«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі»КММ
Семинар
Тақырыбы: «Таным жобасы»
Бастауыш сынып мұғалімі
Сарсенбаева Асылгул Мусаевна
2017-2018 оқу жылы
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев кезекті жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп білім беру жүйесін ерекше көрсеткен болатын. Бүгінгі таңда қоғам өте тез, шапшаңдықпен қарқындай дамып халық ағарту саласының қызметкерлеріне түсер салмақ бұрынғыдан да бетер ауырлай түсті.. Заман талабы мен уақыт көшіне ілесу ұстаздар қауымына деген үлкен жауапкершілікпен сынды талап етеді. Қазақстанымыздың болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қызмет ететін ұстаздарымыздың ықпалында. Бүгінгі күні қандай шәкірт дайындасақ болашақта еліміздің іргесін қалайтын құрылысшыны жасап шығарғанымыз. Ал енді сол құрылысшыны дайындауда іргетасын дұрыс қалауға аямай тер төгіп мына біздер ұстаздар қауымы ат салысуымыз керек. Ол үшін бүгінгі таңның қарыштап дамыған көшінен орын алып ілгері жылжып отыруымыз қажет. Сондықтан да Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Тәуелсіздік алған еліміздің мектептерінің ұстаздары үшін ұрпақ тәрбиесі алдындағы жауапкершіліктен қымбат міндет жоқ. «Білім – адамның байлығы» демекші, халқымыз ең қымбат та, асыл қазынасы өзінің жас ұрпағын, оның бүгінгі мен ертеңгі болашағын мұғалімдердің адал жүрегіне сеніп тапсырып отыр. Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес деп Я. А. Каменский айтқандай біздің мамандығымызға тең келер еш нәрсе жоқ. Сондықтан да бастауыш үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы екенін ескере отырып, оқушыларға белгілі бір көлемдегі білімді меңгерту бастауыш мұғалімдеріне міндеттеліп отыр. Өйткені білім негізі бастауышта қаланатыны баршаға мәлім. Бастауыш сынып – білім берудің алғашқы сатысы болғандықтан да, бастауыш сыныпта оқу іс-әрекетін ұйымдастыру – жеке және жас ерекшелігіне сәйкес оқушы тұлғасының дамуын қамтамасыз етеді. Бастауыш буында бүлдіршін оқуды, сауатты жазуды, сөйлей білуді, арифметикалық амалдарды пайдалануды үйренеді. Сондықтан бастауыш сынып мұғалімдеріне қойылатын талап өте жоғары болатыны заңдылық. Бастауыш сынып мұғалімі әр оқушының психологиялық ерекшелігін зерттейді. Осыған орай әрқайсысымен жекелей жұмыстар жүргізеді. Түрлі әдіс-тәсілдер пайдаланады. Мәселен, кейбір балалар есептеуге жүйрік, ал сөйлеуге тұйық. Енді біреулері естігенін тез қабылдайды, бірақ есептеуге шорқақ немесе жазу каллиграфиясы нашар болып келеді. Бастауыш сынып мұғалімі әр баланың осындай әлсіз тұстарымен жұмыс жасап, олармен ерекше жұмыс жүргізеді. Бастауыш сыныптың мұғалімі бағдарлама көлемінде білім беріп қана қоймай, пәндер арқылы баланың дамуын қамтамасыз етеді. Баланы оқуға қызықтыру мәселелері әрқашанда өзекті. Осы жерде қолданатын әдіс-тәсілдер туралы мәселе де туындайды. Оқыту әдістерінің қызметіне оқытушылық, оған қызығушылық тудыру, дамытушылық, тәрбиелік, ұйымдастырушылық қызметтері жатады. Өйткені, әдістер тек оқыту құралы ғана емес, олар арқылы қызығушылық тудыру, тәрбиелеу, бүкіл оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруға болады. Сондықтанда тәуелсіз еліміздің болашақ азаматын тәрбиелеуге үлес қосатын алғашқы баспалдақ бастауыштан басталады. Осыған орай мектептің даму жоспары бойынша бастауыш бірлестігіне «Таным» жобасы қойылды. Осы «Таным» жобасы бойынша 2016-2017 оқу жылында таным жобасының үш жылдық жоспарын құрып, бастауыш сынып мұғалімдерімен бірлесе отырып, жоспарды талқыладық, талдадық. Бірінші жылы жобамен танысу жылы болды. Биылғы оқу жылында жоспар бойынша бастауыш сынып оқушыларымен түрлі іс-шаралар ұйымдастырдық. "Таным" дегеніміз не?"Таным - ол мәңгілікті даму жол. Білімсіздіктен білімге өту. Таным болмыстың бейнесі. Содан соң әлем әрқашанда өзгерісте болған соң таным да сондай болу керек.
Мақсатымыз:
Бастауыш сыныпта оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырып, алған білімдерін өмірде қолдана алатын, жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері
-
Бастауыш сыныпта функционалдық сауаттылыққа байланысты іс-шаралар ұйымдастыру;
-
Оқушылардың тілін және ойлау қабілеттерін дамыту үшін танымдық дағдыларын арттыру;
-
Оқушыларды оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін, шығармашылық тұрғыда ойлауын қалыптастырып және де баланың өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже
-
Оқушылармен функционалдық сауаттылыққа байланысты іс-шаралар ұйымдастырылады;
-
Оқушылардың тілі және ойлау қабілеттері дамып танымдық дағдылары артады;
-
Оқушыларды оқыта отырып, оның еркіндігі, белсенділігі, шығармашылық тұрғыда ойлауы қалыптасып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыланады.
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы баспалдағы екенін ескере отырып, оқушылырға белгілі бір көлемдегі білімді меңгерту. Олардың ой-өрісін жылма-жыл жетілдіріп, кеңейте түсу, дарынды олардың бойларында адамгершілік қасиеттері бар, туған еліне және жеріне жаны ашитын, табиғатты қорғайтын, үлкенге құрмет көрсететін, еңбек сүйгіш, ұрпақ оқыту мен тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз да және міндетіміз. Сондықтан таным жобасы бойынша бастауыш сынып оқушыларына кезек берейік.
«Байлық,бақыт,ақыл»
Байлық,бақыт,ақыл үшеуі дауласыпты.
Байлық-Менің арқамда ғана адам баласының төрт түлігі сай,ішіп- жегені май,ақшасы көп болады.
Бақыт былай депті-Мен бақпын кімнің басына барып қонсам соның бағы жанады «ақ дегені-алғыс,қара дегені -қарғыс»-болады
Ақыл тұрып-адамның ақылы болмаса байлыққа да,баққа да ие болмайды.Адамға ең бірінші ақыл керек.Сенбесеңдер данышпанға жүгінейік.
Данышпан:
-Өмірдің өзі сабақ: «Байлық-бір жұттық», «Бақыт-баянсыз», «Ақыл бар жерде ғана бақыт та,байлық та,бірлік те,тірлік те,ынтымақ та түгел»
Ақылды адам білімді болады. Ендеше сендердің білімдеріңді көрейік.
Данышпанның сөзі: Тіл-халықтың жаны, ұлтымыздың құжаты. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Қазақ тілі туралы не білесіңдер?
4 «ә» сынып оқушылары: Қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет Байтұрсынұлы. Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ұлттық тіл білімінің іргетасын қалаушы, лингвист, ғалым, ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, ірі қоғам қайреткері. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазды. Сөйтіп «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазған.
«Тіл-құрал» тек мектеп оқулықтарының ғана басы емес, қазақ тілін ана тілімізде танудың басы болды, қазіргі қазақ тілі атты ғылым саласының, іргетасы болып қаланды. Қазақ тіл білімінің ана тіліміздегі іргетасын қалаудағы Ахмет Байтұрсынұлының тағы бір зор еңбегі - терминдерді жасауы. Ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды. Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы Ахмет Байтұрсынұлынікі.
Данышпанның сөзі: Өте жақсы жарайсыздар!
Данышпанның сөзі: Қазақ тілінен «Тіл өнері» ойыны арқылы білімдеріңді сынайық. Жұмбақты шешіп, оны орыс, ағылшын тілдеріне аудару қажет.
1.Адамға серік ,
Күзетке берік.(ит – собака - daq)
2.Асты тас ,
Үсті тас ,
Ортасында піскен ас.(нан – хлеб - bread )
3.Қыста ғана болады ,
Ұстасаң қолың тоңады.(қар – снег - snow)
4.Өзі сондай нәзік ,
Су құйсаң кетеді ,
Алақанын жазып ... (гүл – цветок - flower)
5.Өзі сөйлеу білмейді ,
Салған ізі сөйлейді. (қалам – ручка - pen )
6.Ақ сандығым ашылды ,
Ішінен жібек шашылды . (күн – солнце - sun)
7.Өзі бір қу,
Жүрген жері айқай мен шу. (түлкі – лиса –fox
Данышпанның
сөзі: «Сөзді аяқтау» жаттығулары
бұл ойын
арқылы өздеріңіздің
жылдамдықтарыңызды,
тапқырлықтарыңызды,
тілдік, сөйлеу белсенділіктеріңізді
көрсетулеріңіз
керек.
Сөздің бірінші буынын айтамын, сіздер аяқтайсыздар.
«Менің не айтқым келеді, ойлап тап! Мысалы: ба деген буынды айтсам
ба-ла, ба-тыр, ба-қа, ба-лапан, ба-рабан және т.б
сөздерді ойлап табуларың
керек. Ендеше келесі буынды айтамын буындарға бірнеше сөз ойлап
табыңыздар.
1) са, 2) та , 3) жа, 4) ше, 5) ке.
Данышпанның сөзі:Өте жақсы, жарайсыздар!
Данышпанның сөзі: Келесі әдебиеттік оқудан білімдеріңізді көрейік. Қандай жаңылтпаштарды білесіздер? Жаңылтпаш дегеніміз балалардың дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуға, тілдерінің тез дамуына көп көмегі бар. Ендігі сөзді «Жаңылтпаш» айтуға берейік.
Данышпанның сөзі : Өлең жолдары арқылы сіздердің жақсылық пен жамандықты ажырата білуге және жақсы нәрсеге жақын болып , жамандықтан бойын аулақ ұстауға үйретеді. Шығармашылыққа баулып және мәнерлеп оқу мәдениеттерінізді қалыптастырады.
Ал енді сіздерге Көңілді шумақтар өлеңін оқуды ұсынамын. Өлең жолдарындағы жұлдызшаларға берілген санды қойып оқыңыздар.
4 «б» сынып оқушылары:
2 –Екі
Баласына же*ріп ,
Ұрсып жатыр К*лік ;
- *леніп , с*ріп ,
Алып қапсың “*лік”.
*ншілей “*ңді”
Көрсетпе ! – деп ж*ді .
К*рейіп баласы ,
*ленбей таласып ,
Жоймасам ба “*мді!”
Деп б*нген секілді .
3 – Ү ш
* тентек баласы
*нші кластың
Доп *ін таласып ,
К*терін сынасты .
Бір допты кішкене
*еуі ап құшаққа ,
Барынша к*ене ,
Тартысты * жаққа …
* досқа
Үйшікте
Жатқан кеп к*ік те ,
Тұмсығын *кілдеу
Көтеріп , т*кірді .
“Жағдай м*кілдеу “ , -
Дегендей , * үрді –
Өзінше * досты
Басқансып , “*кірді”.
5 – Бес
“Те*ің”, - деп , - қойларды ,-
*ті айғырды қораның
Тө*іне лақтырдым .
*аспап батырмын .
Сен*ең , сұрағын ;
*іктегі бөпемнен ,
* жастағы көкемнен
10 – Он
* бала қоршады
*ыншы вагонды ,
Т* әкеп қарсы алды
Ағайды пог*ды .
Құрметті бұл қ*ақ
Ауылға ж*дағы ,
С*арда ол болмақ
Аңшымен с*дағы .
Данышпанның сөзі: өте жақсы!
Данышпанның сөзі: Ал енді математика туралы не білесіздер? Математика дегеніміз не? Ол не үшін керек?
4 «г» сынып
оқушылары: Математика грек тілінен
қазақшаға аударғанда «білім, ғылым» деген мағынаны
білдіреді. Ғылым тарауларын гректер
«математ» деп
атаған, осыдан математика деген термин
қалыптасқан.
«Математика — ақиқат дүниесінің сандық қатынастары мен кеңістік
формалары жайлы ғылым » деген анықтаманы Ф.Энгельс XIX ғасырдың
екінші жартысында берген. « Сандар дегеніміз — барлығы » деген екен,
«Сан-математика ғылымының іргетасы» деп Орынбек Жәутіков айтқан,
яғни математиканың тілі ол сандар.
Бізді жан-жақтан сандар
қоршайды, олар бізге барлық жерде қажет. Біз сандар
арқылы санап қана қоймаймыз, біз оларды санаймыз. Сандарсыз біз
уақытты да, күнді де белгілей алмас
едік,сандарсыз біз заттарды сатып ала алмаймыз,
өзімізде бар нәрсені қайта санай алмаймыз немесе бізге тағы да
қанша қажет екені туралы да айта
алмаймыз, сондықтан, сандарды ойлап табу қажет
болды.
Аса үлы математик болып саналатын Карл Гаусс үш жасар кезінде әкесінің есептеулерін түзеткен «Арифметика-құдайдың туындысы» деген ол оқушы кезінде-ақ тізбекті сандарды тез қосудың бірегей тәсілін ашқан. Адамдар санай бастаған кезде, сірә санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болу керек. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, олармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі санаудың ондық жүйесі осыдан туындаған. Сен бірдеңені санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан есептен жаңылмайсың. Саусақтарыңа қарап, оларды атамастан көз алдыңа елестете аласың, саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне заманнан бері бар. «diqit» - «сан» сөзін пайдаланамыз, ол «саусақ» деген ұғымды білдіреді. Қол саусақтарын тек санау үшін ғана емес, көбейту үшін де пайдалануға болады. Мысалы 9-ға көбейтуге қолдансақ. Қолдарыңды алдыңа қой да, сол жақтан қарай санай баста. Қайсыбір санды тоғызға көбейту үшін тиісті саусағынды бүк. 7-ні 9-ға көбейту үшін жетінші саусағынды бүк. Енді сол жақтан алты саусақ және оң жақта үш саусақ қалды. Демек жауабы 63.Жүз мыңдаған жылдар бойы адамдарға саусақтармен санаудың өзі жеткілікті еді. Осыдан 6000 жылдай бұрын дүние өзгерді.
Таяу Шығыста тұратын халық мал және егін шаруашылығымен айналысты. Олар фермерлерге айналды. Содан Вавилондық сандар, яғни қыш жетондар пайда болды. Өте көне заманда египеттіктер сахара шөлінен өтетін Ніл езенінің бойында ғана жер еңдейтін болған. Әр жыл сайын суаруға арналан танаптар мен каналдарды Ніл шайып кетіп отырды, сондықтан египеттіктер егістік танаптарын өлшеуге кірісті. Мысырлықтар математиканы тек есептеу үшін ғана емес, жер өлшеу үшін, ғимараттар салу үшін, уақытты өлшеу үшін пайдаланған. Математиканы білу ғана мысырлықтарға пирамиданы тұрғызуға мүмкіндік берді. Үлы Хуфу Пирамидасы . — математиканың кереметі.
Ол есептеуге арналған амал, мұнда бұршақтар немесе ұсақ малта тастар қатарларға тізілетін. Бірақ осыдан 1500 жылдай бұрын үнділер санаудың орналасу жүйесі — сандардың жазылу тәсілін ойлап тапты. Онда символдар шоттағы қатарларға сәйкес келді. Арифметиалық амалдарды орындау шоттың көмегін қажет етпеді, сандарды жәй жаза береді. Бірақ бос қатарлар үшін таңба қажет болды, сондықтан үнділер нөлді ойлап тапты. Бүл асқан даналық еді. Жаңа сандар Азиядан Европаға тарады, біз оларды күні бүгінге дейін пайдаланамыз. Басқа есептеу жүйелерінен айырмашылығы үнділер тек 10 символды ғана пайдаланған, бұл амал жүйені оңайлатқан. Символдар бүкіл әлемге тарай отырып ғасырлардан ғасырларға қарай өзгеріп отырды да, біртіндеп біз пайдаланып жүрген қазіргі заманғы сандарға айналды.Математиканың басқа ғылымдармен байланысын атап айту керек. Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығында дау жоқ. Ал тарихпен қандай байланысы бар? Тарих толығымен даталардан және соған сәйкес оқиғалардан тұрады. Оларды есте сақтау үшін математикалық ойлау қабілеті керек.
Географиямен байланысына
келсек, қалалардың ара қашықтығын анықтағанда масштаб,
қолда бар карталар есепке алынады, қарапайым математикалық
есептеулер арқылы қажетті деректерді алуға болады. Әдебиетпен
байланысы: көз алдыңызға логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған
адамды келтіріңіз. Егер ол бір
шығарманың авторын жақсы білмесе
де, оның туған, өлген жылын білу арқылы сол уақыт
арасында болған оқиғаларды оңай еске түсіріп, шығарманың атын еске
түсіре алады. Шынында да математика өздігінен математикалық
қүндылықтарды туғызбайды, ауруларды
емдемейді, жер
қойнауындағы байлықтарды ашпайды, машиналарды жүргізбейді. Бірақ
оның қүнды пікірлері мен әдістерін үқыпты қолдану арқылы
материалдық құндылықтарды сақтап
қалуға, аурудың алдын
алуға, жер қойнауындағы қазына байлықтың мөлшерін
анықтауға оны қолданудағы экономикалық тиімділікті есептеуге
мүмкіндік береді.Қоғам үшін де математиканың рөлі ерекше, себебі,
әр түрлі бағыттағы математикалык әдістерді қолданбаса
ғылыми-прогрестің болуы мүмкін емес.
«Математика барлық ғылымдар патшасы» деп Гаусс айтқандай
математиканы да адамды сүйгендей сүйіп, адамды түсінгендей түсінген
абзал.
Данышпанның сөзі: Өте тамаша математика туралы көптеген мәліметтерді біледі екенсіздер. Жарайсыздар!
Данышпанның сөзі: Өлке тануға кезек берейік. 4 «в» сынып оқушыларына сөз кезегі беріледі.
Данышпанның сөзі: Балалар жарайсыздар «Білім негізі –бастауышта» деп бекер айтылмаған. Сіздер көптеген мәліметтерді біледі екенсіздер. Сіздердің білімдеріңізді көріп, қуанып отырмын. Тәуелсіз еліміздің дамуына үлес қосатын білімді азамат қажет. Еліміздің болашағы келешегі жастармыздың қолында. Сондықтан да білімімізді арттырып, биіктерден көрініп, еліміздің дамуына үлес қосатын білімді, мықты азамат болайық!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Таным жобасы»

шағым қалдыра аласыз