Материалдар / Танымдық процестерді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Танымдық процестерді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар

Материал туралы қысқаша түсінік
Танымдық процестерді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар әдістемелік құрал. Павлодар қаласы, 28 СӘБИЛЕР БАҚШАСЫ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қараша 2021
2716
8 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады







Танымдық процестерді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындар











Кіріспе.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойлаудың барлық түрлерінің дамығаны жақсы. Бұл кезеңде бейнелі және схематикалық ойлау маңызды ролді атқарады,сол себептен ең бастысы ойлаудың осы түрлерін зерттеу керек. Бір ғана сөздік-логикалық ойлауға арналған тест арқылы ойлау іс-әрекетін анықтап,бала заттың сыртқы бейнесіне немесе схемасына қарамай,сөздік логикалық операцияларға негізделу арқылы ойлау іс-әрекетінің ішкі жоспарынан сыртқы жоспарына өту кезінде жіберілген қателіктерді білуге болады.

Мектеп жасына дейінгі кезеңде ойлау мен қабылдаудың даму деңгейіне диагностика жүргізген кезде заттарды тексеру барысында мынадай қателіктерге назар аудару қажет. Яғни бала затты жеке емес тұтас алып қарастырады. Сол себептен қабылдау көп уақытты алады, ал бейнелерді жүйелеу қиынға соғады. Баланың заттарды дұрыс қабылдамауының негізі оның жүйесіздігінде, яғни балалар міндетті түрде заттарды қолдарымен ұстап, бір-біріне тигізіп, салыстырып көрулері қажет.

Балалардың сенсорлық эталондары дұрыс дамымаған, яғни олар мөлшер, түс, форма секілді түсініктерді білмейді ол 3-4 жаста қалыптасады.



























«Затты тап» ойыны

Мақсаты. Есті, анализдеу, синтездеу, заттың мәнін анықтау қабілеттерін дамытуға бағытталған ойын.

Ойын барысы. Жүргізуші бөлмеде тұрған кез келген затты алып, ол қай жерде тұрғанын, не үшін керек екенін, қандай материалдан жасалғанын және т.б. суреттеп айта бастайды. Балалар жүргізушінің жасырып тұрған затын табу керек.



«Жоғалған ойыншықты тап» ойыны

Мақсаты. Ойын ес пен зейінді, назар аудара білу іскерлігін дамытуға бағытталған.

Ойын барысы. Балалардың алдында түстелдің үстінде бірнеше ойыншықтар тұрады. Балалар бірнеше минут сол ойыншықтарға қарап, содан кейін теріс қарап тұрады. Сол кезде жүргізуші ойыншықтардың біреуін тығып қояды, ал балалар сол ойыншықты табу керек. Егер жауап дұрыс болса, онда ойыншылар рөлдерімен ауысады.

«Ұқсастықты табу» ойыны

Мақсаты. Ойын ойлау мен сөздік қорды дамытуға бағытталған.

Ойын барысы. Ойынның мәні мынада, бір ойыншы бір сөзді айтады, ал екінші ойыншы сол сөздің мағынасына сәйкес қарама-қарсы сөзді айтады.

Мысалы: «суық – ыстық», «аспан – жер», «жарық – қараңғы» және т.б.

«Суреттер реті» ойыны

Мақсаты. Ойын балалардың логикалық ойлауын, қиялын дамытуға бағытталған.

Ойын барысы. Суреттерді өзара қиып қоямыз. Жүргізуші балалардың алдына суреттерді қойып, олар бір-бірімен өзара байланысты және одан әңгіме құрастыруға болатындығын айтады. Балалар бұл суреттерді ретімен құрастыру керек және осы суреттерге қарап әңгіме құрастыруларына болады.



«Сақина ойыны»

Мақсаты. бақылаушылық пен зейін қасиеттерін дамыту. Ойын барысы. барлық ойыншылар орындықта, алақандарын қосып, тізелерінің үстіне қойып отырады. Қолында сақинасы бар жүргізуші ойынға қатысушылардың барлығын айналып өтіп, сақинаны әр баланың алақанына салғандай болып қимыл жасайды. Бір баланың алақанына жүргізуші шынымен де сақинаны салып, «Сақинам, сақинам шық!» деп айтады. Алақанына сақина түскен бала топтан жүгіріп шығып, сақинаны көрсетеді. Енді ол жүргізуші болады. Бірақ егер ойыншылар сақинаның кімге салынғанын байқап қалса, сол баланы ұстап қалулары мүмкін. Бұл жағдайда жүргізуші өзгермейді.

«Төртінші артық» ойыны

Мақсаты. Түсініктерді жалпылау процестерінің ерекшеліктерін зерттеу.

Нұсқау. «Бұл карточкада төрт заттың суреті бейнеленген. Үшеуі бір-біріне сәйкес келеді, ортақ нәрселері бар, ал төртіншісі мүлдем басқа зат. Мына жерде қайсысы сәйкес келмейді? Қандай зат артық?». Егер балалар жауап берсе, олардан «Неге сәйкес келмейді?» деп сұрау керек. Егер түсінік қажет болмаса, артық затты тауып алса, онда «Бұл үш затты бір сөзбен қалай атауға болады?» (балалардың жауаптары саналады) немесе «Бұл не?» деген сұрақтарды қою керек. Балаларға артық затты дұрыс тапқандығын айтып, неліктен осы затты таңдап алғандарын сұрау керек.

«Жағдайлар реті» ойыны Мақсаты. Ойлауды, сөйлеуді және жалпылау қабілетін дамыту. Нұсқау. «Сендердің алдарыңда қандай да бір жағдай бейнеленген суреттер жатыр. Суреттердің реті ауысқан. Сендерге суреттердің орнын ауыстырып, суретшінің қандай сурет салғандығын табу керек. Ойланыңдар. Өздерің қалай қажет деп ойласаңдар, суретті солай ауыстырыңдар. Содан кейін бейнеленген жағдайға байланысты әңгіме құрастырыңдар».Тапсырма екі бөлімнен тұрады:

1. Суреттерді ретімен қою;

2. Ауызша әңгіме.







«Ұқсастық пен айырмашылық» жаттығуы

Мақсаты. Ойлауды дамыту.

Жаттығу барысы. Жүргізуші салыстыру үшін балаларға бірнеше сөздер қатарын ұсынады:

1. шыбын және көбелек

2. үстел және орындық

3. су және сүт

4. балта және балға

5.тұз және қант

6. қасқыр және ит

7. сиыр және бұзау

8. кітап және дәптер

9. көз және құлақ

10. ай және күн

Ескерту. Ұсынылған сөздердің суреттерін көрсетіп қолдануға болады.



«Өз орныңды есіңде сақта» ойыны

Мақсаты. Қозғалысты, есту арқылы және кеңістікті есте сақтауды дамыту.

Ойын барысы. Бөлмеде әр бала өз орнын есіне сақтайды. Мысалы, бір баланың орны – бұрышты, екіншінікі – орындық, үшіншінікі – терезе, төртіншінікі – бөлменің ортасы және т.с.с. Осыдан кейін барлық балалар жүргізушінің жанына жиналып, бұйрығын күтеді. Жүргізушінің «Орын!» деген бұйрығы бойынша барлығы өз орындарына жүгіреді.

Жүргізушінің бұйрығын кез келген ритмикалық әуенмен алмастыруға болады.



«Барлаушылар» ойыны

Мақсаты. Қозғалысты, көріп есте сақтауды дамыту.

Ойын барысы. Бөлмеде әр жерде орындықтар қойылған. Бір ойыншы (барлаушы) орындықтың кез келген жағынан айналып өтеді, ал екінші ойыншы (командир) жолды есіне сақтап, жасақты тура сол жолмен өткізіп апару керек. Содан кейін барлаушы мен командир рөлдерін басқа балалар алмастырады.



«Қанат пен Марат» ойыны

Мақсаты. Зейін концентрациясын дамыту.

Нұсқау. «Қазір сендермен «Қанат пен Марат» ойынын ойнаймыз. Барлықтарың үлкен шеңбер жасап тұрыңдар. Екі ойыншы шеңбер ортасына шығады. Енді екеулерің кім Қанат, ал кім Марат болатынын таңдап алыңдар. Қанат көзін жұмып, «марат, сен қайдасың?» деп оны ұстауға тырысады. Марат «Қанат, мен мындамын!» деп, одан қашып жүреді. Бұл жерде Қанат та, Марат та шеңберден шықпаулары керек. Қалған балалар Қанаттың адасып кетпеуін қарау керек. Қанатта Маратты ұстау үшін тура бір минут уақыты бар. Осыдан кейін келесі жұп ойнауға кіріседі».



«Кілемдер дүкені» ойыны

Мақсаты: Қабылдауды дамыту, геометриялық фигуралармен танысу.

Ойын барысы. Балаларға қуыршаққа арналған кілемше жасауды ұсынады. Ортасында үлкен шеңбер, 4 шаршы, төменде 4 үшбұрыш, сол жағында 3 сопақша, оң жағында 3 тікбұрыш. Кілемше қарапайым қағаздан жасалынады. Балалар суретін өздері салады. Бірнеше кілем дайын болған кезде, балалар кілем сату дүкенін ойнайды.



«Ретін есіңе сақта» ойыны

Мақсаты. Зейінді дамыту.

Ойын барысы. Жүргізуші балаларға 6-7 түрлі-түсті қарындаштарды көрсетеді. 20 секундтан кейін қарындаштарды алып тастап, балалардан ретімен атап беруін сұрайды.

«Түсінбестік» ойыны

Мақсаты. Зейінді, еріктік есті дамыту.

Ойын барысы. бір жүргізуші адам таңдап алынады. ол бөлмеден шығып кетеді. Қалған балалар қолдарынан ұстап, шеңбер құрады. Қолдарын жібермей, бір-бірімен шырмалып, шатаса бастайды. Осыдан кейін жүргізуші бөлмеге кіріп, балалардың қолдарын жібермей, шырмауықты шешуге кіріседі.





«Мұқият бол!» ойыны

Мақсаты. Зейін тұрақтылығын дамыту

Ойын барысы. Балалар топпен тұрады. Екі баланың арасы 0,5 метр қашықтықта. Әуен ойнап тұрады, ал балалар сап түзіп жүре бастайды. Осы кезде жүргізуші араластырып әр түрлі бұйрықтар бере бастайды. Балалар оны орындау керек. Бұйрықтар және қимылдар:

«Қояндар!» - балалар қоянның қимылын келтіріп секіре бастайды.

«Аттар!» - ат тұяғымен ұрып тұрғандай, балалар аяқтарымен жерді ұрады.

«Шаян!» - шаян секілді қозғалады.

«Құстар!» - балалр құс секілді қолдарын жайып, жүгіреді.

«Құтан!» - балалар бір аяқтарымен тұрады.

«Бақа!» - отырып, тұрып секіреді.

«Тауық!» - балалар жерде «бидай іздеп» жүріп, «ко, ко, ко» деп айтады.

«Сиыр!» - балалар аяқ пен қолдарына тұрып, «му-у-у!» деп айтады.


«Есінеушілер» ойыны

Мақсаты. Ерікті мінезді дамыту.

Ойын барысы. Балалар бірінің артынан бірі қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен жүреді. Жүргізушінің белгісі бойынша («Тоқта!») тоқтап, 4 рет шапалақтап, 180 градусқа бұрылып, екінші жаққа жүгіре бастайды. Әр белгі сайын бағыттарын өзгертеді.

Егер бала шатасып, қателессе, онда ойыннан шығып орындыққа отырады. Ойында 2-3 бала қалған кезде ойын аяқталады. Олар жеңімпаз атанады.

«Болады – болмайды» ойыны

Мақсаты. Қиялды дамыту.

Ойын барысы. Жүргізуші бірнеше пікірлерді оқиды. Егер пікір дұрыс болса, балалар қолдарымен шапалақтайды, егер бұрыс болса, онда аяқтарымен тыпырлатады.

Қасқыр орманда жүреді. Сиырдың төлі – құлын. Жазда қатты ыстық болады. Кастрөлде шыны аяқ пісіріліп жатыр. Мысық шатырда қыдырып жүр. Шыршада алма өседі. Қыз итті сипалап отыр. Үй қыздың суретін салып отыр. Піл үйде тұрады. Майра мектепке бара жатыр. Жазда қар жауады. Күзде жапырақтар сарғаяды.

«Түстерді ажырата біл» ойыны

Мақсаты. Қабылдауды, түстерді танып білу қабілетін дамыту.

Ойын барысы. Ойыншылар үстелдің маңайына жиналады. Оның үстінде бір-бірінен алыс 5-6 түрлі-түсті қағаздар жатыр. Жүргізуші кез келген қағаздың түсін атап, бірден қолын сол қағазға апарады. Сол уақытта балалар да сол қағазға қолдарын апару керек. Бірақ жүргізуші басқаларды шатастыру үшін қолын басқа қағазға апаруы мүмкін, ал ойыншылар оның қимылын қайталамай, қолдарын аталған түстің қағазына апару керек. Қателескен адам ойыннан шығады.

«Көлеңке» ойыны

Мақсаты. Зейінді дамыту.

Ойын барысы. Тыныш әуен ойнап тұрады. Балаларджың арасынан екі бала шығады. Қалғанджары «көрермендер». Бір бала «жолаушы», екіншісі оның «көлеңкесі».

«Жолаушы» жазық далада келе жатыр, ал оның артында екінші бала оның «көлеңкесі» келе жатыр. Артында келе жатқан бала «жолаушының» қимылдарын дәл солай қайталауға тырысып келеді. «Жолаушы» бұл жерде әр түрлі қимылдарды «гүл теру», «отыру», «бір аяғымен секіру», «тоқтап қолының астына қарау» және т.б. көрсетіп өту керек.



«Төрт стихия» ойыны

Мақсаты. Ерікті қозғалыс үйлесімділігін, зейінді дамыту.

Ойын барысы. Қатысушылар шеңбер жасап отырады. Жүргізуші оларға былай деп айтады: егер мен «жер» десем, барлықтарың қолдарыңды төмен түсіресіңдер, «су» дегенде, қолдарыңды алдыға созасыңдар, «ауа» дегенде, жоғары көтересіңдер, «от» дегенде, шынтақтан төмен қолдарыңды айналдырасыңдар. Қателескен адам жеңіледі.











«Бір сөзбен ата» жаттығуы

Мақсаты. Ойлауды дамыту.

Жаттығу барысы. Жүргізуші балаларға мағынасы бір төрт сөзді атайды. Балалар бұл сөздерді бір ғана сөзбен атау керек.

Бір ғана сөзбен атаңдар:

А) роза, тюльпан, пион, лилия (гүлдер)

Б) қайың, шырша, емен, терек, үйеңкі (ағаштар)

В) қияр, қызанақ, орамжапырақ, сәбіз (көкөніс)

Г) алма, алмұрт, апельсин, лимон (жеміс)

«Өлеңді бірге аяқтайық» жаттығуы

Мақсаты. Сөздік қорды, ойлауды дамыту.

Жаттығу барысы. Жүргізуші балаларға аяқталмаған өлең жолдарын оқиды. Балалар мағынасына қарай өлең жолдарын аяқтау керек.

1. Біз кішкентай ...(балдырған)

Сескенбейміз жаңбырдан

2. Келді көктем күнің

Күлімдейді ...(гүлің)

3. Жүрмейсің бе абайлап,

Болмасаңшы ...(ұрыншақ!)

Асыр салып, көп ойнап,

Ақсап қалдың ...(құлыншақ!)

4. Еш дүкенде сатылмас

Тегін ... (кітап) – сарқылмас


«Сөйлемді аяқта» ойыны

Мақсаты. Ойлауды дамыту.

Ойын барысы. Балалар допты қағып алып, керісінше жүргізушіге лақтырған кезде мына сөйлемді аяқтау керек:

Жазда жылы, ал қыста ...(суық), құстар ұшады, ал жылан ...(жер бауырлап жүреді), күзде жапырақтар сарғаяды, ал жазда ...(жасыл болады), қант тәтті, ал лимон ...(ащы) және т.б.



«Суретті ауыстыр» ойыны

Мақсаты. Көріп есте сақтауды, зейінді дамыту.

Ойын барысы. Балаларға естеріне сақтап алу үшін суреттер таратылады. Балалар суретті мұқият қарап алғаннан кейін, жүргізуші суретті келесі бетіне ауыстырып қояды. Содан кейін балаларға осы сурет бойынша сұрақтар қояды.




«Ертегі құрастырамыз» ойыны

Мақсаты. Шығармашылық ойлауды, қиялды, есті дамыту.

Ойын барысы. Жүргізуші балаларға өз ертегісін құрастыруды айтады. Бастапқыда ойыншылар ертегінің тақырыбын ойластырады, басты кейіпкерлерді таңдайды және оларды сипаттайды. Содан кейін ойыншылар ертегілерін бір-біріне айта бастап, талқылайды. Барлық жауаптар мақтауға лайық, бірақ ерекше айтылған ертегілер ескеріледі.



«Мозаика» жаттығуы

Мақсаты. Қиялды дамыту.

Жаттығу барысы. Балалар суретті бұршақтар мен кәпмттерді жабыстыру арқылы суретті безендіру керек. Жеңіл суреттен бастауға болады және сұлбасы бойынша жабыстыру керек (ойын үшін адамның немесе мультфильм кейіпкерінің сұлбасы салынған ақ қағаз, жарты бұрыш немесе конфетти және желім керек).


«Көтеріңкі көңіл-күйді сал» сергіту сәті

Мақсаты. Қиялды дамыту.

Сергіту сәтінің барысы. Балалар қуанышты жағдайдың суретін салып, ол қандай сезім, оны немен теңестіруге болатындығын түсіндіреді. Егер тапсырманы орындау балаларға қиын болса, онда мысал келтіріп, балалармен бірге тапсырманы орындауға болады.








«Тактильді бейне» ойыны


Мақсаты. Тактильді бейнені, қиялды дамыту.

Ойын барысы. Балалар екіге бөлініп жұптасады, егер бір бала қалып қойса, онда үш баланың бірігуіне болады. Жұптағы екі баланың біреуі алдыға, екіншісі оның артына тұрады. Артында тұрған бала алдында тұрған досының арқасына бір бейнені салады, мысалы, қайық немесе үй. Алдында тұрған адам қандай сурет салғанын анықтау керек. Егер ол жауабын дұрыс тапса, онда екеуі алдыға бір қадам жүреді, ал балалар орындарымен ауысады. Жүргізушіге бірінші болып жеткен жұп жеңіске жетеді.

Бөлшектері көп емес, нақты сурет салу керек екендігін жүргізуші ойынның басында балаларға түсіндіріп айту керек.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!