«Танграм ойыны – қызықты сабақ әдісі, зейінді шоғырландырудың тамаша құралы».

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Танграм ойыны – қызықты сабақ әдісі, зейінді шоғырландырудың тамаша құралы».

Материал туралы қысқаша түсінік
Танграм ойыны – қызықты сабақ әдісі, зейінді шоғырландырудың тамаша құралы ретінде пайдалануға болады
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Танграм ойыны – қызықты сабақ әдісі,

зейінді шоғырландырудың тамаша құралы».

Танграм – шамамен 4000 жылдық тарихы бар қытай ойыны, ерекше басқатырғыш түрі. Ол жеті фигурадан тұратын «ши чао тю» деп аталатын ойын. «ТАНГРАМ» сөзі қытай тілінен аударғанда «пиньинь», яғни "шеберліктің жеті тақтайшасы" дегенді білдіреді. Ойын ережесі жеті бөліктен пішінді құрастыру. Шаршы пішінді танграм жеті жазық пішіннен тұрады, оны белгілі бір әдіс бойынша бүктеу арқылы 2 үлкен үшбұрышты, 2 кіші үшбұрышты, 1 орташа үшбұрышты, орташа шаршы мен ромб бөліктеріне бөледі. Осы бөлшектер арқылы әлдеқайда   күрделі   пішін   (адам бейнелері, түрлі   жануар   пішіндерін,   үй   тұрмысы заттарын,   әріптер мен   сандарды өрнектеп жазуға болады)   алу   үшін   қолданады. Бұл ойынның отаны-  Қытай. Пайда болу уақыты шамамен XVIII ғасырды құрайды. 

Танграм   сөзінің   өзі   өткен   жүз   жылдықтың   ортасында   белгісіз   бір америкалықтың ойынынан шыққан. Шамамен 4000   жыл   бұрын   Қытай   императорының   Лао   мұрагері дүниеге   келеді. Император   өзіне   үш   абызды   шақырып   ұлына   ойнап математика бастамасын, қоршаған әлемге  суретшінің көзімен  қарап, нағыз философтай   сабырлы   болып,   күрделі   дүние,   жай   дүниелерден   тұратынын түсінетін   ойын   ойлап   табуға   бұйырыпты.  Сонда Үш   абыз   шаршыны   жеті  бөлікке бөліп  "Ши­ЧаоТю" (жеті айлалы пішін) деген ойын ойлап тапқан екен. Бастапқыда балық,   құс,   жануар   мен   адамның пішіндері   пайда   бола   бастады. Ал қазір танграм пішіндерінің қолданылу аясы артып отыр: еңбек құралдары, түрлі бөлме жиһаздары, киім мен сәулет   ғимараттары белгілі бір қатынаста кесілген   7   әртүрлі фигуралар арқылы алдын ала білетін немесежаңадан ойлап қалаған бейненің кескінін келтіріліп жасалынады.Танграмды   барлық   тұрғыда   киім   дизайннан   бастап   сәулет   пен ландшафт   дизайндарында,   жиһаз   жасауда  кездестіруге   болады. Ең сәтті танграм қолдану жиһаз жасауда кездеседі. Танграм үстелдер де бар. Соңғы   уақытта   танграмды дизайн   саласында   пайдалану   аса   бір   маңыздылыққа   айналды.   Үшбұрыш,   төртбұрыш, квадраттан       әр   түрлі   комбинациядағы   сөрелерді   дайындауға болады.   Сатып   аларда   клиентке   жиһазбен   бірге   оны орналастырудың  арнайы түрлі   комбинациялары қоса  ұсынылады. Бір қарағанда ойын тіптен қарапайым сияқты. Бар істейтінің шашылған бөліктерден қандай да бір фигура құрастыру. Бірақ ол бір қарағанда ғана солай. 

Кез келген адам танграм фигураларын оңай құрастыра алмайды. Әрбір  құрастырылатын бейнеде танграм  ойынының   барлық   жеті   фигурасымен түгел құрастырылуы   тиіс,   яғни   жетіден   аз   таспен   құрастырылған   бейне   танграм ойыны болып есептелмейді. Құрастыруда фигуралар   бірінің   үстіне   бірі   шығып   кетпеу   керек,   бір   жазықтықтың бойымен ғана орналасады. Фигуралар бір біріне толықтай немесе белгілі бір бөлігі тиіп тұрады. Ең болмағанда   фигуралар бір  нүктеде  жанасып тұруы тиіс. Яғни, қандай да бір фигура   қалғандарына алшақта тұра алмайды. Алшақ тұрып қалған жағдайда  ойын шарты бұзылады. Суреттегі     шаршы   жеті   бөлікке     бөлінген.  Танграм  тек квадрат   түрінде   ғана   емес   дөңгелек,   үшбұрыш, жүрек тәрізді формада  да бола береді, тек міндетті түрде әрқашан 7 бөліктен құралады.  Танграм Наполеонның сүйікті   ойыны болған деген ақпарат та кездеседі.   Ол   тақтан   айырылғаннан   кейін   айдауда   көп уақытты   осы   ойынмен   өткізген   екен.   Ол   өзінің   "шыдамдылығы   мен тапқырлығын  осы ойын арқылы жаттықтырған екен". Сыртқы   кейпі   бойынша   танграмға   жақын   ойын түрі  пазлдар   болып табылады. Бастапқыда  пазлдар   дұрыс  емес   пішіндегі   жиынтықтан  сурет­ тапсырманы   құрау   керек   болатын.   Осы   сәйкестікке   қарамастан   танграм оған қарама­- қайшы тапсырма. Себебі, жеті базалық элементтер көптеген маңызды   пішінді   құрастыруға   мүмкіндік   бересе, ал   пазлда   бір   ғана шешіммен шектелеміз.

Танграм ойыны үшін адамға негізі мықты логикалық ойлау мен геометриялық интуиция қажет, ал пазл ойындары  үшін тек ынталылық пен шыдамдылық қажет. Танграм адамдарға зияткерлік ғанибет   әкеледі. Жетістікке   жету,   таң   қалу   сезімі! Эврика!   Мен таптым! Міне,   осы   сезімдердің   бәрі   адамда   белгілі бір жаңа пішінді құрастыруда үлкен қиындықпен   жеткен   сезімдерін көрсетеді. Осы   ойжұмбақ   ақыл, ­ой   және   шығармашылық қабілеттіліктерді,   комбинаторлық   қабілеттіліктерді,   логикалық   ойлауды, зеректілікті,   тапқырлықты,   сонымен   қатар   шыдамдылықты   және   ұсақ моториканы   дамытады.   Ықыластылықты,   мақсатқа   жету   үшін табандылықты қалыптастырады. Шығармашылық ізденіске талпындырады, шыдамдылық пен жүйелілікке үйретеді,күнделікті қиыншылықтардан сергітеді.

Танграм   балаларда   дамытуға көп   септігін   тигізеді:   ереже   бойынша ойнау нұсқаулықты   орындауға   үйретеді,   көрнекі­ бейнелі болжауды, елестетуді, назар салуды үйретеді, түстерді, өлшемді және пішінді, түйсікті, комбинаторлық қабілеттілікті түсінуге үйретеді.

Танграм ойынының осы қасиеттерін ерекше бағалай отырып кез келген пән мұғалімі сабақ тақырыбына сай түрлі фигураларды құрастырту арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға, болмаса зейінді шоғырландыру жұмыстарына қолданса үлкен жетістікке жетер еді деп ойлаймын. Сондай-ақ бұл ойын түрін сабақта қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер қатарына қосып алсаңыз да ұтылмайсыз. Ол сіздің әдістемелік қоржыныңыздағы сүйікті, нәтижеге жұмыс жасататын әдістеріңіздің біріне айналады. Дәл «тарсия» әдісіндегідей бір біріне қиюластыратын қималардың біріне сұрақ не негізгі терминді, шартты белгілерді т.б жазсаңыз, оған жапсарластыратын екінші қимаға сұрақтың жауабын, анықтамаларды, шартты белгілердің атауларын жазып қойып сәйкестендіру тапсырмаларын түрлендіріп орындатуға болады.

Иә, танграм ойыны -қытайлық ойын. Әйтсе де, жеті қат көк пен жеті қат жердің ортасында жеті атасын түгендеп, жеті жұрттың тілін білмекке ынталы қазақ халқы үшін де 7 саны бөтен емес. Біз үшін 7- киелі, қадірлі сан. Олай болса, жақсыны неге жаңалық қылып пайдаланбасқа?!

Кабиолдина Гулим Ерланбековна

«Көгедай орта мектебі»КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, педагог-модератор

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2024
168
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі