400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ТӘЛІМГЕР ПЕДАГОГТЫҢ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Түсінік хат Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 08 қыркүйек 2022 жылғы №64 бұйрық жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау туралы 2025-2026 оқу жылында жас мамандарға жылдық жоспарларын жазуға, дидактикалық материалдарды дайындауға әдістемелік көмек көрсетуге тәлімгерлер тағайындалды.Бұл жоспар Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығына Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы негізделіп құрылды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі



Бекітемін:________ Келісемін:

Мектеп директоры: Оқу ісінің орынбасарлары:

Қызыр Айдос. Тегшбаяр Б.

« » __________ 2025 ж. Кентбаева Р.Т.

« » __________ 2025 ж.










ТӘЛІМГЕР ПЕДАГОГТЫҢ ЖҰМЫС

ЖОСПАРЫ








Тәлімгер-педагог: Шамаахай Д.














2025-2026 оқу жылы




Түсінік хат

Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебі 08 қыркүйек 2022 жылғы №64 бұйрық жас мамандарға тәлімгерлер тағайындау туралы 2025-2026 оқу жылында жас мамандарға жылдық жоспарларын жазуға, дидактикалық материалдарды дайындауға әдістемелік көмек көрсетуге тәлімгерлер тағайындалды.Бұл жоспар  Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығына Тәлімгерлікті ұйымдастыру қағидаларын және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды бекіту туралы негізделіп құрылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 160 бұйрығыТәлімгерлікті ұйымдастыру қағидалары және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптар "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және орта білім беру ұйымдарында тәлімгерлікті ұйымдастыру және тәлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге талаптар белгілеу тәртібін айқындайды.

Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:   1) тәлімгерлік – педагогтің орта білім беру ұйымында педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен адамға кәсіптік бейімделуіне практикалық көмек көрсету жөніндегі қызметі;  2) педагог – педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам.

Мақсаты:

Жас маманның табысты бейімделуі үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау, біліктілік қызметінде сәтті пайдалану үшін жас маманның кәсіптік білімі мен дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері :- жас маманның кәсіби және психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасау;
-жас маманның оқыту- жас маманның оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыруға әдістемелік көмек көрсету;
-жас маманның шығармашылық қызметінің өзіндік өрнегін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-үздіксіз білім алуға қажеттілік пен ынталандыруды дамыту.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

-жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттар мен жұмыс;
-мектеп құжаттамасымен жұмысқа көмек;
-жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;
-сабақты ұйымдастыруға көмек;

Р/н

Жұмыс мазмұны

Жұмыс нысаны

Мерзімі

I

Кіріспе

1

Педагогтің кәсіби дайындық деңгейін анықтау

Әңгімелесу, сауалнама өткізу

Қыркүйек


2

Жеке қажеттіліктерін анықтау бойынша диагностика жүргізу


Диагностика

Қыркүйек

1

3

Тәлімгерлік жоспарын құру

жоспарды бекіту

Қыркүйек


II

Негізгі. Кәсіби даму және психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу


1

Ұйымдастыру жұмыстары:

1) Жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттар мен жұмыс

2)Мектеп құжаттамасымен жұмысқа көмек

Нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс

дағдысы

Қыркүйек

2

КТЖ, ҚМЖ басқа да жоспар түрлерін құруға әдістемелік көмек көрсету

Дұрыс

құрылған жоспарлар

Қыркүйек

3

«Жас мамандар қоржынына»

Семинар

Қыркүйек

4


БЖБ және ТЖБ кестелерін құруға әдістемелік көмек беру

БЖБ, ТЖБ

Жоспарға сай

жыл бойы

5

Билим класс,OnlineMektep платформаларымен жұмыс

«Жас маман» мектебінің жұмысына қатысу

толтыру



Жыл бойы


Үнемі

6

Мектепішілік, аудандық, облыстық байқаулар

Семинарларға, байқау, олимпиада

Жыл бойы

7

Шеберлік класс. Тәлімгер сабағы

Өткізу

Екінші жартыжылдықта

8

Өзара сабақтарға қатысу жұмыстарын ұйымдастыру

Сабақты талдау жұмысы

Жыл бойы

9

Жас маманмен командалық сабақ өткізу

Өткізу

Екінші жартыжылдықта

10

Ашық сабақтар жоспарлауға әдістемелік көмек беру

Дұрыс құрылған, кезеңдері сақталған сабақ

Ашық сабақтар кестесіне сай

11

«Жас маманның негізгі қиыншылықтары»

дөңгелек үстел

Наурыз

12

Жас ұстаздар апталығы

апталық

Сәуір

13

«Ең үздік жас маман-2025»

байқау

Сәуір

14

Қорытынды және аралық бақылау жұмыстарын ұйымдастыруға әдістемелік көмек көрсету

Тест, талдау жұмыстары

Жыл бойы


15

Оқушылардың оқу сауаттылығын дамыту арқылы шығармашылық қабілетін шыңдау

коучинг

Ақпан

16

Материалдарды жинақтап, папка жинақтауға әдістемелік көмек көрсету

Материалдар

қоры

Жыл бойы

III

Қорытынды




17

Жылдық жұмыс қорытындысы туралы есеп дайындауға әдістемелік көмек беру

Анықтама

Мамыр

18

Жылдық жұмыс қорытындысы туралы педагогикалық кеңесте презентация, бейнеролик әзірлеу

Есеп

Мамыр

























Жас маман туралы мәліметтер


Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Абдикерим Гаукартас

Туған жылы

2004 ж

Білімі

жоғары

Қандай оқу орнын қашан бітірді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Лауазымы

педагог

Жас педагогтің жұмыс істейтін сыныптары

3 а,5б,6а,б,7а,8а,9а.

Сынып жетекшілігі

жоқ

Біліктілік санаты


педагог






























Педагог-тәлімгер туралы мәліметтер


Аты-жөні

Шамаахай Дарья

Білімі

жоғары

Қандай оқу орнын қашан бітірді

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ магистратура

Оқу орнын бітірген жылы

2006ж

Дипломы бойынша мамандығы

Бастауыш сынып мұғалімі
педагогика ғылымының магистрі

Педагогикалық өтілі

31

Лауазымы

Педагог зерттеуші,бастауыш сынып мұғалімі

Тәлімгер жұмыс істейтін сыныптары

4 а сынып

Біліктілік санаты

педагог-зерттеуші

Жұмыс жоспары

жас маманның табысты бейімделуі үшін ұйымдастыру-әдістемелік жағдай жасау, біліктілік қызметінде сәтті пайдалану үшін жас маманның кәсіптік білімі мен дағдыларын қалыптастыру

Міндеттері

- жас маманның кәсіби және психологиялық бейімделуі үшін жағдай жасау;
-жас маманның оқыту- жас маманның оқу-тәрбие қызметін ұйымдастыру деңгейін арттыруға әдістемелік көмек көрсету;
-жас маманның шығармашылық қызметінің өзіндік өрнегін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
-үздіксіз білім алуға қажеттілік пен ынталандыруды дамыту.

Жұмыстың негізгі бағыттары

-жұмыста пайдаланылатын нормативтік-құқықтық құжаттамасымен жұмыс;
-мектеп құжаттамасымен жұмысқа көмек;
-жұмыс бағдарламаларын, сабақ жоспарларын жасау және іске асыру бойынша кеңес беру;
-сабақты ұйымдастыруға көмек;
-болжау жұмысарын жасауға және талдауға көмек;
-өзара сабаққа қатысу.

Қорытынды

Жас маманның педагогикалық қызметін бағалау. Жүргізілген жұмыс туралы бірлескен есеп























Жас мамандар тізімі. 2025-2026 оқу жылы


№

Жас маманның аты-жөні

Бітірген оқу орны, жылы

Білімі

Лауазымы

Педа

гогика-лық өтілі

Біліктілік санаты

Сағат жүкте-месі

1








2













































Жас маманмен жұмыс жоспары

Тәлімгер күнделігі


№

қ/с


Мерзімі

Қаралатын мәселе

қолы





1


Жас маманмен танысу, пікіралысу.






2


Оқушылардың дәптерлерін жүргізу және күнделіктерді тексеру ережесімен таныстыру.






3


Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиялық ережелері мен нормаларымен танысу, іске асыру жұмыстары.





4


Бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңа оқу жылының әдістемелік ұсыныстарын талқылау






5


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жүргізудегі талаптар






6


Оқу бағдарламаларымен танысу






7


Тақырыптық жоспарды бекіту






8


Тәрбие жоспарымен танысу және оны дайындау жөнінде әңгіме жүргізу






9


Жас мамандарды мектептің жарғысымен, КҮНДЕЛІК КЗ толтыру, жүргізу, тексеру ережесімен таныстыру






10


Өзін-өзі жетілдіру тақырыбын таңдау






11


Мектепішілік әдістемелік семинар







12

Ай бойы


Өзара сабаққа кіру (сабақтарды талдау және өз сабағын талдау) кесте бойынша





13


Математика, қазақ тілдері жазбаша жұмыстарын өткізуді, дәптерлерді жүргізу талаптарымен таныстыру






14


ЖАҢА ПЛАТФОРМАЛАРМЕН ТАНЫСУ






15


Оқушылардың бейімделуін анықтау мақсатында сабақтарына қатысу.






16


Онлайн мектеп






17


Мектепте ата-аналар жиналысын өткізуге ұсыныстар беру, көмек көрсету






18

Ай бойы


Сабақ барысындағы оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыруды талдау мақсатында өзара сабаққа кіру





19

Үнемі


Жас мамандарды оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруды, интерактивті технологияларды пайдалану жолдары.


























































қолы


Сабақты өзіндік талдаудың сызбасы (1-нұсқа)

Сынып _______________________________

Сабақ тақырыбы __________________________

Сабақтың түрі мен құрылымы _______________

  • Аталған сабақтың тақырыптық мәні. Оның алдыңғы сабақпен байланысы, кейінгі сабаққа ықпалы.

  • Сыныптың қысқаша психологиялық-педагогикалық сипаттамасы (нашар үлгеретіндер мен үздік оқитындардың саны).

  • Сабақты жоспарлаудағы оқушылардың ерекшеліктерінің есебі.

  • Үш бірлікті дидактикалық мақсат (оның оқыту, дамыту, тәрбиелеу объектісі).

  • Сабақтың мақсатына сәйкес оқытудың мазмұнын, нысандары мен әдістерін таңдау.

  • Басты кезеңді бөлу, оқыту нәтижелері негізінде толық талдау.

  • Жаңа материалды түсіндіру үшін оқыту әдістерін үйлестіру.

  • Сабақтың барлық кезеңіне бөлінген уақытты тиімді түрде бөлу.

  • Кезеңдер арасындағы логикалық «байланыстар».

  • Дидактикалық материалдарды, ОТҚ, мақсатқа сәйкес көрнекі құралдарды іріктеу.

  • Оқушылардың білімді, дағдылар мен машықтарды игеруін бақылауды ұйымдастыру (нысандар мен әдістер).

  • Оқушылардың білімін реттеу мен түзеу.

  • Сабақтағы психологиялық ахуал және мұғалім мен балалардың қарым-қатынасы.

  • Сабақ нәтижелерін бағалау.























Сабақты өзіндік талдау сызбасы (2-нұсқа)

Бүгінгі сабақ … (№) сабақтар жүйесінде …. тақырыбы (тарауы) бойынша.

Оның мақсаты – …, сабақтың оқыту міндеті … , тәрбиелік міндеті – …, сабақ сондай-ақ балалардың …. дамытуға ықпал етеді.

Түрі бойынша … сабақ, ол өзіне мынадай кезеңдерді …. қамтиды.

Негізгі кезең …, міндеттері … кезең – …

Сабақты өткізу кезінде оқытудың мына ұстанымдары бағдарда болды: ….

Сабақтың мақсатына жету үшін, … (мазмұны: мысалдар, сұрақтар, тапсырма) таңдалды.

Сабақтың материалы … (күрделі, жеңіл, оқушыларға қызықты) болды.

Сабақтың … кезеңінде оқытудың … әдістері (қандай?) қолданылды, өйткені ….

… кезеңде – … (қандай?) әдістері.

Сабақ барысында … кезеңде … (жеке, жаппай, топтық, ұжымдық) жұмыс ұйымдастырылды, ал … кезеңде оқушылардың … жұмысы ұйымдастырылды, өйткені ….

Тапсырма оқушылардың … дамытуға бағдарланды.

… тапсырманы орындау кезіндегі мұғалімнің жетекшілігі … (операциялық, нұсқаулық) болды, өйткені ….

Балаларда … таңдау мүмкіндігі болды.

Уақытты бөлу … болды.

Сабақ ырғағы ….

Сабақты жүргізу … (жеңіл …) болды, оқушылар … жұмысқа …. кірісті.

Тақтадағы жазбалар ….

Көрнекі материал (оқытудың басқа құралдары) ….

Сабақтың мақсаты: … деп санауға болады, сабақ жоспары: …, материал …

Үй тапсырмасы… оқушыларға қиындық тудырады (тудырмайды), өйткені ….

+

Сабақ … деп санауға болады.






































Тәлімгер есебі

Тәлімгер : Шамаахай Д

Жас маманмен Нуржанқызы Нұргүлмен жұмысы жайлы

2024 – 2025 оқу жылы


  1. Жас маман сабақтарына қатысу қорытындысы

__________________

№ қ/с

Сабаққа қатысқан

мерзімі

Сабақтың тақырыбы

Сабақ барысында жеткен жетістіктері

Сабақ барысында кездескен қиындықтар

1


.

Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білді. Сабақ жоспары жүйелі құрылған. Сабақ жоспарланған уақытта аяқталды.

Оқушылар әлі партада отыруға толық қалыптаспаған, оқушыларды ұйымдастыруда біраз жұмыстар жасауды қажет етеді.


  1. Сыныптан тыс іс-шараларға қатысу қорытындысы________________________


№ қ/с

Қатысу мерзімі

Сабақ тақырыбы

Іс- шара қорытындысы

1


Тәрбие сағаты

Жолда жүру ережелері

Оқушылар жолда жүру ережелерімен танысты. Жол белгілері туралы білетіндерін ортаға салды. Сабақ жоспар бойынша ұйымдастырылды.







  1. Мектеп құжаттарын және ағарту жұмыстарын ұйымдастыруда берілген көмектер


Өткізілу мерзімі

Әдістемелік көмек беру тақырыбы

Өткізілу мерзімі

Әдістемелік көмек беру тақырыбы

19.08


Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиялық ережелері мен нормаларымен танысу, іске асыру жұмыстары.

25.08


Оқу бағдарламаларымен танысу

21.08


Мұғалімдерінің жаңа оқу жылының әдістемелік ұсыныстарын талқылау

28.08


Тақырыптық жоспарды бекіту

24.08


Күнтізбелік-тақырыптық жоспарын жүргізудегі талаптар

03.09


Тәрбие жоспарымен танысу және оны дайындау жөнінде әңгіме жүргізу



09.09


Жас мамандарды мектептің жарғысымен, КҮНДЕЛІК КЗ толтыру, жүргізу, тексеру ережесімен таныстыру















4.Жас маманның жеткен жетістіктері мен кездескен қиындықтарына қысқаша шолу:


Тұңғыш Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деген. Ал мектепке мұғалім болып кеше ғана оқуды аяқтаған жас маман келгенде, оған барлық әдістемелік көмек көрсетілуі тиіс.

2024 – 2025 оқу жылында жас маман Нұржан Нұргүлге тәлімгер болып тағайындалдым. Ең алдымен жас маманды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім. Нұргүлдің еңбек етіп жатқаны бірінші жыл. Оқу жылының басында әдістемелік нұсқау хатпен, нормативтік құжаттармен және пәндер бойынша оқу бағдарламасымен таныстырып және түсіндіріп өттім.

Сағат жүктемесін ескере отырып, сабақ  кестесі мен күнтізбелік - тақырыптық жоспарды құрастырып жазуды еске түсіріп өттім. Сондай –ақ, күнделікті сабақ жоспарларына SMART мақсат аспектілерін қарастыра, жас ұстазға   күнтізбелік сабақ жоспарларының құрылымын әзірлеуге үйретіп ақыл-кеңесімді беріп отырдым.

KUNDELIK.KZ  талаптарымен таныстырып, дұрыс толтыруды қадағалап отырдым. Күнделікті сабақтарға қажетті әдістемелік   материалдарды, ресурстарды, тиісті құрал-жабдықтарды таңдауға көмек көрсеттім.

Факультативтік қурс пен таңдамалы сабақ бағдарламалары мен жоспарларын , тәрбие жұмысының жоспары жайлы түсіндіріп, оларды құрастыру жолдарын қарастырдық. Оқушылардың іс- қағаздарын жүргізу және жөндеу туралы нұсқау бердім. Жас маманға өз білімін одан әрі жетілдіру үшін педагогикалық ғылыми- әдістемелік әдебиеттерге,республикалық кәсіби басылымдарға жазылуға және таңдауға ұсыныс жасадым. Соңымен қатар өз білімін жетілдіру жоспарын құрастыруға бағыт бердім.

Жас маманның жұмысын бақылауда оның сабақтарына, сыныптан тыс өткізген іс-шараларына қатысып, сабақты өткізген соң толық талдау жасап отырдым. Нұргүл да менің сабақтарыма үнемі қатысып отырды. Басқа да тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатысып, сабаққа қатысу дәптерін толтыру жолдарын көрсеттім.

Жас маман Нұргүл дәптерлер мен күнделіктің жүргізу талаптарымен таныстырып, оқушылардың каллиаграфиясы мен дәптерлерді ұстау сапасы жөнінде кеңес бердім.

І тоқсанда оқушылардың  оқу жылдамдығы тексерілді. Оқушылардың оқу жылдамдығын арттыру үшін жекелей жұмыс жасау жоспары әзірленіп, сабақтан кейін қосымша тапсырма беріп отырады.

Сыныптағы дарынды және үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасау жоспары  құрылып, іске асуда.  Оқу үрдісінде керек материалдарды арнайы папкаға жинақтауды кеңес бердім. Жас маманның шығармашылық портфолиосы мен оқушылардың портфолиосын жинақтауға бағыт бердім. Оқушыларды бақылау күнделігін жүргізуді бастап, оны іске асыруды қажет еттім.

  Оқу үрдісінде керек материалдарды арнайы папкаға жинақтауды кеңес бердім. Жас маманның шығармашылық портфолиосын жинақтауға бағыт бердім. Оқушыларды бақылау күнделігін жүргізуді бастап, оны іске асыруды қажет еттім.

Алдағы уақытта жас маманмен жоспарланған жылдық жұмыс жоспары бойынша әрі қарай жүргізіледі.

Жалпы қорыта келгенде Нұргүлдің педагогикалық жұмысқа бейімі бар,  сыныппен жұмыс істей алады, әр іске жауапкершілікпен қарайды. Келешекте жақсы ұстаз болатынына сенімдімін.




Тәлімгер _______________________________/ ___________ .______

қолы

Жас маман_______________________/ ___________________ _________

қолы





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
10 қыркүйек
261
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі