Таңдау курсы Тақырыбы "Ертегілер еліне саяхат" 2 сынып. Дайындаған: Суюнгалиева Айгүл Токпановна

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Таңдау курсы Тақырыбы "Ертегілер еліне саяхат" 2 сынып. Дайындаған: Суюнгалиева Айгүл Токпановна

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып оқушыларына арналған.Оқушылардың тіл байлығын дамытуға, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Курс барысында оқушылар өз ойларын ашық жеткізе білуді, мәтін бойынша түсінігін айтуды үйренеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат


«Ертегілер еліне саяхат» курсы оқушылардың тіл байлығын дамытуға, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік береді. Курс барысында оқушылар өз ойларын ашық жеткізе білуді, мәтін бойынша түсінігін айтуды үйренеді.

Курстың мақсаты: Ертегіні айтып түсіндіру және сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын ажырата білуге үйрету. Көркем тілдік және орындау қабілеттерін дамыту. Өз ойларын жеткізіп, өз беттерінше жұмыс жасау дағыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Сауат ашу пәнінен алған білімдерін дамыта оқыту;

        • Өзіндік пікірі қалыптасқан жеке тұлғаны қалыптастыруға ұмтылу;

        • Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өздігінше білім алатын қасиетін қалыптастыру;

        • Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар білуге тиісті:

  • Ертегі анықтамасын;

  • Ертегінің түрлерін;

  • Қазақ ертегілеріндегі кейіпкерлерді;

  • Ертегілердегі жағымсыз кейіпкерлердің ісін қайталамауды.

Оқушылар нені жасай алады:

  • Өз ойын ашық айта алады;

  • Өз іс-әрекетіне қорытынды жасай біледі;

  • Шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Пән аралық кіріктіру: сауат ашу

Уақыт көлемі:  34 сағат, аптасына 1 сағат

Курсты ұйымдастыру формасы: топтық және ойната оқыту

Оқыту жетістігін бағалау жүйесі: «игерді», «игермеді»

Оқытуды аяқтау формасы: Тест тапсырмасы

 

 

 

 

 








 

«Ертегілер еліне саяхат» таңдау курсының күнтізбелік-тақырыптық жоспары


р/с

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Ертегілер туралы түсінік

1


2

І тарау. Хайуанаттар туралы ертегілер

1


3

«Қу түлкі» ертегісі

1


4

«Қорқақ қоян» ертегісі

1


5

«Құмырсқа қанағаты» ертегі

1


6

«Тышқан мен жылан» ертегісі

1


7

«Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

1


8

Тарауды қайталау

1


9

ІІ тарау. Қиял – ғажайып ертегілер

1


10

«Қаңбақ шал» ертегісі

1


11

«Қаңбақ шал» ертегісі

1


12

«Ай неге жалаңаш қалды» ертегісі

1


13

«Гүл» ертегісі

1


14

«Кім күшті?» ертегісі

1


15

«Кім күшті?» ертегісі

1


16

Тарауды қайталау

1


17

ІІІ тарау. Шыншыл ертегілер

1


18

«Алтын балта» ертегісі

1


19

«Ақылды егінші» ертегісі

1


20

«Бір үзім нан» ертегісі

1


21

«Еріншек» ертегісі

1


22

«Мұрагер» ертегісі

1


23

«Соқыр күйші» ертегісі

1


24

Тарауды қайталау (тест жұмысы)

1


25

ІV тарау. Қожанасыр мен Алдар көсе

1


26

Қожанасыр ақылы

1


27

Қожанасырдың қазылық етуі

1


28

Қожанасыр мен хан

1


29

Алдар көсенің сиқырлы тоны

1


30

Байды алдаған Алдар Көсе

1


31

Алдар Көсенің айласы

1


32

Тарауды қайталау (тест жұмысы)

1


33

Қорытынды тест жұмыстары

1


34

Қайталау

1





Күні: . .2018


Тақырыбы: Ертегілер туралы түсінік

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен,

ертегі кейіпкерлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру, ертегі түрлерімен таныстыру. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту. Оқушыларды ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке, шындыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.


ІІ. Жаңа сабақ

Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Ертегілерде көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып біздің дәуірімізге жеткен. Әр кезеңде ертегі айтушылар өз жандарынан ертегі мазмұнына жаңа оқиғалар қосқан. Сөйтіп ол үнемі жаңарып, толықтырылып, жетілдіріліп отырған.

Халық ерте кезде-ақ әрқашан зұлымдықты әділеттік жеңеді, адам табиғаттың асау сырларын біліп, қолдана алатын болады деп сенген. Жақсы өмірді аңсаған қашықтарға тез жетуді, ғажап күшті болуды, көкке ұшуды, жер асатына түсіп, асыл қазынасын алып, пайдалануды армандаған. Соның бәрі ертегілерге арқау болған. Сондықтан да ертегілерде халық қиялы, арманы, даналығы ғасырлар бойы жинақталған өмір тәжірибесі бар.

Ертегілердің үш түрі бар. Олар:

  • Хайуанаттар туралы ертегілер

  • Қиял – ғажайып ертегілер

  • Шыншыл ертегілер

Хайуанаттар туралы ертегідегі негізгі кейіпкерлер аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер иесі болып суреттеледі де, сол арқылы сұм, қиянатшыл, дөрекі, қу мінез құлықтар әшкереленеді, еңбексүйгіштікті, батылдықты, адалдықты сүйсіне әңгімелейді.

Ал қиял – ғажайып ертегілерде ер жүрек, батыр адамдардың басынан кешкен сан алуан ерлік оқиғалар баяндалады. Олар жеті басты дәумен, жалмауызбен, небір құбыжықтармен күрес үстінде бар асыл қасиеттерімен көрінеді. Олар көкке ұшады, жер астына түседі, теңіздерден өтеді, азабы мол ғажайып оқиғаларды ақыл, айла – тәсілін асырып, жеңіп отырады. Осы жолда оларға Желаяқ, Таусоғар, Саққұлақ, Самрұқ құс, Қарлығаш сияқты ізгі ниетті жандар болысады, ақылды ат, алып құстар жәрдемдеседі.

Шыншыл ертегілер – қазақ ертегісінің ең мол түрі. Шыншыл ертегіге халық өзінің дүние тануындағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы бас тірліктері – барлық мұң, мүддесін, тартыс, талабын жиып түйген.

Picture 1


Оқушыларға сұрақ:

  • Қандай ертегіні білесіңдер?

  • Ертегіні сендерге кім оқып береді?

  • Ертегі несімен қызық?

  • Ертегінің қандай кейіпкерлерін білесіңдер?

  • Ертегілерде жақсылық пен жамандық қалай беріледі?

  • Ертегілерде нелер  баяндалады?

  • Ертегілер бізге қалай  жеткен?

  • Ертегілердің қанша  түрі  бар?

  • Хайуанаттар туралы ертегілер  деген не?

  • Қиял – ғажайып ертегілер  деген не?


ІІІ. Қорытынды









Күні: . .2018


Тақырыбы: Хайуанаттар туралы ертегілер

Сабақтың мақсаты: Хайуанаттар туралы ертегілермен таныстыру,

олардың өз ерекшеліктерін атау. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Picture 4 Хайуанаттар туралы ертегілер ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Хайуанаттардың сыртқы пішіндегі немесе жүріс-тұрысы, мінез-құлқындағы бір ерекшелігі, оның солай болу себебі жайында баяндалады.

Бұл топтағы ертегілердің басты ерекшелігі — оқиғаны себеп-салдарлы сипатта баяндауы және аңызға жақын болуы. Бұл ертегілердегі хайуанаттардың сипаттамасы басқа елдер ертегілермен сарындас.

Мысалы:

түлкі — аса айлакер, екіжүзді, алаяқ қу;

қасқыр мен жолбарыс — адуынды озбыр, қара күш иесі;

аю — икемсіз, қарабайыр, т.б.

Жыртқыштар қанаушыларды, әлсіз жануарлар кедейлерді еске түсіреді. Олардың іс-әрекетімен қатар мінездері де шебер сомдалады. Бір сарынды эпизодтардың өзгермей, үнемі қайталанып келетін түрі көптеген әлем халықтары ертегілерінде бар. Олардың үлгілері “Қотыр торғай”, ”Кім неден күшті”, т.б. ертегілер. Мысал ертегілерде баяндау белгілі бір моральдік қағида мен тұжырымды дәлелдеуге бағытталады, сол себепті олар көп жағдайда нақылмен аяқталады.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегілерді көбіне қандай аңдарды кездестіреміз?

  • Аңдардың іс-әрекеттері адамдардың мінез-құлқына ұқсай ма?

  • Ертегілерде аңдар не себепті сөйлейді?

  • Ертегідегі аңдардың қайсысы көбіне жеңіске жетеді?

  • Ертегілердегі қандай аңдар ұнайды?

ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Қу түлкі» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Қу түлкі» ертегісімен таныстыру, ертегідегі

кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Ертегінің мәтінін мәнерлеп оқу

Picture 10 Қу түлкі


Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп:

- Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалық етуге келгенмін, - дейді.

Жолбарыс түлкіге олай бір, былай бір қарап, сенбей:

- Мүмкін емес,— дейді.

- Сенбесең, менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр, - дейді түлкі.

Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырағай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын онан сайын көтере түсіп:

- Ал, енді көзің жеткен шығар! Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?-деп мақтанады.

- Я, сен шынында да айбарлы екенсің,- деп алданған жолбарыс жайына кетеді.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегіде қандай кейіпкерлер кездеседі?

  • Жолбарысты түлкі орманға не үшін алып барды?

  • Аңдар не себепті жан-жаққа қашып кетті?

  • Түлкі жолбарысты қалай алдады?

  • Жолдарыс түлкіні не үшін жіберіп қойды?


ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Қорқақ қоян» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Қорқақ қоян» ертегісімен таныстыру, ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ


Қорқақ қоян

Picture 13

Ертеде орманда қайырымды қоян өмір сүріпті. Қоян кішкентай аңдарға көмектеседі. Аңдардың жоғалтқан заттарын тауып әкеп береді. Себебі, қоян иісшіл, дыбысты жақсы сезеді. Барлық аңдар қоянды жақсы көреді. Бір күні қоян орман ішінде жүгіре-жүгіре, секіре-секіре шаршап қалады. Ол өзінің қарны қатты ашығанын сезеді. Қолына дорбасын ұстап, бақшаға келеді. Қоян сәбіздің иісін тез сезеді. Өйткені қоян сәбізді жақсы көреді. Қызыл сәбіздерді суырып, асықпай дорбасына салады. Осы кезде бақшаны суарып жүрген бағбан ата қоянды байқап қалады. Ақырын келіп, қоянның дорбасына қырыққабат салады. Бағбан ата жасырынып қалады. Тықыр еткен дыбысты естіген қоян қорқып кетеді. Жан-жағына қарамайды. Қолына дорбасын алып, орманға қарай қаша жөнеледі. Осы күннен бастап, ол қорқақ қоянға айналады.


Оқушыларға сұрақ:

  • Қоянның мінезі қандай?

  • Ол аңдарға не үшін көмектеседі?

  • Қоян бақшаға не себепті барды?

  • Қоянды кім көріп қалды?

  • Қоян не үшін қашып кетті?


ІІІ. Қорытынды



Күні: . .2018


Тақырыбы: «Құмырсқа қанағаты» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Құмырсқа қанағаты» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.


ІІ. Жаңа сабақ

Құмырсқа қанағаты

Picture 16

Ертеде бір оқымысты болыпты. Ол барлық халықтың, жан–жануардың, жәндік, өсімдіктің тілін түгел біледі екен.

Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Қарап тұрған біреуі жоқ: бір тобы індерін кеңейтіп жатыр, бір тобы нән құртты сүйретіп келеді, енді біреулері күзет қорықта жүр, ал ана біреуі басқа илеуден ұшырасқан құмырсқамен алысып жатыр.

Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады да:

Сенің басың неге үлкен? - деп сұрайды.

Ақылым көп.

Құйрығың неге үлкен?

Қайратым көп. Өзімнен қырық есе ауыр жүкті көтере аламын. Қайратымды құйрығыма жинамасам, ауыр жүкті көтергенде, тоңқалаң асар едім, - дейді

Құмырсқа:

Ал сенің ішің неге жіңішке?

Қанағатым көп.

Жарайды, - деді оқымысты. – Ақылың мен қайратыңның көп екеніне көзім жетіп тұр. Енді қанағатыңның қандай екенін білейін. Егер саған бидайдың бір дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің?

Бір жылға жеткізер едім, – депті құмырсқа.

Оқымысты құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидайдың бір дәнін қояды. Бір жыл өткен соң сауытты алып қараса, құмырсқа бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз жатыр екен. Қасында бидай дәнінің жартысы қалыпты. Әрі–беріден кейін бірте–бірте мұртын, аяғын қимылдатады да, құмырсқа орнынан тұрады.

«Бір дән маған бір жылға жетеді» деп едің. Жыл өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай? – деп сұрады оқымысты.

Иә ... ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлде қайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, онда мен бостан–босқа аштан өлген болар едім. Сол себепті бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым, – деп жауап береді құмырсқа.

Егер босатуды ұмытып кетсем, қалған жарты дәнді қанша уақытқа жеткізген болар едің?

Төрт-бес жылға жеткізген болар едім, –депті құмырсқа.


Оқушыларға сұрақ:

  • Құмырсқа қандай жәндік?

  • Құмырсқаның ақылы көптігін қайдан байқаймыз?

  • Оқымысты құмырсқаны қалай тексермек болды?

  • Құмырсқа не себепті дәннің жартысын ғана жеді?

  • Құмырсқаның қандай қасиетінен адамдар үлгі алуы керек?


ІІІ. Қорытынды























Күні: . .2018


Тақырыбы: «Тышқан мен жылан» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Тышқан мен жылан» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.


ІІ. Жаңа сабақ

Тышқан мен жылан


Picture 19 Бір тышқан тамақ аулап, ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады. Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты:

- Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал. Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес, бірақ оған қылар еш айла жоқ. Оған тиіп не қыласың? Мазасын ала берсең, өзіңді жеп қояды, оған ештеңе қыла алмайсың.

Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты. Бірақ қалай кегін алуды ойлайды.

Бір күні келе жатса, інінің аузында жыланның күн шуақта жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып, жыланға қарай тұра қашыпты. Кісі оянып, тұра қуады. Қараса, алдында жатқан жыланды көреді. Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті. Сөйтіп, кегі қайтқан тышқан өз ініне келіп тұрыпты.

Оқушыларға сұрақ:

Тышқанның інін жылан не үшін тартып алды?

Тышқан не себепті жыланнан қорықты?

Көршілері тышқанға қандай кеңес берді?

Ұйықтап жатқан кісі неге тышқанды қуа жөнелмеді?

Тышқан жыланнан кегін қалай алды?


ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қарлығаш пен дәуіт

Picture 22 Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.

Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.

Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.

- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.

Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып. – Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.

Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді. Қарлығашқа дәуіт . – Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады. – Олай болса, мені тезірек жеткіз, – дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді.

Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.

Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.

Оқушыларға сұрақ:

  • Қарлығаш кімнен қорықты?

  • Қарлығаш кімдерден көмек сұрады?

  • Дәуір қалай көмектесті?

  • Достық дегеніміз не?

  • Шын достықты қалай бағалауымыз керек?

ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: Тарауды қайталау

Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін тексеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Сурет бойынша өткен ертегілерді еске түсіру

Picture 22 Picture 4

Picture 13

Picture 10 Picture 19 Picture 16


Оқушыларға сұрақ:

  • Біз оқыған ертегілердің қандай кейіпкерлері естеріңде қалды?

  • Олардың қандай жақсы қасиеттерін білеміз?

  • Ертегілердің жағымды-жағымсыз кейіпкерлерін қандай?

  • Ертегілер арқылы достықтың, жақсылықтың не екенін білдіңдер ме?

  • Біз өткен ертегілерге ұқсас басқа қандай ертегілер білесіңдер?

Мінездеме беру

қоян – қорқақ қарлығаш – қайырымды

дәуіт – адал жылан – күшті

құмырсқа – еңбекқор түлкі – қу

жолбарыс - аңқау


ІІІ. Қорытынды




Күні: . .2018


Тақырыбы: Қиял – ғажайып ертегілер

Сабақтың мақсаты: Қиял – ғажайып ертегілерімен таныстыру,

олардың өз ерекшеліктерін атау. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Picture 25 Қиял-ғажайып ертегілер – қазақ ауыз әдебиетіндегі ең көне жанрлардың бірі, көптеген әдет-ғұрыптар, діни нанымдар мен сенімдер, т.б. қоғамдық өмір көріністері кездеседі. Бірақ көне дәуірдің бұл көріністерін кейінгі заманда халық тек қиял ғана деп түсінген. Сол себепті ертекшілер әңгімесін ерте уақытта болған деп ескертеді. Бұл ертегілердің бас қаһармандары – аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша және басқа да әділдік іздеген адамдар. Бұлардың бәрі халық арманынан әр кезде туған ізгі кейіпкерлер, яғни ізгі-тарихи құбылыс. Ертеде, ел табиғаттың дүлей, тылсым күштерімен алысып, күнделікті тіршілік үшін арпалысқан кезде, халықтың арманы, мұраты – соларды жеңетін күшті палуан, батыр-мерген болды (“Ер Төстік”, “Құла Мерген”).

Әдетте, сюжеттің кіріспесінде ертегі қаһарманының кәрі ата-анасы мен оның дүниеге келуі баяндалады: қартайғанша перзент көрмей, қу бас атанған кемпір-шал құдайдан бала сұрап, әулие-әнбиелердің басына түнеп, жалбарынады. Кемпір-шалдың тілегі қабыл болып, бала сүйеді. Ол бала – ертегінің бас кейіпкеріне айналып, батыр, ержүрек жауынгер болып өседі. Ал қаһарман туралы әңгіме біткен соң негізгі сюжетке жалғасатын қорытындыда кейіпкер мен оның жанындағылардың бұдан кейінгі тағдыры сөз етіледі.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегілер неге қиял-ғажайып деп аталады?

  • Адам арманынан туған батырлар қалай суреттеледі?

  • Ертегілерде қандай кейіпкерлер болады?

  • Ертегідегі кім жеңіске жетеді?

  • Ертегілер не себепті қызық?

ІІІ. Қорытынды


Күні: . .2018


Тақырыбы: «Қаңбақ шал» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Қаңбақ шал» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Ерте заманда Қаңбақ шал деген шал болыпты. Мал мен басқа зар болыпты. Кедейліктен шықпапты. Ол ау салып, балық аулап, тамақ асырапты. Жел соқса, шал домалап жөнеледі екен. Содан соң оған Қаңбақ шал деген ат қойылыпты. Күн сайын ауына ілінген екі балығының біреуін бір түлкі әлімжеттік қып тартып жей береді екен. Түлкінің қорлығына шыдамай, шал бір күні екінші бір жерге көшем деп, дүние мүлкін арқалап жолға шығыпты. Шаршаған соң оны бір жерге көміп кетіпті, бір жерге елдің сойған малынан жинап алған ішек қарнын көміп кетіпті, бір жерге қарындағы айранды көміп кетіпті .Жүктің салмағымен Қаңбақ шал ұшып кетпей келеді. Жүктен арылған соң, желмен ұшып, бір жерге ұшып түсіпті. Қараса, бір дәу екі тауды біріне-бірі шақпақ қылып, ұрып тұр екен.

Дәу:

- Қайда бара жатқан шалсың? Кел екеуміз күш сынасайық – деп қазандай бір қара тасты көтеріп, аспанға лақтырып жібереді де қайта қағып алып: Ал шал, сен де осылай қақпаққыл етші дейді.

Шал сасып, қайтерін білмей, тасты құшақтап аспанға бір, тасқа бір қарап, күнімен тұрады.

Сонда дәу:

- Е, неғып тұрсың, лақтыр, – дейді.

Шал тұрып:

- Аспанға лақтырсам, аспан жерге айналып түседі ау деп, жерге қақпай түсірсем, жер ортасынан ойылып түсе ме деп қауіп қылып тұрмын дейді.

Сонда дәу келіп, шалдың қолынан ұстай алады да:

- Ақсақал лақтырмай ақ қой, текке қырыламыз - деп жалынып қойғызады.

Дәудің ақылы таяздығын біліп шал ерленіп, дәуге:

- Кел жердің ішек қарнын шығарйық - дейді.

Дәу жүгіріп келіп, жерді теуіп қалады. Жер тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал өзі бұрын көміп қойған, қаны - жыны арылмаған ішек қарын жатқан жерді жүгіріп барып, теуіп қалса, ішек қарын шығады. Дәу қорқады:

Сосын шал:

- Кел енді жердің миын шығарайық, - дейді.

Дәу бар пәрменімен келіп, жерді теуіп қалады. Жер тағы да тізеден ойылады. Ештеңе шықпайды. Шал манағы айранын көміп кеткен жерді жүгіріп барып теуіп қалса, бырқ етіп айран шыға келеді. Дәу одан бетер қорқады. Мына шал не деген орасан күшті деп, шалдың айтқанын істей береді. Ақыры шал онан қалай құтыларын білмей:

- Енді қайт. Ертең бізге қонаққа кел, - дейді.

Дәу:

- Жарайды деп – кетіп қалады.

Шал үйіне келіп, кемпіріне:

- Ертең дәу қонаққа келеді, - дегенде:

- Ойбай, немізді береміз - деп сасады кемпір.

Шал тұрып:

- Ертең дәу келеді. Мен есіктің алдында отырармын. Сонда сен оның көзінше. Не істеймін шал, - деп маған қара, мен не десем, соны істемекші болып, пышақты алып тұра ұмтыл! – деп кемпіріне үйретіп қойады.

Ертеңіне үш дәу келіп, досының үйінде отырады. Сол кезде кемпір тұрып:

- Шал нені асамын үйдегі қонаққа? Түк жоқ деп! - депті.

Сонда шал тұрып:

- Басқы дәудің басын ас, ортаншы дәудің төсін ас, ол жетпесе досым дәудің өзін ас! -дегенде, кемпір пышағын алып тұр ұмтылады. Үш дәу тым тырақай қаша жөнеледі. Досы лашық үйін басымен көтеріп әкетеді. Шал айқайлап:

- Әй, досым, лашығымды тастап кет! Қайда барсаң да құтылмайсын! - дейді. Дәу лашықты тастай сала қашып бара жатса, баяғы әлімжеттік қып балығын тартып жей беретін түлкі жолығады.

- Тақсыр қайдан қашып келесің? - дейді түлкі.

- Бір пәле шалдың қырсығынан құтыла алмай қашып келеміз, - дейді.

Түлкі:

- Сол Қаңбақ шалдан қорқып жүрсіңдер ме? - менімен жүр, мен сенің өшіңді алып берейін, - деп, дәуді ертіп, шалды іздеп қайта келе жатса, шал лашықтың жанында тұр екен. Түлкінің ертіп келе жатқанын көріп, шал айғай салады:

- Ей, түлкі-ау Арғы атаңда алты атамның құны бар, бергі атаңда бес атамның құны бар, өзіңде бітіспейтін кегім бар, үш дәуді сол үшін бергелі жатырсын ғой! Бәрі бір онымен бітпеймін! - деп дауыстайды.

Сонда дәу қорқып, бұл бізді сол аталарының құнына беруге алдап алып келе жатыр екен ғой, - деп ойлап түлкіні құйрығынан алып жерге бір ұрып өлтіріп, алды-артына қарамастан қаша жөнеледі. Сөйтіп, Қаңбақ шал дәулер мен түлкіден осылай құтылған екен дейді.

Оқушыларға сұрақ:

  • Шал не себепті «қаңбақ шал» деп аталып кеткен?

  • Қаңбақ шал дәуді қалай сендірді?

  • Қаңбақ шал үш дәуді қалай алдады?

  • Қаңбақ шал түлкіден кегін қалай алды?

  • Кімнің іс-әрекеті дұрыс деп ойлайсыздар?


ІІІ. Қорытынды


Күні: . .2018


Тақырыбы: «Ай неге жалаңаш қалды» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Ай неге жалаңаш қалды» ертегісімен

таныстыру, ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Ай неге жалаңаш қалды


Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой-тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.

- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.

Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.

- Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.

Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.

Оқушыларға сұрақ:

  • Айдың көйлегі неге тар болды?

  • Тігінші Айдан не үшін қорықты?

  • Ай мен тігінші не деп келісті?

  • Тігінші неге қашып кетті?

  • Ай неге толысады?


ІІІ. Қорытынды



Күні: . .2018


Тақырыбы: «Гүл» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Гүл» ертегісімен таныстыру, ертегідегі

кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Гүл


Баяғы өткен заманда бір гүл өмір сүріпті. Гүлдің басқа достары болмапты. Бір күні күн бұлттанып, жаңбыр жауа бастайды. Гүл жаңбырдан қаша алмайды. Жаңбыр жауып, басылған соң, күн қайта ашылады. Кейін гүлдің көңілі көтеріліп, қуанады. Ол әр-түрлі қимыл жасап билейді. Бір кезде оның басындағы тұқымы жерге себіледі. Гүл оны байқамайды. Гүл тағы да «менің достарым жоқ» деп мұңайып жылай бастайды. Қарап тұрған күннің көзі жабылып, тағы да жаңбыр жауады. Жаңбырдан соң, гүл жан-жағына қараса кішкентай-кішкентай гүлдердің шыға бастағанын көреді. Гүл: «Енді менің достарым көбейді, алақай», - деп қуанады. Содан бері әр-түрлі гүлдер жерге шыға бастапты.


Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегінің басты кейіпкері кім?

  • Гүл не себепті мұңайды?

  • Гүлдің басты тілегі қандай еді?

  • Гүл қалай қуанды?

  • Ертегіден не ұқтыңдар?


ІІІ. Қорытынды


Күні: . .2018


Тақырыбы: «Кім күшті?» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Кім күшті?» ертегісімен таныстыру, ертегідегі

кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Кім күшті?

Picture 34 Ерте, ерте, ерте екен,

Ешкі жүні бөрте екен.

Қырғауылы қызыл екен.

Құйрық жүні ұзын екен.

Қырғауылы қырқылдап,

Жалтыр мұзға сыртылдап,

Алшая келіп қоныпты,

Шаты айрылып қалыпты.

Қисая жатып қырғауыл

Сонда мұздан сұрапты:

- Мұз, мұз, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, бауырымды жаңбырға тестірмес едім.

- Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім.

- Жер, жер, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жардырмас едім.

- Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлқымас еді.

- Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, көк шұнақ қасқырға құйрығымды жұлқытпас едім.

- Қасқыр, қасқыр, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, көк мылтыққа құйрығымды ойдырмас едім.

- Көк мылтық, көк мылтық, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.

- Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың?

- Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.

- Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?

- Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, - деген екен құмырсқа.


Ертегі кейіпкерлерін сурет бойынша кезекпен айту:


Picture 40 Picture 43


Picture 46





Кім күшті?

Picture 37







Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

  • Ертегі кейіпкерлерінің ішіндегі ең мықтысы кім?

  • Құмырсқа қандай жәндік?

  • Адам күшті болуы үшін не істеуі керек?

  • Ертегіден қандай нақыл алдыңыздар?



ІІІ. Қорытынды








Күні: . .2018


Тақырыбы: Тарауды қайталау

Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін тексеру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма: Ертегілердің аты мен кейіпкерін сәйкестендіріңдер


«Қаңбақ шал» ертегісі

Shape3 Shape2

Shape4

Shape5

Shape8 Shape7 Shape6


Shape10 Shape9

Shape13 Shape12 Shape11

Гүл

Жер

Шал

Ай

«Ай неге жалаңаш қалды» ертегісі

Жаңбыр

Кемпір

«Гүл» ертегісі

Мұз

Түлкі

«Кім күшті?» ертегісі


Тышқан

Тігінші

Дәу

Құмырсқа


2-тапсырма: Қай ертегіде жағымсыз кейіпкер бар?

«Қаңбақ шал» ертегісі

түлкі

«Ай неге жалаңаш қалды» ертегісі

-

«Гүл» ертегісі

-

«Кім күшті?» ертегісі

-


3-тапсырма:сұрақ-жауап

  • Қиял-ғажайып ертегілері қалай туындайды?

  • Олардың ерекшелігі қандай?

  • Қандай қиял-ғажайып ертегілерін білесіңдер?

  • Өз ойларыңнан ертегі құрай аласыңдар ма?

  • Қандай кейіпкердің рөлін таңдар едіңдер?



ІІІ. Қорытынды






Күні: . .2018


Тақырыбы: Шыншыл ертегілер

Сабақтың мақсаты: Шыншыл ертегілермен таныстыру, олардың өз

ерекшеліктерін атау. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бұйрық береді. Мұны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші еңбек адамдарына тиімсіз, сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.

Бізге шыншыл ертегілердің қазақ өмірінен алынған нұсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді. 

Олардың көбісі халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.

Оқушыларға сұрақ:

Шыншыл ертегілердің ерекшеліктері қандай?

Шыншыл ертегілер мен біздің өміріміз байланысты ма?

Шыншыл ертегілердің кейіпкерлері кімдер?

Шыншыл ертегілерде қандай жақсы мінездер айтылады?

Шыншыл ертегілерге қандай ертегілерді жатқыза аламыз?


ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Алтын балта» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Алтын балта» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Алтын балта


Ертеде бай мен кедей көрші болады. Кедей диірменге барса, байдың балтасын сұрап алады. Бір күні кедей диірменге барып балтасын ағып жатқан диірменге түсіріп алады. Ол диірменшіге балтамды алып бер дейді. Ол қолын диірменге салып бір алтын балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Диірменші екінші рет қолын салғанда, күміс балтаны алып шығады. Сонда диірменші оған «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Кедей «Жоқ. Бұл менің балтам емес» дейді. Сонда диірменші үшінші қолын салғанда бір ағаш балтаны алып шығады. Ол кедейден «Мынау ма сенің балтаң?» деп сұрайды. Сонда кедей «Йа, осы менің балтам» дейді. Сонда диірменші «Пейілің таза адам екенсің, сондықтан мына алтын балтаны ал!» дейді. Ол үйіне барып, не болғанын айтып береді. Балтаны ағып жатқан диірменге қалай түсіргенін айтады.

Бай кедейдің айтқанының бәрін қайталап істейді. Ол балтасын суға түсіріп, диірменшіге балтамды алып бер дейді. Сонда диірменші алтын балтаны алып шығады. Ол байдан «Мынау ма сенің балтаң?» дейді. Сонда бай «Менің балтам!» дейді. Диірменші оған «Өтірік айтпа, мынау сенің балтаң емес!» деп өзінің ағаш балтасын береді.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?

  • Диірменші кедейге не үшін алтын балта берді?

  • Кедей неге бірінші шыққан балтаны алмады?

  • Бай диірменшіге не үшін барды?

  • Диірменші байға не себепті алтын балта бермеді?


ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Ақылды егінші» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Ақылды егінші» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Ақылды егінші


Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда, жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтынға шығатын еді. Шаруа патшаның таң қалғанына қарап:

- Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін. Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп, қор жинаймын, – дейді. Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп: қарызымды қайтарамын дегенім – бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешеме беремін. Қор ретінде жинаймын дегенім – балаларымның біліміне төлеймін.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алды. Балалары да ер жеткен соң ата-анасына, халқына да қолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіпті деседі.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?

  • Патша егіншіні қайдан кездестірді?

  • Егінші өз ақшасын қалай жұмсайды?

  • Әр адамның ата-анасының алдындағы парызы қандай?

  • Патшаға егіншінің қандай мінезі ұнады?

ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Бір үзім нан» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Бір үзім нан» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Бір үзім нан

Баяғы бір заманда бай мен кедей көрші өмір сүріпті. Олардың араздығы сондай, бірін-бірі көргісі келмейді екен. Байдың үйі кең, әдемі болыпты. Іші толған – алтын мен күміс. Ал кедейдің үйі ағаштан жасалған, төбесін бұтамен жапқан қора екен. Алтын мен күміс түгілі, нанын әзер тауып жепті. Егін егіп, оны суарып, күтіп, орып, өз күнін өзі көріпті.

Бір жылы көктемде алапат су тасқыны болады. Бай алтынын көтеріп ағаштың басына шығып кетеді. Ал кедей болса, бір көмеш нанын қойнына салып, ол да ағаштың басына көтеріледі. Су тасқыны он бес күнге созылады. Бір күні қарны ашқан бай кедейге:

- Әй, кедей, сен мына бір кесек алтынды ал да, маған бір үзім нан бер, - дейді.- Жоқ, алтының өзіңе, нан бере алмаймын, - деп жауап береді кедей.

Екінші күні бай кедейден тағы да нан сұрайды. - Алтынымның жартысын берейін, - дейді ол бұл жолы.- Жоқ, бере алмаймын, - деп келіспейді.

Ақыры, аштан өліп бара жатқан соң шыдамай, бай бір үзім нанға барлық алтынын айырбастайтынын айтады. Кедей бәрібір көнбейді. Бойынан күші кеткен бай басы айналып, суға құлап кетеді. Ал, келесі күні су тоқтап, кедей ағаштың басынан түседі. Халықтың: «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай – ас екен» дейтіні осыған орай айтылған екен.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?

  • Бай мен кедей не үшін араз болды?

  • Бай мен кедей не үшін ағаш басына шығып кетті?

  • Бай кедейге бар алтынын не үшін бермек болды?

  • «Алтын, күміс – тас екен, арпа, бидай – ас екен» деген мақалдың мағынасы қандай?

ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Еріншек» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Еріншек» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Еріншек

Picture 81 Ешбір жұмыс тындырмас, шөптің басын сындырмас, еріншек бір етікші болыпты. Еріншек етікшінің үш ешкісі бар екен. Күн суытып, қыс түсіп келе жатқанын көре тұра еріншек ешқандай қам жасамапты. Ешкілеріне азықтық жем-шөп жинамапты. Бір түнде боран қар жауады да, жердің бетін ақ көрпе бүркеп қалыпты. Ешкілері енді бұрынғыдай өрістеп жайыла алмай, суық қорада бүрісіп, дірдектеп тұрады.

Етікші, керек десең, сыртқа шығуға да ерініп, әйеліне:

Барып көріп келші, ешкілерге не болып жатыр екен, – деп жұмсайды. Әйелі барып көріп келеді де:

Бір ешкі өліп қалыпты, – дейді. Сонда еріншек:

Е, мал іші болған соң, өлім-жітімі де болады ғой, – деп жата беріпті.

Ертеңіне еріншек ешкілерді көріп келуге әйелін тағы жұмсайды.

Тағы бір ешкі өліп жатыр, – деп келеді әйелі. Еріншек келесі жамбасына аунап түсіп:

Мал іші болған сон, өледі де, – дейді де қояды.

Үшінші күні етікші әйелін малды көріп кел деп тағы да жұмсайды. Әйелі жалғыз ешкінің де қатып қалғанын айтып келеді. Сонда етікші жаны жай тапқандай, бір аунап түсіп:

Бәйбіше, біздің малдың өлімі өсымен тыйылған да шығар, – депті.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?

  • Етікші неге жұмыс жасамайды?

  • Етікшінің қанша малы болды?

  • Еріншектік қандай қасиет?

  • «Еріншектің ертеңі бітпес» деген мәтелдің мағынасы қандай?

ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Мұрагер» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Мұрагер» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Мұрагер

Picture 84 Бір шалдың төрт ұлы болыпты. Бір күні шал ұлдарын жинап алып:

- Мен қартайдым. Біреуіңнің үй иесі болатын уақыттарың жетті. Кімнің ақылы байлығына сай болса, сол мұрагерім болады. Әрқайсың маған байлыктарың мен ақылдылықтарынды көрсетулерің керек, – дейді. Үлкен ұлы асыл тас салған жүзігінің көзін көрсетіп: - Міне, менің байлығым. Ал кім бай болса, сол ақылды, - дейді.

Екінші ұлы асыл киімдерін киіп, әдеміленіп келеді де: - Мені осы түрімде көргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, - дейді.

Үшінші ұлы күміспен және алтынмен апталған белдігін буынады да:

- Мұндай белдікті ешкім, ешқашан буынып көрген емес, - дейді.

Әкесі үлкен балаларына қарап, басын шайқайды да, ең кіші ұлына бұрылып: - Сен неге үндемейсің? Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? - дейді.

Сонда кенжесі: - Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, алтын-күміспен апталған белдік те жоқ.Тек жұмысқа жарамды екі қолым бар, кайрат-жігерге толы жүрегім бар, - дейді.

Шалға кенже баласының тапқыр да ойлы сөзі ұнайды.

- Жұмыс істей білген адам жұтамайды, -деп, өзінің кенже ұлын үй шаруасын басқаруға мұрагерлікке атайды. Үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпай, талабын орындауды өсиет етеді.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?

  • Әкесі балаларын не үшін жинады?

  • Бірінші және екінші баласы қалай жауап берді?

  • Кенже ұлының жауабы әкесіне неліктен ұнады?

  • Мұрагер деген сөзді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: «Соқыр күйші» ертегісі

Сабақтың мақсаты: «Соқыр күйші» ертегісімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Соқыр күйші

Баяғы өткен заманда бір соқыр күйші болыпты. Бір күні ел көп жиналған жерде күй тартып отырады. Сәнді киім киген біреу келіп, шалдың қойнына қолын салады. Шал алдымен сасқалақтағанымен, артынан ұрының қолын ұстай алады да: - Халқым-ау, тапа-тал түсте тонап жатыр! – деп айғай салады. - Мен шалдың қалтасына садақа салмақ болып едім, қолымды ұстай алды, - дейді ұры жолаушыларға.

Халық шал мен ұрыны қазының алдына апарады. Сол кезде ұры:

- Мырза! Менің әке-шешем бай. Қайдағы бір соқыр шалға қиянат жасап не қылайын? Садақа бермек болып едім, қолымды ұстай алды, - дейді.

- Сен сияқты сұмды тәрбиелеген қандай әке екен? – деп тепсінеді.

- Мырза, сіз білесіз, - дейді сонда ұры.

- Сенің әкеңді де дарға асқызамын! – деп ақырады қазы. Ұры қазыға көзін қысып қойып:

- Әкемнің беті бұдыр, арқысы күдір, есімі – «Отыз күміс», - дейді. Қазы ойланып қалады. Біраздан соң ұры мен шалды қаматып тастайды. Қараңғы түскен соң қазы мен ұры кездеседі. Ұры қазыға отыз күміс теңге санап береді. Ертеңіне қазы соқыр шалға:

- Сен кәрі қақпас, адал адамға жала жауып жүрсің! – деп зіркілдейді.

Шал жауап қатпай, отыра қалып, жерді қазып, тың тыңдайды. Бұған қазы таңданып, шалдан оның мәнісін сұрайды. Шал басын көтеріп:

- Кеше осы жерде әділет төрелік айтып еді. Сол әділет отыз теңгенің салмағын көтере алмай, жердің тесігіне түсіп кетіпті. Не сол әділетті алам, не отыз теңгені алам, - деп жауап береді. Қазы өз қателігін мойындап, ұрыны жазалайды. Соқыр күйшіге үлкен сый жасап, ат мінгізіп, аттандырып салады.

Оқушыларға сұрақ:

  • Ертегіге қандай кейіпкерлер қатысқан?

  • Ұры күйшіні қалай алдады?

  • Бірінші күні және екінші күні қазы қандай шешім шығарды?

  • Күйші әділдікке қалай қол жеткізді?

  • Қазы қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?

  • ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: Тарауды қайталау

Сабақтың мақсаты: Тарау бойынша алған білімдерін қорытындылау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.


ІІ. Жаңа сабақ

Оқушылар өткен ертегілерін сахналайды


Ертегі

Кейіпкерлері

«Алтын балта» ертегісі

Бай, кедей, диірменші

«Ақылды егінші» ертегісі

Патша, егінші

«Бір үзім нан» ертегісі

Бай, кедей

«Еріншек» ертегісі

етікші, жары

«Мұрагер» ертегісі

әкесі мен үш баласы

«Соқыр күйші» ертегісі

күйші, ұры, қазы

Берілген суреттерден өткен ертегілерде кездескен кейіпкерлерді табу

Picture 87

Picture 93








Picture 96 Picture 99 Picture 102












ІІІ. Қорытынды


Күні: . .2018


Тақырыбы: Қожанасыр мен Алдар көсе

Сабақтың мақсаты: Қожанасыр мен Алдар көсе туралы мағұлмат

беру, олардың қазақ әдебиетіндегі орнын ерекше атап өту. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттері қалыптастыра отырып, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Сонау XIII ғасырдан бері ұмытылмай келе жатқан түрік халықтарының ғүлама ойшылы, әулие Насреддин Хожаның есімі қазақ елінде Қожанасыр деген атпен таныс. Қожанасырдың сөз қуаты халықтар арасындағы шекараны бұзып өтіп, оны әлемге танымал етті. Адам бойындағы ойсыздық, табансыздық, сараңдық, озбырлық сияқты нәпсі қасиеттерін әшкере етіп, дәл тауып айтылған қысқа, өтімді, шешен, сөздермен жеткізуі Қожанасырдың дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасқанын дәлелдейді. Оның мағынасы терең әзілдері адамды тек күлдіріп қана қоймай, жақсы мен жаманды ажыратуға тәрбиелейтін баға жетпес ұстаз.

Picture 2 Алдаркөсе — қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакердің, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдаркөсе өзінің асқан айлакерлігі арқылы мұратына жетіп отырады. Оның мақсаты – сараң байды, пайдакүнем саудагерді, озбыр ханды, т.б. әжуа ету. Мысалы, ол асқан сараңдығы үшін халық Шықбермес Шығайбай атаған байдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады; алыпсатар саудагердің алдынан өгіздерін айдап кетеді; оның бұл әрекетін халық айыптамайды, қайта құптап, қошеметтеп отырады. Өйткені, Алдаркөсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі.

Оқушыларға сұрақ:

  • Қожанасыр туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

  • Алдар Көсе туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

  • Алдар Көсе мен Қожанасырдың ұқсастығы қандай?

  • Алдар Көсе мен Қожанасырды халық не үшін жақсы көрді?

  • Алдар Көсе мен Қожанасыр қандай кейіпкерлер?

ІІІ. Қорытынды


Күні: . .2018


Тақырыбы: Қожанасыр ақылы

Сабақтың мақсаты: «Қожанасыр ақылы» атты ертегімен таныстыру,

ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қожанасыр ақылы

Жиын үй. Жиылған жұрт. Əркім мінбеге шығып, жұртқа білген ақылын, үгітін айтып жатыр. Бір уақытта мінбеге Қожанасыр шығып: «Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нəрсенің жайы, білесіндер ме?» – деді. Жұрт: «Жоқ, білмейміз», – дейді. «Білмесеңдер, білмейтін нəрселерің жайынан қалай сөйлеймін», – деп, Қожа мінбеден түседі.

Жұрт қамтама қалып, білмейміз деп ағат айтқан екенбіз, енді сұраса, білеміз деп айтайық деседі.

Басқалар сөйлеп жатқан соң, Қожа шыдап тұра алмайды, тағы халықтан сұрайды: «Жамағат, мен не жайын сөйлемекпін, білесіңдер ме?» – дейді. Жұрттың бəрі: «білеміз, білеміз», – деп шулай қоя береді.

- «Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын», – деп Қожа сөйлемейді. Тағы мінбеден түседі.

Жиында болған адамдар, Қожа енді сұрай қалса, білетініміз де, білмейтініміз де бар делік, онда не дер екен дейді.


Басқалар мінбеге шығып, анау жақсы, мынау жақсы, олай ету керек, бұлай ету керек деп, ақылдарын айтып жатқан соң, Қожа төзіп отыра алмайды, тағы мінбеге шығады.

Жұрттан үшінші рет тағы сұрайды. «Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын, білесіңдер ме?» – деп. Жұрт: білетініміз де, білмейтініміз де бар», – дейді.

«Олай болса, білетіндерің білмейтіндеріңді үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін», – деп Қожа мінбеден түседі.

Оқушыларға сұрақ:

  • Қожанасыр мінбеге не үшін шықты?

  • Халыққа қандай сұрақ қойды?

  • Халық қалай жауап берді?

  • Қожанасыр халыққа қандай ақыл айтты ма?

  • Оның ақылы бізгі пайдалы ма?


ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: Қожанасырдың қазылық етуі

Сабақтың мақсаты: «Қожанасырдың қазылық етуі» атты ертегімен

таныстыру, ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қожанасырдың қазылық етуі


Ертеде бір кедей шал болыпты. Ол қала маңындағы тоғайға барып отын жинап, күн көріс үшін оны базарға сатып, тапқан ақшасына азын-аулақ тамақ алады екен. Бір жолы ол тоғайдан отын алып келе жатып, бел жазып алайын деп отырып дем алады. Содан қайта жүрмек болып отынын арқалайын десе шамасы келмейді. Отын ауыр, ал кәрілік пен кедейлік қажытқан қартта қайрат таусылған еді. Осы кезде жолмен өтіп бара жатқан бір жолаушы кезігеді де, қарт одан отынын арқалатып жіберуін өтінеді.

Жолаушы отынын арқалатпастан бұрын: «Егер отыныңды арқалатсам ақысына не бересің?» - дейді. Шал: «Шырағым - ау, ақысына беретін менде не дейсің? Ештеңе», - деп жауап береді.

Жолаушы тіл қатпастан шалға отынын арқалатады да, артынша: «Жаңа берем деген «ештеңеңді» әкел», - деп жабыса түседі. «Шырағым - ау, өзіңе керегі не? Мазамды болса алмай жөніңе жүре бер», - деген шалдың сөзіне болмай: «Не керегі қалай!? Мен отыныңды арқалатсам не бересің дегенімде сен «ештеңеден» басқа түгім жоқ дедің, отыныңды арқалатқаным рас па?» Рас. Ендеше «ештеңемді» әкел, - деп шалдың қыр соңынан қалмай қояды. Шал қанша жалынса да, әлгі жолаушы сөзге көнбейді. Ақыры ол бейшара шалды қазыға (төрешіге) алып келеді. Қазы дауды қалай шешудің амалын таба алмай Қожанасырды шақыртады. «Қожеке, мынаның әділін өзіңіз айтпасаңыз, біздің амалымыз таусылып отыр», - дейді қазы. Қожанасыр көрпешенің үстінде малдасын құрып отырып, екеуінің де сөзін тыңдап болады да, шағыммен келген жолаушыға бұрылып: «Жолаушым, сенің сөзіңде қате жоқ! Сенің қызметің үшін «ештеңе» берем деп уәде еткен екен – сол «ештеңесін» сөз жоқ беруге тиіс. Бірақ менің байқауымша мына қария тақыр кедей көрінеді, екіншіден, «ештеңенің» өзі кез келген адамда бола бермейді. Ренжімеңіз сол «ештеңені» менен алсаңыз қайтеді?»- дейді. Арызқой келісе кетеді. Сол кезде Қожанасыр өзі отырған көрпешенің бір шетін көтереді де: «Қолыңды сұғып астында не жатқанын байқашы», - дейді. Жалақор қолын әрі - бері жүгіртіп ештеңе таппайды. «Иә, не таптың!» - деп сұрайды Қожанасыр. «Ештеңе» деді арызқой. «Ендеше сенің алашақ «ештеңең» - сол. Ал да тайып тұр», - деп жалақорды қуып шығады.

Оқушыларға сұрақ:

  • Кедей мен жолаушы қазыға не үшін келді?

  • Қазы қандай шешім шығарды?

  • Қожанасыр қалай жауап берді?

  • Кедей шалдың жауабы дұрыс па?

  • Қожанасыр әділ қазылық етті ме?


ІІІ. Қорытынды




































Күні: . .2018


Тақырыбы: Қожанасыр мен хан

Сабақтың мақсаты: «Қожанасыр мен хан» атты ертегімен

таныстыру, ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Қожанасыр мен хан


Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып, ханның алдына жүгініп бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожанасыр хан алдына барғанда қойнына үлкен тасты салып барады. Хан екі жағының да арызын тыңдап болып, енді үкім айтуға кіріскенде, Қожанасыр қақырынып қояды. Хан бұрылып Қожаның бетіне жалт қарайды. Сонда Қожанасыр ханға жұдырығымен қойнын көрсетеді. Ханның көзі Қожанасырдың қойнына түседі. Қожанасырдың қойны біраз қомақты болып, томпайып тұр екен. Хан Қожанасырдың қойнында көп алтын бар екен деп дәмеленеді. «Менің сөзімді сөйлесең, осы алтынды саған берем»,– деп тұр екен деген ойға келеді. Сондықтан хан сөзін салмақтай келіп, Қожанасырдың арызын дұрыстайды.

Үкімге риза болмаған бай ашуланып, кетіп қалады. Бай кеткен соң хан күлімдеп, Қожанасырды жанына шақырып алып:

Ал, Қожеке, маған ризасың ғой. Байды саған жығып бердім. Енді қойныңдағы алтыныңды бер! – дейді.

Тақсыр, Сізге алтын көрсеткенім жоқ қой. Менің қойнымдағы алтын емес, тас еді,– деп Қожа қойнындағы тасты алдына тастай береді.

Сен маған билік айтарда, көзіңді қысып, қойныңды көрсеттің, ол не дегенің еді?

Уа, тақсыр! Менің қойнымды көрсеткенім: «Хан әділ билік айт, болмаса мына таспен ұрып жығам дегенім еді!» – депті Қожанасыр.

Оқушыларға сұрақ:

  • Қожанасыр мен бай хан алдына не үшін барды?

  • Қазы қандай шешім шығарды?

  • Қожанасыр қалай жауап берді?

  • Қожанасырдың айласы дұрыс па?

  • Хан әділ қазылық етті ме?


ІІІ. Қорытынды


Күні: . .2018


Тақырыбы: Алдар көсенің сиқырлы тоны

Сабақтың мақсаты: «Алдар көсенің сиқырлы тоны» атты ертегімен

таныстыру, ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.


ІІ. Жаңа сабақ

Алдар көсенің сиқырлы тоны

Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын. Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, бас сұғар жылы үйді армандайды. Суылдаған суық жел, уілдеген үскірік құлағының ұшын аямай шымшып, жанын шығарып барады. Жақын арада түтін түтеткен ешқандай ауыл көрінбейді. Қанша тебіреніп, қамшысын қанша сілтегенмен Алдардың арық аты жүріп жарытпайды. Басын бір шұлғып қойып, жай ғана итіндейді де отырады.

Жаман ат – жолдың соры. Әлі біраз жүретін шығармын. Иттің үргені естілмейді. Қақаған далада қатып өлмесем жарар еді”, – деп ішінен сөйлеп келеді.

Кенеттен алдынан бір аттылы көрінбесі бар ма? Атының желісіне қарап, иесінің бай адам екенін біле қойды. Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады.

Жолаушылар жолығып, аман-саулық сұрасты.

Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып, бүрсең-бүрсең етеді.Ал Алдар көсе бөркін бір шекесіне қарай қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамдай көңілді сөйлейді.

Сен, немене, тоңған жоқсың ба? – дейді бай.

Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді – дейді Алдар Көсе.

Мүмкін емес! – дейді бай.

Немене, көрмей тұрсың ба?!

Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік!

Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады.

Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын” – деп ойлайды бай.

Шіркін, мынаның ішігін қолыма бір түсірсем!” – деп армандайды Алдар көсе.

Ішігіңді маған сатсаңшы? – дейді бай.

Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін! – дейді Алдар. – Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді беремін. Ол да сондай жылы.

Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей байға жоғарыдан қарайды. Бірақ екі көзі байдың түлкі ішігінде.

Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын – деп қызықтырады бай.

Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына атынды берсең, ойланып көрер едім.

Қуанғаннан бай бірден келісе кетеді.Ішігін шешіп, астындағы атын түсіп береді.

Алдар көсе байдың ішігін киіп,байдың жүйрігіне мініп, ысқырған желмен жарыса жөнеледі.

Енді Алдар көсеге бір ауылдан бір ауылға барып тұру онша қиын емес. Астында – ұшқыр ат, иығында – жылы ішік. Кез келген үйде одан:

Мына керемет түлкі ішік пен жүйрік атты қайдан алдың? – деп сұрайды.

Жетпіс жеті жыртығы, жетпіс сегіз жамауы бар тонға айырбастап алдым.

Жаман тонға жақсы ішігін, қыршаңқы атқа кұстай ұшқан жүйрігін айырбастаған ақымақ бай туралы әңгімені естіп, ел мәз болады. Күлкі сәл саябыр тартқан сәтте Алдар көсе:

Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы-тұщысын тартқан біледі! – дейді.

Оқушыларға сұрақ:

  • Алдар Көсенің тоны қандай еді?

  • Алдар бай алдында неліктен тоңбаймын деді?

  • Байдың тоны қандай еді?

  • Алдар Көсе байды қалай алдады?

  • Жыртық тонын неге айырбастады?


ІІІ. Қорытынды















Күні: . .2018


Тақырыбы: Байды алдаған Алдар Көсе

Сабақтың мақсаты: «Байды алдаған Алдар Көсе» атты ертегімен

таныстыру, ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Байды алдаған Алдар Көсе

Бұрынғы өткен заманда Алдар Көсенің мал дегенде бес-алты ешкісі болған. Бір күні Алдар ешкісін бағып жүріп, ұйықтап қалып, қасқыр шалдың ешкілерін жатақ жеріне қуып кетеді. Алдар ұйқыдан тұрып қараса, ешкілері жоқ. Сонан ізіне түсіп отырып, бір інге келеді. Ол қасқырдың інге әкеліп кіргізгенін білетін, қасқырды ұстап алмақшы болып, іннің аузында қапты қолына алып, аңдып тұрады. Біраздан соң қасқыр іннен шыға берген уақытта қасқырды қапқа салып алып, аулына қайтады. Өз үйіне жете алмай, жолда бір байдың үйіне келіп, қонады. Үйге кіргеннен арқасындағы қапты керегенің басына ілдіріп қояды. Бір уақыттан кейін бай сұрайды «қабыңыздағы не?» деп. Алдар айтады: – Қаптағы тұқымы асыл бір көк қошқар еді, – дейді.

Бай: – Қошқарыңды маған сат, – дейді.

Алдар: – Жақсы, сатайын. Бәленше ділдә берсең, – дейді. Бай сұрағанын беріп, алады.

Мұны енді қаптан шығарып, қойға жіберейік, —десе,

Жоқ, қазір жіберуге болмайды. Адам тегіс жатқаннан кейін жіберу керек, – дейді.

Мақұл,-деп, ел тегіс жатқаннан кейін қораға жібереді. Әлгі қораға жіберген «көк қошқар» тоқты менен қойлардың бәрін тамақтап кетеді. Сонымен қатар бәленше ділдәні алып, Алдар да жоқ болады. Ертеңгісін бай тұрып, қораны қараса, қойларының көбі теңкиіп-теңкиіп, өліп жатқан. Енді бай ойласа, түндегі көк қошқар емес, ол көк қасқыр екен. Бай, сөйтіп алданып қалған.

Оқушыларға сұрақ:

  • Алдар Көсенің қанша ешкісі болды?

  • Алдар қасқырды қалай ұстады?

  • Алдар қасқырды неліктен қапқа салып алды?

  • Алдар Көсе байды қалай алдады?

  • Алдар Көсе қасқырды қалай сатты?


ІІІ. Қорытынды



Күні: . .2018


Тақырыбы: Алдар Көсенің айласы

Сабақтың мақсаты: «Алдар Көсенің айласы» атты ертегімен

таныстыру, ертегідегі кейіпкерлермен таныстырып, мазмұнын ашу. Оқушының тілін, қиялын, сөздік қорын халық мұрасы арқылы дамыту.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

Алдар Көсенің айласы

Бұрынғы уақытта бір Алдар көсе қойдың қу жауырынымен бал ашып жүреді екен. Бір күні бір ауылға келіп қонады, қонған үйінің қазанына бал ашып жүрген жауырынын адамға көрсетпей, апарып, салып жібереді. Сол қонып отырған үйдің әйеліне айтады:

Қазаныңызға мен ет салдым. Піскен соң өзіме көбігімен берерсіз, – дейді.

Ет піскеннен кейін Алдар көсенің еті жоқ, жауырыны бар. Алдар көсе дауласып, қонған үйінен бір құйымшақ алады. Құйымшақты алып, тағы бір елге келіп, бір үйге қонады. Алдар көсенің қабы бар, қабына орап, құйымшағын қонған үйінің етіне қосады. Сөйтіп, өзі жатып қалады. Таңертең тұра сала:

Қаптағы етім жоқ, бір қап етім бар еді, жалғыз-ақ құйымшақ қалыпты. Кеше жұрттың бәрі көрген, әзер көтеріп әкеліп едім. Не етімді тауып бер, болмаса, төлеп бер, сенің өзің алмасаң да, жұмысшың алған шығар, – деп отырып алады. Қонған үйі бай үй екен, бір кішкене тоқты беріп құтылады.

Енді Алдар көсе тоқтысын алып, тағы бір елге келеді. Тағы да бір үйге қонады. Тоқтысын үйдің қой қорасына қойларымен бірге қамайды. Сосын өзі жатып қалады. Біраз уақыт өткен соң орнынан тұрып, өз тоқтысын өзі жоқ қылады. Таңертең үй иесімен тоқтысын көрейін деп, қой ішіне келеді. Келсе, тоқты жоқ. Сонан жатып, үй иесімен дауласады.

Өз қойың түгел, менің жалғыз тоқтыма келді ме ұры? деп дауласып, айыбымен бір тоқтысына тоғыз қой алады.

Тоғыз қойды айдап келе жатқанда алдына үш кісі кез келеді. Бір кедейдің қызы өліп, соны қояйын деп келе жатқан кісі екен. Сол жерде өлген қызды Алдар көсе тоғыз қойын беріп алады. Өлген қызды беріп, тоғыз қойды айдап, үш кісі кете барады. Өлген қызды Алдар көсе тірі адамдай киіндіріп, түйесіне еңгеріп, бір ауылға келе жатқанда сол ауылдың қыз-қырқын, бала-шаға шулап, «келіншек келе жатыр» деп, алдынан шығады. Қызарып қыз-қырқын келе жатқанда, түйесінің өркешіне біз тығып алады, түйесі тулап, жығылып кетеді.

Сендердің қырсықтарыңнан түйем үркіп жығылып, келіншегім өліп қалды, – деп дауласады. «Ауыл болып бір пәлеге қалдық, мұнан құтылайық», – деп, бір кедейдің қызын беріп, қоя береді. Алдар көсе қызды алып келіп отырады. Кешке қонатын жерге келіп отырып, Алдар көсенің қызға айтқан сөзі:

«Қу жауырыным — құйымшақ,

Құйымшағым — тоқтышақ,

Тоқтышағым — тоғыз қой,

Тоғыз қойым — өлі қыз,

Өлі қызым — тірі қыз.

Айналайын, сары қыз,

Арқамды қасы, дәрі қыз», – деген екен Алдар көсе.

Оқушыларға сұрақ:

  • Алдар Көсе жауырынның орнына не алды?

  • Алдар Көсе құйымшақтың орнына не алды?

  • Алдар Көсе тоқтының орнына не алды?

  • Алдар Көсе қыздың орнына не алды?

  • Алдар Көсе бәрін қалай алдады?


ІІІ. Қорытынды



























Күні: . .2018


Тақырыбы: Тарауды қайталау

Сабақтың мақсаты: Тарауды қайталау арқылы білімдерін

қорытындылау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.

ІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма: Қожанасыр мен Алдар көсенің ұқсастықтары қандай?

Picture 8 Picture 11



тапқыр

айлакер

кедейлерге көмектеседі

ойшыл

күлдіргі

жағымды кейіпкер





2-тапсырма: Өткен ертегілердегі байдың бейнесін суреттеңдер

Picture 14

3-тапсырма: Өздеріне ұнаған ертегіні сахналау

4-тапсырма: сұрақ-жауап

  • Алдар Көсе мен Қожанасыр қандай ертегінің кейіпкерлері?

  • Олар халық арасында қалай тез тараған?

  • Олар кімдерге көмектеседі?

  • Олдың ең жақсы мінездері қандай?

  • Біз не себепті оларды жақсы көреміз?


ІІІ. Қорытынды

Күні: . .2018


Тақырыбы: Қорытынды тест жұмыстары

Сабақтың мақсаты: Қайталау арқылы білімдерін қорытындылау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу. Оқушыларды сабаққа психологиялық жағынан икемдеу.


ТЕСТ


1. «Ерте, ерте, ерте екен...» деген сөздермен қандай шығармалар басталады?

A) аңыз

Ә) мақал-мәтелдер

Б) жұмбақтар

В) ертегілер

2.Сөйлемді аяқта: Халық ішінен шыққан көркем сөз ұсталары өз еңбектерін ауызша айтып, артындағы ұрпаққа ...

A) жеткізген

Ә) таратқан

Б) үйреткен

В) қалдырған

3. Төменде берілген шығармалардың қайсысы « мұратына жетіпті» деген сөзбен аяқталады?

A) айтыс

Ә) тұрмыс-салт жырлары

Б) жұмбақтар

В) ертегілер

4. «Қаңбақ шал» қандай шығармаға жатады?

A) мақал

Ә) жыр

Б) жұмбақ

В) ертегі

5. Ертегілердің неше түрі бар?

А) 1

Ә) 2

Б) 3

В)4

6.Оқиғасы қиялға, фантазияға құрылған ертегілер қалай аталады?

A) қиял-ғажайып ертегілер

Ә) тұрмыс-салт ертегілері

Б) хайуанаттар туралы ертегілер

В) шыншыл ертегілер

7.Төмендегі ертегілердің қайсысы қиял-ғажайып ертегіге жатады?

A) «Күшік пен мысық»

Ә) «Аяз би»

Б) «Бозінген»

В) «Тас болған шаһар»

8. Кейіпкерлері үй жануарлары, құстар мен аңдар болып келетін ертегілер.

A) қиял-ғажайып

Ә) тұрмыс-салт

Б) хайуанаттар туралы ертегілер

В) шыншыл ертегілер

9.Төмендегі ертегілердің қайсысы хайуанаттар туралы ертегіге жатады?

A) «Атымтай жомарт»

Ә) «Арыстан мен кісі»

Б) «Керқұла атты Кендебай»

В) «Күшік пен мысық»

10. Шыншыл ертегілердің кейіпкерлерін тап.

A)Хайуанаттар

Ә) Құстар

Б) Қиялдан туған бейнелер

В) Қарапайым адамдар

11. «Ерте, ерте,ерте екен ...». Бұл сөздер ертегінің қай жерінде кездеседі?

A) басында

Ә) ортасында

Б) соңында

В) кездеспейді

12.Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері кімдер?

A) қойшы

Ә) қасқыр

Б) шопан

В) хан

13.Қиял-ғажайып ертегінің кейіпкерін көрсетіңіз.

A) құстар

Ә) малшы

Б) жезтырнақ

В) бай

14. Хайуанаттар туралы ертегінің кейіпкерін тап.

A) хан

Ә) қойшы

Б) қоян

В) дәу

15. «Мұратына жетіпті» сөзі ертегілердің қай жерінде кездеседі?

A) басында

Ә) ортасында

Б) соңында

В) кездеспейді


ІІІ. Қорытынды

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.11.2018
1952
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі