Технология пәнінің
мұғалімі:
Азимбаева Гулназира
Бахтияровна
2018-2019 оқу
жылы
Тамыз
конференциясы
Жаңа заман – жаңа
оқыту.
Жаңаша оқытудың
әдіс-тәсілдері.
Ақмола облысы
Аршалы ауданы
КГУ Ақбулақ орта
мектебі
ЖАҢА ЗАМАН - ЖАҢАША
ОҚЫТУ.
ЖАҢАША ОҚЫТУДЫҢ ӘДІС –
ТӘСІЛДЕРІ.
Қазіргі уақыт талабы
мұғалімнен әр түрлі әдісті, жаңа идеяларды жан-жақты қолданып,
жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс-әрекетінде
жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге, оқушылардың
белсенділігін, жеке – дара жұмыс істеуін ынталандыру, жеке
көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді
болуын талап етеді. Яңни, әр оқушының жас ерекшеліктерін ескере
отырып, оның табиғи қабілеттерін анықтау, өздік танымдық
іс-әрекетіне бағыттау, оның субьектілік қызметін жетілдіру, соған
негіздеп оқыту – бүгінгі күннің өзекті
мәселесі.
Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «Жоғары білімді
дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды
ғылыми-зерттеу қызметімен ықпаластырылған инновациялық білімді
дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен
экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланысты, білім беру және
ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады» деп атап
көрсетілгені осыған орай, қазіргі білім беру саласындағы басты
мәселе әлеуметтік- педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім
мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен
оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.
Қазір «Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген
негізгі сұраққа жауап ізделуде. Оқыту, білім беру тәжірбиесі
педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді.
Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі
маңызды болып саналады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда
өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың
қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы
үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар
кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың
жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа ақпараттық технологиямен
орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек
орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Білім беру жүйесіне жаңаша
қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы.
Қазіргі қоғам дамуының маңызды міндеттерінің бірі – мектептік білім
беру аясында біліктілігі жоғары мамандарды даярлау болып табылады.
Біздің қоғамның болашағы мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және
кәсіби деңгейіне тікелей байланысты. Білім саласындағы маңызды
өзгерістер болашақ мұғалімдердің кәсіптік дайындығына күрделі де
нақты талаптар қойып отыр. Қазіргі қоғамда болып жатқан кең
шеңбердегі өзгерістер білімді, саналы жастарды тәрбиелеуде үлкен
міндет жүктері сөзсіз. Жас ұрпақтң жаңаша ойлауына, олардың
біртұтас дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейдегі білім
негіздерін меңгеріуне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру –
жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелерінің бірі.Оқушыларға
жүйелі білім беру және алған білімі негізінде іскерлігі мен
дағдысын қалыптастыру сияқты оқу процесінің негізгі мәселелері
сабақ беру арқылы жүзеге асады. Сондықтан да сабақ беру әдістеріне
әрқашан да ерекше көңіл боліп, оны жетілдеру күн тәртібінен
тұспейтін мәселе. Оқу жүйесінде білім беру мен тәрбиелеудің әр
түрлі әдістері мен қалыптары болуға тиіс. Оқушылардың сабаққа
ынтасын, шығармашылық белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіріп,
әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана өткізудың де маңызы зор. Мұғалім –
сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім
табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге
үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік
беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс
бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп,
дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға
үйренеді.
Жаңаша оқытудың негізгі
түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл
жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз
ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет
сезімін дамыту. Ал оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру,
талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады. Жаңа
технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет. Бұл үшін
оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе
алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты
қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім
алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар керек. Қоғамның дамуы
жас ұрпақтың меңгерген білімі мен машықтық қалыпқа түскен іскерлік
дәрежесіне байланысты. Ұлтты ұлт етіп дүниежүзілік деңгейге
көтеретіноның саналы да дарынды, талантты ұрпағы. Ал білімді ұрпақ,
болашақ ел тірегін тәрбиелейтін, оқытатын – ұстаздар екені аян.
Ендеше заман талабына сай оқыту, білім беру, модернизация деңгейіне
жеткізу – біздің міндетіміз.
Педагогика ғылымының бір
ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту
технологияларын шығару. Оқыту технологиялары оқушының тұрақты
жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу
ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау
деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін-өзі бағалау
мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді. Жаңа оқыту
технологиясының принциптері – оқытуды ізгілендіру, өздігінен
дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп, өсіруші,
тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру болып табылады. Білім беру жүйесінде
қазір жаңа оқыту технологияларының сан алуан түрлері
бар.
Қазіргі таңда ұрпақ таңдауына
шексіз мүмкіндіктерберілген. Бүгінгі білім алушы болашағына дұрыс
таңдау жасай алатын, ұтымды шешім қабылдай алатын, сондай-ақ өзінің
өміріндегі өзгерістер ағымына икемделе білетін қабылетіне
байланысты өмір сүру тәртібі күтіп тұр. Сондықтан да, жаңа мазмұнды
білім беру жүйесі алдында оқушыны ойланүға үйрету, қай жаста
болмасын алдынан шығатын түрлі проблеманы шешуге қажетті әрекет
тәсілдерін үйрету міндеті тұр. Бұл міндеттерді шешу үщін мектеп
ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа
тәжірибеге, жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Жаңа
оқыту технологиялары
-
Бұл білімнің басымды
мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің оқу-тәрбие
процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан
міндеттерінің, мазмұнының формалары мен әдістерінің күрделі және
ашық жүйелері мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақырында
оқушының дамуна жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды.
Қорыта айтқанда,
жаңапедагогикалықмұндай технологиялар арқылы оқытуды ізгілендіру
мен демократияландыруға, оқушылардың өздігінен бағыт – бағдарын
анықтап, дамуына, ең бастысы, өзін-өзі тәрбиелей алатын тұлға
ретінде қалыптасуына жағдай жасауға болатыны күмәнсіз. Бүгінгі
таңда тынымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде
қолдана білсек, жаңа мазмұнды білім беру процесі нәтижелі және оның
сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпас еді. Олай болса
оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап,
дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі
жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға
болады.