Жамбыл облысы
Шу ауданыны
«Айналайын» бөбекжай - бақшасы
Құрастырған:Тантаева М.Б.
«МАТЕМАТИКА ТІЗБЕГІ» ДИДАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ
Әдістемелік құрал
Шу ауданы 2025ж
«Математикалық тзбегі» дидактикалық тапсырмалар жинағы Әдістемелік құрал\ Құрастырған:Тантаева М.Б. «Айналайын» бөбекжай- бақшасы, 2026 ж-31б
Жинақта мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары ментәрбиешілерінің жұмыстарына қажетті, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту жүйесін қамтамасыз ететіндидактикалық ойындар ұсынылған.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ............................................................................................................3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ ТОПТАРЫНДА МАТЕМАТИКА ОҚУ ІС ӘРЕКЕТІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ........................................................4-6
2.ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
НЕГІЗДЕРІ.........................................................................................................................7-13
3.МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖҰМБАҚТАР...........................................................................14-19
4. МАТЕМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР.............................................20-29
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................................31
КІРІСПЕ
Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттілік терін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мақсаты болып табылады. Адам баласының алдында тұратын мақсаттарының ең бастысы – өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын білімді, тәрбиелі, сала уатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – болашақтың кілтін берік ететін басты фактор болып саналады. Осы тұста бала тәрбиесі тал бесіктен бастау алатынын айтып кету жөн. Олай болса, балабақша мен отбасының бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауы үлкен жетістікке әкелетіні белгілі. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу оқыту мәселесі еліміздің педагогтері үшін сапалы білім беру мен тәрбиенің маңызы ерекше екенін атап айтуға болады. Ол үшін мектепке дейінгі тәрбие беретін бөбекжай-бақшаларда жағдайлардың қалыпты жасалуы күн режимімен сәйкес болып бекітілуі керек. Баланың шығармашылыққа баулуын, заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану – әр педагогтің міндеті. Тәуелсіз еліміз дің дәрежесін жоғарғы деңгейге жеткізу үшін, тәрбиелеп отырған ұрпақты білімді, сауатты, жан-жақты деңгейде жетілдіріп отыру керек. Қоғамдағы әртүрлі өзгерістерге сәйкес бөбекжай бүлдіршін дерінің шығармашылығын арттыра отырып, қоршаған ортаны тану, өздігінен даму, дарынды, ізденімпаздыққа тәрбиелеу – балабақшаның басты міндеті. Бала тәрбиесі – қиын да күрделі іс, тәрбиеге жағдай жасау әр адамның елеулі борыштарының бірі, ал бала тәрбиесі дегеніміздің өзі тұрмыс, тіршілік майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Сондықтан да тәрбиеші бойындағы бар күш жігерін, білімін шыңдатып, қажымай-талмай, үлкен мәдениет үлгі сімен үйрете білу тиіс. Еліміздің болашағының жарқын болуы – өскелең ұрпағымыздың қолында. Ал, бүгінгі таңда ұрпағымыздың жан-жақты, терең ойлы, интеллектуалдық деңгейі жоғары, өз бетімен ізденуге қабілетті етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – балаларды шығармашылыққа жетелеу.
3
1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДЫҢ МЕКТЕПАЛДЫ ТОПТАРЫНДА МАТЕМАТИКА ОҚУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖҮРГІЗІЛУІ
Бүгінгі бүлдіршін – ертеңгі азамат, қоғам иесі. Бүлдіршіндерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бөбекжай-бақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі – баланың жеке басын қалыптас тырудың алғашқы баспалдағы бөбекжайда қаланады. Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойындар. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады.
Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы қадамы деп білеміз. Оның басты ерекшелігі баланың ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады. Атау ұйқастарын санау арқылы оқушылар сан үйренеді, санға аты ұйқас заттарды танып біледі. Санамақтар сан үйретеді, әрі дүние танытады, әрі баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Санамақтың түрлері өте көп. Ойында балалар әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек 4 есіне сақтайды. Ойын үстінде ол алға қойылған мақсатты шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан заттарға, айналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала ойын талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, онда оны құрдастары ойыннан шеттетуі ықтимал. Ойын – балалардың негізгі іс-әрекетінің бір түрі. Ойын бары сында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Кіші мектеп жасындағы балалардың көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатынын
4
байқау қиын емес. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында
балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш-жігерін жұмсап, сезініп білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Бүгінгі күннің талабы – баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ ойын балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы бломай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талап тарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логика лық ойлау қабілетін арттыруға жағдай жасау – негізгі міндет.
Осы мақсатта балалармен мынадай оқу қызметінің түрлерін өткізуге болады: Зерттеу – баланы іздендіру мақсатында.
Саяхаттау – баланың танымдық қабілетін дамыту. Семинар түрінде – баланың білімін тереңдету.
Сайыс – бала ойының жетіктігін байқау.
Ойын, жұмбақ – бала зейінін дамыту.
Сахналау – баланың шығармашылығын дамыту.
Ертегі – баланың ойлау қабілетін дамыту. Дәстүрлі емес оқу қызметінің бір түрі – ойын түрінде. Оқу қызметінің бұл түрі – баланың шығармашылық және ойлау қабілетін дамытады. Логикалық тапсырмалар оқушының психология лық және жас ерекшелігіне байланысты таңдап алынады. Қазіргі 5 педагогтердің пікірінше сөзжұмбақ оқушылардың ойларын ұштайды. Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, өз пікірлерін дәлелдей алуға жетелейді. Ойлау процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады. Ойлауды психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз – оның ішкі, танымдық құпия мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Ойлауды дамыту процесі төмендегілерді қамтиды.
-
Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамыту (прак тикалық іс-әрекеттік, көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық).
5
2. Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
3. Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қатынастары мен маңызды байланыстарын табу.
4. Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
5. Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау. Қорыта келгенде, баланың логикалық ойлауын, зейінін дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленеді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалар дың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын біршама арттырады деген ойдамыз.
6
2.ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ
Есептеуді санамалап айтуды,
Үйрететін жаңа пәнің бар мұнда.
Шабыт берер ойың менен санаңа,
Талант көзін ашар барлық балаға.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым соған үйір болады,
Досың солар табылатын қасыңнан.
Балалардың зейінін тұрақтандыру, қабылдауын және танымдық қабілетін жоғарылату. Оқу іс-әрекетіне, ойын әрекетіне белсенді қатысу шығармашылық ізденіске талпындыру жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану. Сабақты қызықты өткізу үшін қосымша материалдар пайдаланамын, сол себептен мен өзімнің тәрбиелеп жүрген балаларыма оқу тәрбие үрдісінде болып жатқан жаңалықтарды пайдаланып келеміЗ. Мектеп жасына дейінгі балалар кішігірім математикалық терминдер, геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төрт бұрыш) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, қосу, алу тең ұғымдарын үйренеді. Сонымен қатар балалардың математика лық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік), жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дедуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі, т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыруға, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Әр шаңырақ тың үміті болып өсіп келе жатырған алдымдағы әрбір шәкіртімнің бабын таба білу, жүрегіне ел, ұлт деген ұғымды ұялатып, жан шыра ғын жаға білу. 3 жастан асқан, үйден келген балалар болғандықтан көпшілігі оң – сол, жоғары – төмен, алыс – жақын деген негізгі ұғым дарды меңгергенімен алыс – жақын, биік – аласа, көп – аз, үлкен – кіші ұғымдарын шатыстырып, 0-ден 5-ке дейінгі сандарды тура сана ғанымен кері санау және сандарды таңбасына қарай ажырату қиын болды. Ересек топқа келсек, 0-ден 10-ға дейін тағы да кері санауда қиынсынды, кейбір балалар ауызша есептер
7
шығарғанда көп қина 7 лады.
МАД тобында осы балалармен деңгейлік тапсырмалар орын дату қиыншылық туғызды. Деңгейлік тапсырмалар 1, 2, 3, 4 деңгейде беріледі. Деңгейлік тапсырмаларды тексеріп, дұрыс болған жағдайда ғана келесі деңгейге көшу керек, осы кезде тәрбиешіге барлық баланы тексеріп шығу өте ауыр. Өзіме ыңғайлы болу үшін, 1-қатарға 3 деңгейді бірдей уақытта орындайтын баларды отырғыздым, 2-қатарға 2 деңгейді бірдей уақытта орындайтын балаларды, 3-қа тарға 1 деңгейді ғана орындайтын балаларды отырғыздым. Бұл балалардың тапсырмаларды қызыға, ынталана орындап, кез келген қиыншылыққа төзуге, жеңуге болады деп ойлаймыз. Осы тапсырмаларды өз бетімен орындау – шығармашылық жұ мыс бастамасы. Келесі 4 деңгейді орындайтын оқушылар бірте-бірте дараланып шыға бастайды. Ал, 4 деңгей тапсырмаларын үнемі жеке карточкалар арқылы беріп отырамын. Бүгінгі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектепке дейінгі мекемелерде оқыту мәселесін де заман талабына сай, уақыт сұранысын қанағаттандыратын жаңа тех нологиялармен қамтамасыз ету қажеттігі туындап отыр, сондықтан әрбір педагогтің алдына оқытудың жаңа технологияларын оқыту үрдісіне енгізу мақсаты қойылып отыр. Бөбекжайдың басты міндеттерінің бірі – бүлдіршіндердің ой өрісін, іс-қимылын жан-жақты дамыту. Бұл кезең баланың іс-әрекеті нің қалыптасуы мен дамуы қуаттылықпен жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын мезгіл. Бұл мезгілде балаларға берілетін білім ең алдымен тәрбие мазмұны әлеуметтік сұранысқа сай жүзеге асырылуы тиіс. Таным ең алдымен сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибе сінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну үдерісі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логика лық ойлау түсінігі ең алдымен оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы жас ерекшеліктеріне байланысты, бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін) теңістіру, орналасуын, саны мен сыңарын белгілеріне қарай табу тәсілдерін меңгереді.
Дамыта оқыту технологиясы
Білім беру жүйесін қайта құру балабақшадан басталатыны бел гілі. Ал, білім беруді жақсарту педагогке байланысты екендігі сөзсіз. Соған орай білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қол дана білу қажет. Мысалы: ертегінің мазмұнын ашу барысында «Дамыта оқыту технологиясын»
8
қолдансақ, онда Л.В. Занковтың дамыта оқыту жүйесінің негізгі мақсаты
жеке адамның жоғарғы дәре жеде жан-жақты дамуы үшін негізін жасау. Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, жан-жақты дамыту. Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе балаларды оқытуда шығармашылық әрекетін енгізу. Күнделікті сабаққа әзірленгенде осы дамыта оқыту дың әдіс-тәсілдерін пайдаланамыз. Балалардың сабаққа деген ынта сын, белсенділігін арттыруда сабақты түрлендіру, әртүрлі әдіс-тәсіл дерді қолдана өткізудің де маңызы зор. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы Қазіргі балабақша тәжірибесінде қолданып жүрген сыни ойлауды дамыту технологиясының стратегиялары баланың ойлауына, шығар машылық ізденісіне, педагогтің шеберлігіне жол ашты. Технология әдістерін қолдануда педагогтер нәтижесінде: баланың ойлауына, бала белсенділігіне, сөздік қорын дамытуға, баланың өзіндік пікірінің қалыптасуына мүмкіндік жасайтындығын айтып, жетістікке жетуде. Баланың өз ойын сын тұрғысынан ойлап, дәлелдеуге тырысады, ой өрісін кеңейтеді, еркін ойлай отырып, бірте-бірте педагогтің түсін діргеніне қарағанда өз ізденісімен қызығу танытып, шығармашылық қабілеті ұшталады. Оның ішінде ерекше бір жағдай: топта көп сөйле мейтін, ойлау дәрежелері төмен балалардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай топтар бойынша сабаққа қатысуға тырысуы байқалды, сөйтіп жаңа әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыпта суына жол ашуда.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда ойын технологиясын пайдалану қажет. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті ойын болғандықтан, әрбір педагог ойын технологиясын жетік меңгеруі тиіс деп санаймын. Ойын барысында балалар тілдесу ережелерімен танысады. Біз балаларға әртүрлі тап 9 сырмаларды береміз, тапсырмаларды орындау барысында мыналарды үйренеді:
- заттардың белгілерін сипаттау;
- берілген белгілері бойынша заттарды тану;
- заттардың бірдей және әртүрлі қасиеттерін анықтау;
- заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай жіктеу дағдыларын қалыптастыру;
- іс-әрекеттердің бірізділігін анықтау;
- қарама-қарсы құбылыстар туралы мінеу;
9
- өз қызметінде уақытша жақтауларды көру;
- кеңістікте, қағаз бетінде бағдарлау;
- жалпылау, зейінді болу;
- есте сақтау қабілетін, қолдың кіші моторикасын дамыту;
- әртүрлі түсініктерге анықтама беру;
- тапқырлықты және ұғымталдықты дамыту.
Мен өзімнің тобымдағы балалардың жас шамасы мен психоло гиялық ерекшеліктерін ескере отырып, іс-тәжірибесінің шеберлігіне байланысты интегралды оқу іс-әрекеттер өткізуі өте тиімді әдіс. Олай дейтініміз, оның ерекшелігі сабақтардың бір-бірімен байланыстылы ғында. Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін әр тәрбиеші өзінің алдында отырған балалардың жас ерекшелік терін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне, өзінің шеберлі гіне байланысты таңдап алады Жаңа технологияны жүзеге асы руда тәрбиешінің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз маманды ғына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз – балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген бала тәрбиешінің басшылы ғымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Егер бала бойындағы қабілетті тәр биеші байқамаса, бала басқа балалармен бірдей болып қалады, сон дықтан қабілеттің дамуына түрткі бола білуі керек. Сабақты қызықты өткізу үшін, тәрбиешінің өзі даярлануы керек. Венн диаграммасы, деңгейлік тапсырмалар, ауызша логикалық есептер дайындауы қажет.
Математика сабағында баланың ой еңбегі мен қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдістерін қалыптастыра білу керек: - берілетін тапсырманың орындалуын білу және оны ұғыну керек; - есеп шығарудың әртүрлі жолдарын, тәсілдерін игеру керек; - балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында ойын түр лерін пайдалану керек. Осы айтылған әдіс-тәсілдердің бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес. Оған шығармашылық тұрғыдан ізденіс, шыдамдылық, жүйелі жұмыс жасай білу қажет.
Ең алдымен осы уақыт ішінде технология бойынша жұмыс істеудің тиімді жақтарын айтатын болсам:
10
1. Әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады;
2. Баланың жеке қабілеті айқындалады.
3. Іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;
4. Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес, баланың ойлау қабі леті артады; 5. Әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады;
6. Бір сабақта есептің әртүрін шығарады. Осындай жұмыстарды ойдағыдай атқару үшін тәрбиешінің балаға берер әсері болу керек. Мысалы: балаға сенім қалыптастыру үшін «сен білесің», «сенің қолыңнан келеді», «үйренесің» деген сөздер қажет. Баланың өз ойынан шыққан жетістігін жоғары бағалап, мадақ тап, көтермелеп отыру керек. Оқу іс-әрекетті түрлендіріп өткізуде пайдаланатын технология ларды пайдаланамын. 1. Оқу іс-әрекетті түрлендіріп өткізу ек сигналы.
7. Кубизм әдісі. Оқу іс-әрекетті түрлендіріп өткізу деген тарауда мысалы, іс әрекетінің кіріспе бөліміне сол бүгінгі өткізілетін математикалық ұғымдарды немесе санға байланысты тақпақтар, санамақтар, жаңылт паштар айтамыз. Жұмбақ, ауызша есептер шығарту арқылы балалар 11 дың ойлау қабілеттерін арттырамыз. Сабақ ортасында балалар шар шамау үшін сергіту сәтін жүргіземіз. Басқа сабақтармен ұштастыру математика пәнін жапсыру, сурет, дене тәрбиесі, тіл дамыту пәндерімен байланыстыра өткізсе, тәрбие шінің балаларға және білім беру еңбегі нәтижелі болар еді.
Балабақшада геометриялық фигуралармен таныстыру барысындағы ересек тер тобы балаларының құрастырған есептеріне мән берейік:
1. Апай, менде квадрат, төрт үшбұрыш бар еді. Мен квадраттан үйдің қабырғасын, бір үшбұрыштан үйдің шатырын жасадым. Менде үш ұшбұрыш қалды.
2. Айдос: менің басым сопақша, көздерім дөңгелек. Аузымды ашсам дөңгелек, жапсам сызықша.
3. Дидар: менің басым дөңгелек, бетім төртбұрыш. Мысалы: дене тәрбиесі пәнін алсақ, математика сабағы арқылы тепе-теңдікті сақтайды, оңға, солға бұрылу, тақтай бөрене үстімен жүру, жүгіру, бәрі есеппен жүргізіледі. Тек қана математика сабағын да емес, тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында да санамақ, тақпақ, жаңылтпаштар пайдаланамын.
11
Сабақтардың бір-бірімен байланыс тырғаны соншалық балаға қызықты болар еді.
Жарыс-сайыс сабақтарды пайдалана отырып, түрлі ойындар өткі зу балалардың ақыл-ой еңбегін ерекше қажет етеді. Математика сабақтарында балаларды екі топқа бөліп, жарыс сайыс сабақтар өткі земін. Әр топқа ат қою. Әр топ ұпай жинаған сайын балаларға жұл дызшалар беру. Жылдың соңына қарай балалармен «Кім тапқыр», «Балақай ойланғын, таппай қоймағын» атты жарыс сабағын өткіздім. Бұл сабаққа ата-аналарды да қатыстыруға болады. Мұндағы көздеген мақсатым: балада психикалық процестер мен психикалық қасиет тердің қалыптасуымен дамуын және сол жыл бойына алған білім дерінің деңгейін тексеру баланы оқытуда және тәрбиелеуде ата-ана лардың шет қалмауын қамтамасыз ету. Мұндай сабақтар баланың қызығушылығын арттырып дүние заттары мен құбылыстарын таны сам, көре білсем деген талабын арттыра түседі. Көрнекілік арқылы деген тарауымда балаларға көрсететін көрне кілігім үлкен, әдемі, бояуы қанық, әрі балаға көрінетіндей етіп қабыл даймын. Іс-әрекетінің екінші бөлімінде балаға берілетін карточкалар 12 эстетикалық талғамға сай болуы керек. Көрнекілік қолдану кезеңінде мынадай қағидалар басты назарда болады:
1. Көрнекілікті көрсетер алдында мақсатын нақты айқындау;
2. Көрнекілік оқытудың өзге де құралдарымен қоса пайдалану;
3. Көрнекіліктің барлық балаға түгел жақсы көрінуі;
4. Көрнекілікті сабақтың тек қажетті кезеңінде қолдану. Осы ережелерді сақтай отырып, сабақтарымда көрнекілік пайда ланамын. Мысалы: суретпен жұмыс, сөзжұмбақтар, т.б. көрнекілік терді қолданып отырамын. Іс әрекетінде логикалық ойындарды ойнағанда, балалардың ойлау қабілетін арттыру. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады.
Венн диаграммасы. Бір-біріне жуықтау термин сөздерді, ұқсас тығы мен айырмашлығын талдау (ересектер, мектепалды топта қолданады). Тірек сызбасы деген тарауды тақтаға іліп, талдау жасау арқылы балалардың ойлау қабілетін одан әрі дамыту. Өткен тақырыптарды бүкіл балаға түсінікті болуы, олардың шығармашылық ойлауын да мытуға, уақытын үнемді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұған шығар машылық ізденіс, оқу-тәрбие процесін оптималдандыру нәтижесінде қол жеткізуге болады. Бала білімінің тиянақты да, сапалы болуы сабақтың шебер ұйымдастырылуына байланысты.
12
Кубизм әдісі – текшенің алты қыры арқылы термин сөзді талдау, кубиктегі бейнеленген суретке қарап, өз ойларын жеткізу. Қорытындылай келе, әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны белгілі бір бағытқа жетелеу – ұстаз парызы. Шығармашылық жатты ғулар балалардан тек қана математикадан білім емес, күнделікті өмір де кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты білімді талап ететін тап сырмалар. Балалардың байғақыштығын дамытуға негізделген логика лық ойлауды дамыта оқытуды негіздеу үшін логикалық ойлау ұғы мын терең түсіну керек. «Ойлау – логиканың заңдылықтары мен фор маларына бағынады. Баланың логикалық танымдық қызметін артты рудың бір жолы берілген материалдың теориялық мәні мен өмірлік тәжірибеде қолданысын ашып беру болып табылады. Егер бала беріл ген материалдың өмірлік тәжірибеде кеңінен қолданып және әрбір іс 13 әрекетті өткен материалдармен байланысты екеніне көз жеткізсе, білімге деген ынтасы артады. Бала бойында логикалық танымдық қызығушылықты арттыру үшін мына мәселелерді есте сақтау керек:
1. Алдын ала дұрыс мәлімет беру.
2. Логикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру.
3. Баланы психологиялық тұрғыда дайындау.
4. Тәрбиешінің пәнге дұрыс көзқарасы. Қай оқу іс-әрекетте болсын балаларды танымдық, шығармашы лық дамыта оқыту олардың қызығушылығын оятып, ойын ынтасын дамыта түседі. Оқытудың қай түрін қолдансақ та ең бастысы – балаға деген сенім, баланың өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, оған деген сенімді арттыру. Жаңа технологияның талаптарына сай тәрбие шіге арналған әдістемелік кітаптар және балалардың жазылуына жаңа типтегі оқулықтар қажет. Бұл айтылғандар жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқа да талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжірибемізден анықтай беретінімізге сенеміз.
13
3.МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖҰМБАҚТАР
Неше алма?
«Бес» алған Асанға
– Бес алма.
«Төрт» алған Досанға
– Төрт алма.
«Үш» алған Хасанға
– Үш алма.
«Екі» алған Үсенге
– Неше алма?
(2)
Інісі мен досын,
Сыйлау үшін Қасым.
Алма сатып алды.
Әрқайсысына: Інісі мен досына,
Өзіне 1 алмадан болды.
Ол неше алма сатып алды?
(3)
Өлең есептер
Күн шуақтап күшік отыр,
Құйрығын күнге қыздырып.
Жанына бір күшік келіп,
Отыра қалды жылынып.
Асан жеді бір кәмпит,
14
Үсен жеді бір кәмпит.
Қосқан кезде барлығын,
Болады екен неше кәмпит?
(1 + 1 = 2) (1 + 1 = 2) 15
Екі шаршы Саматта,
Біреуі көрші Маратта.
Бұл шаршыны балалар,
Кәні, қосып санаңдар!
(2 + 1 = 3)
Осындай тапсырмалар орындау барысында балалардың субъек тілік алғы шарты туындайды:
1. Оқу іс-әрекетіне деген қызығушылығы артады;
2. Ой-өрісі дамиды;
3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады.
Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тап сырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек. Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынадай жатты ғулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тап сырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады. Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрін де қолдануға болады. Мысалы, «Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді.
15
Мысалы, толық – жіңішке, қара – ақ, ыстық – суық, бос – толы, т.б. Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды тәрбиеші ретін тауып оқу үр дісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, бала лардың ақыл-ойы жетіле түседі. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Балалар мұндай тапсырмаларды зор ықы 16 ласпен орындайды және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыс тарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана бас тайды.

3. Шығармашылық пен дарындылық пайда болады. Балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тап сырмалар мен жаттығулар орындатудың маңызы зор. Баланың логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Балалардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан балалардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Балалардың ойлауын дамыту ойлау операцияларын меңгеруіне байланысты. Ендеше, балаларға тапсырмалар бергенде таңдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар логикалық ойлауын дамытатындай болуы керек. Мысалы, сөздік-логикалық ойлаудың дамуына мынадай жатты ғулар көмектеседі: «Артығын анықта» әдістемесі. Баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсету, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Тап сырманы сурет не заттай немесе жазбаша түрде ұсынуға болады.
16
Сонымен қатар ойлау әрекетін дамытатын тәсілдерді ойын түрін де қолдануға болады.
Мысалы, «Керісінше айт» ойыны. Бұл ойында қарама-қарсы мағыналы сөздерді өткенде пайдалану тиімді. Мысалы, толық – жіңішке, қара – ақ, ыстық – суық, бос – толы, т.б. Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды тәрбиеші ретін тауып оқу үр дісінде қолдана білсе, оқыту түрленеді, оның тиімділігі артады, бала лардың ақыл-ойы жетіле түседі. Балаларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері қалыптаса бастайды. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Балалар мұндай тапсырмаларды зор ықы 16 ласпен орындайды және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыс тарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана бас тайды.
Мен балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мына дай талаптарды басшылыққа алдым: Оқу іс-әрекетіне балаларды түгелдей қамту;
Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой-өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады.
Оқу іс-әрекетінде тапсырмалардың мынадай түрлерін өз тәжі рибемде пайдаланып жүрмін:
1. «Бір сөзбен ата» әдістемесі;
2. «Не артық?» әдістемесі;
3. «Суреттерді есте сақта» әдістемесі;
4. «Қисынсыздықтар» әдістемесі;
5. «Суретте қандай заттар жасырылған» әдістемесі;
6. «Айырмашылықтарын тап» әдістемесі;
7. «Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі;
17
8. «Белгілерді қой» әдістемесі.
«Бір сөзбен ата» әдістемесі
Мақсаты: осының арқасында оларды бір топқа біріктіруге бола тын заттардың өзара қарапайым байланыстарын анықтау икемділІк терін, сондай-ақ баланың заттардың жинақтаушы атауын меңгеру деңгейін анықтау. Тапсырманың сипаттамасы: балаға бір топқа жататын 3 сурет, мысалы, сәбіз, қияр, қызанақтың суреті ұсынылады. Бала берілген суретті жинақтаушы бір ұғыммен атауы тиіс. 17
«Не артық?» әдістемесі
Мақсаты: белгілі бір топқа жататын нысандарды жіктеу,оған сәйкес келмейтін «артық» нысанды шығарып тастау. Тапсырма: балаға бір топқа жататын заттар және осы заттардың тобына жатпайтын бір зат бейнеленген карточкалар ұсынылады. Оларды қарап көрген бала 1 «артық» суретті алып тастауы тиіс.
«Суреттерді есте сақта» әдістемесі
Мақсаты: бейнені есте сақтау ерекшеліктерін үйрену және олар ға диагностика жасау. Тапсырма: балаға бетіне 5 заттың суреті бейнеленген карточка ұсынылады. Ол бұл заттарды 1 минут ішінде қарап көруі тиіс. Осыдан кейін карточканы алып қойып, баладан өзінің есінде қалған суреттерді атап беру талап етіледі. Дұрыс аталған бейнелердің санына қарай нәтижелерге баға қойылады.
«Қисын сыздықтар» әдістемесі
Мақсаты: қоршаған әлем туралы, олардың арасындағы қисынды байланыстар туралы қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін анықтау. Баланың қисынды ойлау және өз ойын грамматикалық дұрыс білдіру икемділіктерін анықтау. Тапсырманың сипаттамасы: балаға әрқайсысында қисынсыз жағдайлар бейнеленген бір суреттен көрсетеді. Суретті қарап көру кезінде бала, шамамен мынадай мазмұндағы нұсқаулық алады: «Мына суретке зер сала қарап, онда ненің теріс бейнеленгенін және оның шындығында қалай болуы керектігін айт, өз жауабыңды түсін дір»
«Жыл мезгілдері» әдістемесі
Мақсаты: қарапайым бейнелік түсініктердің даму деңгейін бағалау.
18
Тапсырма: балаға суретті көрсетіп, оған мұқият қарауды және осы суреттің әрбір бөлігінде жылдың қай мезгілі бейнеленгенін айтуын сұрайды. Осы тапсырманы орындауға бөлінген 2 минут уақыт 18 ішінде ол тиісті жыл мезгілін атап қана қоймастан, сондай-ақ өзінің шешімін дәлелдеуге тиіс болады, яғни өзінің неге осылай ойлайты нын түсіндіруі, өзінің ойынша суреттің осы бөлігінде жылдың басқа бір мезгілі емес, нақ осы мезгілі бейнеленгенін көрсетуі тиіс.
«Суретте қандай заттар жасырылған?» әдістемесі.
Мақсаты: кескіні бойынша бейненің тұтас қабылдануын (ұғы нуын) анықтау.
Тапсырма: балаға заттардың кескіні бейнеленген сурет ұсынылады. Онда қандай заттардың (барлығы бесеуі бейнеленген) жасырғанын анықтау керек.
«Айырмашылықтарын тап» әдістемесі
Мақсаты: заттарды өзара салыстыру тәсілдерін меңгеру деңгейін анықтау.
Тапсырма: бала 2 суретке зер сала қарап, олардың өзара айырмашылақтарын (барлығы 5 айырмашылық бар) атап көрсетуі қажет.
«Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемесі.
Мақсаты: қабылдау (ұғыну) тұтастығын анықтау.
Тапсырманың сипаттамасы: балаға кейбір заттың бір бөлігі жетіспейтіндей етіп бейнеленген суреттер тобы ұсынылады және жетіспейтін бөлікті мүмкіндігінше тез анықтап, оны атау жөнінде тапсырма беріледі. Диагностика жүргізуші баланың бүкіл тапсырманы орындауға жұмсаған уақытын белгілейді.
«Белгілерді қой» әдістемесі
Мақсаты: зейіннің нәтижелілігі мен орнықтылығын анықтау. Тапсырманың сипаттамасы: балаға суретті көрсетіп, онымен қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіреді. Бұл жұмыстың реті мына дай: әрбір шаршыға, үшбұрышқа, шеңберге және ромбыға үлгінің жоғарғы жағында берілген белгіні қою керек. Бала тапсырманы 2 ми нут уақыт ішінде үзіліссіз орындайды.
19
4. МАТЕМАТИКАДАН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
«Біреу және көп» дидактикалық ойыны
Мақсаты: «Біреу және көп» ұғымын ажырата алуға үйрету. Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан бір және көп заттарды табуды өтінеді. Мысалы: сағат біреу – ойыншық көп; тақта біреу парта көп; бір аквариум – көп гүл.

Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып, сонда тұра бастады. Бір уақытта біреу есікті қағады. Үшбұрыш: «Бұл кім?» деп сұрайды. Шаршы көрінеді. Балалар оны атайды, егер балалар атын атауға қиналса, тәрбиеші өзі атайды. Бәрі бірге оның бұрыштарын санайды, барлық қабырғаларының бірдей екендігін атап өтеді.

«Шаршы құрастыр» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларды бөлшектерден бүтін бір зат құрастыруға үйрету. Балалар ақ шаршының үстіне бөліктерге бөлінген түрлі-түсті шаршыны құрастырып қояды. Бөлшектерден бүтін бір зат жасайды. Балалар қиналған жағдайда тәрбиеші оларға көмектеседі. Шаршының қанша бөліктен тұратынын санайды, құрастырылған шаршының түсін айтады. 1-нұсқа: әрбір бала өзі жеке жинайды. 2-нұсқа: шаршыны топ болып жинайды (қайсысы жылдам?). 3-нұсқа: жеке немесе топпен, кім тез бітсе, күрделірек түрін беру.
20

«Зат неге ұқсайды?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Геометриялық денелер мен фигуралар туралы білім дерін бекіту; айналадағы заттардың геометриялық пішінін ажырата білу дағдыларын дамыту. 1-нұсқа. Тәрбиеші геометриялық пішінді немесе геометриялық денені балаларға көрсетеді, ал балалар оның қоршаған ортадағы қан дай затқа ұқсайтындығын табады немесе естеріне түсіреді. 2-нұсқа. Тәрбиешінің үстелінің үстінде геометриялық пішіндерді немесе заттар мен суреттер жатыр. Бала суретті не затты таңдай оты рып, оның қандай пішінге ұқсайтындығын айтады. Өзінің жауабын түсіндіреді.

«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылы ғын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру. Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай 23 салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқа ларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөй леуін қадағалайды. Балалар екі затты салыстырады.
21
Салыстыруда мына сөздер пай даланылады: үлкен – кішкентай, ұзын – қысқа, жуан – жіңішке

«Біреуі артық» дидактикалық ойыны
Мақсаты: «Біреу – көп» ұғымын бекіту; ойлау қабілеттерін дамыту; заттарды топтастыра білуге үйрету. 1-нұсқа. Балалар барлық карточкалардың арасынан бір зат бейне ленген карточканы тауып, атауын айтады, содан кейін көп зат бейне ленген карточканы көрсетеді. Бір бала жауап береді, қалғандары тек серіп отырады. 2-нұсқа. Барлық балаларға карточка үлестіріледі (карточкалар қайталанбайды). Барлық балалар өз карточкасы бойынша жауап бе 24 реді. Бір партада отырған екі бала бірдей дұрыс жауап қайтарса, олар жұлдыз алады. Қай партада жұлдыз көп болса, солар жеңеді. 3-нұсқа. Балалар өз бетімен партада жұмыс істейді. Жауаптың ор нына балалар жай қарындашпен бір зат бейнеленген суретті айналды рып сызады. Кім тез бітсе, сол балаға тағы бір карточка беріледі. Екі немесе үш карточкаға жауап берген балалар жеңімпаз деп саналады.

22
«Сипап сезу арқылы санау» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Сипай сезіп, санау арқылы қарамай-ақ екі топтағы зат тарды салыстыруға үйрету (артық, кем, тең); санау дағдыларын бекі ту; салыстыруда беттестіру тәсілін қолдана білу. Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай, қолмен ұстап санау арқы лы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топ тағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.

Тәрбиеші үстелінің үстінде орамалмен жабылған заттардың екі тобы (4 кірпіш, 5 жүк машинасы) қойылады. Шақырылған бала бір топтағы заттардың санын орамалды ашпай, қолмен ұстап санау арқы лы анықтап, қорытынды санды айтады және осылайша екінші топ тағы заттар да саналады. Қарамай-ақ, қай топтағы заттардың артық не кем екенін салыстырады. Содан кейін жабулы орамал алынады да, барлық балалармен жауаптың дұрыстығы тексеріледі. Ары қарай топтарды салыстыру арқылы неше артық, неше кем екенін анықтау, теңестіру жұмыстарын жүргізуге болады.
«Сөзді керісінше ата» сөздік ойыны
Мақсаты: Балаларды қарсы мағынадағы сөздерді таба білуге үйрету; көлем, кеңістіктегі ара қатынас туралы білімдерін бекіту. Тәрбиеші көлемді, кеңістіктегі бағытты немесе сандық қатынасты анықтайтын сөзді атап, допты бір балаға лақтырады. Бала осы сөзге қарсы мәндес сөзді атап, допты
23
қайтадан тәрбиешіге лақтырады (үлкен – кіші, кең – тар, ұзын – қысқа, биік – аласа, қалың – жұқа, сол жақта – оң жақта, жоғары – төмен, аз – көп, қалыңырақ – жұқарақ, ұзынырақ – қысқарақ, кеңірек – тарырақ, т.б.
«Аңдарды қоректендір» дидактикалық ойыны
Мақсаты: 1 саны, және цифры туралы алғашқы білімдерін бекі ту; қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту.

- Дидар, қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен пілдің баласына неше банан бердің? Осы цифрды ата және көрсет. Басқа аңдармен де осындай жұмыс жүргізіледі. - Ал қоян нені жақсы көреді? Әрине, сәбізді. - Жолақтары бар карточканы алыңдар. Солдан оңға қарай жоғар ғы жолақты, содан кейін төменгі жолақты саусақтарыңмен жүргі зіңдер. - Енді жоғарғы жолақтың сол жағына бір қоянды қой. Тәрбиеші бірнеше баладан неше қояннан қойғандарын сұрайды. - Төменгі жолаққа сол жақтан оңға қарай сәбіздерді қойыңдар (фишкалар). Тәрбиеші бірнеше баладан жекелей сұрайды: - Қояндар нешеу?
«Ненің баласы?» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балалардың «үлкен», «кіші» ұғымдары туралы түсі ніктерін бекіту; жабайы және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Үлкен және кіші ойыншықтар бөлек тұрады. Бала үлкен ойын шықты таңдап алады және оған кішкене ойыншықтарды іріктеп алады (немесе керісінше). Өзінің таңдап алған жұбын атайды. Мысалы: тауық үлкен, ал балапан кішкентай.
24
МАТЕМАТИКАДАН ДИДИАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР
Есепті шығар.

Оң және кері сана

Салыстыр

Қандай екі саннан 5 санын құруға болады?
25

Суретте қанша доп болса, сонша доптың суретін сал.

Есеп құрастыр.

26
Қайсысы көп? Белгілерін қой.

6 санын құрамы

Салыстыр

27
Шаршыны тауып, оны сызықпен тең төрт бөлікке бөл.

Дөңгелектерді тауып, оларды сызықпен тең бөлікке бөл.

28
Суреттегі түстер бойынша
сандарды боя. 
29
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорытындылай келе, баланың логикалық ойлауын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйеленді және оны ұйымдастырудың тиімді жолдары, әдіс-тәсілдері айқындалады, ол өз ретінде, балалардың логикалық ой-қабілеттерін қалыптастыру жұмысының жағдайын бір шама арттырды деп ой түйіндейміз. Баланы өмірге келген шағынан бастап денсаулығына зиянсыз, дамуына мүмкіндік жасай алатын, шығармашылығы мен танымдық қабілеті дамуына ықпал ететін орта құру – бүгінгі күннің басты талабы. Баланы қоршаған ортасы, оның интелектуалды өсуіне, алған білімін өмірде қолдана білуіне ықпал етіп, айналадағылармен дұрыс байла-ныс жасауға үйрететін орта болуы тиіс. Сонымен, сананың құрылысы мен психикалық қызметтердің бар лық түрлерінін дамып жетілуіндегі өзекті мәселесі сананық даму дең гейі. Бұл мәселе баланың әр алуан іс-әрекеттері мен ақыл-ойының дамуымен де өзектес екендігін айқын көрсетіп отыр. Ойлау процесіне қатысты мұңдай зерттеулер ілгеріден келе жатқан ойлау жайындағы жорамалдарды тәжірибе жүзінде зерттеп, олардың шындығын ашып көрсетуге жетелер деп санаймын. Бала әрбір нәрсенің мәніне ой жүгіртіп түсінетін болады. Үйреншікті әрекеттері мен мінез-құлқын дағы ерекшеліктерін танып біледі. Мұның бәрі баланың ойлау дең гейінің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай тудыратын қажет факторлар деп білеміз.
Педагогика ғылымының да алдына қоятын мақсаттары ның бірі осы бала ойынын дамып жетілуін қамтамасыз ету. Баланың даму кезеңдеріндегі ақыл-ойының өсуі мен жетілуі оның ғылым негіздерін қандай деңгейде меңгере білуіне жол ашып береді. Сөйтіп бала өзінің өмір тәжірибесі мен ішкі жан дүниесінің дамуына да ой жүгіртіп, оны өзі бақылап басқара алатындай қабілетке ие бола тыны сөзсіз. Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдас тыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады. Логикалық ойлаудың ерек шелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде.
30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары мен мектепалды сыныптарында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат – Нұр Сұлтан, 2022. – 32 б.
2. Мектепке дейінгі ұйымдарда қауіпсіз жағдайлар жасауға қойылатын талаптарды талдау негізінде қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулық. – Нұр-Сұлтан, 2022. – 36 б.
3. Доронова Т.Н., Якобсон С.Г. Обучение детей 2-4 лет рисова нию, лепке, аппликации в игре. – Москва: «Просвещение», 1992.
4. Комарова Т.С. Занятие по ИЗО в детском саду. – Москва: «Просвещение», 1991.
5. Ерқұланова Р.Қ., Ертаева А.А., Бекжан Р.С. «Мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды топтарына арналған танымдық тапсырмалар» әдістемелік құрал. Қызылорда, 2019. – 48 б.
6. Министерство образования и науки РК, методическое пособие «Кішкентай Тілмаш», 2014.
7. Прищепова И.В. Речевое развитие младших школьников с общим недоразвитием речи – Санкт-Петербург, 2005.
8. Протасова Е.Ю., Родина Н.М.. Многоязычие в детском возрасте. – СПб.: Златоуст, 2005.
31
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тантаева Малика Болатовна

шағым қалдыра аласыз