Қазақ тілі 6 «Д» сынып
Сабақтың тақырыбы: Таңғажайып есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Есімше, оның жасалуы мен түрлері, сөйлемдегі қызметі туралы түсінік беру арқылы білім дағдыларын қалыптастыру,теорияны практикамен ұштастыру.Оқулыққа слайдқа сүйене отырып,граматикалық тақырыпты түсіндіру.
Тәрбиелік: Оқушылар бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, танымдық белсенділігін арттыру.Атақты адамдар өмірінен үлгі алып,елінің саналы азаматы болуға тәрбиелеу.Шәкірттерді рухани құндылықтар арқылы имандылыққа,үлкенге ізет,кішіге құрмет көрсетуге,ізгілікке,адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сауаттылыққа баулу, алған білімі негізінде ойлау қабілетін дамыту.Талдау қабілеттерін шыңдай отырып,өзіндік ойлау белсенділігі мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау,тест,өзіндік жұмыс,оқулықпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі:Слайд,интерактивті тақта,сызба,семантикалық карта,кеспе қағаздар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылардың сабаққа қатысуы
ә) оқушылардың көңілін сабаққа аудару
б)Оқу құралдарын тексеріп,оқушыларды түгелдеу
II. Сабаққа ден қою (ой қозғау)
Барша заттың бір өзімде қимылы,
Сөз табының күрделісі, қиыны.
Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,
Шақ, рай, етіс те боп жиылдың.
Балалар, осы төрт шумақ арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?Етістік
ІІ Үй тапсырмасын сұрау: Ереже жаттап келу
1.Етістік дегеніміз не?
2.Етіс дегеніміз не?Оның қанша түрі бар? Атап шығыңдар.
3.Өздік етіс деген не?
4.Өзгелік етіс деген не?
5.Ортақ етіс деген не?
6.Ырықсыз етіс дегеніміз не?
1. Семантикалық картамен жұмыс
|
Етіс түрлері |
өздік |
өзгелік |
ортақ |
ырықсыз |
|
жұрнақтары |
|
|
|
|
2.Өткен тақырыпты қайталауға арналған тест тапсырмасы
1. Етістің қанша түрі бар?
А) 5 В) 4 С) 6 Д) 3 Е) 7
2. Өздік етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді көрсетіңіз.
А) Отырғызылды. В) Жыламады С) Жуынды. Д) Айтты. Е) Келді.
3. Ырықсыз етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді табыңыз.
А) Шапты. В) Шабылды С) Шабысты. Д) Шаппады. Е) Бақты.
4. Өзгелік етіс жұрнағы жалғанып тұрған сөзді табыңыз.
А) Сөйлемді. В) Сөйлесті. С) Сөйленді. Д) Сөйлеттір. Е) Сөйлеседі.
5. Ортақ етіс жалғанып тұрған сөзді табыңыз.
А) Қазды. В) Қазылды. С) Қазғызды. Д) Қазысты. Е) Қазады.
6. Өздік етіс болып тұрған сөзді табыңыз.
А) Жуын, киін. В) Жудырды, оқытты. С) Сөйлесті, қазысты.
Д) Қойылды, сүртілді. Е) Кел, оқы.
7. Өзгелік етіс болып тұрған сөзді табыңыз.
А) Келді, оқыды. В) Оқыттыр, жазғыз. С) Теріс, жинас.
Д) Келер, бітірер. Е) Саған, сенімсіз.
8. Ырықсыз етіс болып тұрған сөзді табыңыз.
А) Сара оқыды. В) Төсек жиналды.
С) Ол келтірді. Д) Біз түсіністік. Е) Меруерт келді.
9. Өзгелік етістің барлық жұрнағы қатар жалғанып тұрған қатарды көрсетіңіз.
А) Толтырысты, дұрысталды. В) Көргіздір, сұрастырғыз. С) Асықтыртты, араластыртпа.
Д) Болдыртқызбады, жаттаттырғызды. Е) Тұрақтат, оратқызды.
10. Ортақ етісті анықтаңыз.
А) Соңғы кезде үшеуің ерекше бөлініп жүрсіңдер. В) Әуре етпегендеріңіз жөн болар.
С) Бір жылға кетіп бара жатқандай жиналдың ғой.
Д) Екеуі де өздеріне қатысты көп нәрсені айтысты.
Е) Шынтемір арбасынан түсіп, диірменге келді.
Жауабы:
1. В 6. А
2. С 7. В
3. В 8. В
4. Д 9. Д
5. Д 10. Д
ІІІ Жаңа сабақ:
Есімше – әрі етістік,әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі.
Есімшенің жасалуы мен түрлері:
1.-Қан,-кен,-ған,-ген жұрнақтары арқылы өткен шақ есімше жасалады:ал-ған,көр-ген,берме-ген,айт-қан,көрсет-кен,жүргіз-ген т.б
2.-ар,-ер,-р және болымсыз етістіктен кейін –с жұрнағы қосылу арқылы болжалды келер шақ есімше жасалады.бар-ар,көр-ер,айт-ар т.б
3.-мақ,-мек,-бақ,-бек,-пақ,-пек жұрнақтары арқылы мақсатты келер шақ есімше жасалады.Бар-мақ,кел-мек,қара-мақ,сен-бек,жаз-бақ,кет-пек,жарат-пақ.
4.-атын,-етін,-итын,-итін жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады:бар-атын,кел-етін,қара-йтын,сөйле-йтін т.б
Есімше тұлғаларына емес,жоқ сөздері тіркесіп болымсыз мағына беріледі:Барған емес,баратын емес,бармақ емес.Жоқ сөзі –ған,-ген,-қан,-кен тұлғалы есімшемен ғана тіркеседі:барған жоқ.
Слайд бойынша оқушылармен жұмыс жасау.
Есімше – әрі етістік, әрі есімдер қызметін атқаратын етістіктің ерекше түрі. Есімшелер екі түрлі қызмет атқарады.
1. Есімше іс-әрекетті, қимыл-амалды білдіріп, етістік қызметін атқарады. Мысалы: мен оқығанмын, сіз оқырсыз, ол оқитын т.б.
2. Есімше есім сөздер мағыналарында жұмсалып, есімдерше көптеледі, тәуелденеді, септеледі және жіктеледі.
|
Қызметі |
-ған/-ген,-қан/-кен -шы/-ші
|
-ар/-ер/-р -с |
-атын/-етін/-йтын/-йтін |
|
1.Бастауыш |
Ерінбеген етікші болар (мақ.) |
Саған айтарым осы. |
Айтатыным жоқ. |
|
2.Баяндауыш |
|
Жауын жауар, көкшығар. |
Ол саған айтатын. |
|
3.Анықтауыш |
Домбыраны қолға алсам, Ағылған жыр мен күй көрем. (Ж..)Өсер малда өлім жоқ. |
Айтар сөзім осы. |
Айтатын адамды іздеу керек. |
|
4. Толықтауыш |
Ұялғанды, жауап айтпағандыкешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. (М.Әуезов) |
|
|
|
5. Пысықтауыш |
Осыны сезген сайынАбай тоқтаусыз жыр тереді. (М.Әуезов) |
|
|
Оқулықпен жұмыс:
260-жаттығу Есімшелерді тауып ,жасалу жолына қарай топтап жазыңдар.Үш бидің айтқан асыл сөздерін талдаңдар.
Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2. Мәтіннің мазмұнын айтып беріңіздер.
3. Мәтіннен есімшелерді табыңыздар.
Қазақ халқының ән өнері
Қазақ халқы әнге бай. Біржан сал, Ақан сері, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай тағы басқа әнші-композиторлар өшпес рухани байлық қалдырған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын, құлақтан кіріп бойды алатын әсем әндер сыйлаған. Қазақ мерекесі, қазақ мәжілісі, ырымы, дастарханы мен отырысы ешқашан ән мен күйсіз өткен емес. Ән – адамның ой-сезімін білдіретін, тәрбиелейтін өнер жанры. Ән адамды қуантатын, мұңайтатын, жылататын өнер
Біздің заманымыздың композиторлары: Ахмет Жұбанов, Мұқан Төлебаев, Ғазиза Жұбанова, Шәмші Қалдаяқов, Сейдолла Бәйтереков, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев т.б. тамаша әндер жазған.
Сергіту сәті: Ойын ретінде тапсырма орындату.Мақал-мәтелдерді тауып,ішінен есімшені атап беру.Сол мақалдарға синтаксистік талдау жасау.
1.Өнерлі жігіт өрге озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар.
2.Қарға сұңқар болмас,
Ешек тұлпар болмас.
3.Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.
Электронды оқулықтан тапсырма орындату.
Кестені толтырыңыз
|
Жақ |
Өткен шақ |
Келер шақ |
|
Мен |
Жаз-ған-мын |
Жаз-ар-мын |
|
Сен |
|
|
|
Сіз |
|
|
|
ол |
|
|
ІҮ. Сабақты бекіту:Сұрақ-жауап арқылы бекіту
1.Есімше дегеніміз не?
2.Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?
3.Есімшеге мысал келтір.
4.Осы шақтағы есімшеге мысал келтір.
Ү.Үйге тапсырма беру:
1. Құрамында есімше кездесетін бес сөйлемнен тұратын мәтін құрастырыңдар.Есімшелерге тұлғалық талдау жасаңдар.
2. Құрамында есімше сөз бар мақал-мәтел тауып жазыңдар.Есімшелердің мағынасын түсіндіріңдер.
ҮІ.Бағалау:
Оқушыларды түрлі-түсті фигуралар арқылы бағалап,бағаларын күнделікке қою.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Таңғажайып есімше. Есімшенің жасалуы мен түрлері

шағым қалдыра аласыз