Калиев
Самат Каратаевич «Қостанай қаласы
әкімдігі білім бөлімінің №15 орта
мектебі» ММ дене шынықтыру пәнінің
мұғалімі.
Таңғажайып
тоғызқұмалақ.
Өте
қызықты әрі терең ойлауды талап ететін,
халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық
ойындардың бірі - тоғызқұмалақ. Халқымызбен
бірге жасасып келе жатқан тоғызқұмалақ
ойыны қазір кең тарап, дамып, жетіліп
келеді. Көшпелі халықтың өмірінде бүтін
сандардың төрт амалын есептеп шығару
осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы қалыптасқан.
Сондықтан да бұл ойын «Малшы математикасы»
деп аталған. Шындығында, бұрын далада
кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы
«қазан» мен «отауды» орынын жерді шұқып
оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың
кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан
бөліп салып, бірден ойнай беретін болған.
Тоғызқұмалақ
ойыны қай кезде шығып, қалай қалыптасқаны
қазірше белгісіз. Тоғызқұмалақ ойынының
өзіне тән басты ерекшелігі – ол аса
күрделі жабдықтарды қажет етпейді.
Сондықтан да ертеректе ойыншылар
кездескен бетте, жерде кішкентай
шұнқырлар қазып, ойын тақтасын дайындай
қойған. Барлық құмалақты салатын шұңқырды
– «қазан», тоғыз-тоғыздан салатын
шұңқырды – «отау» деп атаған.
Бүгінгі
таңда дүние жүзінде зияткерлік ойындарды
дамыту, өркендету маңызды шаралардың
бірі болып саналады. Ал тоғызқұмалақ
нағыз зияткерлік ойын. Зияткерлік
ойындар дегеніміз – адамның ойлау
қабілетін, ой өрісін дамытатын спорт
түрі, оның үстіне, зияткерлік ойындардың
теориялық сипаты да зор екен. Сондықтан
мен тоғызқұмалақ ойынын оқушыларға
үйретуді негізгі мақсат еттім. Екіншіден,
ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда,
тоғызқұмалақтың тағылымдық, тәрбиелік,
танымдық құндылықтары көп. Ата-бабамыздан
аманат етіп қалдырылған бұл ойынды
келесі ұрпаққа тапсырудың ен маңызды
мен үшін өте зор, өйткені ұлттық тәрбие
жалпы тәрбиенің негізін құрайды.
2011
жылы танымал тоғызқұмалақ жаттықтырушысы
Үмбетов Рыспай Мұқатайұлымен танысып,
ол кісі тоғызқұмалақ ойының үйретті.
Мен осы ойынға бірден қатты қызығып
кеттім және балалар да аса қызығушылық
танытып бірте-бірте ойнай бастады.
Мен
2017 жылы №15 мектепке келіп, тоғызқұмалақ
ойының оқушыларға үйрете бастадым.
Осының нәтижесі 2017 жылы жасөспірімдер
арасындағы тоғызқұмалақ бойынша облыстық
жарыста Жапаров Арсен 2 орынға ие болды,
Ташен Темірлан тоғызқұмалақ бо йынша
қалалық жарыста 3 орынға ие болды. 2019
жылы Намиялиева Аружан қалалақ жарыста
1 орын алып 2 разрядқа ие болды. Әділханұлы
Бақтияр қалалық жарыста 2 орын алды.
Нұрсеитов Абылайхан қалалық жарыста 2
орын алды. Сөйтіп бірте- бірте тәжірибе
жинап, тоғызқұмалақ үйірмесінде бапкер
болып жұмыс жасаймын, үйірмеге 30 оқушы
қатысады. Балаларды 1 сыныптан бастап
тоғызқұмалаққа дайындаймын. Тоғызқұмалақ
үйірмесіне қатысқан баланың ой-өрісі
кеңейеді, есеп шығаруға бейімделеді,
табандылыққа үйренеді, жылдам ойлауға,
жылдам шешім қабылдауға, Отанына деген
сүйіспеншілікке, ұлттық патриоттық
сезімге тәрбиеленеді. Менің басты
мақсатым оқушыларымды ұлттық ойынға
деген белсенділіктерін әрі қарай
дамытып, арттыру. Осы мақсат – арманым
орындалса екен деймін, оқушыларым
республикалық жарыстарда жүлделі орын
алып, мінбеден еліміздің әнұранын
естісек екен деймін. Әрине, мұндай
дәрежеге жету үшін көп дайындық, көп
еңбектенуді қажет етеді.