Материалдар / Таным қуанышы
«Ustaz tilegi» - Республикалық кәсіби педагогтар қауымдастығына қосылып, сайттағы 381 569 материалды тегін жүктеп алу мүмкіндігіне ие болыңыз
Толығырақ

Таным қуанышы

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның жасампаздық белсенділігі оның өз мүмкіндіктерін танудың қажетті шарты, өз күшіне сенім, қабілеттерін дамыту арқылы өзін-өзі кемелдендіру. 6 сынып
Авторы:
03 Маусым 2022
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Өзін-өзі тану бойынша сабақ жоспары



Бөлім:1

Таным қуанышы

Мұғалімнің Аты-жөні, тегі

Ризина А.С

Мерізімі:


Класс: 6

Оқушылар саны: 24

Қатыспаған оқушылар: 0

Сабақтың тақырыбы №3

Адамның мүмкіндіктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту

мақсаттары

Адамның жасампаздық белсенділігі оның өз мүмкіндіктерін танудың қажетті шарты, өз күшіне сенім, қабілеттерін дамыту арқылы өзін-өзі кемелдендіру.

Құндылық


Дұрыс әрекет

Қасиеттер

Еңбекқорлық, мақсаттылық, жауапкершілік

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға адамның мүмкіндіктері, қабілет, мақсаттылық, өз күшіне сену ұғымдарын түсіндіру арқылы, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.


Сабақтың міндеттері


  • Оқушыларға өз мүмкіндіктерін танудың қажетті шарты екендігін түсіндіру;

  • Оқушылардың өз мүмкіндіктерін ашуға деген қажет-тілектерін дамыту;

  • Оқушыларды еңбекқорлыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері / Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі(1 мин)


1. Жағымды көңіл күй (1-3 мин)



Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді.

5 «Т» ережесін еске түсіру.




Мұғалім «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.

Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.

Оқушылар жағымдыкөңіл-күйге еніп, жақсы ойларды өрбітуге бейімделеді.

Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал,

Ф. Шопеннің «Мечта» аудиожазбасы

https://zvooq.eu/


2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу) (3-5 мин)


Мұғалім сұрақтардың көмегімен оқушыларды «бейім» және «қабілет», «зеректік», «өз орнындағы» ұғымдарын түсінуге жетелейді, сонымен қатар олардың өзара байланысын түсінуге көмектеседі. Оқулықтың 16-бетіндегі, № 3 сабақ «Неге арналсаң, соны істе» Жүсіпбек Аймауытовтың әңгімесі.

Сұрақтар:

Автордың « Неге арналсаң, соны істе» деген сөзін қалай түсінесіңдер? Мысал келтір.

«Өз орнындағы» адамның жұмысы да өнімді, берекелі болмақ дегенді қалай ойлайсыңдар? Неліктен?

Қазіргі заманда басты

мақсатқа жету үшін өз бойыңдағы мүмкіндіктерді ашуға қалай талпынып жүрсіңдер?

Өзің өмір жолыңда нені басшылыққа алар едіңдер?

Оқушылар мәтін бойынша қысқаша түсінігін айтып шығуға болады.Мәтін бойынша әзірленген сұрақтарға жауап қайтарады.

Жүсіпбек Аймауытов (1889–1931) туралы қысқаша ақпарат.


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (3-4 мин)

Мұғалім оқушылардың назарын тақтадағы дәйексөзге аударады.


Ойға алғанның бәрін адамның ынта-жігерімен жүзеге асыруға болады.

Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Ойға алғандардың бәрі деп нені айтады?

Ынта-жігерімізді қалай жұмылдыра аламыз?

Оқушылар халық даналығының мағынасын ашып, талқылайды.

Жұмыс дәптерге көшіріп жазып алады.


Жұмыс дәптерлері.

4. Оқиғалар айту (әңгімелесу)

(4-8 мин)


Ұстаз мұғалім сыйы бойынша өсиет әңгіме айтып береді.

Миллионыншы талпыныс.

Өсиет әңгіме.


1942 жыл болатын. Үш адам Венесуэлада бірнеше ай бойы алмас іздеп жүріпті. Көп жол өтіп, көп тау аралап, алмас па деп талай жәй тас жинапты. Бірақ құр тастан басқа ешнәрсе жинай алмапты! Үшеуінен біреуі, Рафаэль Солано, бір көлшіктің жағасына жеткенде достарына:

Мен шаршадым,– дейді. Ары қарай жүрудің мағынасы жоқ. Мына тасқа қараңыздаршы, мен тапқан 999999 тасым шығар. Бірақ бір де бір алмас жоқ солардың арасында. Тағы бір тас алсам миллионыншы тасым болады. Бірақ несіне босқа әуре болайын. Шаршап кеттім. Алмас іздеуден бас тартамын.
Бір досы қалжыңдап:

Енді бір тас теріп миллионыңды толтырсаңшы, – дейді. Солано қалжыңға қалжыңмен жауап беріп:

Солай-ақ болсын, – дейді, осы сапарымнан бас тартар алдында соңғы тас тере салайын. Шаршаған көздерін жауып, қасындағы тас үйіндісінен алмас-ау деп жорамалдап жұмыртқа үлкендігіндей бір тасты таңдап: –Міне соңғы тасымды да алдым, – дейді, миллион тас терген болдым. Соңғы тасым осы болар!

Соңғы тасы ауыр, кәдімгі тастан едәуір ауыр болды. Солано қолындағы тасты қайтадан өлшеп: «Бұл алмас қой», деп қуанады, «бұл расында да үлкен алмас!»
Кейін, Нью-Йорктағы бір зергер Рафаэль Солано тапқан тас үшін жүз мыңдаған доллар төлеп сатып алады. Одан кейін, «The Liberator» (Азаткер) аты берілген бұл алмас дүниенің ең тазаәрі ірі алмасы болғаны анықталады.


Сұрақтар:

Үш адам Венесуэлаға не үшін барған?

Рафаэль Солано не туралы айтты?

Қасындағы досы қалжыңмен қалай жауап береді?

Адам бойындағы бар мүмкіндік еңбексүйгіштікке жетелеуінің сыры неде деп ойлайсыңдар?

Адамдардың арманына жете алмауының себебі неде деп ойлайсыңдар?

Адам мүмкіндігінің шексіз екендігін тағы да немен дәлелдеуге болады? Мысалдар келтір.

Оқушылар өсиет әңгімені тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, қабілет пен өз күшіне сену, ұғымдарының мағынасына назар аударады.

Интернет желісінен алынды.

https://anqimeler.wordpress.com

5. Шығармашылық жұмыс

(12-15 мин)


Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, топтық жұмыс ұйымдастырады: Қанатты сөздерді оқып, адамның мүмкіндіктері, қабілеттері жөнінде ой-тұжырымдарын ортаға салады.

1-топ «Қабілет»

2- топ « Парасат»

3- топ «Даналық»

талқылағаннан кейін мұғалім сабақтың дәйексөзін еске түсіріп, шығармашылық тапсырмадан кейінгі қорытындылармен байланыстыруды ұсынады.

Оқушылар оқулықтағы тапсырмаларға сүйене орындайды.

Баяу әуен қойылады.


6.Үй тапсырмасы(1-2 мин)

Алдын ала берілген үй тапсырмасы: оқулықтың 19-20-бетіндегі №4 сабақ. Ерлан Сыдықовтың «Мәдениет пен билік салмағы» мәтінін оқып, сұрақтарға жауап беріңдер.

Оқушылар үй тапсырмасын жазады.


7. Топпен ән айту

(2-3 мин)



Асыл арман


Сөзі: Б.Тәжібаев
Әні: Е. Хасанғалиев

Арманым ақ сәулелі күнімбісің,
Әлдебір алаулаған гүлімбісің.
Әлдебір желпіп өткен самал ма едің,
Арманым айтарып көп саған менің.

Қайырмасы:
Асыл арман, асыл арман,
Көгімде шалқып ұшқан құсым ба едің.
Асыл арман, аспанымда жарқылдағанқұсым ба едің,
Мен сенің құдіретіңе,
мен сенің құдіретіңе түсінбедім.

Арманым құздан құлар бұлақпысың,
Әлдебір күлімдеген шырақпысың.
Әлдебір албыраған ай ма екенсің,
Арманым, айтшы маған қайда екенсің?

Қайырмасы:
Арманым жүрегімнің жыры ма едің,

Жас ару жанарының нұры ма едің.

Әлде бір сазы ма едің домбырамның,

Қиялды асқар шыңға қондыратын.

Қайырмасы:

Оқушылар мұғаліммен бірге ән шырқайды.

Экранға өлеңнің мәтіні көрсетіледі.

8.Сабақтың қорытынды сәті(1 мин)

Мұғалім оқушыларға көздерін жұмып, сабақта не ұнағанын еске түсіріп, оны жүрегінде сақтауды ұсынады. Оқушыларға өз мақсаттарына жетулеріне тілек білдіріп бүгінгі сабақ үшін рақмет айтады.

Оқушылар рефлексия жасайды.

Баяу композиция қойылады.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі