Материалдар / Таңдау немесе қолданбалы курс "Теориялық химия " 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Таңдау немесе қолданбалы курс "Теориялық химия " 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған химияны жаңадан бастап жатқан оқушыларға қолданбалы курс бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қараша 2018
3924
64 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Түркістан » жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің химия пәні мұғалімі Ниязбекова Айманның 7-сыныпқа арналған қолданбалы және таңдау курсы бойынша «Теориялық химия » тақырыбындағы жұмысына


                                     Пікір

         Ниязбекова Айманның аудандық « ең үздік авторлық бағдарлама» сырттай байқауы қолданбалы және таңдау курсы бойынша «Теориялық химия » тақырыбындағы жұмысы мемлекеттік білім стандартына сәйкестендіріліп жасалған.

Бағдарламада Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен заттың атом құрылысы теориясы , мазмұны мәні мен мақсаты оқыту міндеттерін негізге ала отырып, білгеннен – білмегенге, жайдан – күрделіге  және теориялық білімді нақты үйрете білу қамтылған.

Өз ісіне, біліміне сенімі күшті қоғамдағы дүбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті тұлға қалыптастыру мен химиялық үрдістерді, зат пен құбылыстарды жүзеге асыру барысында таңдау курсы арқылы оқушылардың жан-жақты химия пәнінен алған білімдерінің теориялық негізін игеріп пәнаралық қолданыс аясына қолдана білуді жүйелі жасай білгендігі мұғалімнің ізденімпаздылығын танытады.

  Оқушылар «Теориялық химия » курсын ойдағыдай меңгере отырып, химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесін оқу кезінде элементтердің қасиеттерін ,ғалымның болжаған элементтерін ,олардың қосылыстарын білуге, экспериментті жұмыстарды орынды жүргізуге қабілетті құзіреттілігі жоғары тұлға болып қалыптасады деп сенеміз.Қазірі уақыттағы оқушының жан-жақты дамуына ықпал ететін Ниязбекова Айманның  «Теориялық химия» тақырыбындағы таңдау курсының бағдарламасы құндылығымен ерекшеленді.


             


Әдістеме бірлестік жетекшісі: Б.Оразбаева

                             

















Түсінік хат


       Бүгінгі заман-бәсекелестік пен ғылым мен білім заманы.Қазақстан Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының жетінші міндетінде көрсетілгендей: «Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту». Міне соған байланысты жаңартылған бағдарламамен оқытылып жатқан сыныпты ала отырып, білімді ұрпақ  тәрбиелеп өсіру әрбір ұстаздың борышы деп білемін.Болашағымыздың  жарқын болуы мектеп қабырғасында жүргізген  оқыту үрдісі мен тәрбиеге байланысты болмақ.Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, оқушылардың заман талабына сай өмір сүруіне үлкен ықпал жасамақ.  Әрбір мұғалім оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін арттыруды көздеп, пәнге деген қызығушылығын тудыру нысанасын таңдайды.  Ендеше, Қазақстанның  болашақ білімді мамандарын дайындауда алатын білімнің ұшқырлығы  мен нәтижелігінің  желісі әлеуметтік- экономикалық дамуындағы өзгерістерге жол ашу болып табылады. Заман талабына сәйкес жалпы орта білім бейінді оқытылуға көшті.Сондықтан да «Теориялық химия » қолданбалы курс бағдарламасы 7-сыныпқа арналады.  Курсқа  34 сағат берілді. «Теориялық химия » қолданбалы курста әртүрлі тақырыптар қарастырылады. Бұл курста оқушылар мазмұны әр түрлі типтерге тән теориялық, жиеақты есептерді шығаруды үйренеді.Химияның теориялық мәселелерін баяндайтын әдебиеттерді өз беттерінше оқып, реферат,баяндама жазуға дағдыланады. Жалпы мектеп курсындағы қарапайым химиялық теориядан бастап күрделендірілген теориялық білімдерін қорландырады.

Мақсаты: Өз ісіне, біліміне сенімі күшті, қоғамдағы дүбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті адам тәрбиелеу. Химиялық үрдістерді, зат пен құбылыстардың арасындағы сандық қатынастарды жүзеге асыру барысында қолданбалы курс арқылы оқушылардың химия пәнінен алған білімдерінің теориялық негізін игеріп, пәнаралық қолданыс аясына қодана білу.

Міндеттері: 1.Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен заттыі атом құрылысы теориясы негізінде теориялық білімін тереңдетіп дамыту.2. Атомдар мен молекулалардың құрылысын оқу кезінде атом моделін, молекулалардың кристалл торларын,оларды бейнелейтін диафильмдерді ,киноүзінділерді пайдалану көзделеді. 3.Оқушылар мазмұны әр түрлі типтерге тән теориялықғжинақты есептерді шығаруды үйренеді.

Өзектілігі: ҚР-ның «Білім туралы» Заңында  көрсетілгендей бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған оқушыларды тәрбиелеу үшін олардың талабына жол ашу.

Қолданбалы курстың мазмұнына қойылатын талаптар:

1.Ғылымилығы: Химиялық ұғымдардың жан-жақты танымдық, білімдік    бағытта болуы.

2. Жүйелілігі: Білгеннен-білмегенге, жайдан-күрделіге.

3.Түсініктілігі: Теориялық білімді нақты үйрету.Оқушы өз бетінше қарапайым есептерді жазып, оны ешкімнің көмегінсіз шығара білу. Есептегі негізгі ойды анықтай білу.Химиялық тәжірибені  уақтылы орындап, одан қорытынды жасай білу.

                          Күтілетін  нәтиже:

     -Химиялық  теорияларды талдай отырып,  сөйлеу мәдениетінің дамуы,

    -Химиялық теорияларды пайдаланы отырып жинақты есеп шығаруды үйрену.

                              Болжам:

    Оқушы «Теориялық химия » курсын ойдағыдай толық меңгеріп шықса,  химиялық жеңіл есептердің шығарылу моделін құра білуге, қойылған мәселені шешу үшін қажетті алгоритмді құруға дағдыланады. Тұжырым жасау арқылы зерттеу нәтижелеріне химиялық тұрғыдан баға беру біліктілері мен өз бетінше білім алу қабілеттілігі бар шығармашыл, ізденімпаз,  және құзіреттілігі жоғары тұлға болып қалыптасады.

Қ/с

                Өтілетін материал тақырыбы

с/с

Сабақ түрі                        

1

Д.И.Менделеевтің өмірі мен ғылыми еңбектері

1

Аралас сабақ

2/3

Ұлы заңның ашылу тарихы

2

Топтық жұмыс

4

Периодтық заң,периодтық кестеге шолу

1

Өздік жұмыс

5/6

Атом құрылысы

2

Дәріс

7

Молекула құрылысы

1

Сараман-дық жұмыс

8

Физикалық құбылыстар

1

Шығарма-шылық сабақ

9

Химиялық құбылыстар

1

Сараман-дық жұмыс

10/11

Жай заттар

2

Ұжымдық жұмыс

12

Күрделі заттар

1

Сайыс сабақ

13/14

Күнделікті тұрмыста қолданылатын элементтермен танысу

2

Аралас сабақ

15/16

Жұмбақ ойын

2

Өзіндік жұмыс

17/18

Табиғи ұялас топтарға шолу

2

Іскерлік ойын

19/20

Галогендерге түсінік

2

Білімді жүйелеу және қорытындылау

21/22

Металдарға түсінік беру

1

Кіріктіріл-ген сабақ

23

Бейметалдарға түсінік беру

1

Топпен жұмыс

24/25

Химиялық элементтердің валенттіліктерін сипаттау,екідайлы элементтер

2

Жаңа білімді игерту

26

Химиялық реакцияларды жазуды үйрену

1

Білімді жүйелеу

27/28/29

Түзілген өнімнің,әрекеттесуші заттардың массасын,көлемін , мөлшерін анықтау

3

«Озық ойлы оқушы» интлектуалдық ойын

30

Бейорганикалық заттар арасында генетикалық байланыс бойынша жаттығулар мен есептеулер

1

Дәріс

31

Элементтердің массалық үлестерін анықтау

1

Жаңа білімді түсіндіру

32

Жұмбақ есептер

1

Сайыс сабақ

33

Химияның теориялық мәселелерін баяндайтын әдебиеттерді өз бетінше жазуға үйрету

1

Дәріс диалог

34

Тесттік тапсырма. Қорытынды.

1

Іскерлік ойындар







Қолданылған әдебиеттер тізімі :

1.     Қ.Бекішов. Химия есептері. Алматы.  2002ж.

2.     Г.Сағындықова.Химиядан  типтік есептер шығару.Алматы.2007ж

3.     Қ.Бекішов. Химиядан олимпиада есептері. 2004ж.

4.     Оспанова. Сандық есептер шығару әдістемесі. Алматы.1998ж

5.     «Химия мектепте» журналы № 2,3,4 2005-2006ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!