«Таңғажайып алаңы» математикалық ойын
сайысы
Мақсаты: Оқушыларды математик ғалымдармен, оның өмірімен,
еңбектерімен таныстыру.
Қайырлы күн оқушылар, мұғалімдер. Таңғажайып
алаңына қош келдіңіздер!
Бүгін біз сіздермен математика тарихымен жөне математик
ғалымдардың өмірімен танысып мағлұматтар
аламыз.
Сұрақтар арқылы 3 айналымға қатысушылар
таңдалады
1. Екі адам 5 метрлік бөренені 1 метрге тең бес
бөлікке кесті. Егер бір бөлікті кесу үшін 1,5 мин кетсе, бөренені
кесуге қанша уақыт кетеді?
(6 мин)
2. Жүз тауық 100 күнде 100 кг
тары жейді, ал он тауық 10 күнде қанша тары жейді
3 Ұшақ Зайсаннан Алматыға дейін 1 сағ 20 мин
ұшады, ал Алматыдан Зайсанға дейін 80 мин ұшады. Бұл айырмашылықты
қалай түсінуге болады?
1 сағ 20 мин = 80 мин
-
Жоқ өзінде бас та да, қас та,
мойын да ұзындығы жазулы тұр бойында.
(сызғыш)
-
Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге
ауадай
Айтыңдаршы бұл қай сан?
(натурал)
-
Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама
(кітап)
1 Жазықтықта қиылыспайтын екі
түзу қалай аталады?
2 Санның жүзден бір бөлігі
3 Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема
Бірінші айналым қатысушыларын ортаға шақырамыз.
Топты таныстыру.
. Қандай өнеріңізбен
келдіңіз?
1) математик ғалым Қаныш ата туралы
мәлімет
Павлодар облысы, Баянауыл баурайында 1899 жылы сәуірдің
12-де дүниеге келген.
Қазақ халқының ұлы перзенті ғасырымыздың көрнекі
ғалым-геологы, қазақтың алғашқы кен инженер, Қазақстан Ғылым
академиясының тұңғыш академигі, ірі ғалым қоғам және мемлекет
қайраткері Лениндік сыйлық иегері болған Қаныш атамыздың артында
қалдырған ғылыми мұралары ұшан теңіз.
20-25 жасында Алгебра оқулығын жазып қалдырған.
Бірақ Казиздатта алгебралық таңбалар мен белгілерді шығара алмауына
байланысты Москваға жіберіп, одан да нәтиже шықпайды.
12 бөліммен тұратын оқулығын басып шығару аяқсыз
қалады.
Есіл қорғанында Алтын адамды тапқан археологтардың бірі
Кемал Ақышев Мейіз апаның немере ағасы Қаныш атаның 8 томдық ғылыми
еңбектерінің шығуына көмектесіп жүр.
2) сұрақ Қаныш атаның 100 жылдық мерей тойы ЮНЕСКО
деңгейінде аталып өтті. АҚШ –тың Кембридж қаласындағы халықаралық
ғаламшар орталығы күн жүйесінің бір ғаламшарына көрнекті қазақ
ғалымы лениндік және мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәтпаев есімін
берді.
d= 1 км ғаламшар Марс пен Юпитер арасындағы
кеңістікте орналасқан.
С: Қаныш атамыздың шын есімі қалай? (10
әріп)
Ғабдолғани
-
Таңғажайып алаңын айналдырыңыз.
-
Сізде ( ) ұпай, әріпті айтасыз ба, әлде бірден
сөзді айтасыз ба?
І айналым қатысушыларына сыйлық
2. Ортаға 2-ші
айналым ойыншаларын
шақырамыз.
1) Топты таныстыру
2) Таңғажайып алаңына қандай өнеріңізбен
келдіңіз? (математикалық викторина)
1) Әбу Насыр Әл-Фараби туралы мағлұмат
Орта
ғасырда Қазақстанның Отырар
өңірінде (қазіргі Шымкент облысы) аты бүкіл дүние жүзіне әйгілі
болған асқан ұлы ойшыл, ұлы ғалым энциклопедияшы Әбу Насыр
Әл-Фараби дүниеге келді. Оның балалық шағы Арыс, Сырдария бойында
өтті. Әбу Насырдың өз құрбы-құрдастарынан бір ерекшелігі табиғи
асқан зеректігімен өнер, білімге деген таудай талабы еді. Ол сәби
кезінен халық аузындағы ертегі әңгімелерді, жыр дастандарды,
өлең-саздарды оқи жүріп ондағы бай кітапханадағы қолжазбаларды
толық меңгереді.
Одан кейін ірі мәдени орталық Бағдат қаласына
келіп, Аристотель, Евкалид, Птоломей еңбектерін оқып
үйренеді.
Әл-Фариби 25-30 жас шамасында бүкіл дүние жүзілік
ғылым-білімді терең меңгеріп, өз тарапынан құнды еңбектер жазады.
Ол 150-ден астам еңбектер жазған. Әл Фараби математика
мәселелерімен де көп айналысқан ғұлама
ғалым.
Әл Фараби «Арифметика мен геометрияны барлық ғылымға
араласады» деген қағиданы негіздеп, математиканы архитектурада, жер
өлшеу, астрономияда музыка жазуда шебер қолданады. Ол есептеу
жолымен Шолпан планетасының Күнді басып өту мерзімін болжап,
Марстың жүру жолын зерттеген.
2) Орта Азиядағы ғылым нұрын шашқан Аристотель
шығармаларының коментаторы тарихта «шығыстың аристотелі», «екінші
ұстаз» деген атпен әйгілі болған математик Әбу насыр Әл Фарабидің
жастық шағында білім ғылым іздеп барған ғылым мен мәдениет орталығы
қандай қала? (7әріп)
Дамаск (Дамашық)
2-ші айналым қатысушыларына сыйлық
3-ші айналым ойыншыларын ортаға шақырамыз
1) топты таныстыру
2) Таңғажайып алаңына қандай өнеріңізбен
келдіңіз
1. (Ұлықбек) туралы мәлімет
Ең дәл тригонометриялық таблицалар обсерваториясында
құрылған Самарқанд әміршісі, Тимур немересі (Ұлықбек) сол уақыттағы
ең бір білімді адамдардың бірі болды. Ол құрған обсерваторияда
көптеген математиктер мен астрономдар ал Кашидің басқаруымен жұмыс
істеді. Самарқанд мектебінің еңбектерінде есептеуіш математикасы ең
жоғарғы нәтижеге жетті. 1947жылы (Ұлықбек) реакциялық топтардың
ұйымдастырылуымен болған заговорде
өлтірілді.
Ислам елдерінің математикасы европада ғылым дамуына әсерін
тигізді. Олар Египет, Вавилон, Грек, Ислам елдерінің еңбектерін
пайдалана отырып өз математикасын құрды.
2. С: Ондық бөлшек, оған амалдар қолдану есептеріне үлес
қосқан, Самарқанд обсерваториясында жұмыс жасаған математик есімі
кім? (7әріп ) Ұлықбек
-
Таңғажайып алаңын айналдырыңыз
-
Сізде ( ) ұпай, әріпті айтасыз ба, бірден сөзді айтасыз
ба?
3-ші айналым ойыншыларына сыйлық
4. Көрермендер
ойыны
С: Арифметиканы тұңғыш рет ғылым ретінде баяндаушы кімдер. Диофант, Эротосфен және біздің эрамызға
дейін өмір сүрген грек математигі кім?
Евкалид марапаттау : сыйлық
5. Үш айналымның
жеңімпаздарын ортаға шақырайық.
1) Парабола туралы мағлұмат
Күн және планета қозғалысын түснідіру үшін
шеңбердің эксцентрлік қозғалысын ойлап тапты. Соның негізінде
Клавдий Птоломей әйгілі әлем жүйесін құрған еді. Оның негізгі
еңбектері «Конустың қиылысу» деп аталатын 8 кітаптан тұрады. Ол кез
келген конуспен жазықтықтың қимасын қарастыра отырып, парабола
теңдеуін ойлап тапты.
2) Олай болса парабола атауын енгізген грек ғалымы
кім? Аполлоний марапаттау : сыйлық
6. Суперойын қатысушысы
С: Табиғат математика тілімен сөйлейді. Бұл
тілдің әріптері дөңгелектер, үшбұрыштар және басқа математикалық
фигуралар. Бұл кімнің сөзі.
Бұл айналымда қосымша көмек беріледі, яғни сіз
екі әріпті атауыңызға болады. Егер аталған әріптер болса
ашылады.
Галилей марапаттау : сыйлық