Материалдар / Тамшыбұлақ - киелі мекен
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тамшыбұлақ - киелі мекен

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қазан 2020
543
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тамшыбұлақ - киелі мекен


География пәнінің мұғалімі Ховдаш Раушан

Е.Жайсаңбаев атындағы орта мектебі





Абстракт

Зерттеу мақсаты: Тамшыбұлақ бастауының тарихын, суының емдік қасиетін анықтау

Міндеттері:

-Тамшыбұлақ бастауының тарихын, Ақын Сара мұражайы мен Ш. Уалихановтың зерттеу еңбектерімен және көнекөз қариялардың айтуы бойынша жинақтау, саралау.

Негізгі нәтижелер

Зерттеу барысында алынған мәліметтер юойынша Тамшыбұлақтың қасиеттілігі және экологиялық таза екендігі анықталды.

  • Судың асқазан, бауыр, буын ауруларына жақсы ем болатыны дәлелденді

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу мәліметтері бойынша Тамшыбұлақ суы өте таза, ерекше қасиетті және адам ағзасына пайдалы.





















Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................3

Мазмұны.....................................................................................2

Әдебиетке шолу

    1. Тамшыбұлақтың тарихы........................................................5-6.

    2. Тамшыбұлақтың қасиеті........................................................7

    3. Судың құрамы.........................................................................8

    4. Британ саяхатшыларының Тамшыбұлақты зерттеуі.........9

    5. Қапал өңіріндегі туризм........................................................10



ІІ. Пайдаланған әдебиеттер.....................................................11





















































Кіріспе

Тамшыбұлақ –Жетісу жұрты үшін қасиетті жер. Тамшыбұлақ қойнауы тарихқа тунған Қапал ауылына жақын Жоңғар Алатау жотасының сілемдеріндегі бұлақ бастауы. Қабат-қабат тау жыныстарындағы биік жарқабақтың өне бойын тұтаса өскен жап-жасыл мүк арасында көз жасындай мөлтілдеп төменге құлап ағып жатқан бұлақ суын жергілікті халық емдік су дейді. Жылдың қай мезгілі болмасын бұл жерге адамдар жиі келеді. Тамаша табиғатты тамашалайды. Бұл бұлақтың суын халық көне заманнан бері әртүрі ауруларды /асқазан, көз, сүйек-буын/ емдеуге қолданылған. Қапал жерінің табиғаты еш бір жермен салыстыруға келмейтін, түгін тартса майы шығатын, нулы да, сулы да ауасы таза, шұрайлы жер.







































Тамшыбұлақ тарихы

Тамшыбұлақ – қойнауы тарихқа тұнған Қапал ауылына жақын жерлерде Жоңғар Алатауы жотасының сілемдеріндегі бұлақ бастауы. Табиғаттың сыры бізге беймәлім небір жақұт – жаухарлары бар.Солардың бірі- жер жаннаты Жетісудағы Тамшыбұлақ мекені. Қабат-қабат тау жыныстарындағы биік жарқабақтың өне бойын тұтаса өскен жап-жасыл мүк арасынан

Көз жасындай мөлтілдеп төменге құлап ағып жатқан бұлақ суын жергілікті халық емдік су деп атайды. Табиғаттың тамаша сыйын дұрыс пайдаға асырсақ, өзіміздің демалуымызға да, сырттан туристтерды тартуға жарайды. Әйтседе Ақсу өңірінің тұрғындары Қапалдағы көрікті орынға тамсанумен келеді.

Қапал-Жетісу жеріндегі табиғаты тамылжыған, тарихи тұнып тұрған өңір. Бір ғана Күреңбел асуы сан бояуымен сұлу көрінсе 1,5 ғасырлық тарихы бар Қапал ауылынан 19 ғасырдың талай жәдігерін байқайсыз. Мұнда орыс көпестерінің ағаш үйлері де, Шоқан еккен 3 еменде әлі күнге бар. Тамшыбұлақ айналасын жалбыз көмкеріп, жап-жасыл мүк басқан бұл қабырғалардан қысы-жазы көздің жасындай тамшылар ағып тұрады. Бір ерекшелігі бұл қабырғалар сан ғасыр өтсе де еш мүжілмеген.

Тамшыбұлақтын суы өте мөлдір әрі мұздай. Ішкеннің шөлін қандырып, шомылғанды сергітеді. Ауыл ақсақалдарының айтуынша, суы азайғанымен, еш бүлінбеген. Емдік қасиеті бар. Жергілікті жұр кейде ем іздесе немесе еңсесі түссе, осы бұлақтын басыны келеді. Қысы-жазы бірқалыпты ағып жататын Тамшыбұлаққа қатысты ел ауызында аңыз қалған. Ертеде Қапал өңірінде Қоңтәжі деген хан мен Баян атты сұлу қызы болыпты. Баян мен хан батырларының бірі Сайынбөлек бір-біріне ынтызар болыпты. Осыны сезген хан қызын өзімен теңдес басқа бір ханның баласына бермек болып, Сайынбөлектен қашып, тауды паналайды. Тауда жүріп ғашығын сағынған Баян журек кейіпті тауға, ал оның көз жасы Тамшыбұлаққа айналды деседі.

Ауыл ақсақалдардың айтуынша:

Әділет Әштәй, Қапал ауылының тұрғыны

Тамшыбұлақ-табиғаты жанға, суы емге дауа таңғажайып өлке. Ол жайында сан түрлі аңыз бар. Соның бірінде ғашығына қосыла алмай сағынған қалмақ қызының көз жасы десе, енді бірі адамдардың қиянатын көрген Жер-Ананың жыласы болар, дейді.

Ерғали Сәдуақасов, өлкетанушы

Тамшыбұлақтың үстінде мыңдаған адамның, сақтардың бейіті бар. Жаңағы легенда бойынша мына Тамшыбұлақтың тамып тұрғаны Баянның көз жасы дейді. Екіншіден, мына жепде сақтар уақытында үлкен шайқастан қайтыс болған мыңдаған сақтардың көз жасы дейді.Табиғаттың тамаша тартуы- Тамшыбұлақта алғаш рет 1856-1865 жылдары зерттеп, ол туралы тарихи және табиғи деректерді бірінші болып халыққа жеткізген-есімі Алты алаштан асып, әлемге әйгілі болған қазақтың тұнғыш саяхатшы, этнограф Ш. Уалиханов атамыз еккенын оқығаннан кейін тарихи жерге құштарлығым артты.Тамшыбұлаққа барған сәтімде бұрын мұғалім болған түрі ізгі, зиялы апай жанымызға келіп,шүйіркелесе кетті: Е,қарақтарым,бұл қасиетті» Тамшыбұлақ.Ілиястың зайыбының шешесі Алматыда жатып,қайтыс боларының алдында осы бұлақтың бір шыны суын ішіп өлсем,арманым жоқ деген.Мен-Жер ананың құдіреті мен қасиетін дәл Тамшыбұлақ бастауының басындағындай сезініп көрмеппін.Тау жыныстарының арасынан ағып шығып жатқан таңғажайып бұлақ суы тамшы бұрқақ жүрегіңді еріксіз беймаза күйге бөлейді.Терең сайға бастап апаратын баспалдақтар бұталар мен көмкеріліп,аяғының астына жұпар иісті,жасыл кілем төсегендей әсер қалдырады.Сан алуан шөптер мен жалбыз иісі жаныңды жадыратып,тынысыңды ашады.Сол сәт сенен бақытты,сенен артық адам жоқтай көрінеді.Бір сиқыр жаныңды еркін,ерке күйге бөлеп,тамшы бұрқағына елітіп билегің де келеді.Енді бірде бойыңды сұп-суық тер басып,белгісіз күш жаныңды жегідей жеп,момақан куйге түсіреді.

Киелі Тамшыбұлақты бірінші көрген адам судың қалай пайда болғандығының байыбына бара алмай абдырап қалады.Шынымен-ақ, бұлақтың емдік қасиетінің бар екендігіне Тамшыбұлақ басында болған бір де бір жан күмән келтірмейді .Тұрғылықты халық бұлаққа келіп түсіп,қасиетті бұлақ суымен бетін жуып,бұлаққа түсіп, дертіне шипа тауып жатады.





















Тамшыбұлақтың қасиеті


Бастаудың бірегейлігі оның түрінің өзгешелігінде:су қабат-қабат тау жыныстарының арасынан ағып шығып жатады.Жергілікті тұрғындар бұл жерді қасиетті жер,ал бастаудың суын емдік қасиеті бар деп санайда.

Тамшыбұлақтың суын халық көне заманнан бері әр түрлі ауруларды мысалы:асқазан,көз,жүйке сүйек-буын ауруларын емдеуге қолданған.Марқұм Марат Алыбаев ауыл әкімі болып тұрғанда Алматыдан ғалымдар алдырып,суынынң денсаулыққа өте пайдалы екенін қазіргі жетілген ғылыми тұрғыда анықтаған құжаттар дайындады.Ол жерде минералды су шығаратын кәсіпорын салуға болатыны да анықталды.Олай болғанда алыс жақтың сусынын сатып алғанша одап сапасы артық болмасы,кем емес өзіміздің өнім арзанға түсер еді.Бірақ бұл шаруа келешекте шешімін таба жатар деген үміттемін.







Судың құрамы


ХVII ғасырдың аяғында өте маңызды жаңалық ашылды, яғни судың күрделі зат екендігі анықталды, су жасанды жолмен газ тәрізді сутектің оттекте жануынан алынды осы арқылы судың екі элементтен, яғни сутек және оттектен тұратындығы анықталды. Көп ұзамай судың күрделі зат екендігі керісінше судың құрамындағы бөлшектерге айырылуы арқылы дәлелдеді.




Судың адам ағзасындағы алатын орны



  1. Су дене температурасын тұрақтандырады

  2. Азық, қалдық, оттегіні тасмалдайды

  3. Буйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалайды

  4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етед

  5. Денені жарақаттанудан сақтайды

  6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді

  7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады

  8. Ас қорытуды жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан сіңірілуіне және де соңында қалдықтардың шығуына дейін судың атқаратын міндеті мол.



Денеде болатын күніне 2-4 литр су бар шығынының орынын қайта толтырып отыру қажет. Ересек адамдардың денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігінің болуы өте қауіпті және ол өлімге дейін жетелейді.















Томас Аткинсонның еңбегі



Жақында бір кездері Еуропада зор беделге ие болған атақты ағылшын сая­хатшысы Томас Аткинсонның ұрпақтары аталарының ізі қалған, ғалым мен оның жұбайы тіршілік кешкен Жетісудағы бірқатар жерлерді аралап қайтты. Бүгінде Ұлыбритания, АҚШ және Жаңа Зеландия секілді елдерде тұратын саяхатшы ұрпақтары ХІХ ғасырда бабалары Томас пен Люси Аткинсон қоныстанған қасиеттері қазақ жерінің әсемдігін көруді алдына мақсат етіп қойған екен. Атап өтер жайт, ағылшын саяхатшысы Аткинсон ұрпақтарының Қазақстанға сапарлауына Қазақ Географиялық Қоғамы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мұрындық болып отыр.

Кіндік қаны қасиетті Қапал жерінде тамған Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсон азамат атанғанда Гавай аралында қызмет етіп, жеті ба­ла тәрбиелеп, өсіреді. Журналист мамандығын алғаннан кейін жергілікті газеттердің біріне тілші болып орналасқан ол, өмірінің соңына дейін осы салады қызмет атқарады. Бүгінде Алатау-Тамшыбұлақ ұрпағы әлемнің әр өңірінде тұрып жатыр.

Аткинсон ұрпақтарының Қазақстанға жасаған сапары барысында Талдықорғандағы баспалар үйінде ағылшын жазушысы, журналист Ник Филдингтің «Оңтүстікке Ұлы далаға: 1847–1852 жылғы Томас пен Люси Аткинсонның Шығыс Қазақстанға саяхаты» атты кітабының тұсауы кесілді. Ник Филдингтың мұрағатында Томас Аткинсонның қызметі мен қазақ халқының сол кезеңдегі тұрмыс-тіршілігін бейнелеген барлығы 600-ге жуық сурет бар екен. «Бұл жазушы Ник Филдингтің Қазақстанға алғаш келуі емес, ол бұған дейін 2014-2015 жылдары арнайы осында болып, Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарына да сапарлап қайтқан. Ол екі сапарында да Томас пен Люси Аткинсондар туралы кітабына қажетті мәліметтер жинаумен айналысты. Бұл үшін барлық жағдайды жасаған Қазақстан географиялық қоғамы екенін атап өткен жөн», -дейді қоғамның жобалар жетекшісі Мағжан Сағымбаев. тынша мәртебелі меймандар Алатау Аткинсон дүние­ге келген жерді көзбен көру мақсатында Ақсу ауданына жол тартты. Онда Қапал қаласында Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсон құрметіне орнатылған мемориалдың тақтаның ашылу рәсіміне қатысты. Естелік тақтады: «Бұл жерде ХІХ ғасырда қазақ жеріне келген ең алғашқы Ұлыбритания зерттеушілері Томас пен Люси Аткинсондардың ұлы Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсон 1848 жылы 4 қарашада дүниеге келді» деп жазылған.






Қапал өңіріндегі туризм


Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мақсаты жеке бастың үйлесімді дамуына,денсаулықты нығайтуға адамдардың тіршілік үшін беленділігін арттыруға ықпал жасау.Салауатты өмір салты тұлғаның дамуы мен тәрбиесіне маңызды рөл атқара отырып қалыпты өмір салтының құрамдас бөлігі болып табылады.Еліміздің даму бағытын бекіткен «Қазақстан-2030»

Бағдарламасында салауатты өмір салтын ұстану мемлекеттік маңызы бар мәселелермен тең дәрежеде екендігі баса көрсетілген.

Қапал жерінің табиғаты еш бір жермен салыстыруға келмейтін, түгін тартса майы шығатын, нулы да,сулы да ауасы таза,қысы жылы,жазы салқын, шұрайлы жер.Табиғат сиға тартқан жанға дауа болатын «Тамшыбұлақ»

, «Шымбұлақ» бұлақтары сияқты «Баянжүрек», «Тоғызқұмалақ» сияқты аңызға толы тау бөктерлері бәрі-бәрі Қапал жеріндегі өркениетті өмір циклін құрайды.Осындай шұрайлы жерде спорттың бір түрі «туризмді» дамытса, адам денсаулығын нығайтуға тигізер әсері мол болар еді.

Табиғат сыйға тартқан Тамшыбұлақ –еліміздің көп жаухардың бірі.Бағаласақ,мұхит асып келген туристтерге қысылмай көрсетіп, жер атын ғана емес,ел атын шығарар байлығымыз.Ол үшін үкіметіміз үн қаттып,тамаша орынды тиісті деңгейде абаттандыруымыз керек.Сонда ішкі туризм де дамиды,жергілікті қазынаға да қаржы түсер еді.


























Қорытынды:

Тамшыбұлақ су құрамындағы иондар мүмкін шектелі концентрациядан аспайды,яғни экологиялық таза және асқазан,бауыр және буын ауруларына жақсы ем болады.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Бейсенова Ә «материктер мен мұхиттар географиясы»

  2. Қазақстан ұлттық энсклопедиясы 5 том

  3. С.Р Ердавлетова География туризма

  4. Мет-кое инструкция ГОСТ. 2001г







10


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!