;

      8) Тәлімгерлік жоспарында көзделген іс-шараларды орындайды.

      8. Тәлімгерлік жоспары мыналарды қамтиды:

      1) кері байланыс беру арқылы педагогтің сабақтарына қатысу (айына 2 реттен кем емес);

      2) педагогтердің жекелеген санаттарының, оның ішінде сынып жетекшілері үшін міндетті құжаттарды бірлесіп ресімдеу және толтыру;

      3) кәсіби қалыптасу мәселелері бойынша педагогтің консультациясы:

      лауазымдық міндеттерін атқару кезінде пайдаланылатын нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуге оқыту;

      педагог кәсібін, сабақтарды сапалы өткізудің практикалық әдістері мен тәсілдерін меңгеру;

      білім беру процесін ұйымдастыруда оқытудың белсенді нысандары мен әдістерін қолдану;

      4) педагогпен кәсіби әңгімелесу және / немесе жеке коучинг;

      5) сабақты, әдістемелік семинарларды, мастер-кластар мен тренингтерді зерттеу бойынша мектеп топтарына қатысу;

      6) педагогтің кәсіби дамуына, моральдық және іскерлік қасиеттеріне, оның жұмысқа, ұжымға және білім алушыларға қарым-қатынасына мониторинг жүргізу;

      7) орта білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің отырысында аралық есеп (оның ішінде электрондық) және бейнеролик (1-жартыжылдықта) ұсыну.


























Тәлімгердің жұмыс жоспар



Жұмыс жоспары

Жұмыс формасы

Мерзімі


Қыркүйек

Апта күндері

1

Педагогтің кәсіби дайындық деңгейін, психологиялық-педагогикалық қажеттіліктерін анықтау.

Сауалнама

1 апта

2

Нормативтік құқықтық актілермен жұмыс істеуге бағыт беру. Күнделік, оқу платформаларымен, жаңа оқу жылына арналған ӘНХ, ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ, КТЖ талаптарымен таныстыру.

Құжаттармен жұмыс

2 апта

3

Жылдық жұмыс жоспарын құру, ҚМЖ жоспарын әзірлеуге көмектесу. БЖБ, ТЖБ материалдарын әзірлеу және іске асыру бойынша кеңес беру.

472 бұйрық негізінде

тәлімгер кеңесі.

3 апта

4

1 .Мектеп оқушыларының әлеуметтік картасын және картотекасын жасау.Оқушының әлеуметтік құжаттарын, сынып жетекшілері үшін міндетті құжаттарды бірлесіп рәсімдеу және толтыру.

2. Тәлімгердің сабағына қатыстыру. Мақсаты:«Оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатыныстарын бақылау»

Құжаттармен жұмыс.




Сабаққа катысу.

4 апта


Қазан айы


Апта күндері

5

1. Бағалау талаптарымен, критерийлерімен таныстыру

2. Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру. Мақсаты: «Сабақтың құрылымы, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері»

Кәсіби әңгіме


Сабаққа катысу

1 апта

6

1.Сабақты жоспарлау бойынша кеңес беру.

2.«Ата-ана және мектеп» ата-аналар жиналысын жоспарлауға көмектесу.

2.Жас маманның сабақ беру деңгейін анықтап, көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Тәлімгер кеңесі.



Сабаққа қатысу, талдау

2 апта

7

1. Портфолио жинақтауға бағыт беру.

2. Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру. Мақсаты:«Бағалау түрлерін көру»

Нұсқаулық беру.

Сабаққа қатысу.

3 апта

8

1. «Cабақтың мақсатын қалай дұрыс қою керек: SMART мақсат»

2.Жас маманның сабақ беру деңгейін анықтап, көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Кәсіби әңгіме



Сабаққа катысу, талдау

4 апта


Қараша айы


Апта күндері

9

1.Оқушыларды пән олимпиадасына дайындау әдістемесі.

2.Коучинг: «Тиімді әдіс-тәсілдер – сапалы сабақ кепілі»

Әдістемелік көмек беру.



Коучинг өткізу

1 апта

10

1.Жас маманның сабақ беру деңгейін анықтап, көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

2. «Ата-анамен қарым-қатынас» тақырыбындағы кәсіби әңгімелесу.

Сабаққа қатысу, талдау

Кәсіби әңгіме


2 апта

11

Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру.Мақсаты:«Сабақта оқушылармен жүргізілетін практикалық, сарамандық жұмыстың ұйымдастырылуын бақылау»

Сабаққа қатысу.

3 апта

12

1.«Жас педагогтың педагогикалық шеберлігін қалыптастыру» тренингтерін жүргізу.

2.Жас маманның сабақ беру деңгейін анықтап, көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

3.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүргізу.

Тренинг өткізу.



Сабаққа қатысу, талдау

Кеңес беру.

4 апта


Желтоқсан айы


Апта күндері

13

1.Апталық шараларын ұйымдастыруға көмектесу.

2. Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру. Мақсаты: «Цифрлық платформалардың түрлерін сабақта тиімді қолдану»

Кәсіби әңгіме

Сабаққа қатысу.

1 апта

14

1.Ашық сабақ беруге көмектесу.

2.Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Әдістемелік көмек.

Сабаққа қатысу, талдау.

2 апта

15

1.Күнделік кз мүмкіндіктерін пайдалану.

2.Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Кеңес беру.

Сабаққа қатысу, талдау.

3 апта

16

Тәлімгерлік жұмыстың жарты жылдық қорытындысы.

Есеп беру. Бейнеролик

4 апта


Қаңтар айы


Апта күндері

17

«Кері дизайн әдісі» тренинг жүргізу.

Тренинг өткізу.

1 апта

18

Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Сабаққа қатысу, талдау.

2 апта

19

Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру. Мақсаты: «Интербелсенді әдіс-тәсілдер»

Сабаққа қатысу.

3 апта

20

Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Сабаққа қатысу, талдау.

4 апта


Ақпан айы


Апта күндері

21

Жас педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамытудың тиімді формалары: іскерлік ойындар, дебаттар, әдістемелік конструкторлар, кейс-ойындар және т.б.

Тренинг өткізу.

1 апта

22

1.Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру. Мақсаты: .«Сабақта ресурстарды тиімді пайдалану»

2.Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Сабаққа қатысу.



Сабаққа қатысу,талдау.

2 апта

23

«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту» ата-аналар жиналысын жоспарлауға көмек.

Тәлімгер кеңесі.


3 апта

24

Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Сабаққа қатысу,талдау.

4 апта


Наурыз айы


Апта күндері

25

1.«Сабақта табысқа жету жағдаятын туғызу»

2.Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Шебер сынып


Сабаққа қатысу,талдау.


1 апта

26

Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру. Мақсаты: «Топтық жұмысқа арналған әдістер»

Сабаққа қатысу.

2 апта

27

«Блум таксономиясын сабақ барысында қолдану»

Тәлімгер кеңесі.


3 апта

28

Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Сабаққа қатысу,талдау.


4 апта


Сәуір айы


Апта күндері

29

1.Саралау түрлері: «Тапсырмалар деңгейіндегі саралау, қарқын бойынша саралау»

2.Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Дөңгелек үстел


Сабаққа қатысу,талдау.

1 апта

30

Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру. Мақсаты: «Оқушылардың білім, білік, дағды деңгейлері қалыптастырудағы мұғалімнің қызметіндегі іс-әрекетін бақылау»

Сабаққа қатысу.

2 апта

31

1.Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Сабаққа қатысу,талдау.


3 апта

32

«Үздік жас мамандар» сайысына қатыстыру.

Сайыс

4 апта


Мамыр айы


Апта күндері

33

Жас маманға көмек беру мақсатында сабағына қатысу.

Сабаққа қатысу,талдау.

1 апта

34

Тәлімгердің және тәжірибелі мұғалімдердің сабағына қатыстыру. Мақсаты: «Сабақта ақпараттық коммуникативтік технологияның мүмкіндіктерін қалай пайдаланатынын бақылау»

Сабаққа қатысу.

2 апта

35

Жас маманның кәсіби дамуына, моральдық және іскерлік қасиеттеріне, оның жұмысқа, ұжымға және білім алушыларға қарым-қатынасына мониторинг жүргізу.

мониторинг

3 апта

36

1.Тәлімгерлік жұмыстың жылдық қорытындысы.

2.2025-2026 оқу жылына тәлімгерлік жоспар құру.

Есеп беру. Бейнеролик

Жоспар

4 апта









Жас маман туралы мәлімет

Аты-жөні

Туған жылы,

айы, күні

Білімі,қай оқу орнын бітірді, қашан

Педагогикалық практика қорытындысы

санаты

Жас педагогтің жұмыс істейтін сыныптары.

Еңбек өтілі

Лауазым


Телефоны,

почтасы


1
































Тәлімгерлікті іске асыратын педагог туралы мәлімет

Аты-жөні

Білімі,қай оқу орнын бітірді, қашан

Диплом бойынша мамандығы.

Педагогикалық өтілі, санаты

Жас педагогтің жұмыс істейтін сыныптары.

Еңбек өтілі

Лауазым


Телефоны,

почтасы

































Тәлімгер күнделігі

қ/с

Мерзімі

Қаралатын мәселе

қолы

Тәлімгер

Жас маман

























Сауалнама бойынша


Үлгі. Жас мамандардың бейімделуіне сауалнама.

Жоспарға сәйкес жас мамандардың еңбек етуге көзқарастарын анықтау мақсатында «Өзін- өзі бағалау деңгейін анықтау» сауалнамасы алынады. Жас мамандар қызметін қанша жақсы көргенмен, олар үшін отбасы бірінші орында тұрады. Әріптестерімен тығыз қарым- қатынасқа түсу туралы еш ойламаған жас мамандар кәсіби қызметіне бейімделу кезеңін өткереді.

Мақсаты: жас мамандардың ұжымға бейімделуін анықтау

«Құрметті әріптес! Сізден анкета сұрақтарымен алдын ала мұқият танысып, тиісті жауапты таңдап алғаннан кейін, анкетаны толтыруыңызды сұраймыз. Барлық мәліметтер жалпылама түрде пайдаланылатын болады. Сізге зерттеуге қатысып, өз ойыңызбен бөліскеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз!» Нәтижесінде: жас мамандарымен «Жас мұғалімнің бейімделу проблемасы» тақырыбында сауалнама алынады. Сауалнама барлығы 12 сұрақтан құралған.

1.«Педагогикалық жұмысқа Сіз қалай келдіңіз?»

2. «Сіз жұмысты қалай іздедіңіз/таптыңыз?»

3. «Сізде тәлімгер-мұғалім бар ма?»

4.«Өзіңіздің жеке педагогикалық қызметіңізден кейін Сіздің мұғалімнің жұмысына көзқарасыңыз өзгерді ме, егер өзгерсе қалай?»

5.«Өзіңіздің мектептегі жұмысыңыздың сапасына қаншалықты көңіліңіз толады»

6.«Сіз мектеп тәжірибесінде қандай проблемалармен жиі кездесудесіз?»

7.«Мектеп қабырғасында жұмыс істеу барысында Сіз жоғары оқу орнында алған біліміңіздің тәжірибелік пайдасын жалпы қалай бағалайсыз?»

8. «Алдағы бірнеше жылда өзіңіздің педагогикалық мансабыңыздың дамуын қалай болжайсыз?»

9.«Сіздің ойыңызша, Сіз кәсіби қызметке дайынсыз ба?»

10.«Сіздің ұжыммен қарым-қатынасыңыз қалай қалыптасуда?»

11.«Сіз қиындықтарды шешуге тырысасыз ба? Қалайша?» 

12.«Алғашқы жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездестіңіз?»

Қорытынды: жас маман алдағы уақытта өзінің педагогикалық қызметін жұмыс істеп жүрген мектебінде біліктіліктерін арттырып, мансаптық өсу, біліктіліктерін арттыру туралы ойлары бар ма? немесе мамандық ауыстыратын ойлары бар ма? екендігін көрсетеді.

Ұсыныс:

Жас мамандардың ұжымға бейімделуіне байланысты психологиялық қолдау көрсету.






















«Әрекетіңді белгіле!» тренингі

Мақсаты: маманның педагогикалық білімін арттыру, ситуациядан шығу әрекетін ойластыруға бағыттау.

Сіздің алдыңызға неше түрлі эмоциядағы оқушылар келеді. Олар:

а) Көп ойланып тұрған оқушының  бет-әлпет кескіні

ә) Дұрыс жауап бере алмай ренжіп тұрған оқушының бет-әлпеті.

б) Қайғылы оқушының  бет-жүзі.

в) Қол көтеріп, сабақ айта алмаған ашулы оқушының бет-әлпетін бейнеле.

г) Менсінбей тұрған оқушының кейіпін көрсету.

д) Сізбен сөзге келіп, соңынан өкініп тұрған оқушының бет-әлпеті

е) Олимпиададан 1-ші орын алып қуанып тұрған оқушының бет-әлпетін бейнеле.



Мен ғажайыппын!» тренингі 

Мақсаты: «Мен» бейнесін айқындау,жас мамандардың бойындағы жағымды қасиеттерді ашып,жағымсыз қасиеттерден арылуға жағдай жасау.

«Сиқырлы қобдиша»

«Жапон әліппе» жаттығу

«Грек жаңғақтар» жаттығу

« Ешкім де білмейді...» жаттығу

«Сен ғажайыпсың!»

Рефлексия:

«Қарым- қатынас» тренингі

Мақсаты: Әріптестермен жақсы қарым-қатынас жасауға, кездейсоқ жағдайлардан шыға білетін эмоциясын ситуацияға пара-пар етіп көрсете білу іскерлігін қалыптастыру;

«Адам үшін ең маңызды нәрсе» жаттығу

Маған көңіл бөліңдер»

«Патша мен патшайым» жаттығу

«Ол неге ұқсайды?» жаттығу

«Сыйлықтар» ойыны

«Жинақтаушы қол шапалақтау»


«Ұстаздардың кәсіби шеберліктері» тренингі

Мақсаты: Педагогтардың өзіндік бағалауларын арттыруға, кәсіби шеберліктерін шыңдау.

«Кәсіптік  герб» жаттығуы

«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені…» жаттығуы

«Аталған мөлшерде кісі қатарының алға шығуы» жаттығу

«Мен және айна» жаттығуы

«Ізшіл-зерттегіш» жаттығу

«Тілек шамы» жаттығуы







Қорытынды:  

Менімен қатар көптеген ұстаздар жұмыс істеді. Менің көзім жеткені, жоғары оқу орынын үздік, жақсы бітіргенімен, қанша талантты болғанымен, мектепте үлкен тәжірибеден шыңдалып өтпей, ол адам жақсы ұстаз бола алмайды, мен өзім тәжірибелі, білікті ұстаздардан сабақ алғанмын...

А.С. Макаренко

   Мектеп келешек ел басқаратын, жерін елі мен халқының  мерейін  өсіріп, мәртебесін биіктететін жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі - білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жастардан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару - осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі.

Бүгінгі жан-жақты білімді, бәсекеге қабілетті жас мамандар – ертеңгі ел басқарар азаматтар.

Еліміздің ертеңі жарқын болашағы білімді де білікті жастардың қолында. ХХІ ғасыр – жаңалықтар ғасыры. Еліміздегі ірі өзгерістер, қоғамдағы жаңалықтар – білім ордаларында, мектептерде де өз көрінісін тауып келеді. Мектептегі топтасқан жас ұстаздармен кәсіптік деңгейлерін қалыптастыру, әдістемелік көмек беру мақсатында жыл бойы тәлімгерлік жұмыстар жүргізіледі.

Тәлімгерлік туралы айтқанда мұндағы басты кейіпкері тәлімгер жайлы сөз қозғамауға болмайды. Жақсы тәлімгер болу үшін ең алдымен жастарды сүйе білу қажет. Нағыз тәлімгер өзінен мықты, өзінен ақылды жанды тәрбиелеуге барын салады. Сондықтан да тәлімгерлікті ең алдымен шығармашылық әрекет ретінде қабылдаған жөн.

Тәлімгердің міндеті – жас маманға өзін-өзі іске қосудың тетіктерін меңгерту, өз жұмысына рефлексия жасап, баға беруге баулу, тұлғаның жекелік қасеттерін дамуына көмектесу болып табылады.

Жас маманды ортаға ықпалдастырып, нормативтік- құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, психологиялық қолдау, сүйемелдеу модулін көрсету, өз ортасына қарамай үнемі ізденіс үстінде жүретін, өмір бойы білім алуды тоқтатпай, мұғалімдік қызметтің қиындығына мойымайтын,  кез келген жағдаяттан өз бетінше шыға алатын, тынымсыз еңбек ететін маманды дайындау – тәлімгердің басты қызметі.


Ж-жігерлі

А-алғыр

С-сұлу да, сымбатты

М-мақсатына жететін

А-айтқанын екі етпейтін

М-мінезі жайсаң

А-арманшыл

Н-насихатты тез қабылдайтын.
















Пайдаланылған ресурстар.

- 2019 жылғы 27 желтоқсандағы" Педагог мәртебесі туралы заң". 13-бап. Тәлімгерлік

- ҚР БҒМ 2020 жылғы 24 сәуірдегі №160 бұйрығы тәлімгерлікті ұйымдастыру ережесі және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар.

- ҚР Білім және ғылым министрінің № 472 бұйрығы.



-Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 80 бет





ЖИ арқылы жасау
08 Желтоқсан 2024
769
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі